Сабақтың жоспары және қысқа мазмұны. Сабақта келесі сұрақтар қарастырылу керек:
Антигендерді алу технологиясымен танысу.
Ақуызды антигендерге сәйкес антиденелері бар сарысуларды алу. Әдістің ұстанымы.
Жұмыстың әдістемесі: жануарларды дайындап, қандарынан сарысу алуымен танысу.
Белсенді иммунитетті жаратуға арналған препараттар – вакциналар. Вакциналардың келесі түрлері болады:
тірі күші азайған микроағзалардан жасалған (аттенуирленген);
микроағзаларды өлтіріп жасаған (инактивирленген);
бүтін микробтық жасұшалардан жасалған (корпускулярлы);
антигендердің бөлшектерінен жасалған (химиялық);
анатоксиндер.
Тірі вакциналар. Құрамында микроағзалар немесе вирустер бар суйықтықты консерванттарсыз әдейленген қоректік орталарда, тауық эмбриондарында немесе ұлпалардың дақылдарында өсіреді. Биофабрикалардан шығарар алдында оларды вируленттікке, белсенділікке, тазалыққа тексереді.
Өлтірілген вакциналар. Штаммдар әдейленген сауыттарда (танкерлерде) қоректік орталарда бір белгіленген құрамға дейін өсіріледі. Осыдан кейін оларды физикалық (жылумен, ультракүлгін сәүлемен) немесе химиялық (формалинмен, фенолмен, спиртпен, мертиолатпен және т.б.) әдістермен инактивирлейді.
Химиялық вакциналар. Антигендерді микробтық жасұшалардан бөліп алып тазалайды. Антигендердің иммуногендік қасиеттерін күшейту үшін, оларға адьюванттарды қосады. Адьюванттар еңгізілген жерде антиген жиналып, иммундық жауап күшейеді. Адьванттар ретінде алюминий гидроксидін, әр түрлі майларды, синтетикалық полимерлерді алады.
Анатоксиндер. Экзотоксиндерді шығаратын микроағзаларды суйық қоректік орталарда токсин жиналу мақсатымен көп уақыт культивирлейді. Кейіннен қоректік ортаны микробық жасұшаларды бөліп алу үшін бактериалдық сүзгіштен өткізеді. Экзотоксині бар фильтратқе 0,4 пайыздық формалинді қосады, ұлы заттардың күшін төмендету үшін бір неше күн термостатта ұстайды (детоксикаттау). Кейіннен адсорбент және консервант қосады. Өлтірілген вакциналарды және анатоксиндерді белсенділікке, қауыпсыздыққа, зарарсыздығына тексереді.
Қоректік орталарға бактериялық тірі вакциналарды сепкенде тек қана вакциндік штамм өсу керек, ал қоректік орталарға тірі вирустік вакцина сепкенде еш қандай өсу болмау керек. Қауыпсыздықты зертханалық жануарларға вакцина еңгізіп тексереді, жануарлар өлмеу керек. Вакциналардың күшін тағы да зертханалық жануарларда тексереді. Вакциналарды ағзаға еңгізгенде жалпы немесе жергілікті реакциялар болады – дененің температурасы 1 градуске көтерілу, тамақтан бас тарту, вакцина еңгізген жерде ісік және аурған пайда болу.
Рекомбинаттық вакциналар. Бір неше кезенмен алынады:
керекті антигенді синтездейтін гендерді клондау;
клондалған гендерді векторға кіргізу (вирустерге, плазмидаларға);
векторларды продуцент-жасұшаларға (вирустер, бактериялар, саңырауқұлақтар) кіргізу;
in vitro жасұшаларды культивирлеу;
антигенді бөліп алып оны тазалау немесе вакцина ретінде продуцент-жасұшалармен қолдану.
ДНҚ-вакциналар инактивирленген вакциналардың қауыпсыздығымен және тірі вакциналардың күшімен сипатталады.
Сары сулар (Serum) ағзада пассивті иммунитет қалыптастырады, ол 2-3 жұма сақталады. Осы қасиетті ауру ағзаларды емдеуге және ауру қоздырылу қауыптығы бар жерлерде алдын алу шаралармен қолданады. Иммунды сары суларды жануарларды иммундеп немесе жануарлар-реконвалесценттерден (инфекциялық аурулармен ауырған жануарлар) алады.
Сары суларды биофабрикаларда және биокомбинаттарда жылқылардан, бұқалардан, қойлардан, шошқалардан, есектерден, қашырлардан екі кезеңді гипериммунизация өткізіп алады.
Бірінші кезеңде жануарлар-продуценттерге 1-2 рет вакцина кіргізеді.
Екінші кезеңде мөлшерін көтеріп ұзақ уақытта микроағзалардың штаммдарының вирулентті дақылын кіргізеді.
Иммунизация аяқталғаннан кейін продуценттердің қанын алып , сары су дайындайды.
Антитоксикалы сары суларды алғанда жануарлар-продуценттерді алдымен анатоксинмен иммундеп, кейіннен токсин кіргізеді.
Негізінде иммунды сары суларды зертханалық немесе табиғи сезімталды жануарларда антигенмен гипериммунизация өткізіп алады. Мысалы, нейроинфекция қоздыратын вирустерге қарсы қолданатын сары суларды алғанда ең жарамды жануар – теңіз шошқасы. Осы жануарлардың қарын жақтарына 1:100 көлемін арттырып белсенді вирустің суспензиясын 4-6 жұма мерзімінде әр бір 4-5 күнде еңгізіп отырады.
Белсенді вирусті еңгізбей отырып алдын ала формалинденген суспензияның екі инъекциясын салады. Теңіз шошқалардың миына құрамында вирусы бар суспензияны екі қатар кіргізгенде антиденелердің титрі тез және деңгейі өте жоғары болып көтеріледі. Және тағы да теңіз шошқаларды белсенді вирусті материалмен келесі кесте бойынша иммундеуге болады: 1) қарын ішіне инъекция; 2) 10 күннен кейін тері астына инъекция; 3) 10 күннен кейін ми ішіне инъекция. Материалдың ақырғы инъекциясынан 10 күн өткеннен кейін жануарлардың қанын толығынан алады. Осы кестемен еңгізілетін вируске теңіз шошқалар сезімталды болмаса қолданады.
Құрамында антиденелердің деңгейі жоғары тұмауға қарсы сары суларды ақ тышқандардың тұмсықтарына 2 мл вирусті суспензияны еңгізіп алады. Осы бағытта теңіз шошқаларды да иммундеп қолдануға болады. Антигендерді еңгізу кестесі әр түрлі болады. Мысалы, қарынның ішіне инфицияланған тауықтардың эмбриондарының аллантоистық суйықтығын кіргізуге болады. Суйықтықты 3-7 күн аралықта 2 мл 6 рет немесе 3 күн қатарынан салып төртінші күнде тағы бір қайталайды.
Вирустік диареяға қарсы ерекше сары суды салмағы 2,5-3 кг шиншилла үй қояндарының немесе 2-4 жасар ешкілердің көмегімен тазаланған вируспен қолданып алады.
Иттердің оба вирусіне қарсы антиденелері бар сары суларды келесі кесте бойынша алуға болады:
ит-продуценттердің қандарының сары суларын инфекциялық гепатиттің және парвовирустік энтериттің ВН-антиденелерінің болмауын бақылау;
иттердің 2-3 айлық күшіктерін иттердің обасына қарсы культуралды вакцинамен иммундеу;
иттердің күшіктерін үш қатар, аралығы 7 күннен 1 кг тірі салмағына 1, 2 және 4 мл мөлшерлерде құрамында иттердің оба вирусі бар материалмен гипериммундеу;
алынған сары суды серологиялық белсенділікке бақылау
жануарлар-продуценттерден тоталды қан алу және қанның сары сулы фракциясын бөліп алу;
алынған препараттарды лиофилиздеп немесе қатырып консервілеу.
Ірі қара малдың оба вирусіне қарсы сары суды бұзаулардың және шошқалардың көмегімен келесі кесте бойынша алады:
жануарларға ірі қара малдың оба ауруына қарсы К3770 штаммының вакцинасымен вакцинация өткізу;
вакцинациядан кейін 14-21 тәүлік өткізіп инъекция араларында 7 тәүлік аралығын сақтап үш қайтарып ірі қара мал обасынан өлген бұзаулардың лимфа бездерінің және көк бауырларының 20 пайыздық суспензиясымен гипериммунизация;
сары суларды белсенділікке және ерекшелікке бақылау, жануарлардың қанын алу және сары суды консервілеу немесе лиофилиздеу.
Сары суларды лиофилиздеген жағдайда рефрижераторда 4 жыл сақтауға болады немесе лиофилиздемей қатырып 1 жыл сақтайды. Осы жағдайларда олардың антиденелерінің титрі төмендемейді.
Достарыңызбен бөлісу: |