Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрілігі


Басты  толқындардағы  акустикалық  каротаж



Pdf көрінісі
бет56/90
Дата19.01.2022
өлшемі2,84 Mb.
#129510
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   90
Байланысты:
Копия baigazieva kasipshilik umk kz

Басты  толқындардағы  акустикалық  каротаж

. Басты  толқындардағы

акустикалық  каротажды  іске  асыру  үшін, ұңғымаға  сəулендіргіш  И1 жəне  екі

қабылдағыштан  П1 жəне  П2 тұратын  аспап  түсіріледі. И1 сəулендіргіш  пен

қабылдағыш  арасында  акустикалық  изолятор  орналасқан.  Сəулелендігіштен

бірінші  қабылдағышқа  дейінгі  ара  қашықтық  акустикалық  зонд  ұзындығы, ал

қабылдағыштар  арасындағы  ұзындық  оның  базасы  деп  аталады. Ұңғымадағы



49

сұйықта  сəулелендіргіш  жиілік  спектрі 3-50 кГц-ке  тең  серпімді  тербелістер

импульсін  тудырады. Сұйықтықта  туындаған  бойлық  толқын  Р0 фронтын

сфералық  деп есептеуге болады.

11.1 сурет – басты толқындардмен акустикалық каротаж жүргізу сұлбасы. 1 –

изолятор: 2 – сəулелендіргіш; 3 – қабылдағыш; 4-6 –P0P1P0, P0SP0 жəне Лэмба

толқындарының фронты.

Нақты сəулелендіргіштен бірінші Т1Р пен Т1S жəне екінші Т2Р пен Т2S

қабылдағыштардағы  толқындардың  таралу  уақытын  өлшейді. Олардың

айырмашылығы  ΔТР  жəне  ΔTS анықтауға  мүмкіндік  береді. Бірақта, 11.2

суретте  көрсетілгендей   Т1Р ,Т1S, Т2Р  жəне  Т2S уақыттары  жыныста

толқындардың жүріп өту уақытына ғана емес жəне жуу сұйықтығында олардың

таралу  уақытын  есептеу  қиындығына  да  тəуелді. Басты  толқындармен  бірге,

ұңғымада  толқындардың  басқа  түрлері  пайда  болады. Олардың  ішінде

негізгілері – аспап корпусынан жəне ұңғыма қабырғасынан көп еселі шағылған

гидротолқындар  жəне  құбырлық  толқын  кейде  оны  Лэмба  толқындары  дейді.

Көп  еселі  шағылған  толқындар  амплитудасы  тез  төмендейді. Оның  үстіне

олардың жүретін жолы жоғары (көп немесе үлкен), оны есептемеуге де болады.

11.2-сурет. Екі қабылдағыштағы толқындық суретіне (волновых картин) талдау жəне

олардың түрлері.

Егер де сəулелену спектрінде толқын ұзындығы үшін, ұңғыма диаметріне

тең немесе одан үлкен жиілігі бар болса, құбырлық толқын туындайды. Толқын

фронты ұңғыма қабырғасынан перпендикуляр, осыған байланысты энергияның



50

жоғалуына  əкелетін  шағылу  болмайды  жəне  құбырлық  толқын  ұңғыма

бойынша  үлкен  ара  қашықтықта  əлсіреусіз  болады. Егер  құбырлық  толқын

жолында  өткізгіш  бөліктері  кездессе, оның  амплитудасы  қоршаған  ортада

сəулелену  энергиясынан  төмендейді. Акустиаклық  каротаж  кезінде, басты

толқындарда  аналогты  кинематикалық  Т 1Р, Т2Р, ∆ТР, Т1S, T2S, ∆TS жəне

динамикалық 

параметрлер 

диаграммалары 

тіркеледі. Динамикалық

параметрлер  түсінігіне  бірінші  жəне  екінші  қабылдағыштардағы  А1Р, А2Р,

А1S, А2S толқындар  амплитудасы, сонымен  бірге  əлсіреу коэффиценті  кіреді.

Тек, аналогты  диаграммаларды  жазу  кезінде  акустикалық  сигналдарға  кіретін

мəліметтердің  жартысы  жоғалады. Мəліметтердің  максималды  көлемін

толқынды  сурет  (волновая  картина) құрайды. Толқынды  суреттерді (ВК)

талдай  отырып  кинематикалық  жəне  динамикалық  сипаттамаларын  тез

анықтауға болады 11.3-сурет.

Қазіргі  кезде  ФКД (фаза  корреляциялық  диаграмма) сызықтарының

қалыңдығы амплитуда сигналдарын бағалауға мүмкіндік береді. Осындай ФКД

талдай  отырып, толқындардың  əртүрлі  түрін  ажыратуға, олардың

кинематикалық  жəне  динамикалық  параметрлерін  бағалауға, қиманы

литологиясы  бойынша  бөлуге, өткізгіштерді  сонымен, бірге  жарықшақты

жыныстарды бөлуге болады.

11.3-сурет- Акустикалық каротаждың басты толқындарын жазу түрі.

    

Түйіршікті  коллекторларда  кеуектілік  коэффицентін  анықтау  үшін



орташа  уақыт (11.2 формула) қолданылады. ∆T

ж

мəнін  қуыстарын  толтырып



тұрған  флюид  түрін  температура, қысым  жəне  минерализацияларын  ескере

отырып  алынады. Құрамында  суы, мұнайы  жəне  газы  бар  түйіршікті

коллекторлардың жатындарында акустикалық əдістер диаграммасының сипаты

11.4-суретте келтірілген.




51

11.4-сурет– Мұнай-газ жатындарындағы АК диаграммаларының сипаты.

1 – қатты қабат; 2-4 – су- мұнай  жəне газға қаныққан коллекторлардың бөлігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет