Казахстан


Бассүйек ішілік ұйқы артериясына клипсалар салу



Pdf көрінісі
бет78/86
Дата06.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#195374
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   86
Байланысты:
дек. Нейрохирургия

Бассүйек ішілік ұйқы артериясына клипсалар салу.
Бассүйек ішілік ұйқы артериясын ретроградты жолмен кесу, 
сонымен қатар көз артериясы арқылы сыртқы артерия жүйесінен 
сағаны қанмен толық жеткілікті қамтамасыз ету мойындағы ұйқы 
артериясын таңу жиі нәтиже бермейді. Сондықтан мойындағы 
жалпы ішкі және сыртқы ұйқы артериясын кез-келген әдісте таңу 
сағаның бітелуіне және клиникалық салыстырмалы түрде сирек 
болады. [26] 
Осы артерияның нәтижесі жеткіліксіз болғанда ұйқы 
артериясын каверналы синустан шығатын жерінен қосымша 
бассүйек ішілік клипсалау жүргізеді. Бірақ ұйқы артериясын 
сағаның үстінен және астынан ажыратқанда, барлық уақытта 
жазылуға алып келмейді, яғни осыдан кейін сағаның қанмен 
қамтамасыз етілуі көз артериясымен аттас ретроградты жүзеге 
асады, бұл артерия ішкі ұйқы артериясынан проксималды 
клипсаланған жерінен басталады, сондықтан бұл артерияларда қан 
ағысы сақталады. Бұл ұйқы артериясын интракраниальды таңу 
сонымен бірге көздің және сағаны ретроградты қанмен қамтамасыз 
етілуін болдырмауға негіз болып отыр. 
Артерия ішіне бұлшық ет эмболын енгізу.
Бірінші рет 
каротид- каверналы сағаны жабу мақсатымен 1931 жылы Брукс 
шығарған мойындағы ішкі ұйқы артериясына ұзын жіңішке 
бұлшық ет жолағын енгізіп, соңынан артерияны тігіп тастайды. 
Бұлшық етті эмбол қан ағысымен саға аймағына барып, оны 
бітейді. Бұл әдіс кейіннен жетілдірілді, рентгенологиялық бақылау 
үшін түйрегіштің басындай дөңгелек бұлшық ет кесіндісіне 
металдық клипсаны бекіту артерия қуысына енгізеді. 
Мойын аймағындағы артериядан қысқышты алған соң, 
бірнеше минуттан кейін, сыртқы және ішкі ұйқы артерияларын 
таңуға болады. Басқа жағдайларда бұлшық етті имплантация 
нәтижесіз болғанда ғана тануды қолданады. Егер осы ота да 
жеткіліксіз болса, онда ішкі ұйқы артериясының бассүйек ішілік 
бөліміне клипсалар салынады. [28] 
Брукс 
отасын 
бірқатар 
нейрохирургтар 
әртүрлі 
модификацияда орындады, яғни одан кейін сауығу, жақсару және 
қателіктер байқалады. Кейбір авторлар бұл отаны жоғарыламалы 


199 
тромбоз, ми қан тамырларының бітелуі мүмкін және артериясынан 
қан ағысы артық болғандықтан әсері жеткіліксіз болады, теріс 
санап отыр. Олар мойында Брукс операциясымен қоса, бассүйек 
ішінен ұйқы артериясын бөлуді ұсынып отыр. Алғашқыда ішкі 
ұйқы артериясын бассүйек ішінен клипсалау, содан кейін сағаны 
бітеу үшін кесілген бұлшық ет ұлпасын немесе полистиролды 
шарик енгізеді және артерияны байлайды. Бұл әдістің тиімділігі 
артериядағы қан ағысын тоқтату, сонымен бірге каверналы 
синуспен және артериялар арасындағы фистуланы бітеу 
мақсатымен соға қуысына кесілген бұлшық ет енгізеді. 
Ұйқы артериясының каверналық бөлігін Сербиненко 
бойынша баллон- катетердің көмегімен бөлу немесе қайта құру 
әдісі қиын. Бірақ каротид- каверналы сағаны емдеуге ең жақсы әдіс 
болып табылады. 
Мойындағы ішкі ұйқы артериясына диаметрі 1,3 немесе 1,5 
мм пункциялық ине арқылы соңында үрленетін баллоншасы бар 
катетерді енгізіп, рентгенологиялық бақылаумен саға аймағына 
қарай жылжытады. Осыдан кейін баллоншаны рентген 
контраст-толтырғыштың көмегімен үрленеді. Кейбір жағдайда 
баллонша ұйқы артериясының каверналық бөлігінде фистуламен 
қоса стационарлы окклюзия шақырады. Кейде фистулаға дейін 
апарып, оны шауып осы арқылы аневризманы қанмен қамтамасыз 
етуін тоқтатып, ұйқы артериясындағы қан ағысын сақтап қалады. 
Катетерді инемен бірге алады. [30] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет