«Казанка орта мектебі» кмм «бекітемін» Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары



бет2/3
Дата24.09.2023
өлшемі53,68 Kb.
#182248
1   2   3
Байланысты:
«Еңбек елдің көркі, ер елдің көркі» тәрбие сағатыыы
1 нұсқа. Снарядтағы жаттығулар кезіндегі өзін-өзі реттеу. Қысқа мерзімді жоспар №33 сабақ, 1 нұсқа. Снарядтағы жаттығулар кезіндегі өзін-өзі реттеу. Қысқа мерзімді жоспар №33 сабақ
Сынып жетекшісі: Оқушылар, мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын. Мен барлығыңды жылулық шеңбері – яғни сергіту сәтіне шақырамын.(оқушылар шеңберге тұрып мұғалімнің нұсқауын орындайды)

Сынып жетекшісі:Слайд Енді бәріміз тақтаға назар аударайық. (Нақыл сөз ба әлде мақал – мәтел ма) «Еңбек түбі – зейнет», «Жақсы жұмыс – жанға тыныс», «Еңбексіз өмір – сөнген көмір», «Еленген еңбек өнімді»
1. «Еңбек түбі – зейнет». Еңбек әрбір адамды зейнетке жеткізеді. Еңбек етсең еш нәрседен кем болмайсың. Еңбек етсең барлық нәрсеге қол жеткізесің. Балалар сендердің еңбектерің сабақты жақсы оқып, әке – шешелеріңді қуанту. Жалқау, еріншек балалар үнемі 2, 3 бағаларын алып жатады. Өйткені олар еңбектеніп оқымайды.
2. «Жақсы жұмыс – жанға тыныс». Әрбір адам жұмысын бар ынтасымен тыңғылықты етіп жасаса, өзі де оған қасындағы жолдастары да риза болмақ.
3. «Еңбексіз өмір – сөнген көмір». Көмір отын екенін білесіңдер балалар. Ол жылыту үшін қажет. Ол жанбаса жылу болама? Әрине жоқ. Сол сияқты еңбек етпеген әрбір адам жылусыз сөнген көмір сияқты.
4. «Еленген еңбек өнімді». Еңбек еткен адамның еңбегі елеусіз қалған емес. Олардың аттары тарихта қалады. Мысалы, Қаныш Сәтбаев аталарың көп еңбектеніп аты елеулі. Көптеген спортшылар олар тынымсыз еңбегінің арқасында дүние жүзінде аттары әйгілі болмақ.

Ал, оқушылар еңбекке қатысты өлең шумақтар айтамыз. Слайд

Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей?


Тоқ тұра алмас дәмдіден дәмді іздемей
«Бір тойған – шала байлық» деген қазақ
Ет көрінсе, қайтеді күйсей бермей
Еңбек жоқ, харекет жоқ қазақ кедей.

Еңбек – өлім жан қанатын қиятын


Еңбек – өлім жанды ашудан тыятын.
Еңбек деген – еңбектеген мылқауды тыю
Жаншып, жанның сұлу сынын жоятын.
Сынып жетекшісі:
- Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Білім алуға, маман иесі болуға. Еңбек етсең, қарның тоқ болады, киімің болады.

- Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?


Жалқау емес, сабақты 5 - ке оқитын.

- Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар?


Сабақ оқумен, спортпен, мамаларымызға көмектесеміз.

- Адам бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады?


Адал, еңбек сүйгіш, жалқау болмағанда, көп оқығанда, үлкенді тыңдағанда.

Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға баулиды, жігерлендіреді, шынықтырады. Ия, студенттер еңбек етсең, ерінбесең барлық мақсат – мұраттарға жетесіңдер.


Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырмас азап, деген екен Абай атамыз..



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет