9.1-сурет. Нейтрондық каротаж аспабының блок-сұлбасы. 1-жылдам нейтрондар көзі; 2-
есептеуіш (электроника) блогы; 7-нейтрондар детекторы мен сəуле көзі арасындағы L
42
9.2-сурет. I
пн
=ƒ(ω) тəуелділігі.
Кеуектілік кеңістігі минерализацияланған сумен толған болса, сутектілік
өзгерісі құрамындағы хлордың өзгеруімен бірге жүреді. Нəтижесінде тіркелетін
сəулелену қарқындылығы мен ННК-Т жəне НГК үшін кеуектілік коэффициенті
арасындағы тəуелділік өзгереді, НГК қатысты оның графигі құрамындағы
хлордың өсуіне байланысты таңбасын өзгертуі мүмкін (9.3 сурет).
Бұл судың минерализациясы 100г/л кезінде су-мұнай жапсарын
анықтауға болады, мұнайлы бөлігіне қарағанда, қабаттың сулы бөлігінде хлор
көп. Бірақта өту аймағы үлкен (ұңғыма диаметрінен 2 есе) болса, су-мұнай
жапсарын анықтау мүмкін емес. Осындай жағдайларда барлық нейтронды
əдістер тек кеуектілікті анықтау үшін қолданылады.
Нейтронды əдістер келесі мəселелерді шешуге мүмкіндік береді: қиманы
литологиялық бөлу; жыныстың кеуектілігін анықтау; сұйықтықпен газ
жапсарларының орынын анықтау.
9.3 сурет – Iпγ = f(ω) тəуелділік графигі. Қисықтар шифрі- судың минерализациясы (хлор
концентрациясы), г/л
НГК əдісі кеуектілікті жəне сутектілікті бағалау үшін қолданылады.
Табиғи радиоактивтіліктілікпен шақырылған гамма-кванттарды, тіркелген
жалпы санынан қысқарту үшін НГК əдісін ГК-мен бірге кешенді түрде жүргізу
керек.
Достарыңызбен бөлісу: