Казакстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Сабақтың жоспары және қысқа мазмұны



бет45/49
Дата07.02.2022
өлшемі0,72 Mb.
#88176
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Байланысты:
stud.kz-74553

Сабақтың жоспары және қысқа мазмұны. Сабақта келесі сұрақтар қарастырылу керек:

  1. Диско-диффузды әдісті қоюмен танысу.

  2. Тығыз және суйық қоректік орталарда көлемін сериялық арттыру әдіспен танысу.

Антибиотиктерге сезімталдықты екі әдіспен анықтайды: 1) агарға антибиотиктің диффузиясы (диск-диффузиялы әдіс); 2) тығыз және суйық қоректік орталарда көлемді сериялық арттыру.


Көлемді сериялық арттыру әдіс келесі кезеңдерден тұрады:

Микробтың (ауру қоздырғыштын) дақылының өсу үшін, оған қоректік орта лайықты болу керек. Аэробтық бактерияларға арнап ең көп қолданатын қоректік орталар келесі: 1) суйық қоректік орталар – МПБ (рН 7,2-7,4) және Хоттингер сорпасы (құрамында аминді азот 180-200 мг – рН 7,2-7,4); 2) тығыз қоректік орталар – 2 пайыздық МПА немесе 2 пайыздық Хоттингер агары (құрамында 120-140 мг аминді азот), 2 пайызды МПА 5 пайыз қан немесе қанның сары суы қосылған.
Анаэробты микроағзаларға бауырдың кесектері салынған 0,5 пайызды глюкоза қосылған Китта-Тароцци ортасын алады (рН 7,4-7,6).
Суйық ортада микробтың бір штаммының бір антибиотикке сезімталдығын анықтау үшін әр біреуінде 2 мл ортасы бар (антибиотиктің көлемін сериялық арттыру үшін) 6 сынауық алады. Осыдан басқа екі сынауықта 9-10 мл орта болу керек (микробтың дақылын езу үшін) және антибиотиктің жұмыс ерітіндісін дайындауға арналған колбадағы қоректік орта.
Алдымен оның жұмыс ерітіндісін дайындайды (белгілі белсенділігі бар антибиотиктердің стандарттарымен қолданып). 1 мл ерітушіге (дистилденген су, буферді ерітінді) 1000 мкг антибиотик алады. Жұмыс ерітінділерді екі қатар көлемін арттыру әдіспен негізгі ерітіндіден қоректік орталарда дайындайды. Бірінші сынауықтан бастап 1 мл ортада атибиотиктің шоғыры келесі болу керек – 0,25; 0,12; 0,06; 0,03; 0,015; 0,007 мкг.
Тығыз қоректік ортамен қолданғанда антибиотиктердің жұмыс ерітіндісінің көлемін арттырғанда 6 сынауықтарға препараттың көлемін келесі тәртіппен дайындайды – бірінші сынауықта – 400, екіншіде – 200, үшіншіде – 100, төртіншіде – 50, бесіншіде – 25, алтыншыда – 12,5 мкг/мл.
Әр бір сынауықтан 1 мл көлемі арттырылған антибиотикті зарарсыздандырылған пипеткамен Петри табақшасына құйып үстінен 19 мл ерітілген және 550С суытылған МПА құяды. Үстел үстінде орта қатқанша қалдырады.
Қоректік орталары бар сынауықтардың қатарларына немесе Петри табақшаларына (көлемі арттырылған антибиотигі бар) 16-18 сағаттық микробтың сорпалы дақылын еңгізеді. Дақыл тығыз қоректік ортада өсірілсе дақылды ортаның үстінен жұып алып (1 мл дақылда 500 млн микробтық денелер болу керек) қоректік ортаға себеді. Термостатта 370С 16-18 сағат ұстап, қортындыны бақылайды. Дақыл өспеген сынауықты (табақшаны) белгілейді. Осы сынауықтағы (табақшадағы) және бактериялар өсуін берген қасындағы сынауықтағы (табақшадағы) антибиотиктің санын қосып, орташа арифметикалы санды шығарады. Осы сан микроағзаның осы антибиотикке сезімталдығын белгілейді. Ал бактериялар өскен кезде осы антибиотикке олардың резистенттігі тұралы айтуға болады. Бактериялар өсуін бермесе – бактериялар антибиотикке қарсы жоғары сезімтал деп айтады.
Зертханалық тәжірибеде жиі қолданатын әдіс – антибиотиктері бар стандартты дисктермен қолдану. Осы әдіспен зерттеулер өткізгенде 20 мл қоректік ортаны зарарсыздандырылған Петри табақшалардың ішіне құяды. Тығыздалған қоректік ортаның үстіне 1 мл бір миллиардтық микробтың агар дақылын (0,9 пайызды натрий хлор ерітіндісінде) құяды. Дақылды қоректік ортаның үстіне жайып жібереді, суйықтықтың артығын зарарсыздандырылған Пастер пипеткасымен сорып алады. Микроағзалар себілген қоректік ортаның үстінен пинцетпен басып әр түрлі антибиотиктердің стандартты қағаз дискілерін салады. Бір дискті табақшаның ортасына, қалғандарын бір бірінен және табақшаның шетінен 2 см аралықта салады. Әр бір дискті салып болған сон пинцеттің ұшын отқа қақтап отырады.
Алдымен табақшаларды бөлме температурасында 2 сағат ұстайды, кейіннен, түбін үстіне қаратып, 16-18 сағатқа 370С термостатқа қояды. Қортынды бақылауда антибиотикті дисктің айналасында микробтың өсуін немесе өспеуін байқайды, дисктің қасындағы жаратылған зоналардың (тоқтау зонасы) үлкендігін есептейді. Дисктің қасында тоқтау зона болмаса – микроағза антибиотикке сезімталды емес. Өсудің тоқтау зонасы жаратылса, оның диаметрін өлшейді (дисктің диаметрі осы өлшемге кіреді). Тоқтау зона 15 мм болса микроағзаның антибиотикке сезімталдығы төмен, 15-25 мм – сезімталдық жоғары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет