89
Сурет 15. Мойын омыртқасын Atlantis АҚШ табақшасымен
тұрақтандыру, бүйір проекцияда
Жұлын қан айналымының бұзылуы.
Өткен
жиырма
жылдықта омыртқа жарақаты кезінде жұлынның патологиясын
механикалық зақымдану деп қарастырған. Бірақ қазір қан
айналымының
бұзылуы ишемияның дамуына, ұлпалардың
гипоксиясы және аноксия пайда болып, соңынан жұлын қызметінің
күрт төмендеуі болады деген ұғым бар.
Жұлында қан айналымының бұзылуы,
оның шайқалуы
рефлекстік болады деп түсіндіріледі. Бұл экспериментті,
патологоанатомиялық, клиникалық көрсеткіштерден байқалған.
Бұл вазомоторлық бұзылыстар, стаздар, петехиялық қан құюлулар,
мидың ісінуі. Бұлардың барлығы жүйке ұлпасының қанмен
қамтамасыз
етілуін бұзады, ұлпалық гипоксияға, екінші реттік
паренхималық
некрозға
әкеледі.
Механикалық
әсерден
омыртқаның ығысуы немесе дисктердің төмен түсуі болады. Бұл
кезде сол маңда жатқан қан тамырлардың жыртылуы болады және
көрші жатқан басқа сегменттердің де
қанмен қамтамасыз етілуі
90
бұзылады. Себебі, жарақаттанған ошақтардан патологиялық
импульс барып рефлексті бұзады. Бір ескертетін жағдай, осы кезде
зақымданған аймақта мүйізше артериясының қысылуы мүмкін. Бұл
артерия жұлынды қанмен қамтамасыз етуде мағызы зор. Бұл
концепция клиникалық бақылауда қолдау табады. Себебі,
омыртқаның зақымдануы жұлынның зақымдану деңгейіне сай
келмейді. Кейбір жағдайларда жұлынның
сегменттік зақымдану
деңгейі кейде омыртқаның зақымдануына сай келеді. Бірақ, бұл
кезде жұлынның екінші реттік көлденең зақымдану деңгейі пайда
болады. Ол кейде омыртқаның зақымдану аймағынан жоғары
немесе төмен орналасады. Омыртқалардың зақымдану аймағына
сай келмеуі көбінесе мына сегменттерде С5, D4, D10, L1 болады.
Бұл былай түсіндіріледі, осы аймақтарда қан айналым өте қауіпті
жүреді, декомпенсацияға ертерек ұшырайды. [10]
Гемодинамнканың
бұзылуы
жұлынның
ишемиялық
жұмсаруына әкеледі. Ол қауіпті
аймақтарта қан аз баруымен
түсіндіріледі.
Жұлынды
анатомиялық
зерттеу
мынадай
қорытындыға әкеледі: жұлынды үлкен мүйіз артериялары, жақсы
дамыған артериялық бағаналар қанмен қамтамасыз етеді. Қан
айналымның және жұлын-ми
сұйықтығы ағысының бұзылуы
қызметтік бұзылыспен көрінеді. Зақымданудың орташа дәрежесі
бірінші орталық бөлімдердің зақымдануы болады, соңынан некроз
ошақтары, қуыстар пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: