Казахстан



Pdf көрінісі
бет45/86
Дата06.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#195374
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   86
Байланысты:
дек. Нейрохирургия
Лекция-СД-2курс-каз, Макро- мен микропрепаратар №1, Лейкозы
 
жүйесі зәр жолына инфекция 
түсуінің алдын алмайды, басқа әдістермен салыстырғанда оның 
дамуын ұстайды. Оның болуын азайтады, зәр
 
шығару жолын қайта 
орнына келтіруге жағдай жасайды. Егер де зәр жолы
 
ұзақ уақыт 
бұзылуы байқалса қасақана жарығы тәсілін қолданады. Бірақ бұл
 
жағдайда үнемі қуықтың инфекциялануы мүмкін және
 
инфекция 
жақын орналасқан жолдарға толуы мүмкін. Қуықтың көлемі 
кішірейеді
 
және оның созылуын қайтару қиынға түседі. 
Омыртқаның
 
жарақаттануынан иннервация бұзылады, 
дистрофиялық ұлпалардың механикалық
 
және инфекциялық сезілу
 
қимылы, бұрынғы жерлерде дамуын көрсетеді.
 
Қысым түспеген
 
жерлерде жауыр көрінбейді. Кейде жауыр алдыңғы бірнеше 
күндерде
 
дамуы мүмкін, әсіресе сол дене бөлімі қысымының 
кемуіне әкеледі. Жауыр алдын-алу шарттарын жасайды. Бұл теріні 
күніне 2-3 реттен камфорамен немесе 95% спиртпен, 1 – 2% танин 
сұйығымен сүртіп тұруы керек. 


105 
Жауырды емдеу жағдайын жасағанда лимфа зақымдалған 
ұлпаларда ауырмайтын жағдай жасау керек. Қабынып кету 
жағдайынан сақтану керек. Қабыну некроздық үрдістің 
қысқаруына жағдай жасау керек. Бұл үшін әр түрлі байлаулар 
жасалады: ультракүлгін эритемді дозаны, струпты, өлген 
ұлпаларды кесіп тастау. Терең жауыр дамуында жараны жаңартып 
тұру керек. Ал остеомиелитте жақын жатқан сүйектерді кесіп 
тастау керек. 
Дискілердің жарықтары, протрузиясы және пролапсы.
Омыртқа аралық диск пульюзды ядродан, фиброзды сақинадан 
және шеміршекті гиалинді табақшадан тұрады. Ядро ұрықтың арқа 
хордасынан қалған қалдықтардан тұрады. Желатин тәрізді масса, 
шеміршекті және дәнекер жасушаларынан құралады және киіз 
тәрізді айқасқан дәнекер ұлпа талшықтардан тұрады. Бұл ядро 
омыртқа аралық дискіде орналасқан қуыста және оның құрамында 
аз мөлшерде синовиалды сұйықтық бар. Фиброзды сақина қатты 
дәнекер ұлпа шумақтан тұрады. Перифериялық бөлімінде сақина 
шумақтары бір-біріне жақын орналысқан, ал ортаға қарай 
борпылдақты болып келеді. Шеміршекті табақша омыртқа аралық 
дискіні омыртқа денесіне қосып тұрады. Омыртқа аралық дискілер 
омыртқаның 1/4 бөлігін алып, оның биомеханикасында үлкен рөл 
атқарады. Олар байлам және буын қызметін ақтарады, сондай-ақ 
омыртқаға жеделдеткіш буферлі қызмет атқарады. Осының бәріне 
пульпозды ядро үлкен мән береді. Өйткені, онда жоғары дәрежеде 
су бар. Үлкен адамдарда 83%-ке дейін болады. 
Егер, омыртқа арасын бөлсе, онда дискінің ортасында жұмсақ 
ядроны көреді. Ол оңай жылжып көрінеді. Омыртқа арсындағы 
қалыпты жағдайда пульпозды ядроның орны ішке кіріп тұрады, 
өйткені ол пружина қызметін атқарады. Пульпозды ядроның 
жоғарғы дәрежедегі гидротациясына байланысты (ол фиброзды 
сақинаның ортасында үлкен қысыммен жатады) эластикалық және 
кеңею қабілеті болады. Ол омыртқаның осі тәрізді, ал оның 
айналасында омыртқа қозғалады және ол ось бекітілмеген өзінің 
орналасуын қысымға қарай ауыстырып тұрады. Эластикалық ядро 
сұйық болғанымен оған қысым түсірсе, ол көлемін өзгертпей тек 
пішінін өзгертеді және фиброзды сақиналы дискіге салмақ түсірсе, 


106 
фиброзды сақинаның талшықтары созылады, ал салмақты алып 
тастаса, қайта орнына келеді. Бірақта жылдар өткен сайын омыртқа 
аралық шеміршектің дегенерациясы байқалады. Ол 30 жастан 
басталып, 50-60 жаста тереңдей түседі. Омыртқа аралық 
дискілердің метаболизмдік және механикалық қасиетінің бұзылуы 
деструкция-дистрофиялық үрдіске әкеліп соғады. Дискілердің 
бұған ұшырауы жасы келген адамдардың организміндегі судың аз 
мөлшерде болуына байланысты. Дистрофия үрдісінде диск 
ылғалдылығын жояды, ядросы кеуіп, фрагменттерге ыдырайды, 
фиброзды сақина серпімділігін жойып, жұмсарып жұқарады, 
дискте жарықтар пайда болады, қуыс пен жарықтар әр түрлі 
бағытта орналасады. [28] 
Алғашқы кезде жарықтар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет