Башқұрттар



Дата02.12.2022
өлшемі22,6 Kb.
#160909
Байланысты:
Башқұрт
Лекция әлеуметтану (1), laureaty nobelevskoy premii na sayt, китапша пдф, Ч8 Адиабата каз

Башқұрттар (башқ. башҡорттарбашҡорт, яғни бас құрт (түркіше бас бөрі)) — түркі тілдес және түркі халықтары топтарына жатқызылатын ұлт, Башқұртстан Республикасының байырғы халқы. Ресейдің Челябі, Қорған, Орынбор, Пермь, Свердловск, Саратов облыстарында, және Қазақстан мен Орта Азияда тұрады. Жалпы саны 1,5 миллион адам (1995); оның 1 миллионындай Башқұртстанда тұрады.
Тілі[өңдеу | қайнарын өңдеу]Толық мақаласы: Башқұрт тілі
Түркі тілдерінің қыпшақ бұтағына жататын башқұрт тілінде сөйлейді. Орыс және татар тілдерін де қолданады. Жазуы кириллицаға негізделген. Қазір қолданыстағы башқұрт әліпбиінде 42 әріп бар.
Тарихы[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Башқұрттар этногенезінің қалыптасуына VII - X ғ-лардағы әр алуан түркі тайпалары (үсерген, байлар, сұраш, маңғауыр, жағалбайлы, тама, бешуыл, кедей, табын, мың, керей, қаңлы, арғын, байұлы, т.б.) ұйытқы болды. XI-XIII ғ-ларда қазіргі башқұрт жерін мекендеген бесене, Еділ бұлғары мен мадияр тайпаларына қыпшақтардың әсері күшейіп, көне башқұрт этносының қыпшақтану бағытында дамуы арта түсті. Бату шапқыншылығы, башқұрт жеріне Қыпшақ даласынан халықтың көптеп қоныс аударуы башқұрттардың қыпшақтану процесін одан әрі жеделдетті. Қазақ халқының этногенезінде шешуші орын алатын түркі тайпаларының басым көпшілігі башқұрт халқының құрамында да кездеседі.
Қыпшақ дәуірі башқұрт халқының қалыптасуының (XV - XVI ғ-лар) басты кезеңі болып табылады. XVI ғ-дың орта кезінен Башқұрттар Ресей ипериясының отарына айналды. Башқұрттар әскери қызметке, алтын кен орындарына жұмысқа тартылды.
Этнографиялық топтары[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ф.И.фон Страленбергтің картасындағы башқұрт тайпаларының қоныстану арелы
Башқұрт халқының қоныстануы мен этникалық тарихы кезінде төмендегідей этнографиялық топтар қалыптасқан:

  • Солтүстік-шығыс топ: дуан, қалмақ, қатай, мырзалар, табын, сызғы, сырзы, құмрұқ, бадрақ, бесұл, қуақан.

  • Солтүстік-батыс топ: байлар, балықшы, таз, ұран. қырғыз, қаңлы, еней, танып, ерікті.

  • Оңтүстік-шығыс топ: қыпшақ, үсерген, таңғауыр, тамиан, юрмат.

  • Оңтүстік-батыс топ: мың.

Кәсібі[өңдеу | қайнарын өңдеу]


Бұрынғы кезде Башқұрттартар негізінен көшпелі мал ш-мен шұғылданып, аң ауласа, XVII-XIX ғ-ларда егіншілікпен айналысып, отырықшылыққа көшті. Тілі мен мәдениеті, қоршаған ортасы татарларға жақын болғанымен, ұлттық тұрмыс-тіршілігі мен дәстүрінде қазақ халқына ұқсастық басым. Мысаслы, қайыстан, теріден жасалған бұйымдар, ер-тұрман, үй жиһазы, ыдыс-аяғы, киіз басу, кілем мен алаша тоқу кәсібі қазақ қолөнеріне ұқсас.
Далалы жерлерде кірпіштен, орманды-далалы аймақтарда ағаштан қима үйлер салады.

Мәдениеті[өңдеу | қайнарын өңдеу]


Ұлттық тағамдары да қазақ халқының ұлттық тағамдарына ұқсайды: айран, құрт-ірімшік, қаймақ, қымыз, т.б.. Бишбармақ, құлдама, салма, чурпаря аталатын тағам түрлері де бар.
Ұлттық киім үлгісінде: әйелдер “кюлдэк” аталатын ұзын, кең етекті қынама көйлек, зерлі қамзол, әсем тақия, ерлер кең балақты шалбар, бағалы аң терісінен тігілген дөңгелек бөрік, тымақ киеді.
Кең тараған музыка аспабына қазақтың сыбызғысына ұқсас қурай, шаңқобызына ұқсас қобыз, варган, домра жатады. Жыл сайын ораза мен құрбан айты, наурыз мейрамы, көктемгі егіс жұмыстарынан кейін сабантой тойланады.[20]

Қазақстандағы башқұрттар[өңдеу | қайнарын өңдеу]


1755 жылы башқұрт халқының Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы бағытталған ірі көтерілісі болды. Көтеріліс жеңіліс тапқан шақта башқұрттар Кіші жүздің шекаралас аумағына көшіп барды. Патша жазалауынан қорыққан олардың біршамасы қазақтардың арасына барып пана тапты. Кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі жылдары да әртүрлі себептермен башқұрттардың Қазақстанға қоныс аударуы болып отырды. 2014 жылғы есеп бойынша Қазақстанда 17 мыңнан астап башқұрттар тұрады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет