Казахстан


Артқы бассүйек шұңқырын ашу



Pdf көрінісі
бет21/86
Дата06.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#195374
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   86
Байланысты:
дек. Нейрохирургия
Лекция-СД-2курс-каз, Макро- мен микропрепаратар №1, Лейкозы
Артқы бассүйек шұңқырын ашу.
Операциялық үстелде 
науқастың басын төмен қаратып немесе отырған күйде жасайды. 
Науқастың бетін төмен қарату болмаса және тыныс алуының 
бұзылуына күмәнданатын жағдайда науқасты бүйірінен жатқызу 
көрсетілген. Кейбір хирургтар науқастың бүйірінен жатуы ІҮ 


37 
қарыншаның жоғарғы бөлімін жақсы қарау үшін деп ойлайды. 
Отырған жағдайда вналық қан кетудің аз болуы және артқы 
бассүйек шұңқырын жоғарғы бөлігінің жақсы көрінуіне қолайлы 
жағдай тудырады. Сондықтан кейбір хирургтар белгілі бір 
жағдайда ғана (мысалы, көпір-мишық бұрышының ісігі) қолайлы 
деп ойлайды. 
Жансыздандыру.
Көбінде 
интубациялық 
наркоз 
қолданылады. Жергілікті жансыздандыруға қолайлы жағдайда 
үлкен шүйде жүйкесінің шығатын жерінен блокада жасаумен 
бастап, одан кейін кесетін аймағын жансыздандырады. 
Қарыншалық пункция.
Окклюзиялық гидроцефалия 
себебінен бассүйек ішілік қысымның жоғарьшауында көбінде 
артқы бассүйек шұңқырын ашар алдында шеткі қарыншалардың 
артқы мүйізінен қарыншалық пункция жүргізіледі. 
Артқы бассүйек шұңқырын ашу әдісі.
Теріні Денди 
бойынша таға тәрізді тіледі. Тілікті құлақ қалқанынан артқы 
еміздік тәрізді өсіндінің ұшынан екіншісіне дейін жүргізеді. 
Тіліктің көлденең бөлігі шүйде төмпешігінен кішкене төмен 
орналасады, одан кейін бұлшық ет пласттың шүйде сүйегінің 
қабыршағына дейін сылады. Апоневрозбен бұлшық ет қабатынан 
жүргізілген тілік, бұлшық ет бөлігімен апоневроз бекітілген шүйде 
сүйегінің жоғарғы шығыңқы сызығы сақталған түрде жүргізілуі 
тиіс. Қарсы жағдайда бұлшық ет – апоневроз қабатын тіккенде 
шүйде бұлшық еттерінің қабаттары шүйде сүйегіне мықты 
бекітілмей қалады. Шүйде сүйегі қабыршағының астыңғы 
бөлігінен, шүйде тесігінің артқы қырымен атланттың артқы 
доғасынан электропышақпен сүйектен бөліп распатормен төмен 
қарай бұлшық ет жамауы кесіп алынады. 
Фрезамен мишық жарғы шары тұсынан сүйекке екі тесік 
жасап қысқышпен осы тесіктерді кеңейтеді. Артқы бассүйек 
шұңқырын кең ашатын жағдайда тесікті колденең синус көрінгенге 
дейін кеңейтеді. Синустардың қосылған жерін ашпау керек, 
сондықтан ол жерге кішкене сүйек қалдырады. Үлкен шүйде 
сүйегінің тесігінің артқы қыры 3-4 см алынады. 
Атлант доғасының резекциясы патологаялық үрдіс бассүйек 
ішілік қысымның жоғарылауы мен сопақша мидың қысылуына 


38 
қауіпті жағдайда жасалады. Атланттың доғасына бекітілген 
бұлшықеттер ажыратылады. Онша үлкен емес распатормен 
атланттың доғасынан сүйек жұмсақ тіндерімен бірге сүйек 
қабығын 3 см-дей бөледі де, сол жерде доғаны қысады. Бұдан көп 
мөлшерде алынатын болса омыртқа артериясы жарақаттануы 
мүмкін. 
Көбінесе қатты ми қабығы Ү – тәрізді немесе радиальді тілу 
арқылы алады. Кейбір хирургтар сүйек қырының жоғарғы және 
латералды бөлігіне жақын қашықтықта тігінен орталық сызық 
керек болатын болса негізінен төмен қарай байланыстыра қатты ми 
қабығына паралельді полициркулярлық тілік жүргізуді ұсынған. 
Полициркулярлық тілік кезінде радиальді кесуден гөрі қатты ми 
қабығын тұйық тігу жеңіл келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет