155
Кушинг басқарған көп нейрохирургтардың өз уақытында
кәдімгі варолий көпіріне терең қысылған және сопақша мидың
деформациясын шақыратын ісіктік түйіндерді тотальды алып
тастаудың қауіпті екенін көрсетсе де, ісіктерді тотальды алып
тастаудың жетістіктерін дәлелдейтін статистикалық көрсеткіш-
терді жариялап шығара бастады. [18]
Көп хирургтар аталған жағдайда есту жүйкесінің
невриномасының хирургиялық емдеуінде ісіктерді тотальды алып
тастауды қолданады. Егер ерте кезеңде ісіктің көлемі үлкен
болмағанда,
ми
бағанасының
ісіктік
деформациясын
шақырмағанда және оны алып тастауы бағана жағынан айқын
реакциясы болмағанда ісіктерді тотальды алып тастау жеңілденеді.
Ісіктерді тотальды алып тастаудың ең ауыр асқынуларының бірі
ота кезінде зақымдалатын көпір-мишық бұрышында есту
жүйкесінің салдануы жиі кездеседі, кейін осындай салдануды жою
мақсатымен қайтадан ота жасауға тура келеді (мысалы, мойнында
бет жүйкесін кесіп өтіп және оның перифериялық кесіндісін
қосымша жүйкесінің кесіп өткен орталық кесіндісімен тігу). Есту
жүйкесінің невриномасына жету үшін субтенториумдық жетуден
басқалары да бар: а) көбінесе ішкі есту саңылауы аймағында
орналасқан үлкен емес ісіктерді алып тастау үшін транслабиринтті
жету, бұл кезде бет жүйкесін сақтап қалу мақсатымен
микрохирургиялық техника қолданылады; б) супратенториумдық
аймақ жағынан транстенториумдық жету, бұл кезде шүйде сүйегі
аймағында сүйекті-пластикалық қиық түзеді де, мидың шүйде
бөлігінің полюсін көтереді, мишық шатырын ашады және
көпір-мишық бұрышындағы ісікті жалаңаштайды. Бұл операция
әдістерін өте сирек қолданады және тек қана арнайы
көрсеткіштерге қарап жасайды. [32]
Достарыңызбен бөлісу: