Сабақтың жоспары және қысқа мазмұны. Сабақта келесі сұрақтар қарастырылу керек:
Сынаудағы жануарлардың жұқтыру жұмыстарының әдістері.
Өлген жануарлардың ішін жарып зерттеу жұмыстарының ретімен танысу.
Патогенді микробтың таза дақылын бөліп алу үшін немесе оның вируленттігін анықтау үшін сынаудағы зертханалық жануарларға жұқтыру жұмыстарын өткізеді. Зерттеудің мақсатымен байланысты және микробтың қасиеттеріне байланысты бір белгілі зертханалық жануарды таңдап алады.
Сынаудағы жануарларды жұқтыру әдістері келесі:
тері астына (субкутанды әдіс) – зерттелетін материал шприц арқылы тері астына еңгізіледі: теңіз шошқаларға сан жағына, тышқандарға бел жағына, үй қояндарға сан жағына;
тері ішіне (интракутанды әдіс) – зерттелетін материал терінің ішіне еңгізіледі; осы әдіспен сирек қолданады;
былшық еттің ішіне (интрамускулярля әдіс) – материал былшық еттің ішіне еңгізіледі;
іш құрылыстың ішіне – материал іш құрылыстың ішіне еңгізіледі;
қан тамырдың ішіне – материал инъекция арқылы қан тамырға еңгізіледі;
субдуральді – материал мидың қатты қабыршығына еңгізіледі;
интрацеребральді – материал мидың ішіне еңгізіледі.
Ағзаға материалды еңгізетін жерді дайындау керек: жүнді қырқып алып, теріні спиртпен сүртіп, йод жағады. Осы шаралармен жануардың терісінің үстінде болған микробтарды зерттелетін материалды еңгізгенде кіргізбес үшін қолданады.
Сынаудағы жануарларға жұқтыру жұмыстарын өткізгенде, оларды жақсылап, қозғалтпай ұстау керек. Үй қояндарды келесі әдіспен ұстайды. Көмекші үй қоянды арқа терісінен ұстап, көтеріп, артқы аяқтарын сол қолының астына қысып ұстайды. Осындай жағдайда үй қоянның арқасы төмен қарап, қоян қозғала алалмайды.
Теңіз шошқаларды қолмен қатты ұстап тұрады: бір қолымен артқы аяқтарын қысып, екінші қолмен алдынғы аяқтарын және басын қысып ұстайды.
Тышқандарды бір қолымен құйрығынан ұстап, екінші қолмен мойын терісінен ұстап көтереді. Осы жағдайда оларға жұқтыру жұмыстар өткізеді.
Мысықтарды әдейленген үстелдерге тіркейді немесе жәшіктерге салады.
Жұқтыру әдістің ең жеңілі – тері астына. Тамырға материалды салып жұқтыру – күрделі әдіс. Үй қояндарды құлақ тамырынан, теңіз шошқаларды мойын тамырынан, тышқандарды құйрық тамырынан, құстарды қанат тамырынан жұқтырады. Материалды еңгізетін жерде жүнді қырқады. Қан тамырды кеңейту үшін (материалды тамырға еңгізу мақсатымен) тамырды ксилолмен сүртеді.
Тамырдың ішіне жұқтырғанда жұқа инелермен қолданады. Қан тамырдың жолында теріні тесіп, иненің ұшын қан тамырға абайлап кіргізеді және зерттелетін материалды қан тамырға еңгізеді.
Мидың қатты қабыршығының астына еңгізумен өте сирек қолданады. Осы әдіспен үй қояндарды жұқтырады. Бас терісін кесіп, сүйекте трепан көмегімен немесе жуан инемен тесік жасап, мидың қабыршығына материалды еңгізеді.
Жануарларда жұқтыру жұмыстарды келесі жағдайларда өткізеді: белгісіз материалды зерттегенде, микробтардың патогендігін және вируленттігін анықтағанда.
Жұқтырылған сынаудағы жануарларды бояумен белгілейді; өткізілген жұқтыру жұмыстар тұралы бағдарламаны журналға жазады; тышқандарды шыны банкаларға отыртады. Жұқтырылған жануарлар отыратын жерде келесі бағдарлама болу керек: жұқтыру күні, жұқтырылған материал түрі, жұқтыру жұмыстар өткізген жұмыскердің аты-жөні.
Өлтірілген зертханалық жануарлардың ішін жарар алдында оларды дезинфекциялық ерітінділерге салады. Кейіннен оларды тіркейтін үстелге іштерін жоғары қаратып қатты байлайды. Тері кесілетін жер спиртпен сүртіліп, жандырылған спиртті мақтамен сүртіледі. Инструменттер қайнатумен зарарсыздандырылып, ішті жару алдында отқа қақталады.
Ішті кескенде алдымен теріні тіледі, одан кейін былшық етті және қарынның сірі қабыршығын тіледі. Қарынның сірі қабыршығын тілгенде, операция жерін кірлетпес үшін, ішекті жарып алмасқа тырысады. Кеудені ашқанда, қабырғалардың артқы жақтарын кесіп қайырады.
Ішкі мүшелерді қарайды, олардың сыртқы пішінін зерттейді, кейіннен алып шығып Петри табақшаларына салады. Экссудатты және қанды пастер пипеткаларына сорып алады. Бактериоскопияға мазоктар дайындайды, өлтірілген жануардың қалдықтарын жағып жібереді немесе автоклавта зарарсыздандырады. Алынған материалды зерттеулерге жібереді. Осы материалдан мазоктар жасап, қоректік орталарға себу жасайды.
Жануарды ашуға қолданған инструменттерді, ыдыстарды және басқа заттарды зарарсыздандырады.
Бас сүйегін ашу және миды зерттеу әдейленген зерттеулерде (мысалы құтыру ауруын зерттегенде) өткізіледі.
Ашу және зерттеу жұмыстардың қортындылары хаттамаға жазылады.
Зертханалық жануарлардан алған материалды келесі тәртіппен зерттейді:
Мазок жасайды, бояп микроскоп астында микробтарды анықтау мақсатымен мазокты қарайды (мазоктар құжат ретінде сақталады).
Тығыз қоректік орталарға себу жасап, термостатқа қояды.
Бір тәүлік өткеннен кейін колонияларды зерттейді.
Колонияларды қайтадан қоректік орталарға сеуіп термостатқа қояды.
Колониялардан мазок жасап, мазоктарды бояп микроскоп астында зерттейді.
Қоректік орталарда микробтардың өсу ерекшеліктерін зерттейді (микробтардың морфологиясын, қасиеттерін, колониялардың түсін, түрін).
Алған мәліметтерді зерттеп, салыстырып, микробтын түрін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |