Казахстан тарихы 6-11 сынып алфавит. 6 сынып


Хакім ата аталған Қожа Ахмет Йассауидың шәкірті. Сүлеймен Бақырғани



бет4/9
Дата08.09.2017
өлшемі1,69 Mb.
#30373
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Хакім ата аталған Қожа Ахмет Йассауидың шәкірті. Сүлеймен Бақырғани.

Хақназар хан қайтыс болғаннан кейін хан тағына сексенге келген: Шығай отырды.

Хақназар ханның билік құрған жылдары. 1538-1580 жылдар.

Хан сайлағанда жиналғандар ханның бар малын бөлісіп алатын дәстүр: «Ханталапай».

Хан тағына отыратын адамға қойылатын басты талап: Шыңғыс ұрпағы, ақсүйек болу.

Ханды қорғайтын, малын бағатын іріктеп алған жасақ. Төлеңгіт.

Хорезм шахы Мұхаммед Текеш 1217-1218 жылдарда теңге соқтырды: Отырарда.

Х-ХІ ғасырлардағы әйнек жасау кәсібі дамыған қала. Отырар, Тараз қалалары.

Х-ХІІ ғасырда қалалардағы құрылыс салудағы жаңалық: Мұсылман дінінің енуіне байланысты мешіттердің пайда болуы.

Х-ХІІ ғасырдағы Құйрықтөбе қаласын қазған кезде табылған бір-бірімен байланысты үйлер: «Қоржын үй».

Х-ХІІ ғасырларда 37 қала орналасты: Оңтүстік Қазақстанда.

Х-ХІІ ғасырларда көлемі 30 гектардан асатын қала. Испиджаб, Отырар.

ХІ ғасырға дейінгі түрік тілді халықтардың қоғамдық ой-санасында орын алған, терең мазмұнды ғылыми еңбек. Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік».

ХІ ғасырда қыпшақтардың алып жатқан жері. Шығыста Алтай мен Ертістен басталып, батысында Еділге дейінгі жер.

ХІХ ғасырға дейінгі ислам дінінің қазақ даласында таралуы жайында жазған «Ислам діні» мақадласының авторы. Ш.Уәлиханов.

ХІ-ХІІ ғасырлар аралығында өрнектеу ісінде кеңінен қолданылды. Оюланған кірпіш.

ХІ-ХІІ ғасырларда «қазақ» атты этникалық топ болды: Шығыс Дешті-Қыпшақта.

ХІ-ХІІ ғасырлардағы екі шығыс моншасы табылған қала. Отырар.

ХІІІ ғасыр мен XV ғасырдың басында Ақ Орда мемлекеті өмір сүрді: Шығыс Дешті-Қыпшақта.

ХІІІ ғасырға дейін «қазақ» атауының мағынасы. «Еркін адамдар».

ХІІІ ғасырда жазылған «Жүсіп-Зылиқа» поэмасының авторы. Әли.

ХІІІ ғасырда қыпшақтардың сүттен қалай май алатынын, қымызды қалай жасайтындарын жазды: Еуропа саяхатшылары.

ХІІІ ғасырдың соңындағы деректердегі киіз үйлердің түрі. Арба үстіне тігілген, жылжымалы үйлер.

Шағатайға қараған жерлер: Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Қазақстан (Жетісу)

Шайбан Әбілқайыр хан қайтыс болған жер. Аққыстау.

Шайбан Әбілқайырдың хан болып сайланған уақыты. 1428 жыл.

Шайбани ханның Қазақ жеріне шабуыл жасаған жылдар: 1503, 1505, 1506 жылдар.

Шах-Махмұд Шорастың шығармасы: «Тарих».

Шонданайда сақталатын зат. Қайрақ, шапқы.

Шөлдеп келе жатқанда қыпшақтар сиыр сүтінен жасалған қышқыл сусын бергенін, оны олар «айран» деп атайтынын жазған: В.Рубрук.

Шығай хан қайтыс болды: 1582 жылы.

Шыңғыс қайтыс болған жыл. 1227 жыл.

Шыңғыс хан әскери-феодалдық Монғол мемлекетін құрды: ХІІІ ғасырдың басында.

Шыңғыс хан әскеріне 15 күндей берілмеген қала. Ашнас.

Шыңғыс хан әскерінің (Жошы хан) Енисей қырғыздары мен Сібір халықтарын басып алған уақыты. 1207-1208 жылдары.

Шыңғыс хан әскерінің Қытайды басып алған уақыты. 1211-1215 жылдар.

Шыңғыс ханның балаларына бөліп берген жері: «Інжу»

Шыңғыс ханның заңдар жинағы: «Жасақ»

Шыңғысхан 1217 жылы Жетісуды басып алуға аттандырды: Жебе ноянды.

Шыңғысхан әскерінің Жетісуға басып кірген жылы. 1217 жыл.

Шыңғысхан жіберген сауда керуені Отырар қаласына келіп жетті: 1218 жыл.

Шыңғысханның 150 мыңға жуық қолы Ертістен Сырдарияға қарай аттанды: 1219 жылы.

Шыңғысханның кезіндегі Монғол империясының астанасы. Қарақорым.

Шыңғысханның өзінің жеке басын қорғайтын арнайы жасауыл. Кешіктен.

Шыңғысханның үлкен баласы Жошыға қараған жерлер. Ертіс өзенінен батысы Еуропа жерлеріне дейін.

Ылғи да жеңіске жетуіне байланысты Сұлу қағанға берген арабтардың атауы. Сүзеген.

І Петр Ресейдің Шығыспен сауда қатынасын өрістету үшін Қазақстанның маңызы: «Кілт және қақпа».

Ірі және кіші қалардың көп шоғырланған жері. Сырдария, Шу, Талас өзендерінің бойы.

ІХ ғасырда қарлұқтар өздерінің шығысындағы аталған мемлекеттен жеңіліс табады: Ұйғыр қағанатынан.

ІХ-ХІІ ғасырларда қыш құмырашылардың қолы жеткен жетістіктерінің бірі. Шыны бұйымдар жасау.

Эпостық жыр: «Ер Сайын».


8-сынып

«Аңырақай шайқасы» өткен жылдар. 1729-1730 жылдар.

«Атбасар мыс кендері» акционерлік қоғамы өндіріс жұмыскерлерінің ереуілі өтті: 1911 жылы.

«Гәкку» әнінің авторы. Үкілі Ыбырай

«Ереже» бойынша Қазақстанда медреселердің оқу жылы: Мамырда басталып тамызда аяқталған.

«Жеті жарғы» заңдарында хан билігіне қойылған шектеулерді Абылай: Мойындамады.

«Қалмаққырылған» шайқасы негізінен азат етті: Қазақстанның солтүстік-батыс өңірін.

«Қалмаққырылған» шайқасынан кейін барлық қазақ жасақтары жиналған Қазақстанның оңтүстігіндегі тау. Ордабасы.

«Қозы Көрпеш Баян сұлу» ең көркем нұсқасы тараған. Шөженің айтуымен.

«Лепсі өлкесін қоршаған таулар» атты картинаның авторы. В.Верещагин.

«Майдақоңыр» әнінің авторы. Естай.

1710 жылы үш жүздің өкілдері басып қосып, жоңғарларға қарсы күрес мәселесін талқылаған жер. Қарақұм.

1714-1720 жылдар аралығында Ертіс өзенінің жоғары ағысында аталған бекіністерді тұрғызған патша өкіметі қазақ жеріне ауыз сала бастады: Жәміш, Омбы, Колбасинск, Железинск.

1715 жылы Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін оның орнына хан болды: Қайып.

1718 жылы Аякөз өзенінің бойында жоңғар әскерлерін женген шайқаста қазақ қолына басшылық жасады: Қабанбай мен Жауғашар батыр.



1718 жылы Қабанбай мен Жауғашар батырлардың басшылығымен жоңғар әскерін жеңген жер. Аякөз өзенінің бойы.

1718 жылы салынған бекініс. Семей (Семипалатинск).

1723 жылы Жоңғария барлық күш-қуатын қарсы жұмсауға мүмкіндік алуының себебі. Цинь императоры Кансидің өлімі.

1723 жылы жоңғарлардың соққысына төтеп бере алмаған Орта жүз рулары ойысқан өңір: Самарқан.

1724-1725 жылдары Жоңғарлар басып алған қалалар: Ташкент пен Түркістан.

1730 жылы Балқаш көлінің оңтүстігінде Аңырақай түбінде жоңғарларға қарсы соққы берген қазақ жасақтарына басшылық жасады: Әбілқайыр.

1731 жылы Әбілқайыр ханның Кіші жүзді Ресей империясының құрамына қабылдау жөнінде ұсыныспен Анна Иоанновнаға жіберген елшілері. Сейітқұл Қойдағұлұлы, Құтлымбет Қоштайұлы.

1731 жылы Ресейдің қоластына кіруге Әбілқайырмен бірге ант берген Кіші жүздің старшындар саны. 29.

1735 жылы Башқұртстанда болған патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы азаттық күреске қатысқандарды жазалау кезінде Қазақстанға қашқан башқұрттардың саны. 50000.

1738 жылы Орынборда қазақ сұлтандарының съезін шақырған Орынбор комиссиясының басшысы. В.Н.Татищев.

1740 жылдары Кіші жүздің, Сырдария өңірі қазақтарының жағдайының қиындай түсуінің себебі. Парсы әміршісі Нәдір шахтың Хиуаны талқандауы.

17451759 жылдары қазақ даласы арқылы Орынборға жеткізілген мал басының жалпы құны. 1 миллион сом.

1747 жылы Нәдір шахтың өлтірілуінен соң Әбілқайырдың бұл өңірдегі әсерін әлсіреткен жағдай. Хиуа тағына Қайыптың сайлануы.

1748 жылы Әбілқайырды өлтірді: Барақ сұлтан.

1761 жылы негізі қаланған бекініс. Бұқтырма.

1766 жылы Бұхар саудагерлерінің өтінішімен Әбілмәмбет хан императрица ІІ Екатеринаға хат жолдап Түркістан арқылы өтетін керуендерді аталған бекіністерде шек қоймай қабылдауға рұқсат алды: Семей, Жәміш.

1771 жылы Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін Қазақ хандығында қалыптасқан дәстүр бойынша хан сайлануға тиісті адам. Әбілпайыз.

1773 жылы қараша айының 17-нен 18-не қараған түні Усиха өзенінің бойында Пугачевқа жолыққан Нұралының өкілі. Зәбір молда.

1773-1775 жылдардағы Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қазақ шаруаларының қатысуына түрткі болған жағдай. Жер мәселесі.

1773-1775 жылдардағы Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысты: Кіші және Орта жүз қазақтары.



1774-1775 жылдары Пугачев көтерілісі кезінде үкімет қолдаған шаралардың арқасында Сібір шебінде орналасқан тұрақты әскер саны. Үш жарым мың.

1785 жылғы Нұралыны тақтан тайдыру жөнінде шешім қабылдағанда оны айыптауға қатысқан кіші жүз рулары. 20-ға жуық ру өкілдері.

1797 жылы барон Игельстромның ұсынысына сай патша үкіметі хан етіп бекіткен адам. Айшуақ.

1797 жылы Қаратайдың өршеленген қуғынынан құтылу үшін Сырым Датұлы: Хиуа хандығына өтіп кетті.



1797 жылы наурыз айының 17-сінде Сырым тобы хан сарайында тұтқиылдан шабуыл жасап өлтірді: Есім ханды.

1799 жылы қараша айында Орта жүз қазақтарына 45000 отбасын Ертістің оң жағына қайтадан қоныстануына рұқсат берген патша. І Павел.

1799 жылы І Павелдің жарлығымен Орта жүз қазақтарына қайтадан қоныстануға рұқсат етілді: Ертістің оң жағына.

1801 жылы 11 наурызда Жайық пен Еділ өзенінің төменгі ағысында Кіші жүз қазақтарының көшіп-қонуына рұқсат берген император. І Павел.

1805-1806 жылдары Ресей елшісі Ю.А.Головкин елшілігі осы елге жіберілмей жолдан қайтарылды: Қытай.

1805-1806 жылдары Ресей үкіметі осы елмен қатынасты ретке келтіруге ұмтылды. Қытаймен.

1812 жылғы Отан соғысы кезінде Елтон тұз өндіру орнының еңбеккерлері батыс майданға жөнелткен тұз көлемі. Бір миллион пұт.

1812 жылғы Отан соғысы кезінде тұз өндіруші қазақтар орыс әскері пайдасына жинаған ақша көлемі. 22 мың сом.

1812 жылғы Отан соғысына қатысқан, 1837 жылы Александр княздың қабылдауында болған қазақ жауынгері. Нарынбай Жанжігітұлы.

1812 жылғы Отан соғысына қатысқан, шоқынған қазақ. Яков Беляков.

1812 жылғы Отан соғысында 3-дәрежелі «Қасиетті Анна» орденіне ие болды: Сағит Хамитұлы.

1812 жылғы Отан соғысында башқұрт полкі құрамында шайқасқан қазақ. Нарынбай Жанжігітұлы.

1812 жылғы Отан соғысында ерлігі үшін «Георгий» орденінің толық кавалері атанды: Нарынбай Жанжігітұлы.

1812 жылғы Отан соғысында жақсы рол атқарды: Атты әскер.

1812 жылғы Отан соғысында қазақ елі арасында орыс халқын қолдап, жауға қарсы күш жұмылдыруға шақырған, екі ел достығы рухын көтеруге ат салысқан старшын: Байсақал Тілекұлы.

1812 жылғы Отан соғысында қазақтар қаысқан ұлттық құрам. Башқұрт полкі.

1812 жылғы Отан соғысында Орынбор губерниясында құрылды: 40 кавалериялық полк.

1812 жылы Бородино шайқасында күміс медальмен марапатталған қазақ жауынгері. Майлыбайұлы.

1813 жылы омбыда, 1825 жылы Орынборда ашылған әскери училищелер негізінен айналысты: Ресейлік билеу әкімшілігі үшін шенеуніктер даярлаумен.

1817 жылы Сүйік Абылайханұлы бастаған 66 мың қазағы бар Ресей құрамына кірген ру. Жалайыр.

1817 жылы Сүйік сұлтан Абылайханұлының мәлімдемесі. Өзі қарамағындағы рулармен Ресей құрамына кіру.

1820 жылы Хиуа ханы Мұхаммед Рақым қазақ қоныстарына шабуыл жасап, қаңыратып кеткен ауыл саны. Екі мыңға жуық.

1821 жылғы Орта Азия хандықтарының озбырлығына қарсы азаттық қозғалыстың басшысы. Тентектөре.

1821 жылғы Тентектөре бастаған қозғалыстағы көтерілісшілер саны. 10 мың.

1821 жылғы Тентектөре бастаған қозғалыстың сипаты. Азаттық.

1825 жылы жаңа әкімшілік билікті мойындап, өзі жерлерінен сыртқы окрук ашуға келісім білдірген Жетісудағы 50 мың адамы бар болыс. Үйсін.

1831 жылы қыркүйек айының 18-і күні орысша білім беретін училище ашылды: Семей қаласында.



1832 жылы қазақ жерінде тұңғыш жәрмеңке ашылды: Бөкей (Ішкі) ордасында.

1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісіне түрткі болған жағдай. 1833 жылы Жәңгір хан қайынатасы Қарауылқожа Бабажанұлын Каспий өңіріне билеуші етіп тағайындауы.

1836-1838 жылдардағы Исатай көтерілісі бойынша жазалау ісін басқару тапсырылды: Гекеге.

1836-1838 жылдардағы Ішкі ордадағы көтеріліс: Үш кезеңге бөлінді.

1836-1838 жылдардағы Ішкі ордадағы көтерілістің негізгі қозғаушы күші. Қазақ шаруалары.

1837 жылғы қазан айының 15-інде Исатай мен Махамбеттің қолы Теректіқұм деген жерде ауылын ойрандаған Жәңгірдің сыбайласы. Балқы Құдайбергенұлы.

1837 жылы қазан айының аяғында саны екі мыңға жеткен Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілер қоршады: Ханның резиденциясын.

1837 жылы қазан айының аяғында ханның резиденциясын қоршаған Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілер саны. Екі мың.

1838 жылы Ақбұлақ деген жерде шайқаста казактар қылышпен шауып, атып өлтірді: Исатайды.

1838 жылы Кенесары отряды басып алып өртеп жіберген бекініс. Ақмола.

1841 жылға Ташкентке аттанған Кенесары жорығының жүзеге аспау себебі. Сарбаздар арасында жұқпалы аурудың тарауы.

1843 жылы халықтың қолдауымен Жанқожа батыр құлатқан бекініс. Хиуа бекінісі.

1843 жылы І Николай патша келісім беріп, Кенесары көтерілісін жаншуға жіберген отряд. Старшина Лебедев басқарған отряд.

1843-1913 жылдары өмір сүрген ақын, сазгер, дарынды күйші. Ақан сері Қорамсаұлы.

1844 жылы Орынборда ашылған оқу орны: Неплюев кадет корпусы.

1844 жылы шілде айының 20-сында болған Кенесары отрядымен шайқаста Ахмет Жантөреұлы тобынан қаза тапқан сұлтандар саны. 44.

1845 жылғы Кенесарының ауылына келген елшілік. Долгов, Герн елшілігі.

1848 жылы Қарқара уезінде ірі жәрмеңке ашылған жер. Талды-Қоянды.

1848 жылы Ұлы жүзге тағайындалған ресейлік билік. Пристав.

1848-1849 жылдары Каспий теңізіне жасаған экспедицияны басқарды: Г.С.Карелин.

1851 жылға дейін Ресей мен Цин империясы арсындағы сауда-экономикалық байланыс тек төмендегі қала арқылы жүзеге асырылды: Кяхта.

1853 жылы Ресейдің қоластына қараған бекініс. Ақмешіт.

1853 жылы Талғар өзенінің Ілеге құяр жерінен Іле бекінісін тұрғызды: М.Д.Перемышельский отряды.

1855 жылдан бастап Қазақстан мен Шыңжаң арасындағы байланыстың уақытша тоқтау себебі. Шәуешектегі орыс көпестерінің сауда орындарын жергілікті тұрғындардың тонауы.

1855 жылы 8 шілдеде Есет тобы күтпеген жерден шабуыл жасап сұлтанды және сыбайластарын қырып салды: Жантөрин лагеріне.

1855 жылы Петербургке барып, күміс медальға ие болған күйші. Тәттімбет Қазанғапұлы.

1858 жылғы қазақ шаруаларының Қоқан езгісіне азаттық күресінің тарихи маңызы. Оңтүстік Қазақстанның Ресейдің құрамына кіруінің алғышарты пісіп-жетілді.

1858 жылғы Қоқан езгісінде қарсы ең ірі көтеріліс болды: Әулиеата маңында.

1858 жылғы қоқандықтар сәтсіздікке ұшыраған шайқас. Пішпек түбіндегі ұрыс.

1858 жылғы халық қозғалысының тегеуірінен сескенген қазақ феодалдары: Қоқан билеушілерімен ымыраға барды.

1858 жылы жазалаушылардың қыспағымен Есет батыр көтерілісті тоқтатып: Орынборға барып патша билігін мойындады.

1858-1859 жылдары Шоқан барып қайтқан сапары. Қашқар саяхаты.

1860 жылғы жылғы Ресей әскерімен Қоқан хандығының арасындағы шайқаста: Қазақ феодалдары екіге бөлінді.

1860 жылы болған Ұзынағаш шайқасының тарихи маңызы. Жетісудың Қоқан езгісінен құтылуына ықпал етті.

1860 жылы орыс әскерлері мен Қоқан әскерінің арасында үш күндік шайқас болған жер. Ұзынағаш.

1860 жылы Ресей әскеріне қарсы қоқандықтармен бірге шайқасқан: Кенесарының баласы Сыздық сұлтан бастаған топтар.

1860 жылыЖаяу Мұса Шорман балаларының жаласымен: Тобылға жер аударылды.

1863-1864 жылдардағы Польшадағы ұлт-азаттық қатысқандардың ішінен жер аударылғандардың бірқатары жіберілген өлке. Сібір.

1864 жылы Ресей үкіметінің Қоқан хандығына қарсы жіберген әскері басып алған бекініс. Түркістан.

1864 жылы Шоқан Уәлиханов генерал М.Г.Черняевтың әскери экспедициясы құрамында басып алу үшін әскери қимылдарға қатысқан бекініс. Әулиеата.

1865 жылы 5 маусымда Қазақ өлкесін зерттеп білу мәселелерін дайындауға әмір берді: ІІ Александр патша.

1865 жылы Қазақ өлкесін басқару ісін өзгертуді дайындау жүктелді: Гирс басқарған «Дала комиссиясына».

1865 жылы орыс әскерлері басып алған қала. Ташкент.

1866 жылы орыс әскерлерінің басып алуы нәтижесінде Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына кірді: Бұхар хандығы.

1867-1868 жылдардағы «Уақытша Ереже» бойынша 40 мың шаңырақтан тұратын адай руының екі жыл ішінде төлеуге тиіс салық мөлшері. 160 мың сом.

1867-1868 жылдардағы «Уақытша Ереженің» көшпенділер үшін ауыртпалығы. Жерді патша үкіметінің меншігі деп жариялауы.

1867-1868 жылдардағы Ережеге сай ағатту ісін дамыту үшін қазақтарға берілген құқық. Өзі еріктерімен қаржы жинауға.

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша әскери губернатор жанындағы облыстық басқармалар үшке бөлінді: Шаруашылық, сот істері және жарлықты жүзеге асыру.

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Батыс Сібір генерал-губернаторлығына қараған облыстар. Ақмола, Семей облыстары.

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша бір ауылдағы шаңырақ саны. 100-200 шаңырақ.

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша елді мекендерді басқару билігі ақсақалдарға берілген облыс. Сырдария.

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша қазақ жері әкімшілік жағынан бөлінді: Үш генерал-губернаторлыққа.

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша қазақ жері құрамына кірген генерал-губернаторлықтар. Түркістан, Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтар.

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Қазақстандағы сот жүйесінің ең төменгі буыны. Билер мен қазылар соты.

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша қазылар соты сақталған облыс. Сырдария.

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Қытай және Иран сияқты елдермен дипломатиялық келіссөз жүргізуге рұқсат берілген генерал-губернаторлық. Түркістан генерал-губернаторлығы.

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша облыс басында тұрды. Әскери губернатор.

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша облыстар бөлінді: Уездерге.

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Орынбор генерал-губернаторлығына қараған облыстар. Орынбор және Торғай облыстары.

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша салықтардан босатылып, өмірлік зейнетақымен қамтамасыз етілді: Шыңғыс тұқымы – сұлтандар.

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша сот жүйесінің ең төменгі буыны билер мен қазылар сотын бекітті: Әскери губернатор.

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша сырдария облысында елді мекендерді басқару билігі берілді: Ақсақалдарға.

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Сырдария облысында сақталған сот. Қазылар сот.

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Түркістан генерал-губернаторлығына дипломатиялық келіссөздер жасауға рұқсат етілген елдер: Қытай, Иран.

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша уезд бастықтарын тағайындап отырды: Генерал-губернаторлар.

1867-1868 жылдардағы реформа генерал-губернатордың қолында шоғырланған билік. Әскери және азаматтық билік.

1867-1868 жылдардағы реформа негізінде 1872 жылдан Бөкей хандығының жері қарады: Астрахан губерниясына.

1867-1868 жылдардағы реформа негізінде Маңғыстау приставтығы кейіннен бағындырылған облыс. Закаспий облысы.

1868 жылы келісім бойынша Қоқан хандығына қарасты бірқатар жер, Қоқанға тәуелді қазақ жерлері бағындырылды: Түркістан генерал-губернаторлығына.

1868 жылы қабылданған «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы» Ереже бойынша жан басына берілетін жер көлемі. 30 десятина.

1868 жылы Париждегі дүниежүзілік көрмеге қойылған қазақ қолөнер бұйымдары. Зергерлік өнер заттары, ұлттық киімдер.

1868-1869 жылдардағы «Уақытша Ереже» бойынша енгізілген салық түрі. Шаңырақ салығы.

1868-1869 жылдардағы «Уақытша Ереже» бойынша енгізілген шаңырақ салығының көлемі. 1 сомнан 3 сомға дейін.

1868-1869 жылдардағы Орал, Торғай облыстарындағы халық қозғалысын басқарғандар. Жеңілдіктерінен айырылған рубасылар.

1869 жылдың наурыз, маусым айларында Орал, Торғай облыстарында жалпы саны 3 мың болған көтерілісшілердің феодалдық топтарға қарсы шабуыл жасады: 41 рет.

1869 жылы мамырдың 6-ы күні пон Штемпель басқарған 200 атты және бір рота жаяу әскеріне 20 мыңға жуық көтерілісшілер шабуыл жасаған жер. Жамансай көлі маңы.

1869 жылы наурыз, маусым айларында Орал, Торғай облыстарында феодалдық топтарға қарсы шабуылға қатысқан көтерілісшілер саны: 3 мың.

1870 жылғы Маңғыстау көтерілісі басылғаннан кейін соғыс шығыны ретінде адайлықтар өкіметке: 90 мың қой өткізуге міндеттелді.

1870 жылғы Маңғыстау көтерілісін басқан кезінде жазалаушылардан ығысып Хиуа хандығына өтіп кеткендер саны. 3000-ға жуық шаңырақ.

1870 жылғы Маңғыстау көтерілісінің басты ерекшелігі. Көтеріліске қазақ жалдама жұмысшыларының қатысуы.

1870 жылғы Маңғыстаудағы көтерілісті басу кезінде көтерілісшілер жайында «бұларды келістіріп жазалау керек» деп нұсқау берген әскери министр. Милютин.

1870 жылғы Маңғыстаудағы көтерілісті басу үшін әскери құрама әкелінді: Кавказдан.

1870 жылғы Маңғыстаудағы көтерілістің басшылары: Досан Тәжіұлы, Иса Тіленбайұлы.

1870 жылғы Маңғыстаудағы көтерілістің жеңілу себебі. Адайлықтардың өзге аймақтардан алшақ орналасуына байланысты рулық-патриархалдық құбылыстың күшін жоймауы.

1870 жылы Бозащы түбегінде болған жазалаушылар мен көтерілісшілер арасындағы шайқаста: Жазалаушылар талқандалып, Рукин атылып өлді.

1872 жылы қазақ музыка аспаптары көрмеге қойылған қала. Мәскеу.

1879 жылы Ыбырай Алтынсарин мектеп инспекторы болып тағайындалған облыс. Торғай облысы.

1881 жылы ақпан айында Ресей мен Қытай арасында қол қойылған келісім.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет