38
қауіпті жағдайда жасалады. Атланттың доғасына бекітілген
бұлшықеттер ажыратылады. Онша үлкен емес распатормен
атланттың доғасынан сүйек жұмсақ тіндерімен бірге сүйек
қабығын 3 см-дей бөледі де, сол жерде доғаны қысады. Бұдан көп
мөлшерде алынатын болса омыртқа артериясы жарақаттануы
мүмкін.
Көбінесе қатты ми қабығы Ү – тәрізді немесе радиальді тілу
арқылы алады. Кейбір хирургтар сүйек қырының жоғарғы және
латералды бөлігіне жақын қашықтықта тігінен орталық сызық
керек болатын болса негізінен төмен қарай байланыстыра қатты ми
қабығына паралельді полициркулярлық тілік жүргізуді ұсынған.
Полициркулярлық тілік кезінде радиальді кесуден гөрі қатты ми
қабығын тұйық тігу жеңіл келеді.
Достарыңызбен бөлісу: