Казахстан, Тараз, 14-15 мая 2015 года



Дата31.01.2018
өлшемі81,32 Kb.
#36787
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ ТАРАЗСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ИНСТИТУТ

«ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫ» ЖАМБЫЛ ФИЛИАЛЫ ЖАМБЫЛСКИЙ ФИЛИАЛ «НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЦЕНТР НАУЧНО-ТЕХНИЧЕСКОЙ ИНФОРМАЦИИ» _______________________________________________________________________________

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 жылдығына арналған «ЖАС ҒАЛЫМ-2015» атты V халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының ЕҢБЕКТЕРІ Қазақстан, Тараз, 2015 жылдың 14-15 мамыр

ТРУДЫ V Международной научно-практической конференции молодых ученых, студентов и школьников «ЖАС ҒАЛЫМ-2015», приуроченной к 550-летию КАЗАХСКОГО ХАНСТВА

Казахстан, Тараз, 14-15 мая 2015 года

SCIENTIFIC PAPERS of the V-th International Scientific and Practical Conference for the young scholars and students dedicated to the 550-th anniversary of the KAZAKH KHANATE “ZHAS GALYM-2015”

Kazahkstan, Taraz City, May 14-15, 2015

5 ТОМ (VOLUME 5)

УДК 001 (063) ББК 72 Қ 17

Редакция алқасы: Редакционная коллегия: ___________________________________________________________________________ Қожамжарова Д.П. – т.ғ.д., профессор, төраға; Амандосова Р.С. – п.ғ.д., профессор, төраға орынбасары; Жұмабекова Г.А. – ф.ғ.к., ғылыми хатшы; Бұзаубaқова К.Ж. – п.ғ.д., профессор; Оспанбаева М.П. – п.ғ.к., доцент; Бижігітов Т. – ф-м.ғ.к., доцент; Тұрарова А.Н.- ф.ғ.к., доцент; Токберегенова З.С. – т.ғ.к., доцент м.а.; Джилкишиева М.С.- п.ғ.к., доцент; Зияева Г.К. – б.ғ.к., доцент; Кенжебаева А.Т. - п.ғ.к., доцент; Калматаева А.М. - п.ғ.к., доцент м.а.; Ниетбаев Ə.А. - фм.ғ.к., доцент м.а.; Сабыралиева Ж.Ы.- т.ғ.к., доцент; Амандосова С.С.- к.г.н., доцент

Қ 17 Қазақ Хандығының 550 жылдығына арналған «Жас ғалым-2015» атты V халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының 5 томдық еңбектері, - Тараз, 14-15 мамыр. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, 2015 ж. = 5-томник трудов V Международной научнопрактической конференции молодых ученых, студентов и школьников «Жас ғалым-2015», приуроченной к 550-летию Казахского Ханства. – Тараз, 14-15 мая. Таразский государственный педагогический институт, 2015 г. = 5 Volums of Scientific Papers of the V-th International Scientific and Practical Conference for the young scholars and students dedicated to the 550-th anniversary of the Kazakh Khanate “Zhas Galym-2015”. – Taraz, May 14-15. Taraz State Pedagogical Institute, 2015 -қазақша, орысша, ағылшынша.

ISBN 978-601-7452-53-7 Т.5.-2015- 412 б. ISBN 978-601-7452-58-2 5 томда бұрғылау қалдықтарын шығарып тастау, күн энергиясы, жергілікті жерді көгалдандыру, ауылшаруашылық өнімдері, топырақ экологиясы, Қазақстанның флорасы мен фаунасын қорғау, микробиологияға, ауыз су мəселелеріне, адам ағзасына ауыр метеллдардың əсері, топырақ құнарлылығына мұнай қалдықтарының əсері туралы бірқатар мақалалар жинақталған. Жинақ оқытушыларға, ЖОО оқытушыларына, студенттерге, жоғары сынып оқушыларына арналған. 5 томе содержится ряд статей, посвященных вопросам проблемы утилизации отходов бурения, солнечной энергетике, озеленения местности, сельскохозяйственной продукции, экологии почвы, охраны флоры и фауны Казахстана, микробиологии, проблемы питьевой воды, влияния тяжелых металлов на организм человека. Сборник предназначен для учителей, вузовских преподавателей, студентов, школьников старших классов. In 5 Volume contains a number of articles dealing with aspects of the problem of drilling waste, solar energy, landscaping areas, agricultural production, soil ecology, conservation of flora and fauna of Kazakhstan, microbiology, the problem of drinking water, the effect of heavy metals on the human body. The collection is intended for teachers, university professors, students, high-school children.

УДК 001 (063) ББК 72

ISBN 978-601-7452-58-2 - (Т.5) ISBN 978-601-7452-53-7-(ортақ) © Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, 2015 ©Таразский государственный педагогический институт, 2015

ƏӨЖ: 37.02.026

БИОЛОГИЯ ПƏНІ САБАҚТАРЫН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Самидинова Н., Бейсембаев М.Қ., Дюсенбаева Ж.С. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.

Қазіргі қоғамда жүріп жатқан əлеуметтік терең өзгерістер білім беруді дамытудың жаңа жолдарын, яғни педагогика ғылымының парадигмасы мен əдістемесін өзгертуді талап етеді. Бұрынғы əдетке айналған оқу үрдісінде мұғалімге басымдылық берілсе, ол қазір оқу үрдісінде оқушы керек. Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану-оқыту үрдісінің тиімділігін арттырып қана қоймайды, басқа да мəселелерді шешеді. Орта мектепте биология пəні сабақтарын оқытуда қазіргі кезде қолданыла бастаған жаңа инновациялық технологиялар аз емес. Қазіргі «жаңа технологияның» өзі де бұрыннан қолданылып келе жатқан оқыту əдістерінен бастау алып, жалғасын тапқан, толықтырылып өңделген педагогикалық технологиялардың жаңа үлгісі. Мысалы, деңгейлеп оқыту, дамыта оқыту, топтық-ұжымдық оқыту əдістері, тестік жүйені қолдану, пікірсайыс сабағы-бұрыннан белгілі əдістер. Қазіргі кезде мектептегі биология пəні сабақтарын оқытуда ақпараттар алмасу арқылы, шəкірттердің өзін-өзі, бірін-бірі оқытуын, өзіндік ой-пікір қалыптастырып, қорытынды жасай алуын, ізденгіштігін, логикалық ойлау қабілетін қалыптастыратын интербелсенді оқыту əдістері «ақылға қорғау салу», «толық жұмыс түрлері», «пікірсайыс», «брейн-ринг», т.б. қолданылып жатыр. Топтық оқытудың ерекшелігі – жастары шамалас шағын топтағы оқушылардың бірігіп жұмыс істеуінде. [1] Педагогикалық технологиялардың құрылымы мынадай болуы тиіс: а) тұжырымдық негізі; ə) оқытудың мазмұндық бөлімі: - оқытудың мақсаттары- жалпы жəне тікелей; - оқу материалының мазмұны; б) іс-əрекет (үрдістік) бөлімі- технологиялық үрдіс: - оқу үрдісін ұйымдастыру; - оқушылардың оқу əрекетінің əдістері мен түрлері; - мұғалімнің материалды меңгерту үрдісін басқарудағы іс-əрекеті; - оқу үрдісінің диагностикасы. Ал, технологияларға қойылатын əдіснамалық талаптардың критерийлері мынадай болуы тиіс: 1.Концептуалдық (тұжырымдамалығы) – белгілі бір концепцияға сүйену. 2.Жүйелілігі – үрдістің логикасы барлық бөлімінің өзара байланыстылығы, біртұтастылық. 3. Басқаруға икемділігі – диагностика, жобалау, сатылы диагностика, коррекциялау мақсатымен құралдар мен əдістерді жинақтап қорыту. 4. Тиімділік – бəсекелестік жағдайында жұмсалған күш, əрекеттердің тиімділігі, белгілі бір оқыту стандартына жету кепілдігі. 5. Қайта жаңғыру – басқа бір білім беру мекемелерінде басқа бір адамдардың қолдану мүмкіндігі. Технология оқыту мазмұнына сəйкес болады, бірақ əр түрлі адамдардың қолдануына байланысты тікелей нұсқауға сəйкес болуы да немесе шығармашылықпен іске асуы да мүмкін. Оқушылардың іс-əрекет реттілігіне, құрамына, материалды меңгерту заңдылығына байланысты шебердің шығармашылық құрам бөліктері болады, соған сəйкес оның нəтижелері де əр түрлі болады. [2] «Технология» ұғымы 1872 жылы əлемдік техника мен ғылым жетістіктерінің алғаш өркен жая бастаған кезеңдерінде ендірілді. Латын тілінен аудармасы «технос» – кəсіп, өнер, шеберлік; «логос» – «ілім» деген түсініктерді береді.

243

[3] Биология пəні сабақтарын оқытуда қолданылатын жаңа педагогикалық технологияларды мазмұнына қара жетілдіреді жəне топтайды: 1.Педагогикалық қарым – қатынастарды ізгілендіру мен демократияландыру негізіндегі технологиялар. Оған Ш. А. Амонашвили, Е. И. Ильина əдістемелері жатады.



2.Оқушылардың іс-əрекеттерін белсендіру педагогикалық технологиялары. Оған ойын элементтері, проблемалық оқыту, тірек – сызбалары, В.Ф. Шаталовтың коммуникативті əдістемелері кіреді. 3.Оқыту үрдісін басқару мен ұйымдастыру тиімділігін арттыратын педагогикалық технологиялар. Оған бағдарламалап оқыту, дифференциалдап топтық оқыту (Ж. Қараев) жəне ұжымдық оқыту жатады. 4. Дьяченконың жұптап оқыту əдісі – баланы бір-біріне үйрету, бірінің білім деңгейін біріне бағалату. 5. Границскаяның көп деңгейлі тапсырма беру əдісі. Бұл əдісті Қазақстанда өңдеп зерттеуші Ж. Қараев. Оның төрт деңгейлі əдіс бөлімі бар. 1. Оқушылық деңгей. 3. Эвристикалық деңгей. 2. Алгоритмдік деңгей. 4. Шығармашылық деңгей. 6. Жаңа педагогикалық технологияда өзін - өзі ақтаған жаңа əдістердің бірі – саралап оқыту. 7. Шадриковтың жеке оқыту əдісі – əр оқушыға жеке келу арқылы оқу үрдісін ұйымдастыру. 1919 жылы Паркхарет университетінде қабылданды. Кітап, компьютер арқылы жұмыстарды орындату жатады. Оқыту бағдарламалары сызықтық, тармақты, адаптивті, құрама, блоктық, модульді болып бөлінеді. 1.Сызықтық-оқу материалдары блокпен беріледі. 2.Тармақтық-оқушылар дұрыс жауап бермегенде қосымша ақпараттардан білім алады. 3.Адаптивті – меңгеру дəрежесіне қарай жаңа материалдың күрделілік дəрежесін өзі таңдау . 4.Аралас бағдарламада сызықтық, тармақтық, адаптивті бағдарламалар фрагменттері болады. 5.Блоктық бағдарлама оқушыларға əртүрлі интеллектуалды операцияларды орындауға мүмкіндік береді. 6. Жаңа педагогикалық технологияның XX- шы ғасырдың 60-шы жылдарында пайда болған түрі – «Модульді оқыту». Бұның əлемде 4 түрлі жолы бар: 1. Американдық модуль. 2. Неміс модулі. 3. Скобиннің орыс модулі. 4. Алексюк пен Фурманның украиндік модулі. [4] Биология сабағында жаңа технологияларды қолдана отырып, "Оқыта үйрету ойындарының" бірін ұсынамыз. "Бақытты сəт" ойыны Құрал – жабдығы: 1. Шарлар салынған қапшық немесе кішкене бөшке. 2. Секундамер (сағат). 3. Ортақ бағалау парағы (1-қосымша). 4. Фишкалар. 5. Үй тапсырмасы парағы (əр командаға 2 сұрақтан). 6. Конкурс тапсырмалары. 7. Жауап үлгілері [5, 6]. Ойынның жүру барысы Сынып 2 командаға бөлінеді, əр команданың өз капитаны жəне атауы болады.

244


І гейм. "Бой сергіту". Командаларға 10 сұрақтан беріліп, оларды талдауға минут бөлінеді. Команданың бір өкілі жауап береді, ал бəсекелес команда жауаптың дұрыстығын үлгі бойынша қадағалап отырады. Сұрақтарға ең көп дұрыс жауап берген команда ұтады. ІІ гейм. "Бөшкеден шыққан бас қатырғылар". Команда мүшелері бөшкеден (қапшықтан) нөмірлері бар шарлар алып шығады. Жүргізуші əр нөмірден жұмбақ немесе сұрақ оқиды. Өз ішінде талқылаған соң, командалардың капитандары жауар береді. ІІІ гейм. "Жұмбақтас". Мұнда жүргізушінің сұрағына жылдамырақ жауап берген команда ұтады. Егер жауап дайын болса. Команда көк жалаушаны немесе қолын көтереді. IV гейм."Сен – маған, мен - саған". Командалар бір-біріне 2 сұрақтан қояды (үй тапсырмасы). V гейм. "Көсемдікке ұмтылу". Сұрақтарға барлық ойыншылар жауап береді. Ең көп дұрыс жауап берген команда ұтады. Ал ең көп дұрыс жауап берген (4-7) балалар өз командасына қосымша ұпай (өздеріне баға: 4-5 жауап-4 балл-"4" бағасын, 5-7 жауап-5 балл"5" бағасын) алады. 2,3,4,5-ші геймдерді талқылауға 1 минуттан беріледі. Егер бірден жауап берілсе, онда осы үнемделген уақытын команда басқа сұрақты талдағанда пайдаланады. Əрбір дұрыс жауапқа команда 1 балл немесе фишка алады [6].

Бағалау парағы ("Бақытты сəт" ойыны)



Топ

І гейм

ІІ гейм

ІІІ гейм

IV гейм

V гейм

Қорытынды

Бағалау Критерийлері

"5"-9-10 "4" -8-7 "3" -5-6

"5" –4 "4" –3 "3" –1-2

"5" –3 "4" –2 "3" –1

"5" –2 "4 " –1 "3" -0

"5"-10-12 "4"- 7 –9 "3" –6 –4




"А"командасы
"Б"командасы



















Артық уақыт



















Дұрыс жауап саны



















Баға



















Қазіргі таңда оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Мұғалімдер мен балалар үшін олардың қай мақсаттарға жеткісі келетінін білу маңызды, ал ол мақсатқа жету өлшемдерін түсінуді талап етеді. Сондықтан, биология сабағында жаңа технологияларды қолдану заман талабына сай ұрпақ тəрбиелеудің негізгі құралы ретінде тиімділігін айқындайды.

245


Пайдаланған əдебиеттер тізімі:

1. Ситуационный анализ, или анатомия Кейс-метода / Под ред .Ю.П. Сурмина. – Киев: Центр инноваций и развития, 2002.

2. Изменения в образовательных учреждениях: опыт исследования методом кейс-стадии / Под ред Г.Н. Прозументовой. – Томск, 2003.

3. Буланова-Топоркова М.В., Духавнева А.В., Кукушкин В.С., Сучков Г.В. Педагогические технологии. – М., 2004. a. 3Кейс-стади и деловые игры // Человеческие ресурсы России. Режим доступа: http://www.rhr.ru/index/find/interview/5264.htm

4. Панфилова А.П. Инновационные педагогические технологии. Активное обучение., 2009

5. Деркач А.М. Кейс-метод в обучении биологии: составление и использование заданий//Среднее профессиональное образование. – 2010. – №11. – С. 45-47.



6. Селевко Г.К. Энциклопедия образовательных технологий. – М., 2006.

246

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет