Казахстан



Pdf көрінісі
бет15/86
Дата06.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#195374
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   86
Байланысты:
дек. Нейрохирургия

Вентрикулография.
Әдіс қарынша жүйесіндегі жұлын-ми 
сұйықтығын ауамен, оттегімен немесе позитивті контраст затпен 
алмастыруга негізделген. Вентрикулография келесі жағдайларда 
жасалынады: 


22 
5.
Бассүйегі ішілік көлемді түзілісті, бассүйегі ішілік қысым 
жоғары болған жағдайда оның орналасуын анықтау; 
6.
Окклюзиялық гидроцефалия кезінде қарынша жүйесінде 
сұйықтықтың ағуының қиындауының себебін анықтау мақсаты- 
мен; 
7.
Пневмоэнцефалографияда 
қарынша 
жүйесі 
ауамен 
толмаған жағдайда. 
Ауа, оттегіні қолдану арқылы жасалатын пневмографияны 
ісіктің супратенториумдық орналасуымен байланысты, науқастың 
ауыр жағдайында жасауға болмайды. Бұл кезде торлы қабық асты 
кеңестігіне және қарыншаға жіберілген ауа мидың ісінуі мен 
дислокациясын бірден күшейтеді. Әсіресе, бұл көріністер мидың 
самай бөлігінің ісігімен байланысты тенториумдық тесікке 
сыналану синдромында басым болады. Мұндай жағдайда 
диагностиканы ангиография жеңілдетеді. Пневмографияны 
диагнозды дәлелдеу үшін дер кезінде, науқастың жағдайы 
ауырламай тұрып жасау қажет. 
Науқастың жағдайының ауырлауы жұлын-ми сұйықтығының 
қарынша жүйесінен ағатын жолдарының ісікпен немесе 
тыртықталу үрдісімен бітелуімен байланысты болған жағдайда, 
окклюзиялық гидроцефалия (бірінші кезекте супратенториумдық) 
дамуына, науқастың жағдайына қарамастан вентрикулографияны 
диагнозды дәлелдеу үшін жасауға болады. Қарыншалық пункция 
жасау арқылы алдыменен қарынша жүйесін босатқаннан кейін 
науқастың жағдайы жақсарып, қарынша жүйесіне ауа жібергенде 
олар өздерін қанағаттанарлықтай сезінеді. 
Тәжірибеге ангиографияны енгізгеннен кейін вентрикуло- 
графияға көрсеткіштердің азайғанын атап өткен жөн. 
Вентрикулография жергілікті жансыздандыру көмегімен 
жасалады (балалар мен тез қозғыш науқастардан басқа). 
Вентрикулография үшін бүйір қарыншалардың екеуін де 
пункциялайды, енгізетін ауа мөлшеріне байланысты ликвор 
шығарылады. Мұндай әдісте бір қарыншаға ауа жіберіледі, ал оның 
артығы екінші қарыншадан шығарылады. Бұл кезде ауа қарынша 
жүйесіне жақсы таралып, онда кеңею және кішірею синдромын 
тудырмайды [22]. 


23 
Вентрикулографияны 
бүйір 
қарыншалардың 
артқы 
мүйіздеріне жасаған ыңғайлы. Егер, артқы мүйіздің біреуі өте 
қысылған болса, онда осы қысылған жағында пункцияны алдыңғы 
мүйізге жасап, ал қарама-қарсы жағында пункция артқы мүйізге 
жасалады. Кейде пункцияны бүйір қарыншалардың алдыңғы 
мүйіздерінің екеуіне де жасауға тура келеді (мысалы, 
краниофарингеома бар деп ойлағанда, ол қарынша қуысына қарай 
томпайып тұрса ісік арасына түсіп кетуге болады). Төменгі 
мүйіздің пункциясы сирек жасалады. 
Бүйір қарыншаларға жіберілетін ауаның көлемі патологиялық 
үрдістің түріне байланысты әр түрлі болады. Мысалы, қарынша 
жүйесін қысып тұратын супратенториумдық ісіктер болса 30-50 мл 
ауа жіберіледі, ал ісікті немесе қабынумен шақырылған 
окклюзиялық 
гидроцефалияда 
100-150мл ауа жіберіледі. 
Қарыншаға жіберегін ауаның көлемі шығарылған жұлын-ми 
сұйықтығы көлемінен көбірек болады, осы кезде бассүйек ішілік 
қысым жоғарылайды. Кейбір хирургтар қарыншаларға ауа емес, 
тезірек сіңірілетін оттегін жібергенді дұрыс көреді, сонда бас 
ауруының көпшілігі азырақ болады деп есептейді. 
Вентрикулографияны жасағанда бүйір қарынша қуысына 
теріге бір тігіспен бекітілген массадан жасалған катетерді енгізген 
ыңғайлы. Катетердің сыртқы тетігін қысқышпен қысып, теріні 
тігеді. Осы катетер арқылы қарыншадан жұлын-ми сұйықтығын 
бөлшектеп алып, ауа немесе контраст зат жіберіледі. 
Рентгенологиялық тексерудің соңына дейін қалатын катетердің 
тетігін кезектестіріп ашып, жауып тұрады. Егер осы зерттеудің 
барысында қосымша контраст зат жіберу қажет болса, онда оны 
жасау оңай болады, содан соң катетер қарынша қуысынан 
шығарылады [25]. 
Ауа жіберілгеннен кейін орталық сәуленің битемпоралды 
жолындағы кезінде оң және сол жақта екі бүйірлі және 
алдыңғы-артқы проекцияларда рентген суреті түсіріледі. Ісіктің 
орналасуын анықтау үшін бір қатар жағдайларда қосымша 
пневмограммалар (жартылай аксиалды) жасау қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет