44
байқалады. Ми шайқалуы мен ми соғылуының толық немесе
жартылай естен тану белгісі болады, кейбір жағдайда адам
комалық күйге түсуі мүмкін. Естен тану жағдайының ұзақтығы мен
ауырлығы болжамның негізгі белгілері болып табылады. Егер адам
4-5 минуттан аса естен айырылатын болса, бұл ми шайқалуына
жатпайды.
Естен тануды анықтаудың негізгі критериі жұтыну рефлексі.
Жұтынудың бұзылуы, сұйықтықтың тыныс алу жолдарына түсуі,
жағымсыз болжау ретінде сипатталады. Тыныс алудың жиілігі
артып, ырғағы бұзылса, естен тану ақырының ауыр немесе
жағымсыз болатынын сипаттайды. Чейн-Стокс тыныс алуының
болуы, ми бағанының ауыр зақымдалғанын сипаттайды. Бұл
мидың соғылуының ауыр түріне жатады.
Субарахноидальды қан құйылу тек ми соғылуының белгісі
болып табылады. Көбінесе, жабық бас ми жарақатында кездеседі.
Ми соғылуының жеңіл түрінің өзінде жұлын-ми сұйықтығында аз
мөлшерде қан болады. Субарахноидальды қан құйылудың орта
дәрежесі кезінде әр түрлі интенсивті жағдайдағы психомоторлы
қозу көрінісі болады. Науқастар орбита асты және желке
аймағының қатты ауруына, фотофобияға, көз алмасының
қозғалысының ауырсынуына, көзінде жағымсыз белгілердің
болуына шағымданады. Жұлын-ми сұйықтығында қан мөлшері көп
болғанда, ол жұлын бойында төмен түсіп, бел-құйымшақ
түбірлерінің ауырсыну синдромын туғызады.
Менингеалдық
белгілер
жарақаттан
Достарыңызбен бөлісу: