Казахстан


№4 Тақырып. Бас ми ісіктері



Pdf көрінісі
бет49/86
Дата06.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#195374
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   86
Байланысты:
дек. Нейрохирургия

 
№4 Тақырып. Бас ми ісіктері 
 
Бас ми ісіктері, гистологиялық классификациясы.
Ми 
ісіктерінің жиілігі жөніндегі дәл мәліметтер жоқ, сондықтан 
олардың таралуы жөнінде басқа статистикалық көрсеткіштермен 
білуге болады. Европаның әртүрлі халықтарында 100000 адамға 
шаққанда ми ісігінен өлім 3,3 тен 7,5% дейін келеді. 1955 жылы 
АҚШ-та ми ісігінен 7910 адам өлді (5363 қатерлі ісіктен, 928 жәй 
ісіктен және 1619 классификациялық дәлелденбеген қатерлі 
ісіктен). Патанатомиялық мәліметтерге сүйенсе, барлық өлімнің 
1% ми ісігінен болады (Авцын А.П., 1968). Әртүрлі принциптерге 
негізделген, сол себепті осы уақытқа дейін қайта қарастырылатын 
мидың 
ісіктерінің 
көптеген 
классификациясы 
әдебиетте 
келтірілген. Бассүйек ісіктерінің ішінде мынадай түрлері жиірек 
кездеседі [39]. 
1. Ми қабықшасы мен ми тамырларынан туындайтын ісіктер: 
1. Менингеома (арахноидэндотелиома) - ми қабықшасынан 
шығатын ең
 
жиі болатын ісік. Бұл баяу өсетін, мидан тысқары, 
мидан анық шектелген жәй ісік. Оны ота көмегімен алып тастауға 
ыңғайлы. Ісік бассүйек ішінің бәрінде кездеседі, ең жиісі 
супратенториумдық түрі. 


114 
Сурет 25. Бас миының оң жақ төбе бөлімінің ісігі (менингиома) 
 
Сурет
26. Мидың төбе бөлімінің екі жаққа және орталық 
құрылымдарында өскен ісігі 


115 
2. Ангиоретикулема көбінесе үлкен аралық қуысты, баяу 
өсетін, мидың жақсы шектелген ісік. Көбінесе мишықта кездеседі. 
Микроскопияда ісікті тамыр торы мен тамыр аралық ретикулярлық 
ұлпадан тұрады. 
3.Нейроэктодермалық ісіктер. Ми ісіктерінің ең көп тобын 
құрайды (Бурденко атындағы нейрохирургия институтының 
мәліметтері бойынша 62%). Бұл ісіктердің жасушалық элеметтері 
нейроэктодермалық ұрық жапырақшаларынан шығады. 
1. Астроцитома – кейде үлкен аралық қуысы бар, ми ішінде 
инфильтрациялы өсетін ісік. Көбінесе үлкен жарты шар мен 
мишықта орналасады. Дедифференциациялды ацтроцитома 
малигнизация кезеңіндегі астроцитома болады. 
2. Олигодендроглиома ми ішінде инфильтрациялы өсетін
көбінесе қарапайым ісік болады. Орта жастағы адамдардың 
миының үлкен жарты шарларында жиірек кездеседі. 
3. Мультиформды глиобластома (сионгиобластома) – ми 
ішіндегі тез және инфильтрациялы өсетін қатерлі ісік. Көбінссе 
кәрі адамдарда кездеседі және мидың үлкен жарты шарында 
орналасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет