ОӘК 042-18-12 101/03-2013 18. 09. 2013 Баспа №1 беттің -сі



бет1/5
Дата26.08.2017
өлшемі2,24 Mb.
#29504
  1   2   3   4   5

ОӘК 042-18-12.1.101/03-2013

18.09.2013 Баспа №1

беттің -сі




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМК құжаты

ОӘК

ОӘК 042-18-12.1.101/03-2013

«Көлік логистикасы» пәні бойынша оқыту-әдістемелік кешені

18.09.2013

Баспа №1



«Көлік логистикасы»

пәнінен оқыту-әдістемелік кешені
5В090100 – «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану»

мамандығына арналған



ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей

2013

Мазмұны


  1. Глоссарий


  2. Дәрістер

  3. Практикалық сабақтар

  4. Студенттің өздік жұмысы

1. Глоссарий


КЛ және КҚ (ТЛ и ТС) - көлік логистикасы және көлік құралдары.

Материалды ағымдар - логистикалық операцияларды жүргізу барысында қарастырылатын және мерзімдік интервалға жатқызылатын жүктер, бөлшектер, тауарлы материалды құндылықтар.

Логистикалық операциялар - бұл материалды және ақпараттық ағымды қайта құруға бағытталған іс-әрекеттер жиынтығы.

Тасымалдау - адамдар мен жүктерді таситын материалды өндіріс саласы. Қоғамдық өндіріс құрылымында тасымалдау материалды қызмет өндіру сферасына жатады.



ТА (ПС) - тасымал автобус көлігінің басқа да жолаушы көліктерімен орындалуы.

ТТ (ЗП) - ұйымдармен мекемелердің және т.б. келісім шарт немесе жеке тапсырыстар бойынша орындалатын тасымал.

МТ (МП) - ұйымдармен мекемелердің және т.б. келісім шарт немесе жеке тапсырыстар бойынша орындалатын тасымал.

ПЖГ (ГДП) - Пойыздардың бөлiм бекеттерi (станциялар) арасында жүруiнiң графиктiк бейнеленуi.



2. Дәрістер



Дәріс сабағының құрылымы:
Дәріс 1
Логистика жағдайындағы көлік.
Тәжірибелік логистиканың пайда болу және даму тарихы көне заманнан басталады. Гамбург университетінің профессоры Г.Павеллектің айтуынша, тіпті Рим империясының кезеңіңде "логистер" немесе "логистиктер" деғен мәртебесі бар қызметкерлер болған. Олар азық-түлік өнімдерін бөлумен айналысқан. Біздің дәуірдің бірінші мыңжылдығында бірқатар елдердің әскери лексиконында логистиканы қарулы күштерді материалды ресурстармен қамтамасыз ету және олардың қорларын сақтау бойынша кызметпен байланыстырған. Мысалы, византийлік патша VI Леон (б.з. 865-912 ж. ж.) кезінде логистиканың міндеттеріне әскерді қаруландыру, оларды әскери мүлікпен қамтамасыз ету, олардың қажеттіліктерін уақытылы қарайластыру жатқан, деп есептелген. Дарынды әскер басшылары қажет уақытта және керекті орыннан табылған қару-жарақтың, отынның, азық-түлік пен әскер жарағының жеңіске жетуде қаншалықты маңызды роль аткаратындығын әр уақытта түсінген. Адамзат тарихындағы бүкіл соғыстар әскерлерді жабдықтаудың үйымдастырылуына байланысты, жеңілген немесе жеңіске жеткен. Мысалы, Солтүстік Америкадағы тәуелсіздік үшін соғыстағы британдықтардың жеңілуі көбінесе ағылшын әскерлерінің жеткіліксіз қамтамасыз етілуімен түсіндіріледі. Соғыстың ең өршіген кезінде американдық континентте британдық әскердің құрамында 12000 отряд болды, олар Англиядан тек қару-жарақ емес, сондай-ак азық-түлік те алулары тиіс еді. Соғыстың алғашқы алты жылында өмірлік маңызы бар бұл жабдықтарды ұйымдастыру әскерлердің қажеттілігіне барабар болмады, бұл өз кезегінде әскери әрекеттердің сипатына және сарбаздардың моральды жағдайына кері әсер етті. Әскерлердің дәлме-дәл қамтамасыз етілуі тек 1781 жылы ғана жүзеге асты, ал бұл тым кеш болды.

Логистикалық әдіс Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде, әсіресе американдық әскерлерде қеңінен қолданылды. Әскери өнеркәсіптің, тылдағы және фронттағы жабдықтау базалары мен көліктің нақты бірлескен іс-әрекеті американдық әскерді қажетті мөлшерде кару-жарақпен, жанар-жағар май материалдарымен және азық-түлікпен уақтылы және жүйелі түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік жасады.

Үлкен ағылшын-орыс сөздігі бүгінгі танда да "logisties" сөзін әскери 1) тыл және жабдыктау; 2) материалды-техникалык қамтамасыз ету; 3) тыл жұмысын ұйымдастыру және жүргізу деп аударьш жүр.

Философиялық энциклопедияда логистиканың мынадай түсініктемесін табуға болады: "Логистика гректің "logistike" сөзінен алынған - есептеу, пайымдау өнері. Ежелгі гректерде есептеу және геометриялық өлшеу өнері, яғни теориялық математикаға қарсы қойылатын тәжірибелік арифметика - логистика деп аталады. Осы мағынада бұл термин Батыс Еуропада XVII ғасырға дейін қолданылған. Бірақ Лейбниц (неміс ағартушысы-энциклопедисті, философы) логистиканы "calculus ratiocinator" (ой қорытындыларын есептеу) деп атап синоним ретінде қолданған. 1904 жылы Женевадағы Халықаралық философиялық конгресте бұл термин математикалық логиканы белгілеу үшін ұсынылды".

Әдебиеттерде оның басқа да қолданылуы кездеседі: Рассел және оның мектебі ұсынған логика кезеңі басқаша логицизм деп аталған (математиканы оны логикаға қиыстыру арқылы түсіндіруге тырысатын, математиканың философиялық проблемалар саласындағы бағыты). Логистиканы логикамен, яғни абстрактілі ойлау сатысьндағы әлемді танудың заңдары, формалары және тәсілдері туралы ғылыммен шатастыруға болмайды.

Логистика бойынша бірінші ғылыми еңбектерді шығарушы ретінде XIX ғасырдың басындағы француз әскери маманы Джоминиді атауға болады, ол логистикаға мынадай анықтама берген: "логистика - әскерлерді маневрлеудің тәжірибелік өнері". Ол логистикаға тек тасымалдау ғана емес, сондай-ақ жоспарлау, басқару және жабдықтау мәселелері, әскерлерді орналастыру жерлерін анықтау, сонымен қатар көпір, жол және т.б. салу мәселелері жатады деп пайымдаған. Логистика әскери ғылым ретінде тек XIX ғасырдың ортасында ғана қалыптасты.

Логистика дамуының тағы бір бағыты — экономикалық, мұнда логистика деп шаруашылық жүргізудің ғылыми-тәжірибелік бағыты, яғни өндіріс және айналым сфераларындағы материалды және олармен байланысты ақпараттық және қаржы ағындарын тиімді басқару түсіндіріледі.

Экономикада логистиканың кең қолданылуы 60-70-ші жылдарға келеді және байланыс технологиялары саласындағы жетістіктермен байланысты. Шикізат, бөлшектер мен дайын өнімдердің қозғалысының барлық сатыларын іштей бақылау мүмкіндігі материалды ағындарды басқарудың дәстүрлі үлгісіндегі жіберілетін үлкен шығындарды айқын байқауға мүмкіндік берді. Экономикада логистиканы қолданудан алатын экономикалық ұтыс тауарларды жылжыту саласында әріптестерді бірлестіктерге бейімдеуге әсер етті.

Логистиканың тәжірибелік потенциалын алғашқы болып американдық мамандар Пол Конверс және Питер Дракер түсінді. Олар оның потенциалды мүмкіндіктерін "шығындарды үнемдеудің соңғы шегі" және "экономиканың танылмаған материгі" ретінде анықтады. Кейіннен олардың көзқарастарымен көптеген теоретик-логистиктер бөлісті. М.Потер, Д.Стон және басқа да осылар сияқты американдық зерттеушілердің айтуынша, логистика өзінің дәстүрлі тар анықтамасының шекарасынан шықты және фирманың жоспарлауы мен стратегиялық басқаруында маңызды орын алады.

Логистика түсініктеріндегі белгілі бір айырмашылықтарға қарамастан, олардың екеуі де жалпы және айрықша белгілерді: үйлесімділік, рационалдық және дәл есептеуді бөліп көрсетеді.

Логистика ғылым ретінде және азаматтық саладағы бизнес құралы ретінде ең алдымен АҚШ-та 1950-ші жылдардың басында қалыптаса бастады. Логистика эволюциясы дамыған капиталистік елдердегі нарықтық катынастардың тарихымен, эволюциясымен тығыз байланысты, іскерліктегі "логистика" терминінің өзі тек 70-ші жылдардың соңында ғана қалыптасып, әлемде жаппай қолданыла бастады. Міне, шамамен жарты ғасыр бойы батыста мамандар, ғалымдар, іскерлер арасында қарастырылып отырған түсініктің атауы және мазмұны бойынша талқылаулар әлі күнге дейін аяқталмаған. Логистика бойынша батыс әдебиеттерін сараптай отырып, мынадай қорытынды жасауға болады: көптеген авторлар бірдей логистикалық қызметтерді баяндай отырып әр түрлі терминдерді қолданады. "Логистика" терминінің ең көп кездесетін синонимдерінің тізімі 1.1 кестеде келтірілген. Біздің ойымызша, түрлі терминнің колданылуы зерттеушінің талғамына байланысты және логистикалық процестің жеке жақтарына көңіл бөлуді қалауымен түсіндіріледі. Бұл жағдайда көрсетуге болатыны "физикалық бөлу" терминінің қолданылуы, ол Батыста 1970-ші жылдардың ортасына дейін логистика түсінігінің синонимі ретінде қолданылып келді, ал қазіргі уақытта біріккен логистиканың кешенді функцияларының бірін білдіреді және "дистрибьюция" терминінің синонимі болып табылады.

Кесте 1.1 - Шетел әдебиеттерінде кеңінен қолданылатын "логистика" терминінің синонимдері



Термин атауы (ағылшын тілінде)

Атаудың аудармасы

Physical distribution

Физикалық бөліну

Marketing logistics

Маркетинг логистикасы

Materials management

Материалды менеджмент

Logistics engineering

Логистикалық инжинеринг

Industrial logistics

Өнеркәсіптік логистика

Business logistics

Бизнес логистика (коммерциялық логистика)

Logistical management

Логистикалық менеджмент

Integrated logistics management

Біріккен логистикадағы менеджмент

Supply management

Жабдықтау менеджменті

Logistics pipeline management

Логистикалық арна менеджменті

Distribution management

Бөлу менеджменті

Supply chain management

Логистикалық тізбек менеджменті (жабдықтау тізбегі)

Time-based management

Уақытқа негізделген менеджмент

Integrated distribution

Біріккен дистрибьюция

Supply chain logistics

Жабдықтау тізбегінің логистикасы

Service response logistics

Қызметке жауапты логистика

Integrated supply chain management

Біріккен логистикалық тізбектегі менеджмент

Логистика біршама жас және белсенді дамушы ғылым болып табылады. Оның түсініктеме аппаратына және терминологиясына қатысты көптеген сұрақтар әр уақытта нақтыланып, жаңа мәнге ие болып, өзгеріп отырады. Осыған байланысты логистика өткен тарихи жолды қарастыру, қәзіргі сатыдағы жағдайын бағалау және шетел мен біздің елдегі оның даму перспективасын бағалау қызық.

1.1-суретте шет елдегі логистика эволюциясы, материалды, сондай-ақ онда кездесетін ақпарат және қаржы ағындарын басқарудың теориясы мен тәжірибесі бойынша берілген, яғни шикізаттардың, материалдардың және дайын өнімдердің айналым үрдісімен байланысты, оларды жабдықтаушылардан өндіруші-кәсіпорындарға және соңғылардан талаптарға сәйкес соңғы тұтынушыларға дейін жеткізумен байланысты барлық кешенді мәселелердің шешілуі берілген.

XX ғ. логистикасының генезисінде бірнеше тарихи сатыларды бөліп көрсетуге болады. 20-жылдардан 50-жылдардың басына дейінгі кезенді "фрагментаризация" кезеңі деп атауға болады, бұл кезде логистика идеясы жалпы шығындарды төмендету және бизнестегі материалды ағындарды басқарудың интегралды құралы ретінде талап етілмеген. Сонымен бірге 50-ші жылдарға дейін кейбір логистикалық функциялар (1-сурет) құрамдас шығындарды төмендету тұрғысынан маңызды болған, мысалы, өндірісте, тасымалдауда, қоймалауда және т.б. Дегенмен, жалпы экономикалық жағдайлар, технология мен менеджменттің даму деңгейі логистика феноменінің пайда болуына ықпал етпеді.

Бұл жағдайда көрнектісі АҚШ экономикасының даму сатысы болып табылады. Қарастырылып отырған бұл кезеңде АҚШ-тың жаңа өндіріс технологиясын енгізумен (мысалы, автомобиль жасауда), мамандандырудың жоғары деңгейімен, табиғи ресурстардың көптігімен, жақсы инвестициялық ортамен, мемлекеттің экономиканы минималды реттеуімен сипатталатын тез өсу нарығы болды. Тауарлар мен қызметтерді өндірушілер кеңеюші нарықтың қажеттіліктерін әрең орындады, яғни сатушылар нарығының жағдайы болды. Әрине, бұл жағдайда менеджменттің басты назары нарықты қалай толтыру керек мәселесіне, яғни өнім өндіру үшін резерв іздеуге бағытталды.

Логистиканың өндіріс үрдісі.
Материалды ағын, өзінің бастапқы шикізат көзінен соңғы тұтынушыға дейінгі жолында бірқатар өндірістік звенолардан өтеді. Бұл сатыдағы материалды ағынды басқарудың өзіндік ерекшелігі болады және ол өндірістік логистика деген атқа ие болады.

Өндірістік логистиканың мақсаты материалды игіліктерді құрайтын немесе сақтау, орау, өлшеу, салу және т.б. осындай материалды қызметтер көрсететін кәсіпорындар ішінде материалды ағындарды оңтайландыру болып табылады. Өндірістік логистикадағы зерттеу объектілерінің сипаты -олардың территориалды жинақтылығы. Әдебиеттерде оларды кейде "логистиканың аралды объектілері" деп те атайды.

Өндірістік логистика шеңберінде логистикалық үрдіс қатысушыларын өндірістік катынастар байланыстырады (макродеңгейдегі логистикалық үрдістің қатысушылары тауар-ақша қатынастарымен байланысты).

Өндірістік логистика қарастыратын логистикалық жүйелер өндірістік логистикалық жүйелер деп аталады. Оларға өнеркәсіп кәсіпорындарын, қоймалары бар көтерме кәсіпорындарды, тізбекті жүк стансаларын, тізбекті теңіз порттарын және т.б. жатқызуға болады. Өндірістік логистикалық жүйелерді макро- және микродеңгейлерде қарастыруға болады.

Макродеңгейде өндірістік логистикалық жүйелер макрологистикалық жүйелердің элементтері ретінде болады. Олар осы жүйелердің жұмыс қарқынын белгілейді, материалды ағындардың көзі болып табылады. Макрологистикалық жүйелердің қоршаған орта өзгерістеріне бейімделу мүмкіндігін, оларға кіретін өндірістік логистикалық жүйелердің шығушы материалды ағынның сандық және сапалық құрамын тез өзгерте алу қабілеттілігімен анықталады (яғни шығаратын өнімнің ассортименті мен сапасы).

Микродеңгейдегі өндірістік логистикалық жүйелер белгілі бір бірлікті, тұтастықты құрайтын, бір-бірімен тығыз байланысқан бірқатар элементтер болып табылады. Бұл элементтер: сатып алу, коймалар, қорлар, өндіріске қызмет көрсету, көлік, ақпарат, өткізу және кадрлар материалды ағындардың жүйеге кіруін, оның ішінде жылжуын және жүйеден шығуын қамтамасыз етеді. Логистика концепциясына сәйкес, өндірістік логистикалық жүйелерді құру кәсіпорын ішіндегі жабдықтау, өндірістік және өткізу звеноларының жоспарлары мен әрекеттерінің тұрақты түрде үйлесу және өзара дұрыстау мүмкіндіктерін қамтамасыз етуі қажет.


Өндірісті ұйымдастырудың дәстүрлі және логистикалық концепциялары
Өндірісті ұйымдастырудың логистикалық концепциясына келесі негізгі жағдайлар жатады:

  • артық қорлардан бас тарту;

  • негізгі және тасымалдау-қоймалау операцияларын орындауға қажет уақыттың көбеюінен бас тарту;

  • сатып алушылар тапсырыс бермеген бөлшектерді шығарудан бас тарту;

  • құрал-жабдықтардың тұрып қалуларын жою;

  • ақауды міндетті түрде жою;

  • тиімсіз өндірісішілік тасымалдауларды жою;

  • жабдықтаушыларды карсы тараптан игі ниетті әріптеске айналдыру.

Логистикалыққа қарағанда өндірісті ұйымдастырудың дәстүрлі концепциясы мыналарды ұйғарады:

  • негізгі құралды ешқашан тоқтатпау және оны пайдаланудың жоғарғы коэффициентін ұстап отыру;

  • өнімді ірі партиялармен шығару;

  • "кездейсоқ жағдайларға" материалды ресурстардың максималды көп көлемі болуы тиіс.

Концептуалды жағдайлардың болуы өндірісті ұйымдастырудың дәстүрлі концепциясының "сатушы нарығы" жағдайында тиімді екенін көрсетеді, ал логистикалық концепция — "сатып алушы нарығы" жағдайы үшін.

Сұраныс ұсыныстан жоғары болған кезде, нарық конъюнктурасын ескере отырып шығарылған өнім партиясы толығымен өткізіледі деп сенімді түрде айтуға болады. Сондықтан да құрал-жабдықтарды максималды жүктеу мақсаты артыкшылыққа ие болады. Дайындалған партия неғұрлым ірірек болса, өнім бірлігінің өзіндік құны соғұрлым болады. Өткізу мәселесі бірінші орында тұрмайды.

Нарыққа сатып алушы "диктаты" келген кезден бастап жағдай өзгереді. Бәсекелестік жағдайындағы өндірілген өнімді өткізу мәселесі бірінші орынға шығады. Нарықтық сұраныстың тұрақсыздығы және болжамданбайтындығы үлкен қорларды құруды тиімсіз етеді. Сонымен қатар өндіруші бірде-бір тапсырысты жіберуге құқығы жоқ. Осыдан пайда болған сұранысқа өндірістің тез жауап беруіне қабілетті икемді өндірістік қуаттарға қажеттілік туады.

Нарық жағдайындағы өндіріс тек шығарылатын өнімнің ассортиментін және санын тез өзгертуге қабілетті болған кезде ғана жандана алады. 70-ші жылдарға дейін бүкіл әлем бұл мәселені коймадағы дайын өнім қорларының есебінен шешіп отырды. Бүгінгі күні логистика сұраныс өзгерістеріне өндірістік қуаттар қорының есебінен бейімделуге мүмкіндік береді.

Өндірістік қуат қоры өндірістік жүйелердің сандық және сапалық икемділігі болған кезде пайда болады. Сапалық икемділік әмбебап қызмет көрсетуші қызметкерлер мен икемді өндірістің есебінен қамтамасыз етіледі. Сандық икемділік түрлі әдістермен қамтамасыз етілуі мүмкін. Мысалы, Жапонияның кейбір кәсіпорындарындағы негізгі қызметкерлер бүкіл жұмысшылардың шамамен 20% құрайды. Қалған 80% -уақытша жұмысшылар. Сонымен, қызметкерлер саны 200 адамды құрған кезде кәсіпорын тапсырысты орындау үшін кез келген уақытта 1000-ға жуык адамды қоя алады. Жұмыс күші резерві еңбек кұралдарының резервіне сәйкес толықтырылып отыруы тиіс.
Өндірістік логистикадағы материалды ағындарды басқарудың итеруші және тартушы жүйелері
Өндірістік логистикалық жүйелер шеңберіндегі материалды ағындарды басқару түрлі әдістермен жүргізілуі мүмкін, соның ішінде негізгі екеуін атап көрсетуге болады: бір-бірінен ерекшеленетін итеруші және тартушы жүйелер.

Бірінші вариант "итеруші жүйе" атына ие және өндірісті үйымдастыру жүйесін білдіреді, өндірістік телімге келіп түсетін ондағы еңбек заттарына алдындағы технологиялық звенолардан тікелей тапсырыс алынбайды. Материалды ағын алушыға өндірісті басқарудың орталық жүйесінен тапсыратын звеноға келіп түсетін бұйрық бойынша "итеріледі" (3.1-сурет).

Ағындарды басқарудың итеруші модельдері өндірісті ұйымдастырудың дәстүрлі әдістеріне тән. Өндірісті логистикалық ұйымдастыруда оларды қолдану мүмкіндігі есептеу техникасының жаппай таралуымен байланысты пайда болды. Алғашқы жұмыстары 60-шы жылдарға жататын бұл жүйелер кәсіпорынның жабдықтау, өндірістік және өткізуші бөлімшелерінің жоспарлары мен әрекеттерін, нақты уакыт ағынындағы тұрақты өзгерістердің есебінен үйлестіруді және тез түзетуді мүмкін етті.

Микроэлектроника арқылы күрделі өндірістік механизмді біртұтас бірлікке байланыстыру қабілеттілігі бар итеруші жүйелердің өз мүмкіндіктерінің табиғи шектері болады. Телімге "итерілетін" материалды ағынның параметрлері осы телімдегі өндірістік жағдайға әсер ететін барлық факторларды басқарушы жүйе ескере алатындай және бағалай алатындай оңтайлы. Бірақ баскарушы жүйе кәсіпорынның көптеген телімдері бойынша неғүрлым көп факторларды ескеру тиіс болса, оның бағдарламалық, ақпараттық және техникалық қамтамасыз етілуі соғұрлым жетілген және қымбатырақ болуы тиіс.

Өндірістегі логистикалық үрдістерді ұйымдастырудың екінші варианты материалды ағынды басқарудың өзгеше әдісіне негізделген. Ол "тартушы жүйе" деп аталады және бөлшектер мен жартылай шикізаттар алдыңғыдан келесі технологиялық операцияға қажетінше берілетін өндірісті ұйымдастыру жүйесі болып табылады.

Бұл жерде баскарудың орталық жүйесі кәсіпорынның түрлі учаскілері арасындағы материалды ағынның алмасуына кіріспейді және оларға ағымды өндірістік тапсырмаларды белгілемейді. Жеке технологиялық звеноның өндірістік бағдарламасы келесі звеноның тапсырыс мөлшерімен анықталады. Басқарудың орталық жүйесі өндірістік технологиялық тізбектің тек соңғы звеносы алдына мақсат қояды.

Мысалы,кәсіпорын 10 бірлік өнім өндіруге тапсырыс алды делік. Басқару жүйесі бұл тапсырысты жинау цехына тапсырады. Жинау цехы тапсырысты орындау үшін бірінші цехтан 10 бөлшек сұрайды. Өз қорынан 10 бөлшек бере отырып, тапсырысты орындау максатымен бірінші цех екінші цехқа 10 дайындамаға тапсырыс береді. Өз кезегінде, 10 дайындаманы тапсыра отырып, екінші цех шикізат коймасына берілген көлемді өндіру үшін материалдарға тапсырыс береді. Сонымен, материалды ағынды әрбір келесі звено "тартады". Жеке цехтың персоналы оңтайлы тапсырыстың мөлшерін анықтайтын айрықша факторларды, орталық басқару жүйесіне қарағанда, көбірек ескере алады.

Іс жүзінде созылмалы өндірістік логистикалық жүйелерге "Тоета" (Жапония) фирмасы жасап, жүзеге асырған "Канбан" жүйесін жатқызады (жапон тілінен аударғанда - карточка).

"Канбан" жүйесі өндірісті жаппай компьютерлендіруді талап етпейді, бірақ ол жеткізулердің қатаң тәртібін, сондай-ақ қызметкерлердің жоғары жауапкершілігін ұйғарады, себебі өндірісішілік логистикалық үрдісті орталықтан реттеп отыру шектеулі. "Канбан" жүйесі өндірістік қорларды азайтуға мүмкіндік береді. Мысалы, "Тоета" фирмасындағы шығарылатын бір автомобильге шаққандағы бөлшектер қоры 77 долл. құрайды, ал АҚШ автомобиль фирмаларында бұл көрсеткіш шамамен 500 долл. тең. "Канбан" жүйесі айналым кұралдарының айналымдылығын тездетуге және шығарылған өнім сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Өндірістегі материалдық ағындарды басқаруда логистикалық тесілді қолдану тиімділігі
Материалдың өндірістік кәсіпорында жататын уақытының 95-98 пайызы тиеу-түсіру және тасымалдау-қоймалау жұмыстарына жататыны анық. Өндірілген өнімнің өзіндік кұнындағы олардың мол үлесі осымен түсіндіріледі.

Кәсіпорындағы материалды ағындарды басқарудың логистикалық тәсілі логистикалық операциялар кешенін максималды оңтайландыруға мүмкіндік береді. "Бош", "Сименс", "Мицубиси", "Дженерал моторс" фирмаларының мәліметтері бойынша, логистикалық функцияларды орындауға кететін шығындардың 1 пайызын қысқарту, өткізу көлемін 10 пайызға өсіргендегідей әсер берді.

Кәсіпорындағы материалды ағындарды басқарудың логистикалық тәсілін қолданғанда беретін жиынтық әсердің қосындыларын атап көрсетейік:


  1. өндіріс нарыққа бейімделеді. Шағын сериялы және жеке өндіріске тиімді көшу мүмкін болады.

  2. жабдықтаушылармен серіктестік қатынастар бекітіледі.

  3. құралдардың тұрып қалулары қысқарады. Бұл жұмыс орындарында әр уақытта жұмысқа кажетті материалдардың болуымен камтамасыз етіледі.

  4. өндірілетін өнімнің сапасы жақсарады.

  5. өндірістік цикл қысқарып, шығындар минимизацияланады.

Өндірістік үрдіспен байланысты шығыңдарды төмендетуге мүмкіндік беретін себептерге толығырақ тоқталайық:

    • қорларды оңтайландыру - логистиканың негізгі мәселелерінің бірі. Қорларды ұстау қаржы құралдарын тартуды, материалды-техникалық базаның, еңбек ресурстарының көп бөлігін қолдануды талап етеді. "'Канбан" жүйесін қолданатын бірқатар Батыс Еуропа елдерінің фирмаларын талдау көрсеткендей, логистиканы қолдану өндірістік қорларды 50 пайызға азайтуға мүмкіндік береді.

    • косымша жұмысшылар санын кысқарту. Жүйелілік деңгейі неғұрлым аз болса, еңбек үрдісі соғұрлым анықсыз және көп жұмыс көлемін орындау үшін қосымша қызметкерлерге кажеттілік соғүрлым жоғары.

    • материал жоғалтуларымын төмендеуі. Кез келген логистикалық операция- бұл потенциалды жоғалтулар. Логистикалық операциаларды оңтайландыру – бұл жоғалтулардың қысқаруы.

    • өндірістік және қойма орындарын пайдалануды жақсарту. Ағынды үрдістердің анықсыздығы қосымша орындарды жинақтауға мәжбүр етеді. Соның ішінде саудалық көтерме базаларын жобалауда ағынды үрдістердің анықсыздығы қойма орындарын 30 пайызға көбейтуге мәжбүр етеді.

    • зақымдану деңгейін төмендету. Логистикалық тәсілге еңбек қауіпсіздігі жүйесі де жатады.


Дәріс 2
Логистикадағы материалдық ағымдар
Материалды ағым түсінігі логистикада негізгі болып табылады. Материалды ағымдар шикізаттың алғашқы көзінен бастап соңғы тұтынушыға дейін шикізаттарды, жартылай фабрикаттарды және дайын бұйымдарды тасымалдау, қоймалау жөне олармен басқа да материалды операциялар жүргізу нәтижесінде пайда болады.

Материалды ағымдар түрлі кәсіпорындар арасында немесе бір кәсіпорынның ішінде жүруі мүмкін.

Материалды ағымдар дегеніміз — логистикалық операцияларды жүргізу барысында қарастырылатын және мерзімдік интервалға жатқызылатын жүктер, бөлшектер, тауарлы материалды құндылықтар.

Жүктердің, бөлшектердің, тауарлы-материалды құндылықтардың тасымалдау, өндірістік, қоймалау звенолары арқылы жылжу жолында барлық операцияларды бөліп қарастыру мынадай мүмкіндіктер береді:



  • өзгермелі өнімнің соңғы тұтынушыға жылжу үрдісін көру;

  • Бұл үрдісті нарық қажеттіліктерін ескере отырып жобалау.

Материалды ағым өлшемі бөлшек түрінде беріледі, оның алымында жүктің өлшем бірлігі көрсетіледі (дана, тонна және т. б.), ал бөлімінде уақыттық өлшем бірлігі (тәулік, ай, жыл және т. б.)- Мысалы, материалды ағым өлшемі - тонна/ жыл.

Кейбір логистикалық операцияларды жүргізуде материалды ағым берілген уақыт мезетінде қарастырылуы мүмкін. Онда ол материалды қорға айналады. Мысалы, жүкті тасымалдау операциясы темір жол көлігімен жүруі мүмкін. Жүк жолда болған кезде, ол материалды қор болып табылады және "жолдағы қор" деп аталады.

Материалды ағымдар түрлі материалдық операциялар қосылған үрдісте қарастырылатын жүктер ретінде анықталған. Жүктер мен логистикалық операциялардың көп түрлілігі материалды ағымдарды зерттеуді және басқаруды қиындатады. Нақты мәселені шеше отырып, қандай ағымдар зерттеліп отырғанын дәл анықтау қажет. Бір мәселені зерттеген кезде зерттеу объектісі көп операциялар тобы бар үрдісте қарастырылатын жүк болуы мүмкін. Мысалы, тарату торын жобалауда және қойма саны мен орналасуын анықтау кезінде. Басқа мәселелерді шешуде - мысалы, қойма ішілік логистикалық үрдісті ұйымдастыруда операция жеке-жеке зерттеледі.

Материалды ағымдар төмендегідей негізгі белгілер бойынша бөлінеді:



  • логистикалық жүйеге катысы;

  • ағымның натуралды-заттай құрамы;

  • пайда болған зат ағымдарының саны;

  • пайда болған жүк ағымдарының үлес салмағы;

  • жүктердің үйлестірімділік дәрежесі;

  • жүктердің консистенциясы;

  • детерминациялау дәрежесі;

  • уақыт бойынша үзіліссіздігі.

Логистикалық жүйеге қатысы бойынша материалды ағымдар: сыртқы, ішкі, кіретін және шығатын болуы мүмкін.

Сыртқы материалды кәсіпорын үшін сыртқы ортада жүреді. Бұл категорияны кез келген кәсіпорыннан қозғалатын жүктер құрамайды, ал тек оның ұйымдастыруына кәсіпорындардың қатысы бар жүктер құрайды.

Ішкі материалды ағым логистикалық жүйенің ішінде жүкпен логистикалық операциялар жүргізу нәтижесінде пайда болады.

Кіруші материалды ағым логистикалық жүйеге сыртқы ортадан кіреді,

Шығушы материалды ағым логистикалық жүйеден сыртқы ортаға шығады.

Кәсіпорындағы қорлар бір деңгейде сақталған кезде кіруші материалды ағым шығушыға тең болады.

Материалды ағымдар табиғи-заттай құрамы бойіынша бір ассортиментті және көп ассортиментті болып бөлінеді. Мұндай бөліну қажет, себебі ағымның ассортиментті құрамы олармен жұмыс жасағаңда қамтылады. Мысалы, ет, балық, көкөніс, жеміс сататын көтерме азық-түлік нарығындағы логистикалық үрдіс аттас жүкпен жүмыс жасайтын картон сақтау орнымдағы логистикалық үрдістен ерекшеленеді.

Сандык белгісі бойынша материалдық ағымдар жаппай, ірі, орта және шағын болып бөлінеді.

Жаппай ағым деп, жүктерді жалғыз көлік құралымен емес, олардың тобымен, мысалы, темір жол құрамы немесе оншақты вагондармен, автомашиналар тізбегімен, су көліктерімен және т. б. тасымалдау үрдісінде пайда болатын ағымды атайды.

Ірі ағымдар - бірнеше вагондар, автомашиналар.

Шағын ағымдар көлік құралдарынын жүк көтерімділігін толық қолдауға мүмкіндік бермейтін және тасымалдау кезінде басқа жол бойы жүктермен үйлестіруді қажет ететін жүктер санып құрайды.

Орташа ағымдар ірі мен шағын арасындағы орынды алды. Оларға жалғыз вагондармен немесе автомобильдермен келетін жүктерді құрайтын ағымдар жатады.

Үлес салмағы бойынша жүктер салмағын құрайтын материалды ағымдар ауыр салмақты және жеңіл салмақты болып бөлінеді. Ауыр салмақты ағымдар көлік құралдарының жүк көтерімділігінің толық қолданылуын қамтамасыз етеді, сақтау үшін аз қоймалык көлемді талап етеді. Ауыр салмақты ағымдар бір орынның массасы 1 т-дан асатын (су көлігімен тасымалдағанда) және 0.5 т. (темір жол көлігімен тасымал-дағанда) болатын жүктерді құрайды. Ауыр салмақты ағымның мысалына тасымалдау үрдісінде қарастырылатын металдарды жатқызуға болады.

Жеңіл салмақты ағымдар көліктің жүк көтерімділігін толығымен пайдалануға мүмкіндік бермейтін жүктермен сипатталады. Жеңіл салмақты ағымның бір тонна жүгі 2 м3 көлемнен астамын алады — мысалы, темекі өнімдері тасымалдау үрдісінде жеңіл салмақты ағымдарды құрайды.

Ағым құрайтын жүктердің үйлесімділік дәрежесі бойынша материалды ағымдар үйлесетін және үйлеспейтін болып бөлінеді. Бұл белгі негізінен азық-түлік тауарларын тасымалдауда, сақтауда және жүк өндеуде ескеріледі.

Жүктердің консистенциясы бойынша материалды ағымдар себілетін (үйілетін), тиелетін, ыдысты-даналық және құйылатын жүктер болып бөлінеді.

Себілетін (үйілетін) жүктер (мысалы, астық) ыдыссыз тасымалданады. Олардың басты касиеті - себілетіндігі. Арнайы көлік құралдарымен тасымалдана алады; бункер, тіпті вагондарда, ашық вагондарда, платформаларда, контейнерлерде, автомашиналарда.

Тиелетін жүктер (тұз, көмір, кен, құм және т.с.с.) — минералдар тектес. Ыдыссыз тасымалданады, олардың кейбіреулері мұздалуы, нығыздалуы, бірігулері мүмкін. Алдыңғы топтай себілу қасиеті бар. Ыдысты-даналық жүктердің түрлі физикалы-химиялық қасиеттері, үлес салмағы, көлемі бар. Олар контейнерлердегі, жәшіктердегі, қаптардағы жүктер, ыдыссыз жүктер, ұзын өлшемді және шексіз жүктер болуы мүмкін. Құйылатын жүктер — цистерналарда және танкерлерде тасылатын жүктер. Құйылатын жүктермен жұмыс жасайтын логистикалық операциялар, мысалы тасымалдау, сақтау және т.б. арнайы техникалық құралдар арқылы орындалады.

Ағым параметрлерінің дәрежесі бойынша материалды ағымдар анықталған және стохастикалық болып бөлінеді. Детерминацияланған материалды ағымдар деп параметрлері толығымен белгілі (анықталған) ағымдарды атаймыз. Егер параметрлердің біреуі белгісіз болса немесе кездейсоқ шама болса, онда материалды ағым стохастикалық деп аталады.

Үзіліссіздік белгісі бойынша материалды ағымдар үзіліссіз және дискретті болыл бөлінеді. Үзіліссіз материалды ағымдарға, мысалы, тұйық циклды үзіліссіз өндірістік (технологиялық) үрдістегі шикізат пен материалдар ағымы, құбыр арқылы тасымалданатын мұнай өнімдерінің, газдың ағымдары және т.б, жатады. Материалды ағымдардың көбісі дискретті болып табылады.

Материалдық ағым өнімділік сияқты көрсеткішпен сипатталуы мүмкін. Материалды ағымның өнімділігі дегеніміз - уақыт бірлігінде логистикалық жүйеге кіретін өнімдердің көлемді немесе жаппай көрсеткіштерінің саны. Бұдан басқа, жылдамдылық, тығыздық және басқа да көрсеткіштер қолданылады.

Материалды ағымдардың түрленуі схема түрінде З-суретте берілген.





3-сурет. Материалды ағымдардың топтасуы.


Логистикалық операциялар
Жоғарыда айтылып кеткендей, материалды ағым белгілі бір материалды объектілермен жасағаи іс-өрекетгер жиынтығының, нәтижесінде пайда болады. Бұл іс-әрекеттерді логистикалық операциялар деп атайды. Бірақ логистикалық операциялар түсінігі тек материалды ағымдармен жасаған қызметпен шектелмейді. Материалды ағымдарды басқару үшін осы ағымға сәйкес келетін ақпараттарды қабылдап, өңдеп және беру қажет. Бұл кезде орындалатын әрекеттер де логистикалық операцияларға жатады.

Логистикалық операциялар - бұл материалды және ақпараттық ағымды қайта құруға бағытталған іс-әрекеттер жиынтығы.

Материалды ағымдармен жасайтын логистикалық операцияларға тиеу, тасымалдау, түсіру, жинақтау, қайталау, орау және т.б. операцияларды жатқызуға болады. Ақпараттық ағыммен жасалатын лошстикалық операциялар — бұл материалды ағымға сәйкес ақпараттарды жинау, өңдеу және хабарлау. Ақпараттық ағымдармен жасалатын логистикалық операцияларға кететін шығындар логистикалық шығындардың маңызды бөлігін құрайды.

Логистикалық жүйеге түсетін немесе одан шығатын материалды ағындармен жасалған логистикалық операциялар логистикалық жүйе ішінде жасалған операциялардан ерекшеленеді. Бұл меншік құкығының тауарға ауысуымен және сақтандыру тәуекелінің бір заңды тұлғадан екінші тұлғаға ауысуымен түсіндіріледі. Осы белгі бойынша барлық логистикалық операциялар бір жақты және екі жақты болып бөлінеді.

Кейбір логистикалық, операциялар технологиялық өндірістік үрдістің жалғасы болып табылады, мысалы, өлшеп, орау. Бұл операциялар тауардың тұтынушылық қасиеттерін өзгертеді және ол өндірістік саламен қатар, сондай-ақ айналыс саласында да жүргізілуі мүмкін, мысалы көтерме сауда кәсіпорнының орау цехында.

Кәсіпорынды жабдықтау үрдісінде немесе дайын өнімді өткізу үрдісінде орындалатын, яғни "логистикалық жүйенің сыртқы әлеммен байланысу" үрдісінде орындалатын логистикалық операцияларды сыртқы логистикалық операциялар категориясына жатқызады. Логистикалық жүйенің ішінде орындалатын логистикалық операцияларды ішкі деп атайды. Қоршаған ортаның анықсыздығы ен алдымен сырткы логистикалық операциялардың орындалу сипатында көрінеді.


Логистикалық жүйенің түсінігі
Логистикалық жүйенің түсінігі логистиканың негізгі түсініктерінің бірі болып табылады. Экономикалық механизмнің қызмет етуін қамтамасыз ететін түрлі жүйелер бар. Бұл көпшіліктің ішінен оларды талдау және жетілдіру мақсатында логистикалық жүйелерді бөліп қарастыру қажет.

Логистикалық жүйе түсінігі жалпы жүйе түсінігіне қатысты жеке болып табылады. Сондықтан да, ең алдымен, жалпы жүйе түсінігіне анықтама беріп, содан кейін қандай жүйелер класы логистикалыққа жататынын анықтаймыз.

Энциклопедиялық сөздікте "жүйе" түсінігінің мынадай анықтамасы берілген: "жүйе (грек сөзінен алынған - көліктерден құралған біртұтас, бірігу деген мағынаны білдіреді) бір-бірінен өзара байланысты және қарым-қатынаста болатын, белгілі бір "тұтастықты, бірлікті құрайтын көптеген элементтер".

Объект жүйе болуы үшін, оның төрт қасиеті болуы тиіс.

Бірінші қасиеті - тұтастық және мүшелік. Жүйе дегеніміз бір-бірімен өзара әрекет ететін элементтердің тұтастық жиынтығы. Элементтер тек жүйеде ғана болатынын ескеру қажет. Жүйеден тыс - бұл тек жүйе құраушы потенциалды қабілеттілігі бар объектілер. Жүйе элементтері түрлі сапада болуы мүмкін, бірақ олар бір уақытта үйлесімді болуы да мүмкін.

Екінші қасиеті - байланыстар. Жүйе элементтері арасында белгілі бір байланыс бар, олар осы жүйенің интегративті сапасын заңды кажеттілікпен аныктайды. Байланыстар заттай, ақпараттық, тура, кері және т.б. болуы мүмкін. Жүйенің ішіндегі элементтер арасындағы байланыстар, жеке элементтердің сыртқы ортамен байланысына қарағанда күшті болуы тиіс, әйтпесе кері жағдайда жүйе қалыптаса алмайды.

Үшінші қасиеті — ұйымдастыру. Жүйе элементтерінде жүйе құрушы факторлардың болуы тек оның құрылу мүмкіндігін ғана ұйғарады. Жүйенің пайда болуы үшін реттелген байланыстар қалыптастыру қажет, яғни жүйенің белгілі бір құрылымы, ұйымдастырылуы.

Төртінші қасиеті — интегративті қасиеттер. Жүйенің интегративті қасиеттерінің болуы, яғни жалпы жүйеге тән, бірақ оның жеке элементтеріне тән емес.

Материалды ағымдарды жылжыту білікті қызметкерлерімен түрлі техника арқылы; көлік құралдары, тиеу-түсіру жұмыстары және т.б. жүзеге асырылады. Логистикалық үрдіске түрлі үй-ғимараттар кіріседі, үрдістің жүруі оған деген ең қозғалмалы және мерзіммен қорда жинақталып отыратын жүктерді дайындық дәрежесіне тәуелді болады. Жүктердің өтуін қамтамасыз ететін өндірістік күштердің жиынтығы жақсы ма жаман ба, дегенмен әр уақытта ұйымдасқан. Егер материалды ағымдар болса, онда әр уақытта белгілі бір тауар өткізуші жүйе болады. Дәстүрлі түрде бұл жүйелер арнайы жобаланбайды, ол жеке элементтер қызметінің нәтижесінде пайда болады.

Логистика шығыста материалды ағымдардың параметрлері берілген түрлі, үйлескен материал өткізуші (логистикалық) жүйелердің жобалау мәселелерін койып, оны шешеді, бұл







жүйелерді оған кіретін өндірістік күштердің материалды ағымдарды іштей басқару
мәселелеріндегі үйлесудің жоғары дәрежесі айырады.

Алдыңғы бөлімде қарастырылған және кез келген жүйеге тән төрт қасиеттің шеңберінде логистикалық жүйенің қасиеттерін сипаттайық.

Бірінші қасиеті: жүйе дегеніміз бір-бірімен өзара әрекет ететін элементтердің біртұтас жиынтығы.

Логистикалық жүйені элементтерге бөлуді түрліше жүргізуге болады. Макродеңгейде материалды ағымның бір кәсіпорыннан екіншіге өткен кезінде элементтер ретінде кәсіпорындардың өздері, сондай-ақ оларды байланыстыратын көлік те қарастырылуы мүмкін.

Микродеңгейде логистикалық жүйе келесі негізгі элементтерден тұруы мумкін.

Сатып алу — материалды ағымның логистикалык жүйеге түсуін қамтамасыз ететін элемент.

Өндірісті жоспарлау және басқару — бұл элемент материалды ағымдарды сатып алу бөлімінен қабылдап алып, оны еңбек затынан еңбек өніміне айыратын түрлі технологиялық операцияларды орындау үрдісінде басқарады.

Өткізу — бұл элемент материалды ағымның логистикалық жүйеден шығуын қамтамасыз етеді (4-сур.).

Микрологистикалык; жүйе көріп отырғанымыздай, логистикалық жүйенің элементтері түрлі сапалы, бірақ бір уақытта олар үйлесімді. Үйлесімділік мақсаттық бірлігімен қамтамасыз етіледі, оған логистикалық жүйенің әр элементтерінің қызметі тәуелді.

Екінші қасиеті (байланыс) логистикалық жүйе элементтері арасында заңды қажеттілікпен интегративті сапаларын анықтайтын маңызды байланыстар бар. Макрологистикалық жүйелерде элементтер арасындағы байланыс негізін келісім-шарт кұрайды. Микрологистикалық жүйелердегі элементтер бір-бірімен өндірісттік қатынастармен байланысты.

Үшінші қасиеті (ұйымдастыру); логистикалық жүйе элементтері арасындағы байланыстар белгілі тәртіппен реттелген, яғни логистикалық жүйе ұйымдасқан.

Төртінші қасиеті (интегративті қасиеттер): логистикалық жүйенің оның жеке алғандағы элементтеріне тән емес, интегративті қасиеттері бар. Бұл қажетті тауарды керекті жерге, қажетті уақытта, қажетті сапада минималды шығындармен жеткізу қабілеттілігі, сондай-ақ сыртқы өзгерісіне бейімделу қабілеттілігі (тауарлар немесе қызметтерге сүраныстың өзгеруі, техникалық құралдардың күтпеген жерден істен шығын қалуы және т.с.с).

Логистикалық жүйенің интегративті қасиеттері оған материал сатып алуға, оларды өз өңдірістік қуаттары арқылы жіберуге және сыртқы ортаға шығаруға мүмкіндік береді.

Жалпы қабылданған логистикалық жүйенің анықтамасы келесідей: логистикалық жүйе — логистикалық қызметтерді атқаратын, кері байланысы бар бейімделгіш жүйе. Ол бірнеше элементтерден тұрады және оның сыртқы ортамен дамыған байланыстары бар. Логистикалық жүйе ретінде өнеркөсіптік кәсіпорынды, территориалды-өндірістік кешенді, сауда кәсіпорынын жәпе т.б. қарастыруға болады. Логистикалық жүйенің мақсаты — тауарлар мен бұйымдарды керекті жерге, қажетті мөлшерде және ассортиментте, шығындардың белгілі деңгейінде өндірістік немесе жеке тұтынуға дайындығы максималды дәрежеде жеткізу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет