94
арқылы иммобилизация жасайды. Бір уақытта жартылай дұрыстау
әдісімен мойынның төменгі омыртқаларын 90% жөндеуге болады.
Егер дұрыстау тұрақты болмайтын болса, алдыңғы спондилодез
жасалады. Кеуде және бел омыртқаларының жартылай салдануы
мен сынуын емдеу кезінде жабық репозиция әдісін қолданады. Бұл
әдістің мәні омыртқаны жазып, фиксациялау. Әмбебап ортопедия-
лық ұстелде наркозбен жасалады. Осының нәтижесінде сынған
омыртқа дұрысталады. Осыдан кейін сынған бөлікке экстензиялық
корсет қояды. Егер омыртқаның сынуы плегиямен жалғасса,
репозицияны тез арада жасау қажет. Ал егер плегия болмаса, онда
бірнеше күн күтуге болады. Кеуде және бел омыртқасының сынуы
кезінде жабық дұрыстаудан кейін ешқандай асқынулар болмайды,
себебі омыртқаның алдынғы бетінде жатқан байламды және
бұлшық етті аппарат омыртқаны шекген тыс жазылудан, ал
жұлынды қосымша зақымданудан сақтайды. Егер омыртқа
денесінің компрессиялық сынуы мен омыртқа доғасының сынуы
қоса келетін болса, бірден дұрыстау әдісі қарсы көрсеткіш болып
табылады, себебі сынған доға қозғалып, жұлынды екінші рет
зақымдауы мүмкін.
Омыртқалар денесінің доғасы мен буын өсінділерінің
сынуымен қосылатын болса, бірден жөндеуге ламинэктомияны
қоса жасайды. Қалыпты анатомиялық құрылымға келтірген соң
мойынның жарақаты кезінде торакокраниалды гипсті таңу, ал
омыртқаның төменгі бөлігінің жарақаты кезінде корсет таңады.
Достарыңызбен бөлісу: