Казақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата11.02.2020
өлшемі0,93 Mb.
#57613
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ИББ, ИББ диссертация

Казақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 

 

Министерство образования и науки Республики Казахстан 



Национальная академия образования им. И. Алтынсарина 

 

 



 

 

 



 

 

 



ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРДЫ 

 

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНЕ ЕНГІЗУ 

ҮЛГІЛЕРІН ДАЙЫНДАУ  

 

Әдістемелік ұсынымдар 

 

 

РАЗРАБОТКА И ВНЕДРЕНИЕ  МОДЕЛЕЙ ВКЛЮЧЕНИЯ ДЕТЕЙ  

С ОСОБЫМИ ПОТРЕБНОСТЯМИ В ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ 

ПРОЦЕСС 

 

Методические рекомендации 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 


2015 

 



Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  Ғылыми  кеңесімен 

баспаға ұсынылған (_______________ №___  хаттамасы) 

 

Рекомендовано  к  изданию  Ученым  советом  Национальной  академии 



образования им. И. Алтынсарина (протокол № __ от ______________ 2015 года) 

 

 



Ерекше  қажеттіліктері  бар  балаларды  жалпы  білім  беру  үдерісіне  енгізу 

үлгілерін  дайындау.  Әдістемелік  ұсыныстар.–  Астана:  Ы.  Алтынсарин 

атындағы ҰБА, 2015. – 48 с. 

 

Разработка  и  внедрение  моделей  включения  детей  с  особыми 



потребностями в общеобразовательный процесс. Методические рекомендации. 

– 

Астана: НАО имени И. Алтынсарина, 2015. – 48 с. 



 

 

Бұл  әдістемелік  ұсынымдарда  ерекше  қажеттіліктері  бар  балаларды  жалпы 



білім  беру  үдерісіне  енгізу  үлгілеріне  жан-жақты  сипаттама  берілген  және  бұл 

үлгілерді  тәжірибеде  қолдану  әдістемелері  көрсетілген.  Әдістемелік  ұсыныстар 

жалпы,  инклюзивтік,  арнайы  мектепке  дейінгі,    мектеп  және  кәсіби-техникалық 

білім беру мекемелерінің педагог мамандарына арналған. 

 

 

В  настоящих  рекомендациях  показана  методика  внедрения  моделей 



включения детей с особыми потребностями в практику организаций образования. 

Методические  рекомендации  адресованы  педагогам  общего,  инклюзивного, 

специального  дошкольного,  школьного  и  профессионально-технического 

образования. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

© Ы. Алтынсарин атындағы  



Ұлттық білім академиясы, 2015  

© 

Национальная академия   



образования   

им. И. Алтынсарина, 2015  

 


 

Мазмұны 


 

 

 



Кіріспе  

 



Даму  мүмкіндіктері  шектеулі  тұлғаларға  қарым-қатынас  жасау 

үлгілері 

 

 



Даму  мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды  оқыту  және  тәрбиелеу 



мүмкіндіктеріне қоғам қарым-қатынасының үлгілері 

 

 



16 

Кіріктіре оқытудың қолданыстағы үлгілері 



 

24 


Жалпы  білім  беретін  мектептерде  ерекше  қажеттіліктері  бар  

балаларға  кешенді  психологиялық-педагогикалық  қолдау 

көрсетуді ұйымдастыру үлгісі  

 

 

 



30 

Кіріктіре оқыту тиімділігінің көрсеткіштері  



 

43 


 

Қорытынды 

 

46 


 

Қолданылған әдебиеттер тізімі 

 

47 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



 

Кіріспе 

 

 



«Сұрақ 

былай 

қойылды: 

соқырлар, 

саңыраулар және даму жағынан артта қалғандар 

(кемтарлықтарына байланысты кез-келген нәрсені 

жеткілікті  дәрежеде  қабылдай  алмайтындар) 

білім алуға жіберіле ме? 

Жауап 

беремін: 

1. 

Адам 

қатарына 

жатпайтындар  ғана  адамдардың  білім  алу 

үдерісіне  қатыса  алмайды.  Егерде  олар 

адамзаттан жаратылған болса, олардың білім алу 

үдерісіне  қатысуларына  да  құқықтары  бар.  Және 

бұдан  да  маңыздысы,  сыртқы  көмектің 

қажеттілігі,  себебі  ішкі  кемтарлық  болған  кезде  

табиғат өзіне-өзі көмек көрсете алмайды.  

2.  Ал  бастысы,  табиғат  кейбір  салаларда  өз 

күшін дамыта алмаған болса, оны басқаша түрде 

табысты дамытады, дегенмен оған көмек көрсету 

қажет.»  

Я.А. Коменский [1] 

 

Дамыған  демократиялық  қоғамның  қазырғы  заманғы  білім  беру  жүйесі 



тұлғаның білім алудағы жеке талаптарына сәйкес келуі тиіс, соның ішінде:  

•  толыққанды  және  жан-жақты  тұлғалық  қалыптасу  мен  дамуға  деген 

қажеттіліктер  –  жеке  бейімділіктерін,  қызығушылықтарын,  ынталары  мен 

қабілеттерін ескере отырып (тұлғалық табыстылық); 

•  тұлғаның  әлеуметтік  ортаға  табиғи  ену  және  қоғам  өміріне  белсене 

қатысу қажеттіліктері (әлеуметтік табыстылық); 

•  тұлғаның  жан-жақты  еңбек  ету  және  тәжірибелік  дағдыларының 

дамуына,  кәсіп  таңдауға  деген  дайындығын  дамытуға  қажеттіліктер  (кәсіби 

табыстылық).  

Қазақстан  Республикасының  білім  беру  жүйесінде  білім  алу  талаптары 

жеке  болып  қана  қоймайтын,  сонымен  бірге  белгілі  ерекшеліктері  бар 

балалардың  топтары  бар.  Ерекше  білім  алу  талаптары,  оларды  оқыту  үдерісі 

барысында  балалардың  мүмкіндіктері  жалпы  әлеуметтік  талаптарға,  білім 

берудегі  табыстылық    ережелеріне  және  қоғамда  қалыптасқан  тәртіп  пен 

қарым-қатынас  ережелеріне    сәйкес  келмеу  қиындықтары  туындаған  кезде 

пайда болады.   Баланың білім алудағы бұл ерекше  қажеттіліктері мектептен 

қосымша немесе ерекше материалдарды, бағдарламаларды немесе қызметтерді 

ұсынуды талап етеді.  

Шетелдік  арнайы  педагогикада  мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды 

қалыпты  мектеп    жағдайында  бірге  оқытуды  ұйымдастырудың    ұзақ  уақыт 

бойғы  және  жан-жақты  тәжірибесі  бар.  Біздің  елімізде  арнайы  білім  беру, 

көбіне,  жалпы  білім  беру  жүйесінен  мейлінше  оқшауланған,  арнайы  (түзету) 

 


білім  беру  ұйымдарының  жүйесі  ретінде  қарастырылып  келді.  Бірыңғай 

ұйымдастыру  жағдайындағы    бірге  оқыту  негізінде  оларды  бір-біріне 

жақындастыруға қадам басу  «біріктіре оқыту» деген атқа ие болды. [2].  

Шынайы кіріктіру ерекше қажеттіліктері бар әр балаға жалпыға білім беру 

мектептерінде  және  бала  бақшаларында  тиімді  жағдай  жасауды    білдіреді, 

оқушыны,  барлық  қажетті  жабдықтары,  ал  ең  бастысы  —  жоғары  кәсіби 

мамандары  бар,  арнайы  білім  беру  мекемесінен,  оған  бейімделмеген  жалпыға 

білім беру мектептері мен бала бақшаларына қарапайым ауыстырудың баланың 

мүмкіндіктері мен ерекше қажеттіліктеріне сәйкес келетін кіріктіруге ешқандай 

қатысы жоқ.[3]. Н.Н. Малофеевтің ойынша, «жасанды кіріктіру кемсітушіліктің 

жасырын  түрі  болып  табылады.  Егер  баланы,  оның  ерекше  білім  алу 

қажеттіліктерін  қамтамасыз  етуге  жағдайы  жоқ,  жалпы  білім  беру  жүйесіне 

жіберсе, оның сапалы білім алу құқығы, шындығында, бұзылады.   Бұл кезде 

баланың жағдайы жақсарудың орнына одан да нашарлай түседі» [3]. 

Сонымен,  ерекше  қажеттіліктері  бар  балаларды  кіріктіре  оқыту  -  оған 

жалпыға білім беру ұйымдарында білім алуға барлық құқықтар мен шынайы 

мүмкіндіктерді беру үдерістері мен нәтижелері ғана емес, жалпы және арнайы 

білім  беру  арасындағы  тосқауылдарды  жеңе  отырып,  олардың  арасындағы 

шекараны ашып, сапалы жаңа қарым-қатынас жасау үшін негіз құру [4]. Бұл 

кезде  дамуында  ауытқушылығы  бар  әр  балаға,  оның  бойындағы  ауытқудың 

құрылымына,  психофизикалық  және  психологиялық  ерекшеліктеріне  қарай, 

қажетті арнайы (түзету) психологиялық-педагогикалық көмек беру мен қолдау 

көрсету  сақталуы  керек.  Медициналық-психологиялық-педагогикалық 

қолдаудың  мақсаттары,  міндеттері  және  мазмұны,  өз  кезегінде,  даму 

мүмкіндіктері  шектеулі  балалар  мен  қалыпты  дамып  келе  жатқан  балаларды 

кіріктіре оқытудың, мамандардың ойынша, нақтылы осы бала үшін мейлінше 

тиімді  болатын  үлгісінің  талаптарымен  анықталады.    Осыған  сәйкес, 

мектептер  мен  мектепке  дейінгі  ұйымдардың  жетекшілері  мен  мұғалімдері 

үшін  кіріктіре  оқытудың  түрлі  үлгілерін  білу,  түсіну  және  саралау,  сонымен 

қатар  оларды  тәжірибе  барысында  жүзеге  асыра  білу  өте  маңызды  болып 

табылады.     

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



1  

Даму мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға қарым-қатынас жасау 

    

үлгілері 

 

Дамуларында  ауытқулары  бар  адамдардың  қоғамға  кірулері  қоғамның 

бұл  адамдарға  деген  қарым-қатынасына,  айналадағылардың  мүгедектердің 

ерекшеліктері  мен  өмірлері  туралы  ақпараттануларына  байланысты.  Тарихи 

тәжірибе  көрсетеді:  кез-келген  елдің  дамудың  жаңа  жолына  аяқ  басуы,  даму 

мүмкіндіктері  шектеулі  тұлғаларға  қатысты  мемлекеттік  саясат  қағидаларын 

қайта қараумен қатар жүреді. 

Әдебиеттерге  жасалған  талдаулар  көрсеткендей,  социумның  дамуының 

түрлі  сатыларында  мүгедектік  туралы  түрлі  ұғымдар  қалыптасып  отырған: 

діни,  медициналық,  әлеуметтік.  Осыған  сәйкес,  түрлі  зерттеушілермен  даму 

мүмкіндіктері  шектеулі  тұлғаларға  қоғамдық  қарым-қатынас  үлгілерінің  түрлі 

жіктеулері  ұсынылады.  Біздің  көзқарасымыз  бойынша,  мүгедектіктің  түрлі 

үлгілерін  жіктеуде  мүгедектер  құқығын  қорғау  саласындағы  белсенді 

қайраткерлер,  қазақстандық  авторлар  А.  Е.  Думбаев  пен  Т.В.  Попованың  [5] 

ұсынған  үлгілері  мейлінше  нақтылылығымен  және  кәсібилілігімен 

ерекшеленеді.   Бұл зерттеушілер Е.Р.Ярская-Смирнова мен Э.К. Наберушкина 

[6] ұсынған мүгедектіктің тарихи және қазырғы заманғы он екі үлгілерін негізге 

ала отырып, мүгедектікті келесі түрлерге бөледі: 



I  Дамулары  бұзылған  адамдарды  оқшаулаудың  сан  алуан  түрлерінің 

үлгілері бірнеше үлгілерде қарастырылған, олар, дамуларында ауытқулары бар 

балаларға деген көне замандағы қарым-қатынастарды айтпағанда, "адамсымақ 

үлгісі", "қоғамға қатер", "аяныш тудырушы", "еріксіз қайырымдылық нысаны" 

аттарымен белгілі.  



II Мүгедектіктің моральдық (діни) үлгісі – тарихи жағынан ең көнесі және 

қазырғы  кезде  аз  қолданылатыны,  мүгедектікті  масқара  және  күнәлары  үшін 

берілген  діни  жаза  деп  қарастыру.    Сырқаттанушылар  толық  дамымағандар, 

назар  аударуға  тұрмайтындар  ретінде  қабылданған.  Мүгедек  адам 

айналадағылардың  бейтарап  қарым-қатынастарына  да  үміттене  алмаған,   

себебі  саңыраулық,  соқырлық,  есінен  адасушылық,  туа  біткен  кемтарлық 

адамға  күнәсі  үшін  берілген  жаза  деп  есептелген.  Мүгедектіктің  моральдық, 

діни  үлгісі  мүгедектікті  «күнәсі  үшін  берілген  жаза»,  жындарға  берілу, 

дуалаудың және жаман карманың (өткен өмірінде жамандық жасаған),  салдары 

деп  есептеген  немесе,  керісінше,  мүмкіндіктері  шектеулі  адамдарды  ерекше 

қабілеттері  бар  азап  шегушілерге  теңеген.  Кейінгі  көзқарасқа  сәйкес,  бұндай 

адамдарды періштелер, делқұлылар, диуаналар, басқа адамдарға бата берушілер 

деп атаған. Талдау  барысында көрсетілгені  - мүгедектікті діни үлгіде (күнәсі 

үшін  берілген  жаза  ретінде)  қарастыру  мүгедектердің  қоғамда 

оқшаулануларына  алып  келді  және  оларда  кері  әлеуметтік  сәйкестіктің 

қалыптасуына  ықпал  етті.    Мүмкіндіктері  шектеулі  адамдар  үшін  бұл  үлгі 

мейлінше ауыр болып табылады, себебі ол әлеуметтік қуғын-сүргін мен өзін-өзі 

жек көрушілік сезімін тудырады. Бүгінде бұл үлгі елдердің шынайы әлеуметтік 

 


саясатында  қолданылмайды,  дегенмен  бұл  мүгедектікті  қабылдаудың  қоғамда 

тараған бір түрі болып қалуына кедергі келтірмейді.  



III Мүгедектіктің медициналық үлгісі. Бұл үлгіге сәйкес психофизикалық 

және  интеллектуалдық  ауытқулары  бар  адам  науқас  деп  саналады. 

Мүгедектіктің  медициналық  үлгісі  мүгедектікті  медициналық  феномен  ретінде 

анықтайды  («науқас  адам», «ауыр жарақаты бар адам», «интеллектуалдық дамуы 

шектеулі  адам»  және  т.б.).  Бұл  үлгіге  сәйкес,  мүгедектік  дерт,  ауру,  патология 

ретінде  қарастырылады.   Бұл  бұндай  адамда  ақау  бар,  ол  медициналық  көмек 

көрсетуді  және  оны  емдеу  әдістерін  анықтауды  қажет  етеді  дегенді  білдіреді. 

Социумда  мүгедектікті  ауруға  теңеу  денсаулық  мүмкіндіктері  шектеулі 

адамдардың «науқастың» әлеуметтік рөлін меңгерулеріне жағдай жасады, оған 

ұзақ мерзімді күтім мен ем қажет, ал оларды медициналық мекемелерде жүзеге 

асырған  дұрыс  болады.  Мүгедектіктің  медициналық  үлгісі  медицинаның 

әлеуметтік    институт  ретінде  туындауымен  қатарлас  18  ғасырда  қалыптасты. 

Мүгедектіктің медициналық үлгісі патологиялық ауытқуларды және ақауларды, 

демек  «жарыместік»  терминдеріндегі  (Preiffer  D.A.)  [7]  адамдар  арасындағы 

тұлғалық және психикалық ерекшеліктерді қарастырады.  

Мүмкіндіктері  шектеулі  адамдарды  құзіретті  емес,  өздері  үшін  жауап 

бермейтін, жұмыс жасай алмайтын, бақылауды қажет ететін, және қоғам үшін 

қауыпты болуы мүмкін деп қарастыру,  медициналық үлгінің ерекше көзқарасы 

болып  табылды.  Бұндай  көзқарас  мүгедектердің  қалыпты  әлеуметтік 

әрекеттерге  қатысуларын  өздігінен-ақ  жоққа  шығарады,  осыған  байланысты 

ерекше медициналық орталықтар, оқшауланған арнайы интернаттар мен түзету 

мектептерін  құру  қажет  болады.  Сонымен  қатар,  олар  арнайы  әлеуметтік 

жеңілдіктерге,  жәрдемақыларға  мұқтаж,  бұлар  әдетте  олардың  материалдық 

жағдайының ең төменгі деңгейін ғана қанағаттандыра алады. Бұндай көзқарас 

мүмкіндіктері  шектеулі  адамдардың    әлеуметтік  деңгейінің  төмен  болуына 

ықпал  етіп,  олардың  жалтақтығы  мен  сенімсіздіктеріне  қатысты  әлеуметтік 

таптаурынды    күшейтті.  (Campbell  F.)  [8].  Бұл  үлгіде  мүгедектер  әлеуметтік 

саясаттың субъектілері емес объектілері ретінде қарастырылады. Медициналық 

үлгі  мүмкіндіктері  шектеулі  тұлғалармен  қамқоршыл  сипаттағы  (демек, 

қоғамның  шектеулі-  қорғаушы  позициясы)  жұмыс  жасау  әдістемесін 

анықтайды  және    емдеуді,  еңбекпен  емдеуді,  адамның  күн  көрісіне 

көмектесетін арнайы қызметтер құруды (мысалы, бала интернатта білім алған 

жағдайда немесе мүгедек адам  ұзақ уақыт бойы медициналық мекемеде еріксіз 

болған  жағдайда)  білдіреді.   Мүгедектіктері  бар  адамдар  үшін    білім  алуға, 

экономикалық өмірге қатысуға, демалуға жол жабық болып табылады.  Арнайы 

білім  беру  мекемелері,  арнайы  кәсіпорындар  мен  санаториялар  мүгедек 

адамдарды  қоғамнан  оқшаулайды,  олардың  құқықтары  кемсітіледі.  Мүгедек 

балаларға  арналған  арнайы  білім  беру  орындары  да  медициналық  үлгінің 

бейнесі  болып  табылады  –  әрбір  мұқтаж  балаға  үйден  білім  беру  мүмкіндігі 

болмағандықтан, білім беру қызметі балаларды өзіне  «тартады».  

А.Е. Думбаев пен  Т.В. Попованың ойларынша [5],  медициналық үлгіде 3 

негізгі  нысандарды  бөлуге  болады:  мүгедектіктің  классикалық  медициналық, 

 


оңалту  және  экономикалық  үлгілері.  Бұл  кезде  авторлар  оларға  келесі 

сипаттамаларды береді: 



А)  Мүгедектіктің  классикалық  медициналық  үлгісі  (немесе  «әкімшілік 

үлгі»)  патологиялық  ауытқулар  мен  ақаулар,  демек  «жарыместік» 

терминдеріндегі  адамдар  арасындағы  тұлғалық  және  психикалық 

ерекшеліктерді  қарастырады.  Тұлғаның  кейбір  қызметтерді  дендері  сау 

адамдармен  қатар  атқаруға  қабілетсіздігін  кемтарлық  деп  қарайтын 

функционалдық кемшілік анықтамасы мүгедектіктің классикалық медициналық 

үлгісінен  шығады.  Жекелегенде,  АҚШ  1975  жылғы    «Дамуларында 

кемшіліктері  бар  тұлғалардың  құқықтары  туралы»  заңында  мүгедектердің 

функционалдық  кемшіліктері  адам  қызметінің  үш  немесе  одан  да  көп 

салаларында  байқалуы  мүмкін  делінген:  өзіне  күтім  жасай  алмау,  қарым-

қатынастағы  шектеулер,  оқудағы,  жүріп-тұрудағы,  өзін-өзі  бақылаудағы 

шектеулер, кемтарлығына байланысты экономикалық жалтақтық, тәуелсіз өмір 

сүру мүмкіндігінің болмауы және басқалар. 

Мүгедектікке  байланысты,  әлеуметтік  мәселелерді  қосқандағы,    барлық 

мәселелердің  адам  ағзасының  функционалдық  ерекшеліктері  терминдерінде 

сипатталуына мүгедектіктің медициналық үлгісі ықпал етті. Осы үлгіге сәйкес, 

мүмкіндіктері  шектеулі  адамның  қоғамның  толыққанды  мүшесі  бола  алмауы  

оның  бойындағы  кемтарлықтың  тікелей  салдары  деп  қарастырылды. 

Медициналық  үлгіде  мүгедектердің  барлық  мәселелерін  шешу,  олардың 

ағзасындағы  «жетіспеушіліктері»  үшін  бар  күшті  мүгедектерге  деген  түрлі 

өтемақыларға  шоғырландыруға  сайып  келеді.  Олар  үшін  әдейі    оқшауланып 

жасалған  арнайы  интернаттар  мен  түзету  мектептерінің  желілері  құрылды. 

Бұндай  көзқарас  мүмкіндіктері  шектеулі  адамдардың    әлеуметтік  деңгейінің 

төмен болуына ықпал етіп, олардың жалтақтығы мен сенімсіздіктеріне қатысты 

әлеуметтік  таптаурынды    күшейтті.    Мүгедектер  әлеуметтік  саясаттың 

субъектісі  емес,  объектісі  ретінде  қарастырылды.  Медициналық  үлгінің 

идеологиясы  заңға,  әлеуметтік  саясатқа  және  әлеуметтік  қызмет  көрсетуді 

ұйымдастыруға  күні  бүгінге  дейін  белгілі  әсерін  тигізіп  отырғанын  атап  өту 

қажет.    

Б)  Мүгедектіктің  оңалту  үлгісі  (функционалдық  шектеу  үлгісі).  Оңалту 

үлгісі  мүмкіндіктері  шектеулі  адамның  басты  мәселесін  емдеу  мен  оңалтуды 

қажет  ететін  науқастың  бойындағы  «қалыпсыз»  денесі  немесе  жүйкесі  деп 

қарайды.  Емдеу  мен  оңалтудың  мақсаты  –  пайда  болған  функционалдық 

бұзылуды  жою  немесе  өтеу.  Еңбекпен  қамту  қызыметі  және  мемлекеттік 

қызмет  сияқты  әлеуметтік  институттар,  ең  алдымен  дені  сау  адамдардың 

қажеттіліктері  үшін  жасалған  деп  ойлауға  болады.    Мүмкіндіктері  шектеулі 

адамдар  үшін  қалыпты  жұмыс  жасаудың  өзі  мүлдем  қолжетімсіз  болып 

саналды.    Қоғам,  бұл  институттарды  барлық  адамдардың  қажеттіліктеріне 

қарай  бейімдеудің  орнына,  мүгедектерді  арнайы  жасалған  қатарлас  кеңістікке 

оқшаулай  отырып,  басқа  жолмен  жүріп  келеді.    Бұл  қатарлас  кеңістіктегі 

мүмкіндіктері  шектеулі  адамдар  –  көбіне  жұмыс  жасамайтын  зейнеткерлер, 

немесе  мүгедектерге арналған ақшасы аз, әрі мәртебесі төмен  болып келетін 

 



шеттетілген  «арнайы»  жұмыс  орнындағылар.  Оңалту  үлгісінің  түп  негізі  – 

мүгедекті  социумға  бейімдеу,  ыңғайландыру,  ал  социумды  мүгедектің 

мүддесіне  қарай  өзгерту  және  оның  әлеуметтік  дәрежесін  көтеру  міндеті 

қарастырылмайды.  Мүгедектіктің  медициналық  және  оңалту  үлгілерінің 

араларында  ағайындық  байланыс  барын  айта  кеткен  жөн.  Көптеген 

зерттеушілер,  мүгедектіктің  медициналық  үлгісі  туралы  айтқанда,  бұл  екі 

үлгінің аралас сипаттарын меңзейді.  

В)  Мүгедектіктің  экономикалық  үлгісі  қоғамның  түрлі  топтарының 

арасында    табысты  қайта  бөлуді  білдіреді,  бұнда  әдіснамалық  негіз  ретінде 

мүгедектіктің  медициналық  анықтамасы  қабылданады.    Мүмкіндіктері 

шектеулі  тұлғалар  кемтарлар  немесе  жүйке  аурулары  барлар  ретінде 

қарастырылатындықтан,  олар  дендері сау  адамдарға  қарағанда  аз  жүктемемен 

жұмыс жасай алады немесе жұмыс жасауға тіптен қабілетсіз деген қорытынды 

шығады.    Сонымен,  бұл  «кемтар»  тұлғалар  нәтижесіз  және  экономикалық 

жағынан жарымжан. Олар өздерін қамтамасыз ету үшін қажетті мөлшерде қор 

жасай  алмайды  және,  сондықтан,  қоғам  үшін  масыл  болады.  Мүгедектіктің 

экономикалық 

үлгісінің 

әсерін 


әлеуметтік 

саясаттың 

ұлттық 

тұжырымдамаларының  келесі  мысалдарынан  анық  байқауға  болады  -   



мүгедектікті  еңбекке  жарамсыздық  деп  анықталып,  мүгедектердің  еңбекпен 

қамтылуларына  шектеулер  енгізу.  Егер  мүгедек  адам  еңбек  өнімділігінің 

ережелерін  орындауға  қабілетті  болса,  оның  денсаулығында  тұрақты 

ауытқулардың  болуына  қарамастан,  заңды  түрде  оның  мүгедектігін  «алып» 

тастауға болады.  

IV. Мүгедектіктің әлеуметтік үлгісі. 

  70-


ші жылдары Скандинавияда  "медициналық үлгінің" баламасы ретінде  

"қалпына  келтіру"    түсінігі  пайда  болды.  Қалпына  келтіру  тұжырымдамасы 

дамуында  ерекшеліктері  бар  бала  туралы  келешегі  кең,    жаңа  түсінік  енгізді 

және баланы өзі өмір сүретін қоғамда қабылданған мәдени ережелер рухында 

тәрбиелеуге  ерекше  көңіл  аударды.  Бұл  түсінік  АҚШ  мен  Канадада 

қабылданды және бұдан бұрын қоғамнан тыс қалғандардың мәдени өмірлерін 

қалыптастырудағы  катализатор  болды.  Дамуларында  ерекшеліктері  бар 

балалардың  дамуы  қалыпты  қатарларының  ортасына  кірігу  үдерісі  осы 

кезеңмен байланысты. Бұл мәтіндегі бірігу, әдетте, адамнан басым мәдениетке 

тән  ережелерді  қабылдап,  өз  іс-әрекеттерінде  сол  ережелерді  ұстануды  талап 

ететін,  үндесу,  ұқсау  үдерісі  ретінде  қарастырылды.    "Қалпына  келтіру" 

түсінігінің  негізінде  келесі  ережелер  жатты:  мүмкіндігі  шектеулі  бала  –  бұл 

түрлі  қызметтерді  игеруге  қабілетті,  дамып  келе  жатқан  адам.  Демек,  қоғам 

бұны  мойындауы  керек    және  қалыпты  жағдайға  мейлінше  жақын  келетін 

жағдай жасауы тиісті.  

Мүгедектіктің  әлеуметтік  үлгісінің  одан  әрі  дамуы  мәселені  нормативтік 

құжаттарда  көрсетілген  аурулар,  ауытқулар  мен  патологиялардың  шектеулі  

тізімдерін қарастыру арқылы емес,  әлеуметтік қызмет жасау қабілетінің болуы 

мен оны жоғалту дәрежесіне қарай жүзеге асырды.  Сәйкесінше, мүгедектікке 

байланысты  мәселелерді  шешу,  ең  алдымен  функционалдық  ауытқулары  бар 

 


тұлғаларға  көмек  көрсету,    кешенді  және  арнайы    әлеуметтік  қызмет  көрсету 

мекемелер  жүйесін  құру  арқылы  жүзеге  асыруды  білдіреді,  Тіршілік  әрекетін 

шектеудің  әлеуметтік  үлгісі  бұл  сұраққа  әлеуметтік  мәселе  ретінде  және,  ең 

бастысы,  жеке  тұлғаны  қоғамға  толық  кіріктіру  мәселесі  ретінде  қарайды. 

Әлеуметтік үлгіге сәйкес тіршілік әрекетін шектеу саяси мағынаға ие болады. 

Әлеуметтік  үлгінің  авторлығы  (кейде  оны  “интерактивті  үлгі”,  немесе 

“әрекеттесу  үлгісі”  деп  те  атайды)  негізінен  мүмкіндіктері  шектеулі 

адамдардың  өздеріне  жатады.      1976  жылы    "Дене  ақаулары  бар  адамдардың 

оқшаулауға қарсы бірлестігі" (UPIAS – Union of the Physically Impaired Against 

Segregation) атты ұйымы Пол Хаттың айтқан ойларын одан әрі дамытты. UPIAS 

мүгедектікке  өз  анықтамасын  берді.  Нақты  айтқанда:  «Мүгедектік  –  бұл  дене 

ақаулары  бар  адамдарға  аз  көңіл  бөлетін  немесе  тіптен  көңіл  бөлмейтін 

қазырғы әлеуметтік құрылыммен жасалып отырған белсенділікті шектеу немесе 

оған кедергі келтіру, және сөйтіп оларды қоғамның негізгі әлеуметтік өмірінен 

шығарып тастау». Әлеуметтік үлгінің дамуындағы бұл сатыны мүгедектіктің ең 

алғаш рет қоғамның әлеуметтік құрылымымен мүгедектерге қатысты құрылып 

отырған  шектеулері  ретінде  сипатталуымен  байланыстыруға  болады.  Бұл  үлгі 

ошағында  жеке  адамның  және  оны  қоршаған  ортаның  арасындағы  байланыс 

бар.  Басқаша  айтқанда,  шектеулі  мүмкіндіктер  мәселесі  қоғам  ішіндегі 

әлеуметтік  және  экономикалық  қысым  көрудің  нәтижесі,  сондықтан 

мүмкіндіктері  шектеулі  адамдарды,  «дұрыс  емес»  адамдар  деп  емес,    жапа 

шегушілер деп қарауға болады. [5].   

Әлеуметтік  үлгінің  маңыздылығы  сол,  ол  іс-әрекетке  қабілетсіздіктің 

себептерін қолайсыз архитектуралық ортадан, жетілдірілмеген заңдардан және 

басқалардан  көреді.   Әлеуметтік  үлгіге  сәйкес,  мүгедектігі  бар  адам  қоғамдық 

қатынастардың тең құқықты субъектісі болуы тиіс, қоғам, оның ерекше талаптарын 

ескере отырып, оған тең құқықтар, тең мүмкіндіктер, тең жауапкешілік пен еркін 

таңдау беруі керек. Бұл кезде мүгедектігі бар адам дендері сау адамдардың әлеміне 

икемделуге мәжбүр болмай, қоғамға өзінің жеке талаптарымен кіру мүмкіндігіне ие 

болуы  керек.  Мүгедектіктің  әлеуметтік  үлгісі  мүгедектікті  жеке  тұлға  өмірінің 

қалыпты  бір  қыры  деп  анықтай  отырып,  ақаулардың  және  физиологиялық 

айырмашылықтардың  болуын  жоққа  шығармайды  және  әлеуметтік  кемсітуді 

мүгедектікке  байланысты  ең  басты  мәселе  деп  қарайды.  Сонымен,  мүгедектікті 

әлеуметтік теңсіздіктің бір түрі деп қарауға болады. Біздер қарастырып отырған 

топтаманың  авторлары    (А.Е.  Думбаев  және  Т.В.  Попова  [5])  сан  алуан 

әлеуметтік үлгілердің арасынан келесілерді бөлуге болатынын айтады: 

А) Материалистік үлгі 

Б) Тәуелсіз өмір сүру үлгісі 

В) Нandicap үлгісі (тұжырымдамасы) 

Г) Азшылдық тұжырымдамасы 

Д) Психоәлеуметтік үлгі 

Е) Мүгедектіктің мәдени үлгісі 

Ж) Адам әртүрлілігінің үлгісі. 

10 


 

Бұл  кезде  авторлар  мүгедектіктің  британдық  үлгілері  деп  аталатын  түрі 

мүгедектіктің  әлемдік  тәжірибесінде  кеңінен  тарағанын  айтады,    олар  бір-

бірінен  қоғамдық  құрылымның  өзгеруі  және  әлеуметтік  қанаудан  босау 

стратегиясына көзқарас сияқты маңызды өлшемдер арқылы айрықшаланды.  



А)  Британдық  материалистік  үлгі  мүгедектіктің  әлеуметтік  үлгісін 

білдіреді,  ол  К.  Маркстің  ілімінен  шығады,    және  әдіснамалық  негіз  ретінде 

марксистік  социология  мен  марксистік  саяси  экономиканы  қолданды. 

Мүгедектіктің  материалистік    үлгісі  алғаш  рет  Ұлыбританияда  ашылды  және 

мүгедектердің  британдық  әлеуметтік  қозғалысының  «ұлы  ойы»  аталды.  

Мүгедектіктің  материалистік    үлгісінің  бірнеше  маңызды  элементтері  бар:  ол 

мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қаналушы әлеуметтік топ деп жариялайды; 

адамдардың  бойларында бар  жарақаттарға,  және  оларға  қатысты  қанаушылық 

арасына  айырмашылық  жасайды;  мүгедектікті  (бұл  өте  маңызды) 

мүгедектердің бастарына берілген әлеуметтік қанаушылық деп анықтайды. Бұл 

үлгіде  қоғам,  өзінің  әлеуметтік  институттарымен  қоса,  денсаулықтары  төмен 

адамдардан мүгедектер жасайтын қоғам ретінде көрсетіледі. Еңбек нарығында 

және  еңбекпен  қамтудың  әлеуметтік  ұйымдарында  әрекет  ету  арқылы 

«мүгедектік»  санатын  өндірудегі  маңызды  рөл  экономикаға  тиесілі. 

Капиталистік  өндірістің  басты  мақсаты  табыс  табу  болғандықтан, 

денсаулықтары нашар адамдардың баяу және өнімсіз жұмыс жасаулары оларды 

қызықтырмайды, жеңілі оларды мүгедек деп тану. 

Б)  Тәуелсіз  өмірдің  британдық  үлгісі      мүмкіндіктері  шектеулі  адамдар 

үшін  құрылған  арнайы  интернаттар  желісін  қысқартуға,  және  мүгедектерге 

тікелей  тұрғылықты  жерлерінде  қызмет  көрсету  мен  қолдау  жасаудың  сан 

алуан түрлерін дамытуға ресми бағыт алды – басында Скандинавия елдерінде, 

кейінен  Ұлыбритания  мен  АҚШ-да.    Бұл  үлгіге  өзіне-өзі  көмек  көрсетуді 

дамыту кіреді, ал ол тәуелсіз өмір сүру идеологиясымен үндеседі.  Қоғамның 

инфроқұрылымына әлеуметтік қызметтер жүйесі енгізіліп, мүгедектігі бар адам 

оған өзінің шектеулі мүмкіндіктерін жүктей алатын болса, бұл оның өз бетінше 

шешімдер  қабылдайтын  және  өз  іс-әрекеттеріне  жауап  беретін,  қоғамның  тең 

құқықты мүшесі болуына мүмкіндік берген болар еді.  

Мүмкіндіктері  шектеулі  тұлғалардың  қалыпты  өмір  сүру  жағдайы 

дегеніміз – бұл олардың өз баспаналарының болуы, білімі, жұмысы, демалысы, 

қаражаты, түрлі әлеуметтік игіліктерді пайдалану мүмкіндігі, өзіне-өзі қызмет 

көрсету  және  қарым-қатынас  жасау  дағдылары.  Дегенмен,  өзіне-  өзі 

көмектесуге, жақын туысқандарына және жергілікті қоғамдасатықтарға сүйену, 

бір жағынан, мұқтаждарды күтудің дәстүрлі түрлеріне қайта оралуды білдіреді.   

Мүгедектіктің бұл үлгісіне қарсы жақ келесілерді атайды: біріншіден, қалпына 

келтіру 


теориясы 

капиталистік 

қоғамда 

мүгедектердің 

неге 

қаналатындықтарына  және  кемсітілетіндіктеріне  қанағаттанарлық  түсініктеме 



ұсынбайды; екіншіден, бұл үлгіде  кемсітуден босаудың дәлме-дәл, жан-жақты 

қамтитын  стратегиясы  берілмеген,  «тәуелсіз  өмір  сүрудің»  тек  жекелеген 

тактикалары  ғана  бар;  үшіншіден,  қалыпты/қалыпсыз  анықтамаларында 

екіұштылық  байқалады,    ол  қоғамда  жасанды  түрде  жасалған,  сондықтан 

11 

 


мүмкіндіктері  шектеулі  тұлғалардың  жағдайларын  бағалауда  қолданылмауы 

тиіс. 


В)  Нandicap үлгісі(тұжырымдамасы) 

70-


ші  жылдары  еуропалық  зерттеушілер  «мүгедек»  терминінен  бас 

тартады. Мүгедек  сөзі біртіндеп  қолданыстан  шығады,  себебі ол  «жарамсыз», 

«қатардан  шыққан»  дегенді  білдіреді  және  оның  орнына  англосаксондық 

«Нandicap» (hand in cap) сөзі келеді, оның тура аударғандағы мағанасы «қалпақ 

ішіндегі  қол».  Наndicap  –  бұл  айналаларында  ойын  құралдары  жоқ  кезде  бос 

уақыттарын  ұйымдастыруға  тырысқан  ересек  адамдардың  байқаусызда  ойлап 

тапқан  ойыны.  Ойынға  қатысушылар  белгілі  қимылдарды  байлаулы 

қолдарымен  жасайды.  Бұл  кедергі  ойыншылардың  мүмкіндіктерін  шектейді, 

бұл  оларға  өздерінің  осы  уақытша  жағдайларын  мүгедектердің  қайтымсыз 

жағдайымен  салыстыруға  және  мүгедектердің,  көпшілік  адамдарға  қарағанда, 

әлеуметтік қолайсыз жағдайда екендіктерін түсінуге мүмкіндік берді.    

Бұл  тұжырымдаманың  авторы  (Ф.  Вуд)  өз  үлгісін  қарапайым  постулатқа 

құрды:  «Еркін  әрекет  етуге  мүмкіндік  бермейтін  кедергілер,  шектеулер  пайда 

болған  жағдайда,  кез-келген  адам  мүгедек  болады,  соның  нәтижесінде  ол 

әлеуметтік қолайсыз жағдайға кезігеді». Бақытсыз жағдай, ауру  және басқа да 

себептер ағза қызметтерінің жетіспеушіліктерін тудыруға қабілетті  (Наndicap 

патологиялық  қыры)  органикалық  ақауларға  әкелулері  мүмкін,  ал  бұл 

әлеуметтік  қолайсыздықтың,  тиімсіз  жағдайдың  (ахуалдық  қыр)  себебі  болып 

табылады. Наndicap бір мезгілде философиялық, әлеуметтік және медициналық 

тұжырымдама болып табылады, соған сәйкес әлеуметтену ешуақытта қоғамнан 

тыс  жүрмейді.  Тек  қоғамда  болғанда    ғана  «қалыпқа»    ұқсауға,  оған 

ыңғайлануға  болады.  Пандустар,  дәретханалар  салу,  жеделсатылар  орнату, 

соқыр жүргіншілерге  арналған  бағдаршамдар орнату,  Брайль  әліппесін  тарату 

және басқалар сияқты «әлеуметтік протездеу» деп аталатын  шараларды жасап, 

тосқауылдарды  алып  тастағанда,    қоғам,  мемлекет  атынан,    мүгедектердің 

мүмкіндіктерін кеңейтеді және жетіспеушілікті жояды.  



Г)  Азшылдық  тұжырымдамасы  соңғы    кезде  кеңінен  таралуда.  Бұл 

тұжырымдамаға сәйкес, мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік азшылық (minority) 

ретінде  қаралады,  олардың  құқықтары  мен  еркіндіктеріне  сыртқы  шектеулер 

арқылы    қысым  жасалады:  архитектуралық  ортаның  қолжетімсіздігі,  қарым-

қатынастың  тапшылығы,  қоғамдық  өмірдің  түрлі  салаларына,  ақпараттар  мен 

қарым-қатынас  құралдарына,  мәдениет  пен  спортқа  қатысудың  шектеулілігі. 

Бұл үлгі мүгедектік мәселелерін шешуде келесі шараларды ұсынады: қоғамдық 

өмірдің барлық салаларына қатысуға мүгедек адамның тең  құқығы заңды түрде 

бекітілуі,  адам  өмірінің  барлық  саласындағы  ережелер  мен  тәртіптерді 

стандарттау  арқылы  жүзеге  асуы  және  әлеуметтік  құрылыммен  жасалған  тең 

мүмкіндіктермен  қамтамасыз  етілуі  тиіс.  Мүгедектіктің  бұл  үлгісі  қоғамды 

мүгедектердің  ерекше  құқықтарын  қорғауға  бағыттайды,  бұндай  қарым-

қатынас  ерекше  мұқтаждығы  бар    әрбір  жекелеген  әлеуметтік  топқа  да 

кепілденуі тиіс. 

12 

 


Қысым  көруші  азшылық  ретіндегі  мүгедектік  үлгісінде  үш  негізгі  ереже 

бар: 


мүгедектер тап болатын көптеген мәселелердің көзі, ең алдымен, әлеуметтік 

жағдайлардың салдары болып табылады; 

қоршаған  ортаның  көптеген  қажетті  жағдайлары  қоғам  және  дұрыс  саясат 



арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін; 

ең  соңында,    демократиялық  қоғамда  саясат  қоғамның  мүгедектерге  деген 



қарым-қатынасын көрсетіп қана қоймай, оларға деген дұрыс қарым-қатынастың 

қалыптасуына ықпал етуі тиіс. 

Сондықтан,  мүгедектік  мәселесі  іштен  емес,  сырттан  шешілуі  керек, 

«мақсаты  клиникалық  шаралардан  гөрі  теңдік  пен  еркіндіктің  құқықтық 

стандарттарын  енгізу  болатын  медициналық  емес,  саяси  іс  болуы  тиіс» 

(Hahn)[9].  



Д)  Психоәлеуметтік  үлгі  ғылыми  қоғамдастықта  кең  қолдау  тапты  және 

әдіснамалық  негізге  айналды,  оның  негізінде  мүгедектіктің  американдық 

көптеген    үлгілері  дамыды:  қысым  көруші  азшыл  топ  ретіндегі  мүгедектіктің 

әлеуметтік- саяси үлгісі, мүгедектіктің мәдени үлгісі, адам әртүрлілігінің үлгісі. 

Мүмкіндігі  шектеулі  кез-келген  адам,  бұл  үлгіге  сәйкес,      «белгіленген», 

«таңбаланған».  «Таңба»  түсінігінің  көмегімен  «қалыпты»  және  «таңбалы» 

(бұған  мүмкіндіктері  шектеулі  адамдарды  да  жатқызуға  болады)  адамдар 

арасындағы  әрекет  ету  сипаттамасы  қарастырылады.  Дені  сау  және  мүгедек, 

демек «қалыпты» және «қалыпсыз»,  арасындағы шекара әлеуметтік құрылым 

болып  табылады.  Сондықтан  «қалыпты»  түсінігіне  мүмкіндіктері  шектеулі 

адамдарды да енгізе отырып, оны кеңейту және қоғамдық санада мүгедектіктің 

оң бейнесін қалыптастыру қажет. [10]. 



Е)  Мүгедектіктің  мәдени  үлгісі  өткен  ғасырдың  90-шы  жылдарының 

екінші жартысында біртіндеп қалыптасады және оның негізінде мүгедектердің 

өз  маңыздылықтарын  сезінулері  жатыр.    Мүгедектіктің  мәдени  үлгісінің 

айналасындағы  айтыстар  -  әлеуметтік  сәйкестік  адамдарды  қалай 

жақындастырады,  мүгедектердің  мәдениеті  мен  өнері  мүмкіндіктері  шектеулі 

адамдарға қоғамда  абырой жинауға қалайша мүмкіндік береді -деген сұрақтар 

туралы болуда. Мүгедектік мәдениетін дамыту мүгедектіктің ерекше бірегейлік 

және топтық сәйкестігін беретінін көрсетеді. Мүгедектік мәдениеті ұжым, топ, 

ұйым  мүшесі  болу  мақтанышын  тудырады,  әртүрлі  мүгедектерді  біріктіреді, 

олардың  қоғамдық  ұстанымдарын  нығайтады.    Бұл  талпыныс  американдық 

мүгедектер  құқығын  қорғау  қозғалысының  қазырғы  заманғы  үш  ұранында 

мейлінше  толық  берілген,  олар  мүгедектердің  дүниежүзілік  әлеуметтік 

қозғалысымен  басшылыққа  алынған:  «Біз  туралы  бізсіз  ешнәрсе!»,  «Өз 

ерекшеліктеріңді дәріптеңдер!», «Мен мүгедекпін, бірақ менің намысым бар!».  



Ж) Адам әртүрлілігінің үлгісі, бұған сәйкес, мүгедек – бұл көп қырлы жеке 

тұлға,  оның  мүгедектігі  адамға  тән  көптеген  ерекшеліктердің  бір  қыры  ғана. 

Бұндай көзқараспен мүгедектік – бұл, шындығында, адамның қалыпты жағдайы 

(Garland-Thomson  R.

)[11].  Бұл  көзқарас  өзінің  заңды  көрінісін  де  тапты, 

мысалы,  АҚШ-ның  мүгедектер  туралы  заңында  және  1993  жылғы  құқықтық 

13 

 


әрекеттер  туралы  Биллде  айтылған:  «Мүгедектік  адам  тәжірибесінің  табиғи 

бөлігі  болып  табылады...».  Мүгедектіктің  бұл  алдыңғы  қатарлы  үлгілері 

мүгедектіктері  бар  адамдарды  қоғам  өміріне  араласушылар  және  оған  өз 

үлестерін  қосушылар  ретінде  сипаттайды.  Қоғамның  физикалық,  әлеуметтік, 

өндірістік ортаны мүгедектерге қолайлы етуге дәрменсіздігі және оның қандай 

да бір ерекшеліктері бар адамдарға (мүгедектерге) деген қарым-қатынасы – бұл 

тұжырымдамалардың негізгі тұстары. 

V.  Мүгедектіктің  «ең  жаңа»  парадигмасы  мүгедектік  түсінігін  жоққа 

шығарады.  А.Е.  Думбаев  пен  Т.В.  Попова  [5]  ғылыми  қауымдастықта  таяу 

арадан бері келесілер туралы пікірталастар басталғанын айтады: мүгедектіктің 

«жаңа»,  дәстүрліден  кейінгі,  әлеуметтік  парадигмасы  ретіндегі  мүгедектіктің 

әлеуметтік  үлгісінің  қазырғы  нұсқалары  –  бұл  кешегі  күннің    идеологиясы. 

Мүгедектікті  қарастырудың  жаңа  парадигмаларына  мүгедектікті  қолы  бостық 

ретінде  қарау  үлгісі  кіреді.  Бұл  үлгі  аясында  болашақта  «мүгедектік»  түсінігі 

жойылуы  және  мүмкіндіктері  шектеулі  адамдар  мағынасы  жағынан 

жұмыссыздармен  біріктірілуі  мүмкін.    Егер  қоғам  алдында  айтылған 

шетеулерді  жойған  жағдайда  бұл  мүмкін  болады,  бірақ  қоғамда  барлық 

мүгедектерді жұмыспен қамтуға жағдай болмайды. Бұл кезде мүгедектердің бір 

бөлігі,  нақтылы  еңбекке  жарамсыздары  немесе  жұмыссыздары  ғана 

тұрғындардың басқаларынан өзгеше деп саналып, басқа жұмыссыздармен қатар 

бір қаржы көзінен жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алады.  «Жұмыссыздық» 

түсінігінің  мейлінше  кең  және  ерекше  түсіндірмесі  пайда  болады  –  ол 

жұмыспен қамтылудың болмауы негізінде мүгедектер мен дені сау адамдардың 

жаңа мағыналық жағынан ғажайып біріктірілуі және «жұмыссыздықтың» жаңа 

мағынаға  ие  болуы.  Жұмыс  жасайтын  мүмкіндіктері  шектеулі  тұлғалардың, 

қоғамның  оларға  көзқарасы  жағынан,  басқалардан  ешқандай  да 

айырмашылықтары болмайды. 

Мүмкіндіктері  шектеулі  тұлғаларға  қоғамдық  қарым-қатынастың  түрлі 

үлгілерін  талдауды  қорыта  келе,  отандық  авторлар  А.Е.  Думбаев  пен  Т.В. 

Попова  келесі  қорытынды  жасайд:  діни,  медициналық,  оңалту  және 

экономикалық  үлгілер  берілген  тұлғаның  бір  жерінде  кемістігі  бар,  кемістігі 

шектеулі  немесе  тіптен  жоқ  дегенге  сүйенеді.  Сонымен,  діни  үлгі  моральдық 

негіз  бойынша  («құдайдың  қарғысына  қалған»)  мүгедек  адам  қоғамға 

бейімделуге  қабілетсіз  дегенге  көп  көңіл  бөледі,  классикалық  медициналық  – 

денінің сау еместігіне, экономикалық – экономикалық еңбекке қабілетсіздікке,  

функционалдық  шектеулілік  үлгісі  (оңалту)  –сөздің  кең  мағынасындағы 

қабілетсіздікке.    Осыған  байланысты,  мүгедектіктің  бұл  үлгілерін    мүгедектік 

түсінігінің  өзін  және  оған  әлеуметтік  қарым-қатынасты  анықтаумен  қатар, 

мүгедектік саласындағы әлеуметтік саясаттың ұлттық тұжырымдамасын құруға 

ықпал  еткен    мүгедектіктің  «көне»  парадигмасына  жатқызуға  болады.  Бұл 

тұжырымдамалар  мүгедектерді  социумға  толыққанды  енгізуге  тырыспайды, 

олар  үшін жеке әлеуметтік орындар жасауға бағытталады, ал бұл, өз кезегінде, 

қоғамдағы дені сау адамдар мен мүгедектер арасында қарым-қатынас жасауға 

тосқауыл  құруға,  мүгедектердің  әлеуметтік-кәсіби  енжар  тәртібін 

14 


 

ынталандыруға  және  еңбек  нарығында  олардың  дәрежелерінің  төмендеуіне 

алып  келді.  Осы  үлгілер  негізінде  құрылған  мүгедектік  саясаты  мүгедектікті 

«медициналық»  жағына  теңестіреді.  Әлеуметтік  үлгіні  бекіту  қоғамда 

мүгедектікті  ауру  және  еңбекке  жарамсыздық  деп  қарауды  жояды  және 

социумның  үйлесімдік  табуына  ықпал  етеді  деп  көрсетіледі.  Сонымен  бірге, 

бұл  мемлекеттік  саясаттың  жүйелі  іс-шараларын  талап  ететін  ұзақ  үдеріс.  

Қазырғы  кезде  мүгедектіктің  әлеуметтік  үлгісі  мүгедектердің  мәселелерін 

олардың  бұзылған  әлеуметтік  байланыстарын  қалпына  келтіру  қырынан 

қарастыратын  бір  қатар  халықаралық  құжаттарда  белгіленген.  Мүгедектерге 

медициналық көмек көрсетумен қатар, тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету және 

қоғамда жалпыға бірдей қолжетімді орта құру маңызды рөлге ие болып келеді.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



15 

 


2  


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет