107
(Шморль жарығы), мұнда дисктің ұлпасы омыртқа денесіндегі
спонгиозды массасының гиалинді табақшасының дегенерациялы
өзгерген жерінен кіріп терендегеді де көлемін ұлғайтады. Шморль
жарығы рентгенде жақсы көрінеді, бірақ клиникасы болмайды.
Дисктің
дегенерациясына
байланысты
омыртқа денелері
жақындап, омыртқа аралық буынының фасеткасының жылжуы
пайда болады және омыртқа денесінің қимыл механизмі бұзылады.
Дисктің дегенерациясы омыртқа денесінде екіншілік өзгеріспен
көрінеді. Осы өзгеріс бір уақытта жүретін екі үрдістен тұрады: а)
субхондралдык сүйектегі дегенерация-атрофиялық өзгеріс, олар
дисктің гиалинді табақшасының
бұзылуынан және жойылуынан
пайда болады; б) омыртқа денесіндегі сүйек ұлпасының реактивті
жаңа құрылымы, субхондралды сүйек ұлпасы склерозданып
шеткері сүйектің өсіп кетуі пайда болады – остеофиттер.
Остеофиттер тек қана омыртқа аралық дисктің дистрофиялық
өзгерісінде кездеседі. Бұл жерде артроз ақауы болып, буын бетінің
сүйек шектерлері есіп кетеді, әсіресе салмақ кеп түсетін жерде, оны
спондилоартроз деген терминмен атайды.
Омыртқа каналының қуысында орналысқан остеофиттер
протрузия және жарық сияқты жұлын мен түбірге қысым түсіруі
мүмкін. Остеофиттердің 90%-ы 50
жастан жоғары ер адамдарда,
90%-ы 60 жастан жоғары әйел адамдарда кездеседі. Көп уақытта ол
белгісіз етеді, бірақ кей кезде жүйке жүйесінің зақымдануының бір
себебі болуы мүмкін. Остеохондроздың неврологиялық асқынуы
көбінесе мойында және белден төмен бөлікте болуы кездеседі.
Мойын бөлікке қарағанда белге көп салмақ түседі, бірақ мойында
көп қозғалыс болғандықтан үлкен статокинетикалық жағдайына
түседі. 1 шаршы см дискіге L5-S1 9,5 кг салмақ түседі, ал 1 шаршы
см дискіге С5-С7 11,5 кг салмақ түседі. Бүл жерде иыктық
механизм де үлкен роль атқарады. 70 кг салмағы бар адам 15 кг зат
ұстап тұрып 20 градусқа иілсе, онда 3-4 және 4-5 дискілеріне 200 кг
салмақ түседі, ал егер де 70 градусқа дейін иілсе, онда 300 кг
салмаққа дейін түседі. [ 31] Жұлынның мойын бөлігі функциялық
жағынан ең маңызды рөл атқарады. Үлкен
емес механикалық
жарақат көп жақты және неврологиялық белгілермен айқын
көрінеді. Ал, бел бөліміндегі ат құйрығының түбірлері оңай
108
жылжып ликворлы көлде оңай жүзіп жүреді. Сондықтан да, моно-
немесе полирадикулярлық синдром түбірлерді қатты қысқанда
ғана пайда болады. Омыртқаның остеохондрозы деген терминімен
омыртқа аралық дискінің біріншілік дистрофиялық үрдісін
түсінеді. Соның салдарынан омыртқаның сүйек байлам
аппаратында екіншілік реактивті компенсациялық өзгеріс пайда
болады. Омыртқа остеохондрозының мойын, көкірек, бел, сегізкөз
бөліміндегі клиникалық көрінісі әр түрлі болып келеді. Сондықтан,
олар жеке талқыланады.
Достарыңызбен бөлісу: