Казақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет11/19
Дата20.06.2018
өлшемі1,58 Mb.
#43701
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19

Қолданылуы: Бес валентті ванадий қосылыстары күкірт қышқылын өндіруде қымбат платинаның орнына катализатор ретінде жұмсалады. Ванадийдің басқа қосылыстары – резина, шыны, керамика, бояу, фото материалдар өнеркәсіптерінде және медицинада қолданылады.

Ванадий көбіне болатқа қосылатын болғандықтан, оны көбінесе темірмен аралас құйма – ф е р р о в а н а д и й (20 – 25%) түрінде өндіреді. 0,1 – 0,25% ванадий қосылса, ондай болат берік, серпімді, үзілмейтін, қажалмайтын болады; ол көбінсе автомашиналар өндірісіне мотор, цилиндр, рессор, ось жасауға жұмсалады. Алюминий құймаларына араластырса, олардың қаттылығы, өңдеуге икемділігі, теңіз суына щыдымдылығы (гидроұшақ, глиссер қайық) артады.

Ванадийлі болат өте берік болғандықтан одан жасаған конструкциялардың салмағын 30% кемітуге болады. Мысалы, темір жол вагонын алса, оның салмағын 2,5 – 3 тоннаға кемітуге болады, сонда үлкен үнем болады.

Тез кесетін аспаптар жасайтын болатқа да ванадийді қосады, ол металл өндеуді тездетеді, құралдың қызмет істейтін мерзімін ұзартады.

Ниобий мен тантал коррозияға ерекше тұрақты, тіпті платинадан да артық. Өздері платинадан көп арзан болғандықтан химиялық ыдыс, химиялық аппаратардың негізгі бөлімдерін жасауда платинаны ығыстырып шығарып келе жатыр. Бұл металдардың балқу температуралары өте жоғары болғанымен, қыздырылмаған күйде оларды механикалық өндеу, жаю (прокат), созу, соғу оңай. Ниобий мен танталдың карбидтері, аса қатты зат ретінде, кесуші – тілуші құралдардың өткір ұшын жасауға таптырмайтын заттар. Ұзақ қыздыруға, үлкен қысымға шыдамды, сондықтан турбинаға, реактивті ұшақтарға керекті құймаларға қосылады. Тантал хирургияда сынған сүйектерді біріктіруге жұмсалады.
Қайталауға және өздік бақылауға арналған сұрақтар :

1. Металдарды өндірісте алғанда жүретін процестер;

2. Бұл үш металдың бейметалдармен қосылыстары, қасиеттері;

3. Оксидтері,гидроксидтері, қасиеттері;

4. Тұздары, қасиеттері, гидролиз теңдеулері;

5. Қолданылуы


Титан тобы элементтері , алу, қасиеттері, қолданылуы. ІVB топша элементтерінің физикалық және химиялық қасиеттері. Оксидтері, гидроксидтері, амфотерлі қасиеттері
Титан тобына т и т а н, ц и р к о н и й, г а ф н и й және к у р ч а т о в и й элементтері жатады; олардың жалпы сипаттамасы: толық электрондық аналогтар, валентті электрондары – (n – 1)d2ns2, d- және s- электрондары арқылы байланыс түзеді, сонымен бірге толтырылмаған орбитальдары арқылы олар донорлы-акцепторлық байланыста түзе алады. Олар катионды комплекстер, ацидокомплекстер түзеді. Курчатовий өте аз мөлшерде синтезделген, қосылыстары әлі аз зерттелген. Титан топшасы элементтері поливалентті: титанның +4,+3 тотығу дәрежелеріне сәйкес қосылыстары тұрақты және көп; цирконий мен гафнийде осындай қосылыстар аз, керісінше, титан топшасы элементтерінің +1,+2 тотығу дәрежелеріне сәйкес қосылыстары тұрақсыз. Цирконий мен гафний қасиеттері өте ұқсас, егіз элементтер деп те аталады. Ең сыртқы қабатта 2 ғана электрон болғандықтан, бұлардың германий топшасындағы металдарға қарағанда негіздік (металдық) қасиеттері күштірек, әрі топ бойында жоғарыдан төмен қарай күшейе түседі, мысалы Ti (OH)4 амфотерлі , ал Нf (OH)4 негіздік қасиеті басым.

Кездесуі. Бұл металдар көптен бері белгілі, жер қыртысындағы мөлшері – титан – 0,6; цирконий - 2∙10-2, гафний – 3,5∙10-4 массалық үлес,%, бірақ олар көп игерілмеген, іс жүзінде аз қолданылатын элементтер, бұлар бытыраңқы кездеседі және алу тәсілдері қиын. Титанның 70-ке жуық минералдары бар, маңыздылары: рутил TiO2 , ильменит FeTiO3 , перовскит CaTiO3. Цирконий минералдарынан өндірістік маңызы бары: баддалеит ZrO2 , циркон ZrSiO4. Гафнийдің минералы белгісіз, циркониймен бірге болады.

Алу. Өндірісте титанды металлотермиялық әдіспен алады: TiCI4 + 2Mg = Ti + 2MgCI2. Цирконий мен гафний де осылай алынады.

Олардың үшеуі де болатқа ұқсас сұр металл, механикалық өңдеуге икемді, балқу температуралары жоғары.

Кернеу қатарында бұл элементтер сутегінің алдында орналасқан. Бірақ үшеуі де ауада, суда өзгермейді, минералды қышқылдарда да ерімейді, тек НF мен ыстық Н3РО4 қышқылдарында ериді, комплексті қосылыстар түзіледі :

Э + 6НF = Н2[ЭF6] +2Н2

Бір қызығы қыздырғанда олар жай заттар ретінде әлсіз, бірақ концентрлі органикалық қышқылдармен (сірке және қымыз қышқылдырымен) әрекеттеседі, комплексті қосылыс түзеді:

Э + 3Н2С2О4 = 2Н2 + Н2[Э( С2О4)3]. Ал концентрлі HNO3 және H2SO4 титан және оның аналогтары реакцияға түспейді, себебі олардың беткі қабаттары жұқа оксид қабаттарымен жабылған, сонымен бірге азот және күкірт қышқылдары оксидті қабатты одан сайын нығыздайды, пассивтейді.

НF және Н2С2О4 қышқылдары берік ацидокомплекс түзгіш болғандықтан пассивтелген оксидті қабатты ерітеді, ал металдар ол қышқылдарда жақсы ериді, себебі кернеу қатарында сутегінің алдында тұрғандықтан:

ЭО2 + 6НF = Н2[ЭF6] +2Н2О;

ЭО2 + 3Н2С2О4 = 2Н2О+ Н2[Э( С2О4)3].

Егер бір қышқыл тотықтырғыш, бір қышқыл лиганда болатын жағдайда, қышқылдыр қоспасында бұл металдар жақсы ериді:

3Э + 4HNO3 + 18HF → 3H2[ЭF6] + 8H2O+ 4NO.

Бұл элементтерде металдық, яғни тотықсыздандырғыштық қасиеттері бар, бірақ кәдімгі жағдайда тұрақты, ең агрессивті ортаның өзінде коррозияға ұшырмайды. Балқу температураларына жеткізе қатты қыздырғанда химиялық активтігі бірден өседі. Бұл жағдайда галогендермен әрекеттесіп, т е т р а г а л о г е н и д т е р түзеді׃ TiCl4 сұйық, қалғандары қатты заттар.

Ti + 2Cl2 = TiCl4

Сілтілер ерітіндісінде титан топшасы металдары ерімейді. Тек сілтілік металдар фторидтері қатысында фторидті комплекстер түзіледі:

ЭF4 + 2MF = M2[ЭF6]. Тетрафторидтер – суда аз ериді, балқытқыш қышқылда жақсы ериді, комплекс түзіледі:

3ЭF4 + 2НF = Н2[ЭF6].

Хлоридтерді металл мен хлорды әрекеттестіріп немесе оксидтерді хлорлап (көміртек қатысында) алады. TiCl4 – түссіз, ауада түтінденетін, өткір иісті сұйық зат. Суда жақсы ериді, гидролизге ұшырайды: TiCl4 + 4H2O = Ti (OH)4 + 4HСІ – толық гидролизге ұшыраса; су аз болса, гидролиз былай жүреді:

TiCl4 + 3H2O = Н2TiO3 + 4HСІ не TiCl4 + H2O = (TiO)СІ2 + 2HСІ.

Оттекпен титан, цирконий, гафний жоғары температурада ғана диоксидтер түзеді, олар қиын балқиды ׃

2Zr + O2 = ZrO2

Титан топшасы элементері температура әсерінен күкіртпен, азотпен және көміртекпен әрекеттесіп сульфид, нитрид (MeN) және карбид (МеС) түзеді. Сонғы екеуі өте қатты (TiN – қаттылығы алмаздай) және қиын балқитын қосылыстар (> 3000о С).

Титан топшасы металдары салқын суға әсер етпейді, қайнап тұрған судан сутекті ығыстырып шығарады:

Э + 4H2O = Э(OH)4 + 2H2

Түзілген гидроксидтер металдың бетін қаптап, реакцияның ары қарай жүруіне кедергі жасайды.

Әдетте, бұл топшаға жататын элементтердің гидроксидтерін тұздарының ерітінділерін сілтімен әрекеттестіріп алады:

ЭСІ4 + 4NaOH = Э(OH)4 + 4NaCI. Гидроксидтер – кілегейленген коллоидты ерітінділер. Жалпы формуласы Э(ОН)4 болғанымен құрылысы түрліше болып келеді. Мысалы, титанның ортоқышқылы – H4TiO4 және метақышқылы – H2TiO3 бар. Гидроксидтері сілтілерде ерімейді, күшті қышқылдармен ғана әрекеттеседі, яғни негіздік қасиеті басым. Бұл қасиет топ ішінде жоғарыдан төмен қарай күшейе түседі.

Титан топшасы металдарының бетінде оксид қабаттары болатындықтан, оттекті қышқылдар металдарға әсер етпейді, тек беткі қабаты бүлінсе ғана тотығу реакциясы жүреді׃

3Ti + 4HNO3 + H2O = 3H2TiO3 + 4NO.

Ti + 4H2SO4 = Ti(SO4)2 + 2SO2 + 4H2O

Титан топшасы металдары «патша» сұйығында оңай ериді׃

3Zr + 4HNO3 + 12HCl = 3ZrCl4 + 4NO + 8H2O

Титан. Титан қазіргі техникада маңызды орын алады, оның маңызы мыс, мырыш, қорғасындардан кем емес. Титанды көбінесе металлургияда арнаулы болат, құйма жасау үшін қолданады, мысалы, 0,1% Ti қосылса, ондай болат өте қатты, серпімді болады, одан рельс, вагондардың осін, дөңгелегін жасайды. Титан араласқан металдар өте маңызды конструкционды материал болады. Титанды құймалар өте жоғары температураға ұзақ уақыт шыдамды келеді. Титан карбидінің қаттылығы алмаздай.

Титан алюминийден сәл ауыр, бірақ одан үш есе берік. Титанның адам баласына келтіретін пайдасының келешегі мол.Титанның қосылыстарынан, оның диоксиді TiO2 ақ бояу ретінде (титан әгі), отқа берік зертханалық ыдыс жасауға қолданылады.



Цирконий. Қазіргі кезде цирконий да кең қолданылатын болды. Оның коррозияға төзімділігі және нейтрондарды сіңірмейтіндігі оны атомдық реакторлар (сүңгір қайықтарда) жасауға таптырмайтын материал етті. Цирконий құймаларға араластыруға да өте керекті бағалы зат , мысалы мыс, магний, алюминийге аздап болса да цирконий араластырса, олардың беріктігі, төзімділігі бірнеше есе өсумен қабат, негізгі қасиеттері – электр өткізгіштігі (Cu мен Al), жеңілдігі (Mg мен Al) кемімейді. Цирконийдің қосылыстарынан маңыздылары – ZrО2 отқа берік , ( Тб = 2700о С), химиялық әрекетке төзімді, сондықтан отқа берік бұйымдар, мысалы тигель, балқуы қиын шыны, глазурь, эмаль жасауға қолданылады.

Цирконий карбиды ZrС титанның карбиды сияқты, алмаз орнына қолданылады.



Гафний. Гафний оксиді де цирконийдің оксиді қолданылатын жерлерде қолданылады, сонымен бірге электрон шамдарына керекті құйма жасау үшін пайдаланылады.

Қайталауға және өздік бақылауға арналған сұрақтар :

1. Титан топшасы элементтерін өндірісте алғанда жүретін процестер;

2. Титан топшасы элементтерінің бейметалдармен қосылыстары, қасиеттері;

3. Оксидтері,гидроксидтері, алу, қасиеттері;

4. Тұздары, қасиеттері, қолданылуы;

5. Комплекс қосылыстарының түзілуі теңдеулерін жазу керек.



Скандий топшасы металдары, жалпы сипаттамасы, қасиеттері, қосылыстары, қасиеттері, қолданылуы
Үшінші қосымша (III B) топтардағы металдарға – скандий, иттрий, лантан, актиний және лантаноидтар (Z=58-71) мен актиноидтар (Z=90-103) топтарындагы металдар жатады. Сонымен бұл топшада ең көп элементтер

бар – 32.

Қосымша ІІІВ топтары элементтерінен d – және f – элементтері басталады. Үлкен периодтардағы элементтердің электрондарын орналастырғанда, әрбір үлкен периодтың үшінші элементіне келгенде, оның сонғы электроны, сыртқы қабатқа емес, сырттан санағанда екінші ішкі қабаттағы d – қабатқа орналасады. Демек, скандий тобының металдарының d – қабатында бір электрон, титан тобының металдарында – екі электрон, ванадий тобының металдарында – үш электрон болады. Бұл электрондар - валенттік байланыс түзуге қатынасатын электрондар. Скандий және оның аналогтары әр қайсысы өз периодының бірінші d – элементі. Валенттілік электрондары (n-1)d1ns2, сондықтан тотығу дәрежелері +3. Активтіліктері жағынан тек сілтілік және сілтілік-жер металдарынан ғана төмен.

Кездесуі және қолданылуы. Бұл металдардың қосылыстары жиналыңқы түрде сирек кездеседі.Цирконий, гафний қосылыстарында кездеседі. Актиний уран кендерінде болады. Cкандийдің өзінің минералдары бар: ScPO4.2H2O -стереттит , Sc2Si2O7 – тортвейтит. 170-тей минералдар құрамында лантаноидтар кездеседі. Бұлардың өздері де, қосылыстары да болаттың арнайы сорттарын алуға, скандийдің кей қосылыстары (ферриттер) электроникада , лантан оксидтері оптикалық шыныларда, гадолиний, самарий, европий ядролық техникада, атомдық реакторларда, лантан және церий оксидтері катализатор ретінде, актиний, уран,плутоний, торий ядролық отын ретінде атомдық реакторларда қолданылады.

Алу. Скандий тобы элементтерін жеке алу өте қиын, себебі олар өздері кіретін кендердегі элементтермен өте ұқсас. Кендерді өңдеп болған соң олар көбінесе ЭҒ3 не ЭСІ3 күйінде болады, сосын олардың балқымаларын электролиздеп Sc, Y, La алынады. Сонымен бірге галогенидтерінен металтермиялық әдіспен алады.

Физикалық және химиялық қасиеттері. Sc және Y – ақ-сұр металдар, La және Ac - жылтыр ақ металдар. Sc және Y- жеңіл, La – ауыр металл. Скандий және лантаноидтардың химиялық активтіктері сілтілік-жер металдар активтігіне жақын.Кернеу қатарында жоғары орналасқан. Скандийдің өзі суда ерімейді, себебі беті оксид қабатпен жабылған, ал скандий топшасы элементтері – суды бөлме температурасында , кейбіреулері қыздырғанда айырады:

2Э + 6Н2О = 2 Э(ОН)3 + 3Н2 ;

Сұйытылған қышқылдарда оңай ериді, тек НF , Н3РО4 қышқылдарында ерімейді, себебі ерімейтін фторидтер мен фосфаттар түзіледі: 2Э + 6НСІ = 2ЭСІ3 + 3Н2 ;

Кей лантаноидтар сутекпен гидрид түзеді (LaH3):

2Э + 3Н2 = 2 ЭН3. Скандийдің және лантаноидтардың электртерістіктері жақын, 1,2-1,3 маңында, сондықтан көптеген бейметалдармен әрекеттеседі.

Оксидтерін металдарды ауада тотықтырып, гидроксидтерін , карбонаттарын, нитраттарын, оксалаттарын айырып алады.Скандий, иттрий оксидтері ақ түсті, балқуы қиын ұнтақтар, суда және қышқылдарда ерімейді, лантанның, актинийдің оксидтері суда ерімейді, бірақ қышқылдарда ериді.

Гидроксидтерін тұздарын сілтілерде ерітіп алады:

ЭСІ3 + 3 NaOH = Э(OH)3↓ + 3 NaCI. Гидроксидтері суда ерімейтін заттар, барлығының да негіздік қасиеттері бар, әрі ол қасиеттер топ бойынша төмен қарай күшейеді, яғни La(OH)3 күшті негіз. Sc3+, Ү3+, La3+ иондары түссіз.

Хлоридтері, нитраттары және ацетаттары оңай ериді, Sc → La бағытында негіздік қасиет күшейетіндіктен гидролизденуі де сол бағытта кемиді.

Скандий тобының металдары қосымша топта болғанымен, галлий топшасына қарағанда типтік элементтерге (B, Al), әсіресе үш валентті қосылыстарында, ұқсасырақ.



Галогенидтерін элементтерді галогендермен не металдарды, оксидтерді, гидроксидтерді галогенсутек қышқалдарымен әрекеттестіріп алады. Фторидтері қиын балқитын, суда ерімейтін қосылыстар. Хлоридтер, бромидтер, иодидтер суда жақсы ериді, гидролизге түседі, оксогалогенидтер ЭОГ түзеді: LaCI3 + H2O ↔ LaOCI + 2HCI, қасиеттері, қолданылуы;

Скандий топшасы сульфидтерін элементтерді өзара әрекеттестіріп, күкіртті сутек қышқылы мен тұздар ерітіндісін әрекеттестіріп алады:

Э + S = Э2S3 ; LaCI3 + H2S = La2S3 + 2HCI.

Оттекті қышқылдарының тұздары және комплекс қосылыстары. Скандий және лантаноидтардың нитраттары, сульфаттары, карбонаттары және фосфаттары бар: алғашқы екі тұздар суда жақсы ериді. Лантаноидтар нитраттарының ерігіштігі олардың реттік номерлері өскен сайын төмендейді де, сосын қайта өсе бастайды. Ең аз еритін нитрат Gd(NO3)3 . Cульфаттар ерігіштігі скандий топшасында жоғарыдан төмен қарай азаяды. Скандий, иттербий, лютеций тұздары гидролизге түседі, себебі олардың гидроксидтері амфотерлі.

Скандий және иттрий фторидті комплекс түзеді: K3[ЭF6]. Cонымен бірге сілтілік металдардың сульфаттарымен, нитраттарымен, карбонаттарымен қос тұздар түзеді: Me2SO4 Э2(SO4)3 .Лантаноидтар көбінесе қос тұздар түзеді.

Лантаноидтар негізінен +3 тотығу дәрежесіне сәйкес қосылыстар түзеді, бірақ церийде +4, европийде +2 тотығу дәрежесіне сәйкес қосылыстары да бар.СеО2 оттегі мен металл әрекеттесуінен түзіледі, суда ерімейді, күшті тотықтырғыш:

2СеО2 + 8НСІ = 2СеСІ3 + CI2 + Н2О.

Церий сульфаты СеО2 ыстық концентрлі күкірт қышқылында ерітіліп алынады, ол суда жақсы ериді, гидролизге ұшырайды. Церийдің негіздік нитраттары мен карбонаттары бар, перхлораттары мен ацетаттары тұрақты.

Қайталауға және өздік бақылауға арналған сұрақтар :

1. Скандий тобы элементтерін өндірісте алғанда жүретін процестер;

2. Скандий тобы элементтерінің бейметалдармен қосылыстары;

3. Оксидтері,гидроксидтері, алу, қасиеттері ;

4. Тұздары, қасиеттері, гиролиз процесі;

5.Скандий тобы элементтерінің комплексті қосылыстары.

керек, бұл элементтер өте сұйық азот қышқылындағы азоттың тотығу дәрежесін ең төменгі мәніне дейін жеткізеді. Бұл реакциялар теңдеулерін ионды-молекулалық және молекулалық түрде жазу керек.

II B топша элементтері Табиғатта кездесуі, алу .Элементтердің химиялық қасиеттері, қолданылуы. Қосылыстары, алу, қасиеттері . Комплекс қосылыстары, алу, қасиеттері

Екінші топтың қосымша топшасының элементтері Zn, Cd, Hg, олардың атомдарының электрондық конфигурациясы (n-1)d10 ns2, d-элементтерді аяқтайды, сондықтан олар басқа d-элементтерден өзгеше және тотығу дәрежелері +2 болады. Олар өзара толық электрондық аналогтар.

Сынаптың қасиетіне лантаноидты сығылу әсер етеді, сондықтан ол [Hg2]2+ радикалын түзеді,онда сынап атомдары өзара ковалентті байланыспен байланысқан – Hg – Hg – . Cынаптың бұл жағдайда тотығу дәрежесін +1 деп санайды.

Жер қыртысында Zn 8,3. 10-3%; Cd~1,3. 10-5%; Hg~ 8,3∙10-6%. Сынап бос күйінде де кездеседі. Көбінесе сульфид ретінде: ZnS - сфалерит ; ZnCO3 - галмей ; CdS - гринокит ; Zn+Cd - көбінесе бірге болады. HgS - киноварь, сульфидтер жылтыр болғандықтан оларды алдамыштар деп те атайды.

r 0,139нм 0,156нм 0,160 нм

Е0Э2+, в: -0,763 -0,403 +0,854

Тб0C 420 321,3 -38,7


Алу. Пирометаллургияда: Мырыш пен кадмийдің сульфидті кендерін жағып, ары қарай карботермия әдісімен металдарды бөліп алады: ZnS(CdS)+O2→ZnO(CdO)+SO2

оксидтерді көмірмен, көмір(ІІ) оксидімен тотықсыздандырады: ЭО+СО(С)→ Zn (Cd) + СО(СО2) - карботермия ;



Гидрометаллургияда оксидтерін сульфаттарға айналдырып, ерітінділерін электролиздеп, алады:

ZnO+H2SO4→ZnSO4+H2O CdO+H2SO4→CdSO4+H2O ; CdSO4(ZnSO4 ) электролиз → Zn (Cd), Н2 - катодта + О2-анодта бөлінеді. Сынап оксиді тұрақсыз болғандықтан, 4000С ол айрылады:

HgS +O2 → Hg + SO2 . Физикалық және химиялық қасиеттері: Cd , Zn –жұмсақ металлдар, Hg-сұйық металл, буы өте улы, сондықтан оны жабық ыдыста сақтайды, егер төгілсе, тез жинап алу керек. Кадмийдің тұздары да улы. Кадмий мен мырыш ақ жылтыр металдар, бірақ ылғал жерде оксид қабатымен жабылады. Бұл топта металдар активтігі атомдық массалары өскен сайын төмендейді. Cd , Zn кернеу қатарында сутегіге дейін орналасқан, сондықтан сұйытылған қышқылдармен әрекеттеседі:

Э + НСІ(H2SO4) →ЭSO4 (ЭСІ2) + H2.

Кадмий мен мырыш, сынаптың оксидтері мен сульфидтері элементтер өзара әрекеттесу нәтижесінде түзіледі:

Э: Cd , Zn +О2 (S)→ CdS, ZnS, ЭO. Hg +S→ HgS;

ZnО- амфотерлі; CdO, HgО- негіздік оксидтер.

Активті металдар болғандықтан Cd , Zn суда ериді, бірақ гидроксидтері ерімейтіндіктен металдардың еруі тоқтайды: Zn(ОH)2↓ pEK 11; Zn(ОH)2 - амфотерлі, Cd(OH)2 pEK 14; Hg(ОH)2 pEK 16 ерігіштік көбейтіндінділерінің көрсеткіштері ; бұл гидроксидтер тұрақсыз: Э(ОH)2 → ЭO + H2О. Zn(ОH)2↓+2NaOH→Na2[Zn(OH)4] - амфотерлі болғандықтан.

Zn + 2NaOH→Na2[Zn(OH)4] + H2 . ZnO+Na2CO3балқытып Na2ZnO2+CO2 .

Cd , Zn металдарымен күкірт қышқылы концентрациясына байланысты әрекеттеседі, қыздырған кезде SO2 , S және H2S-ке дейін тотықсызданады:



Э + 2H2SO4 →ЭSO4 +2H2О +SO2

3Э +4H2SO4 →3ЭSO4 +4H2О +S

4Э +5H2SO4 →4ЭSO4 +4H2О +H2S

Азот қышқылының сұйытылған ерітіндісінде Cd , Zn еріп, оны аммиакқа (аммоний тұзына) дейін тотықсыздандырады:



4Э + 10HNO3 = 4Э(NO3)2 + NН4 NO3 + 3H2O;

Сынаппен реакция былай жүреді:

6Hg + 8HNO3 = 3Hg2(NO3)2 + 2NO + 4H2O.

Концентрлі азот қышқылымен Cd , Zn әрекеттескенде, азот қышқылының концентрациясына байланысты N2O, NO, ал сынаппен концентрлі азот қышқылы әрекеттескенде NO2 , ал сұйытылған азот қышқылынан NO түзіледі:

Hg + 4HNO3 = Hg(NO3)2 + 2NO2 + 2H2O

Cd , Zn: галогендермен әрекеткескенде ЭГ2- түссіз (хлоридтері, бромидтері, иодидтері) түзіледі, олар кристалды заттар, суда ериді, гидролизге түседі.Олар элементтер өзара әсерлескенде түзіледі. Фторидтер аз ериді. Сынап галогенидтері: HgСІ2 – сулема (улы зат!), Hg2СІ2 – каломель. Сынаптың (I) қосылыстары жағдайға байланысты тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш болады: Hg2СІ2+СІ2 = 2HgСІ2

Hg2СІ2+SnСІ2 = 2HgСІ2+ SnCI4. Сынаптың (IІ) қосылыстары тотықтырғыш болады:

HgСІ2+SnСІ2 = Hg + SnCI4.

Бұл элементтер күкіртпен әрекеттесіп не еритін тұздары сульфидтермен әрекеттесіп сульфидтер түзеді: (Cd2+)Zn2+ +S2-→ ZnS , CdS. Сынап сульфиді оңай түзіледі. ZnS pEK 24; CdS pEK 27, сондықтан мырыш сульфиді тұз қышқылында ериді, кадмий сульфиді – ерімейді, ал HgS тек азот қышқылында ериді.

3HgS +8HNO3=3Hg(NO3)2+2NO+ 3S + 4H2O.

Э(NO3)2, ЭSO4 суда жақсы ериді, гидролизге ұшырайды. ЭCO3 тек CdCO3, ZnCO3 белгілі , суда ерімейді. HgCO3 белгісіз.

Мырыш және оның аналогтары комплексті қосылыстар түзгіш:

2KI + Hg(NO3)2 = ↓HgI2 + 2KNO3

2KI + ↓HgI2 = K2[HgI4].

Комплекс қосылыстары: [Zn(OH)4]2- pK тз 15,5; [Zn(NH3)4]2+ pKтз 9,46;

[Cd(NH3)4]2+ pK тз 7,12 ; [Hg(NH3)4]2+ pKтз 19,28 .

Бұл элементтерге тән комплексті қосылыстардың тұрақтылығы артады.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет