Казақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар



бет19/19
Дата20.06.2018
өлшемі1,58 Mb.
#43701
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:

1.Гальвани элементі мен стандартты сутек электрод схемаларын көрсетіп, қалай жұмыс істейтінін түсіндіріңдер.

2.Гальвани элементі жұмыс істеу үшін қандай реакциялар қолданылады?

3.Металл электродтарының потенциалына қандай факторлар әсер етеді?

4.Гальвани элементтерінің э.қ.к. қалай өлшенеді?

5.Концентрациялық гальвани элементі қалай жасалады?

12-13 Зертханалық сабақтардың тақырыбы: Электролиз. Коррозия

Сабақтың мақсаты: Электролиз процесінің жүруін көру және оның әр түрлі жағдайының схемасын құру.

Зертханалық сабақ бойынша сұрақтар:

1.Электролиз процесінде не себепті тұрақты тоқ көзін қолданады?

2.Электролизердың құрылысы.

3.Электролиз процесінің қолданылуы.



4.Активті металдарды электролиз арқылы қалай алады?

1 Тәжрибе.Тұрақты тоқ көзінің теріс полюсін анықтау. Зертханада электролизер ретінде U тәріздес шыны ыдыстан тұрақты екі электрод салынған прибор қолданылады.

1-тұрақты тоқ көзі; 2- U тәріздес шыны ыдыс; 3- электродтар; 4- электролит ерітіндісі. U- тәріздес шыны ыдысқа натрий сульфатының ерітіндісін құйып, 1-2 тамшы фенолфталеин тамызыңдар. Мыс электродтары тоқ көзімен қосыңдар. 30-40 секундтан кейін теріс полюс қосылғанэлектродтың жанында ерітінді қызыл түске боялады. Электрлиз схемасын жазыңдар. № 6 сурет.Электролизер.

2 Тәжрибе. Калий иодиді ерітіндісінің электролизі. Электролизерге калий иодиді ерітіндісін құйыңдар, графит электродтарын батырыңдар да оларды тұрақты тоқ көзіне қосыңдар. 3 минуттай электролиз жүргізіңдер, катодта газ тәріздес сутегі бөлінеді, ал анодта бос иод бөлінеді. Электролиз схемасын жазыңдар. Тәжірбие біткен соң электродтар мен электролизерді жақсылап кранның астына жуыңыздар.

3 Тәжрибе. Мыс (ІІ) сульфатының ерітіндісінің электролизі.

Электролизерге мыс сульфаты ерітіндісін құйыңдар, оған графит электродтарын батырыңдар, тұрақты тоқ көзімен қосыңдар. 3-5 минут электролиз жүргізіңіздер. Анодта оттегінің бөлінгенін байқаңдар. Тәжірибе біткен соң катодта мыс бөлінгенін байқаңдар.Енді тоқ көзінің полюсін ауыстырыңдар. Нені байқайсыңдар? Электролиздің схемасын жазып, байқаған құбылыстарыңды түсіндіріңдер.

Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар: 1.Электролиз деген не?

2.Анод және катодта жүретін процестерді түсіндіріңдер.

3.Металды рафинадтау деген не? Ол қалай жүреді?

4.Электролиз заңдары?



Коррозия.

Сабақтың мақсаты: Электрохимиялық коррозия жылдамдығына әр түрлі факторлар әсерін көру.

Зертханалық сабақ бойынша сұрақтар:

1.Коррозияның түрлері.

2.Металдарды коррозиядан қорғау.

3.Протектор деген не?

4.Ингибитор деген не?
1 Тәжрибе. Хлор-ионының коррозияны жылдамдатуы.

Екі пробиркаға 6 мл мыс сульфатын, 2 мл күкірт қышқылын құйыңдар. Бір пробиркаға 5 мл натрий хлоридін құйыңдар. Екі пробиркаға да алюминий сымын батырыңдар. Қай пробиркада газ интенсивті бөлінеді?

Анодтық, катодтық және жалпы процестердің теңдеулерін жазыңдар. Реакция жылдамдығына хлор-ионының әсерін түсіндіріңдер.

2 Тәжрибе. Оттегінің концентарциясына байланысты коррозия.

Болат пластинканы наждак қағазымен тазалаңдар. Кранның астына қойып жуыңдар. Фильтр қағазымен сүртіп кептіріңдер. Содан кейін таза пластинканың бетіне мынандай ерітінділер: натрий хлориді, калий гексацианоферрат (ІІІ) және фенолфталеин қоспасынан тұратын ерітіндіні тамызыңдар. 3-5 минут уақыттан соң тамшының ортасында көк түсті, ал шетінде қызыл түсті ерітінділер пайда болады. Тамшының арасында гальваникалық элемент түзіледі. Тамшының ортасында оттегі аз болғандықтан анодтық, шетінде оттегі көп болғандықтан катодтық зона пайда болады. Тамшының ортасында темір екі валентті ионға тотығады, сондықтан турнбулевая синь (көк түсті) пайда болады. Тамшының шетінде судың әсерімен оттегі тотықсызданып, гидроксид-ион түзеді, сондықтан фенолфталеин қызылға боялады.

Катодтық және анодтық процесстердің теңдеуін жазыңдар: Ғе2+ және ОН- иондарын анықтау реакцияларының және темірдің тат басу (ржавчина) реакциясының теңдеуін жазыңдар.

3 Тәжрибе. Металдарды коррозиядан протектор әдісімен қорғау.

Пробиркаға сүйытылған сірке қышқылын құйыңдар. Оған бірнеше тамшы калий иодиді ерітіндісін тамызыңдар, бір-бірімен контактқа келтіріп мырыш және қорғасын пластинкаларын батырыңдар.

І- ионы Pb2+ ионына индикатор болып саналады. PbІ2 сары түсті тұнба. Салыстыру үшін басқа пробиркаға осы ерітінділерді құйып, тек қорғасынды салыңдар. Қай пробиркада қорғасын иодиді тез түзіледі? Pb – Zn гальваникалық элементтің схемасын жазыңдар. Қай металл протектор болып саналады?

4 Тәжрибе. Коррозия жылдамдығына ингибитор әсері.

Екі пробиркаға 5-6мл күкірт қышқылын құйыңдар. Әр пробиркаға жұқа темір пластинкасын салыңдар. Бір пробиркаға уротропин не басқа ингибитор қосыңдар. Ингибитордың коррозия жылдамдығына әсерін қорытындылаңдар.

Өзін- өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:

1.Металдар коррозиясы деген не?

2.Коррозияның қандай түрлерін білесіңдер?

3.Электрохимиялық коррозияның химиялық коррозиядан айырмашылығы неде?

4.Коррозиялық микрогальвани элементтері неге пайда болады?

5.Қандай факторлар коррозия жылдамдығына әсер етеді?

6.Металдарды коррозиядан қорғау әдістері.Қысқаша әр әдісті сипатта.

7.Қандай заттарды ингибиторлар деп атайды?


14-15 Зертханалық сабақтардың тақырыбы: Комплексті қосылыстар

Сабақтың мақсаты. Катионды, анионды, бейтарап комплекс қосылыстарды алу және қасиеттерін зерттеу.

Зертханалық сабақ бойынша сұрақтар:

1.Ішкі және сыртқы сфералар арасындағы байланыс түрі.

2.Комплекс түзгіш пен лигандалар арасындағы байланыс түрі.

3.Анионды комплекстердің оқылуы, мысалдар.

4.Катионды комплекстердің оқылуы, мысалдар.

5.Бейтарап комплекстердің оқылуы, мысалдар.


1 Тәжрибе. Тетраамин мыс (ІІ) сульфаты комплекс қосылысын алу және оны зерттеу.

Екі пробиркаға 5мл 1н мыс сульфатын құйыңдар. Бір пробиркаға 2 тамшы барий хлоридін құйыңдар, екінші пробиркаға гранулды қалайы (Sn) салыңдар. Бірінші пробиркада тұнба пайда болғанын, екінші пробиркада қалайының бетінде мыс бөлінгенін байқайсыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.

Үшінші пробиркаға 5-7мл мыс сульфатын құйып, біртіндеп 25% -аммиак ерітіндісін құйыңдар. Басында ақ тұнба (негіздік мыс сульфаты) пайда болады, ол біртіндеп ериді. Ерітінді түсі көкке боялады, яғни мыс (ІІ) тетраамин сульфаты комплексі пайда болады. Теңдеулерін жазыңдар. Бұл комплекс қосылысты екіге бөліп, біреуіне барий хлоридін тамызыңдар, екіншісіне қалайы тастаңдар. Тұнба түзіледі ме? Мыс бөлінеді ме? Неге?
2 Тәжрибе. Аниондық комплекс қосылыс.

Пробиркаға 3-4 мл висмут нитраты ерітіндісін құйыңдар. Тамшылап калий иодиді ерітіндісін бурыл тұнба болғанша құйыңдар. Содан кейін бұл тұнба ерігенше (висмут иодиді) калий иодиді ерітіндісін құйыңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар. Алынған қосылыстың формуласы: ВіІ3*КІ.Оны комплекс қосылыс ретінде жазыңдар, оның диссоциациясын көрсетіңдер.

3 Тәжрибе. Катиондық комплекс қосылыс.

Пробиркаға 3-4 тамшы никель сульфаты ерітіндісін құйып, оған күйдіргіш натр ерітіндісін тамызып, никель гидроксиді тұнбасын алыңдар. Тұнбаның үстіндегі сұйық ерітіндіні төгіп, тұнбаға 25%-аммиак құйып, ерітіңдер. Реакциялар теңдеуін жазыңдар. (Комплекс қосылыста никельдің координаталық саны 6-ға тең) комплекс қосылыстың диссоциациясын жазыңдар.



Өзін- өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:

  1. Комплекс түзуші заттың тотығу дәрежесі мен координациялық санын көрсетіңдер. Комплекс қосылыстарды атаңдар: K[AuBr4], K2[Cd(CN)4], [Pt(NH3)2Cl2], K[Cr(SO4)2], Na3[Ag(S2O3)2]. Комплекс қосылыстың диссоциацияларын жазыңдар.

  2. Комплекс қосылыстар жазып, оларды атаңдар: PtCl4∙6NH3, PtCl4∙5NH3, PtCl4∙4NH3, Co(NO3)3∙6NH3, Co(NO2)3∙KNO2∙2NH3.

  3. Қай негіз күштірек: [Cu(NH3)4](OH)2 не Cu(OH)2 ме?

  4. Қай комплекс ион тұрақтырақ: [Zn(NH3)4]2+ не [Cd(NH3)4]2+?

[Co(NH3)4]2+ не [Co(NH3)4]3+?
Практикалық сабақта және білім алушылардың оқытушы басшылығымен орындайтын (БӨЖО) есептер мен жаттығулар

1. Химияның негізгі түсініктері мен заңдары

1.Массасы 0,8062г металл оксидінен 0,4864г металл алынған болса, оның эквивалентінің молярлық массасы нешеге тең. Жауабы 12,16г/моль.

2.Массасы 0,3200г мыстан 0,6770г мыс хлориді түзілген болса, мыс эквивалентінің молярлық массасын және мыстың тотығу дәрежесін анықтау керек. Мэ (СІ) = 35,5г/моль. Жауабы 31,78г/моль, 2.

3.Егер массасы 0,1108г мырыш қышқылдан 38,08мл (қ.ж.) сутегін ығыстыратын болса, оның эквивалентінің молярлық массасы қанша?

Жауабы 32,6г/моль .

4.Көміртегінің сутегімен бинарлы қосылысында көміртегінің массалық үлесі 75% болса, оның эквивалентінің молярлық массасы және валентілігі қанша болады? Жауабы 3г/моль, ІІІ .

5.Темір(ІІІ) эквивалентінің молярлы массасы қанша болады, егер оның салыстырмалы атомдық массасы 55,8 болса . Жауабы 18,6г/моль.

6.Егер металдың бірдей мөлшері 0,20г оттегімен және 3,17г галогенмен әрекеттесетін болса, галоген эквивалентінің молярлы массасы нешеге тең болады? Жауабы 127г/моль.

7.Егер металл 3,24г оксид 3,48г және 3,72г сульфид түзетін болса, металл және күкірт эквивалентінің молярлы массасы қанша болады?

Жауабы 108г/моль, 16г/моль.

8.Егер қ.ж. 8,34г екі валентті металды 0,68 л оттегі тотықтыратын болса, металдың атомдық массасы қанша болады? Жауабы 137,4г/моль, Ва.

9.Егер 1,00г металл 8,89г броммен және 1,78г күкіртпен әрекеттесетін болса, күкірттің эквивалентінің молярлық массасы 16,0г/моль , сонда металл мен бромның эквивалентінің массасы қанша болады?

Жауабы 9,0г/моль; 79,9г/моль.

10.16,8г металды еріту үшін 14,7г күкірт қышқылы қажет болса, металл эквивалентінің молярлық массасын және бөлінген сутегі көлемін анықтау керек Жауабы 56г/моль, 3,36 л.

11.1,80г металл оксидін тотықсыздандыру үшін 883 мл қ.ж. сутегі жұмсалатын болса, оксидтің және металдың эквивалентінің молярлық массасын анықтау керек Жауабы 24,2г/моль, 16,2г/моль.

12.2,45г қышқылды бейтараптау үшін 2,00г натрий гидроксиді жұмсалса, қышқылдың эквиваленттінің молярлық массасы қанша болады?

Жауабы 49,0г/моль.

13.0,376г алюминий қышқылмен әрекеттескенде 0,468 л сутегін ығыстырады (қ.ж.). Егер алюминий эквивалентінің молярлы массасы 9г/моль болса, бөленген сутегінің эквивалент көлемі қанша болады? Жауабы 11,2 л/моль.

14.Егер ион алмасу реакциясы мына теңдеулер бойынша жүрсе: Fe2(SO4)3+2NaOH=2FeOHSO4+2H2O KAI(SO4)2+4KOH =KAIO2 + 2 K2 SO4 + 2 H2O;

Cu(0H)CI + H2S = CuS + HCI + H2O

KHSO4 + BaCI2 = BaSO4 + KCI + HCI қосылыстар эквивалентердің молярлы массалары нешеге тең?

15.Мына реакциялардағы күкірт қышқылы эквивалентінің молярлық массасын анықтау керек: Zn+H2SO4сұйыт. = ZnSO4 + H2

2HBr + H2SO4 конц. = Br2 + SO2 + 2 H2O

8HI + H2SO4 конц. = 2I2 + H2S + 4 H2O

16.Қышқыл ортада 1 моль а) K2Cr2O7 ; б) KMnO4 тотықсыздануы үшін неше эквивалент КІ қажет?

17.10% (массасы бойынша) КІО3 ( = 1,052 г/мл) ерітіндісінің нормальды концентрациясы қанша болады, егер ол бос йодқа дейін тотықсызданатын болса?

18.Егер элемент 8,87% сутегісі бар гидрид түзсе, элементтің эквивалентінің молярлы массасы қанша болады? Жауабы 0,35г/моль.

19.Егер элемент 31,58% оттегісі бар оксид түзсе, элементтің эквивалентінің молярлы массасы қанша болады? Жауабы 17,3г/моль.

20.Элементтің эквивалентінің молярлы массасы 24,99г/моль болса, а) осы элементтің гидридінде неше процент сутегі бар екенін; б)массасы 4,95г оксидін тотықсыздандыру үшін қанша грамм сутегі қажет екенін есептеу керек.

Жауабы а.3,88%; б.0,1512г.

Мына заттардың 1г NH3 пен 1г N2 қайсысында молекула саны көп?

21.Күкірт диоксидінің бір молекуласының массасы неше грамм? Жауабы 1,0610-22 г.

22.1,00 мл сутегіде қ.ж. неше молекула болады? Жауабы: 2,691019.

23.271021 газдар молекуласы қ.ж. қандай көлем алады? Жауабы 1 л.

24.Кез келген газдың 1 м3 қ.ж. неше моль болады? Жауабы 44,6 моль.

25.1,5 кг мырыш тұз қышқылында ерігенде ( 17С және 102,4 кПа )қандай көлем сутегі бөлінеді? Жауабы 0,54 м3 .

26.2,5г металл карбонаты азот қышқылымен әрекеттескенде 4,1г осы металдың нитраты түзілген.Металдың молярлық массасының эквивалентін есептеу керек. Жауабы 20г/моль.

27.Элементтің түзілген газтәріздес қосылыстарының сутегі бойынша тығыздықтары 8, 15, 22, 29. Элементтің осы қосылыстардағы массалық үлестері сәйкесінше 75,0; 80,0; 81,81; 82,76%. Элементтің атын айтып, салыстырмалы атомдық массасын анықтау керек.

28.Қ.ж. 0,25л газ массасы 0,1898г. Газдың салыстырмалы молекулалық массасын және осы газдың бір молекуласының орташа массасын анықтау керек. Жауабы 17; 2,810-23 г.

29.1,3г металл гидроксидінен 2,85г оның сульфаты түзілген. Металдың молярлық массасының эквивалентін есептеу керек. Жауабы: 9,0г/моль.

30.2,7г металл оксидінен 6,3г оның нитраты түзілген. Металдың молярлық массасының эквивалентін есептеу керек. Жауабы 32,5г/моль.

31.Эквивалентінің молярлы массасы 29,65г/моль, меншікті жылу сыйымдылығы

с = 0,218 Дж/мольК болса, металдың атомының молярлық массасын анықтау керек. Жауабы 118,6.

32.40г металл қышқылдан 180С және 1,013105 Па қысымда 14,6 л сутегіні ығыстыратын болса және оның меншікті жылу сыйымдылығы с = 0,39 Дж/мольК болса, оның атомының молярлық массасы қанша болады?

Жауабы 65,4г/моль.



Практикалық сабақта және білім алушылардың оқытушы басшылығымен орындайтын (БӨЖО) есептер мен жаттығулар

2. Газдардың негізгі заңдары

1. 00С температурада және 101,3 кПа қысымда газ көлемі 250мл болса, 230 С температурада және 96 кПа қысымда қандай көлем алады? Жауабы 286мл.

2. 170С температурада және 104 кПа қысымда газ көлемі 480л , газ көлемін қалыпты жағдайға келтіру керек. Жауабы 463,7л.

3. 00С температурада газ көлемі 1м3 . Егер қысым өзгермесе, қай температурада газ көлемі екі еселенеді? Жауабы 2730С .

4. 70 С температурада және 96 кПа қысымда газ көлемі 40мл, егер температураны 17С–қа дейін көтерсе, қай қысымда газ көлемі 60мл болады? Жауабы 61,1кПа.

5. 64г метан 1100С температурада және 0,96105 Па қысымда алатын көлемі Жауабы 132,6 л.

6. Массасы 1,105г газ 270С температурада және 1,013105 Па қысымда алатын көлемі 0,8 л болса, оның салыстырмалы молекулалық массасы қанша болады? Жауабы 34,0.

7. Массасы 0,1437 г 25 С температурада және 992гПа қысымда 22,9 мл көлем алатын буға айналса, осы заттың молярлық массасын анықтау керек.

Жауабы 156,6 г/моль.

8. Массасы 28,4 г хлор 20 С температурада 2 л көлем алу үшін кандай қысым қажет. Жауабы 0,487 МПа.

9. Мөлшері 3,0 моль сүт қышқылы СН3СНОНСООН натрий карбонатының артық мөлшерімен әрекеттескенде бөлінген СО2 газы 25С температурада 20,4 л көлем алса, оның қысымы қанша болады? Жауабы 1,82105 Па .

10. Газдың ауа бойынша тығыздығы 1,17 болса, оның молекулалық массасы қанша болады? Жауабы 33,9г/моль.

11. Этиленнің оттегі бойынша тығыздығы 0,875, сонда оның молярлық массасы Жауабы 28г/моль.

12. Сынап буының ауа бойынша тығыздығы 6,92 болса, сонда оның молекуласы неше атомнан тұрады? Жауабы бір атомнан.

13. Егер күкірт буының азот бойынша тығыздығы 9,14 болса, оның молекуласы неше атомнан тұрады? Жауабы 8,0.

14. Массасы 1,56г газ 17 С температурада, 1,04105 кПа қысымда 624 мл көлем алса, молекулалық массасы қанша болады? Жауабы 58,0.

15. Көлемі 5,0л қ.ж. газдың массасы 9,80г. Газдың салыстырмалы молекулалық массасы қанша? Жауабы Мr = 44.

16. Егер азот, сутегі, аммиактан тұратын газдар қоспасының көлемдік үлесі сәйкесінше 30, 10, 60% болса, сутегі және ауа бойынша тығыздықтары қанша? Жауабы 9,4; 0,65.

17. Органикалық заттың азот бойынша тығыздығы 1,65 болса, заттың салыстырмалы молекулалық массасы қанша? Жауабы Мr = 46,2.

18. Массасы 1,3г органикалық газ заты 87 С температурада, 0,83105 кПа қысымда 600 мл көлем алса, молекулалық массасы қанша болады?

Жауабы 78,2г/моль.

19. 1,21024 молекулалар СО және СО2 газдарының қандай массаларында болады? Жауабы 56г және 88г.

20. 20С температурада, 1,0105кПа қысымда 1м3 көлем ауа, салыстырмалы молекулалық массасы 29 болса, оның массасы қанша? Жауабы 1,19кг.

21. 20С температурада, 100,258кПа қысымда газ көлемі 142 мл болса,0С температурада, 100,325кПа қысымда газ көлемі қанша болады?

Жауабы 130,92мл.

22. 150 мл бензол буының 87 С температурада, 8,32104 Па қысымда массасы 0,3255г болса, оның молекулалық массасы қанша болады?

Жауабы 78,0г/моль.

23. 0,78 г газ 27С температурада, 0,324МПа қысымда 0,2л көлем алады,осы газдың молярлық массасы нешеге тең болады? Жауабы 30г/моль.

24. Қ.ж. йод, этил спирті, төртхлорлы көміртектің тығыздықтары (ρ) нешеге тең болады? Жауабы 11,34; 2,05; 6,87 г/л.

25. 3 моль сүт қышқылы СН3СНОНСООН натрий карбонатының артық мөлшерімен әрекеттескенде 25С температурада 20,4 л СО2 бөлінген болса, бөлінген СО2 қысымы қанша болған? Жауабы 1,82105Па.

26. 5,6 л-лік ыдыста 0С температурада мына заттардың қоспасы болған: 2,2 г көмір қышқыл газы, 4 г оттегі, 1,2 г метан. Есептеу керек: а) газ қоспасының жалпы қысымын; б) әр газдың парциалды қысымын; в) көлем бойынша қоспадағы проценттік құрамын.

Жауабы 101,3 кПа; б) 20,2; 50,5 және 30,3кПа; в) 20,50,30 %.

27. 56 л-лік ыдыста газдар қоспасы бар: 4 моль СН4 , 3 моль Н2 , 0,5 моль СО . Есептеу керек: а) газдар қоспасының жалпы қысымын,кПа; б) масса бойынша қоспаның проценттік құрамын; в) көлем бойынша проценттік құрамын; г) әр газдың парциалдық қысымын (Па). Жауабы а.303кПа;б.76,18;7,18;16,64; в.53,33; 40; 6,67; г. 162, 121,6, 20,2.

28.Ауадағы оттегі мен азоттың көлемдік үлесі 21% және 78% , ауаның қысымы 1,013105 болса, газдардың парциалдық кысымын есептеу керек.Жауабы р(О2 ) 0,213105 Па; р(N2)0,79105 Па.

29.Натрий атомымен жұтылатын фотондар толқынының ұзындығы 5,8910-7 м болса, оның энергиясы. Жауабы 3,3810-19 Дж.

5.Фотон толқынының ұзындығы 510-7м болса, оның энергиясы.

Жауабы 3,9810-19 Дж.

6.- бөлшегінің массасы 6,610-27 кг болса және 100м/с жылдамдықпен қозғалса, толқын ұзындығы қанша болады. Жауабы 110-9 м .

7.Массасы 63 кг адам 10 м/с жылдамдықпен жүгірсе, ол үшін де Бройль толқынының ұзындығы қанша болады? Осындай мәнді өлшеуге бола ма?

Жауабы 1,0510-36 м.

8.Егер хлорофилл молекуласы толқын ұзындығы 4,610-7 м ( көк түс) фотон жұтып,толқын ұзындығы 6,610-7м ( қызыл түс) фотон шығарса, молекула энергиясының өзгеруі қанша болады. Жауабы 1,3210-19 Дж.

9.Адам көзі энергиясы 1,510-17 Дж болатын сигналды қабылдай алады, сонда жарыққа реакция болу үшін ұзындығы 5,310-7м ( жасыл түс) фотондар мөлшері қанша?

Жауабы 40.

10.Егер атомдағы электрон орны өлшемінің белгісіздігі 5,310-11м болса, сонда электрон жылдамдығын анықтаудың белгісіздігі қанша болады.

Жауабы 2,19106 м/с.
Практикалық сабақта және білім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын (БӨЖО) есептер мен жаттығулар

3. Атом құрылысы

1.Мына реттік номерлеріне 20,23,33 сәйкес элементтер атомдарының сыртқы электрондары үшін n және l квант сандарының мәндерін көрсетіңдер.

2.Қай квант сандары кеңістікте электрон бұлтының өлшемін, пішінін, бағытын (ориентациясын) анықтайды?

3.s-, p-, d-, f- энергетикалық деңгейшелерде АО саны нешеге тең және қалай анықталады?

4.Паули принипіне анықтама беріп және 2 электронның айырмашылығы:

а. бірдей деңгейде , бірдей деңгейшеде, бірдей спиндері болса; б. бірдей энергетикалық деңгейшеде болса, квант саны мәндері бірдей болса және спиндары бірдей болса; в. бір энергетикалық деңгейде, спиндері бірдей және магнит квант сандарының мәні бірдей болса.

5.n = 1,2,3,4,5 деңгейлер және ml = 5,7 деңгейшелер үшін сыйымдылық

нешеге тең ?

6.Мәндерін анықтаңдар, егер: а. сыйымдылығы 10, 14 болатын энергетикалық деңгейше үшін магнит квант санын ; б. сыйымдылықтары 32,50,72 болатын энергетикалық деңгейлердің бас квант санын.

7.Энергетикалық деңгейшелерді толтырғанда Паули принципі мен Хунда ережесі қалай іске асатынын мысалдар арқылы көрсетіңдер және оларға анықтама беріңдер.

8.Қай элемент атомында 5 электрондық қабат болады және 7 сыртқы электроны бар? Олар қайдай квант сандарымен сипатталады?

9.Клечковский ережелеріне анықтама беріңдер. АО толтырылу ретін ережелер қалай анықтайды? Қандай атомдық орбитальдар (АО) үшін n+ l қосындысы мәндері бірдей , мына сандарға тең 3,4,5,6,7 болады?

10.Электрондық формула және атомның, ионның не жеке электрондық қабаттың электрондық конфигурациясы деген не? Келесі атомдар мен иондар үшін олар қандай түрде болады: Na, Na+ ; Ca, Ca2+ ; СІ, СІ ; S, S2- . Осы иондардың қайсысы Ne, Ar атомдарының электрондық құрлысына сәйкес?

11.Қай электрондық орбиталь бұрын толтырылады: а. 4d- , 5s-; в. 5p- , 4d;

г. 5f-, 4d- ; д. 5p-, 6s- .

12.Егер бір элемент изотопының символы 24Э52 болса , сонда а. элемент атын; б. ядродағы нейтрон мен протон санын; в. атомның электрондық қабатындағы электрондар санын көрсету керек.

13. Хлор табиғи қосылыстарында СІ35 (75,5% (массалық)) изотопы және

СІ37 (24,5% (массалық)) изотопы түрінде кездеседі. Табиғи хлордың орташа атомдық массасын есептеу керек. Жауабы 35,49.

14.Егер Sr81 изотобының (Т1/2 = 8,5 сағ.) алғашқы массасы 200 мг болса,

25,5 сағат өткен соң қалған массасын санау керек. Жауабы 25мг.

15. І128 1/2 = 25 минут) 2,5 сағат сақтаған соң бөлінбей қалған атомы изотобының процентін есептеу керек. Жауабы 1,56%.

16. Табиғи магний мына изотоптардан тұрады: Mg24 , Mg25 , Mg26 .

Ол изотоптардың сәйкесінше атомдық проценттері 78,6; 10,1; 11,3 болса, табиғи магнийдің орташа атомдық массасы қанша болады? Жауабы 24,32.

17. Периодтық жүйедегі көптеген элементтердің атомдық массалары не себепті бөлшек сан болады?

18. Марганец атомының электрондық формуласын жазу керек.

19.Калий атомдарының ионизациалау энергиясы 419кДж болса, оның бір атомын ионизациялау үшін қажет энергиясын табу керек.

Жауабы 6,961022 кДж. 1Дж = 0,6241019 эВ.

20.Сутегінің иондану энергиясы 1310кДж/моль болса, осы мәнді бір атомға электронвольт мәнінде көрсету керек ( Жауабы 13,6 эВ/моль).

21.Аргонның 3-ші электрондық қабатынан сегізінші электронды жұлып алу үшін 143,5 эВ/моль энергия жұмсалса, иондану энергиясы кДж/моль бойынша қаншаға тең?

Жауабы 13850 кДж.

22.Бромның иондану энергиясы және электрон қосылғыштық энергиясы сәйкесінше 1143 және 342 кДж/моль болса, электронвольт бойынша қаншаға тең болады?

Жауабы 11,84 және 3,54 эВ/атом.

23.Хлор атомына электрон қосылу энергиясы 356 кДж/моль болса, электронвольтпен есептелген мәні. Жауабы 3,69 эВ/моль.

24.Радиоактивті ыдырау реакциясының теңдеулерін аяқтау керек:

a. 92U238   + ? ; б. 94Pu239   + ?; в. 37 Rb86   + ? ; г. 9F18  + + ?.

25. Ядролық реакциялар теңдеулерін жазу керек: а. 5B10 + 0n1  ? + 2He4

б. 13АІ27 + 1Н1 ? + 2Не4

26. Ядролық реакциялардың толық теңдеулерін жазу керек: а. 30Zn70p,n ,

б. 23V51 ,n, в. 26Fe56 D, ? 27Со57 , г. ?  ,D 17CI34 , д. 25 Mn55 ?,   23V52 .

27.Қашан және кім радиоактивтілік құбылысын ашқан, оның мәнін түсіндірген.

28.Жасанды радиоактивтілік деген не, қашан, кім және қандай реакциямен ашылған, практикалық мәні қандай?

29.Масса дефектісі деген не? 1000 г уран-235 бөлінгенде 8,231013 Дж энергия шығарады, ракция өнімінің массасы қанша? (Жауабы 999,085 г).

30.Атомдық массалары 1Н2 ( 2,01410), 1Н3 ( 3,01605), 2Не4 ( 4,00260) және нейтрон массасы (1,00866), термоядролық реакция кезінде бөлінетін энергияны есептеу керек:1Н2 + 1Н3 = 2Не4 + 0n1 . Жауабы 1,701012 Дж/моль.

31.Натрий атомымен жұтылатын фотондар толқынының ұзындығы 5,8910-7 м болса, оның энергиясы. Жауабы 3,3810-19 Дж.

32.Фотон толқынының ұзындығы 510-7м болса, оның энергиясы.

Жауабы 3,9810-19 Дж.

33.- бөлшегінің массасы 6,610-27 кг болса және 100м/с жылдамдықпен қозғалса, толқын ұзындығы қанша болады. Жауабы 110-9 м .

34.Массасы 63 кг адам 10 м/с жылдамдықпен жүгірсе, ол үшін де Бройль толқынының ұзындығы қанша болады? Осындай мәнді өлшеуге бола ма?

Жауабы 1,0510-36 м.

35.Егер хлорофилл молекуласы толқын ұзындығы 4,610-7 м ( көк түс) фотон жұтып,толқын ұзындығы 6,610-7м ( қызыл түс) фотон шығарса, молекула энергиясының өзгеруі қанша болады. Жауабы 1,3210-19 Дж.

36.Адам көзі энергиясы 1,510-17 Дж болатын сигналды қабылдай алады, сонда жарыққа реакция болу үшін ұзындығы 5,310-7м ( жасыл түс) фотондар мөлшері қанша? Жауабы 40.

37.Егер атомдағы электрон орны өлшемінің белгісіздігі 5,310-11м болса, сонда электрон жылдамдығын анықтаудың белгісіздігі қанша болады.

Жауабы 2,19106 м/с.
Практикалық сабақта және білім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын (БӨЖО) есептер мен жаттығулар

4. Химиялық байланыс

1.Ковалентті және ионды байланыстарға анықтама беріп, олардың қасиеттерін сипаттау керек. Валенттілік байланыс ( ВБ) әдісі оларды қалай түсіндіреді? Мына молекулалар үшін электронды нүктелік формулаларының кестесін көрсетіңдер: СО2 , РН3 , НОСІ , Н2 SO4 .

2.Қандай атомдар мен иондар электрондар жұбының доноры , акцепторы болады: BF4 , NH4+ , Н3 О+ ?

3.ЭТ мәндері бойынша К- СІ , Са – СІ , Ғе – СІ байланыстар үшін мәнін есептеп, қай байланыстың иондылығы жоғары екенін анықтау қажет.

4.Мына қатарда НҒ – НСІ – НВr – HI байланыс беріктігі қалай өзгереді , неге?

5.Валенттілік байланыс (ВБ) және молекулалық орбитальдар (МО) әдістері бойынша молекулалардың Ғ2 – О2 – N2 диссоциация энергиясының (кДж/моль) сәйкесінше 155 – 493 – 945 өзгеретінін және N2 мен СО молекулаларының диссоциация энергияларының (945 және 1071 кДж/моль ) жақындығын түсіндіру керек. МО әдісі бойынша молекулалар В2 , Ғ2 , ВҒ түзілу мүмкіндігін және қай молекула берік екендігін көрсету керек.

6.Мына молекулалардың N2 , O2 , NO, CO , CN қайсысы парамагнитті?

7.HCN молекуласының диполь моменті 2,9 D. Диполь ұзындығы қанша?

Жауабы 6,0310- 11м.

8.Фторсутек молекуласының диполь ұзындығы 41011 м болса, оның диполь моментін дебаймен , кулон-метрмен есептеу керек.

Жауабы 6,411030 Клм = 1,92D.

9.Полярсыз ВеСІ2 молекуласының кеңістіктік құрылысын көрсетіп

Ве – СІ байланысы түзілуіне берилийдің қандай АО- ы қатысады ?

10.Мына молекулалар СН4 , СО2 , SiF4 , SO2 , H2SiF6 түзілгенде көміртегінің, кремнийдің, күкірттің АО-дарының гибридтелу типін көрсету керек.

11.Байланыстың ұзындығы , энергиясы және беріктігі арасында қандай байланыс бар, мысал келтіру керек.

12.Байланыс еселігі деген не және екі өзара байланысатын атомдардан

- , 4е- , 6е- қатысатын болса, байланыс саны қанша болады, мысал келтіру керек.

13.Мына молекулалар РСІ3 , РСІ5 , H2S , SO3 , AsH3 , H3AsO4 түзілгенде фосфор, күкірт , мышьяк атомдары қай күйде ( қалыпты , қозған) болады?

14.Электрондардың, атомдық орбитальдардың не атомдардың жалпы қандай күйі валентті күйі болады? Оттегі және күкірттің, фтор және хлордың атомдарының неше валенттік күйлері болады?

15.а) атомның эффективті заряды; б) электр диполі және диполь ұзындығы

в) дипольдің электр моменті деген не және олардың өлшем бірліктері

16.Мына иондардың Ғ не Br , S2 не Те2 , СІ не І қайсысының поляризациялануы жоғары , неге?

17.Неге су мен фторсутек қышқылының балқу және қайнау температуралары жоғары?

18.Байланыс энергиялары Н – Н , Ғ – Ғ , Н – Ғ сәйкесінше 436, 153, 563 кДж/моль болса, сутегі мен фтор әрекеттескенде қанша жылу бөлінеді, егер олар 1 моль мөлшерінде алынған болса? Жауабы 537кДж/моль.

19.Егер Едис (НІ) = 298,4 кДж/моль болса, 0,64 г НІ айрылуы үшін қанша энергия жұмсалуы керек? УК – сәуле (  = 2107 м) әсерінен НІ айрыла ма?

Жауабы 1,492кДж, иә.

20.Газ фазасындағы LiF молекуласында ядроаралық ұзындық 0,156 нм, ал дипольдің электр моменті 2,21029 Клм болса, Li – F байланысының иондығы қанша?

Жауабы 85,62%.

21.Байланыс ұзындығы Н – Ғ 0,092 нм , полярлылық 45% болса,  ( Н – Ғ ) есептеу керек. Жауабы 6,621030 Клм.

22.Қандай үш түрлі молекула аралық әрекеттесуді ван-дер-ваальс күші деп атайды?

Әр қайсысы немен анықталады? Қай әрекеттесу әлсізірек?

23.Ориентациялық әрекеттесуге молекулалардың полярлылығы және температура қалай әсер етеді? Полярлы молекулалардың полярсыз молекулалармен индукционды әсерлесуі немен көрсетіледі?

24.Ориентациалық және индукциондық әсерлесуге қабілетсіз атомдар мен молекулаларға мысал келтіріңдер. Қай молекулааралық әсерлесу универсал болып табылады және ол кез келген бөлшектер арасында әсер етеді ме?

25.Молекулааралық әсерлесу энергиясының мәні қандай шамада?

26.Қандай коваленттік байланыстар σ- , π- , δ- байланыстар деп аталады? Азот молекуласы құрылысын валенттілік байланыс (ВБ) теориясы қалай түсіндіреді?

27.BF3 және СН4 молекулалар құрылысын ВБ теориясы қалай түсіндіреді?

28.Молекулалық орбитальдар (МО) теориясы F2 молекуласының байланыс энергиясы (159кДж/моль) молекулалық ион F2 + -ның байланыс энергиясынан (318кДж/моль) аздығын қалай түсіндіреді?

29.Молекулалық орбитальдар (МО) теориясы О2 молекуласының байланыс энергиясы (497,9кДж/моль) молекулалық ион О2 + -ның байланыс энергиясынан (644,3кДж/моль) аздығын қалай түсіндіреді?

30.Екі атомды молекулалық иондарда О2 + және О2 байланыс еселігі

нешеге тең?


Практикалық сабақта және білім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын (БӨЖО) есептер мен жаттығулар

5. Химиялық реакциялардың жүруінің негізгі заңдылықтары. Химиялық реакциялардың энергетикасы. Химика-термодинамикалық есептеулер

1.Реакциялардың жылу эффектілері деген не? Қай жағдайларда химиялық реакциялар теңдеулері термохимиялық деп аталады? Реакция жылу эффектілерінің мәндері термохимиялық және термодинамикалық өрнектелгенде қалай белгіленеді? Өлшем бірліктері.

2.Жүйенің ішкі энергиясы деген не? Энтальпия және оның өзгерісі қандай теңдеулермен анықталады? Қандай жағдайда жүйенің энтальпиясы оң және теріс мән көрсетеді? Энтальпия өзгерісі температураға тәуелді ме?

3.Термохимияның негізгі заңының анықтамасын беру керек. Гесс заңынан шығатын салдарлардың термохимиялық есептеулерде қолданылуы.

4.Аммиак синтезі кезінде тура және кері реакциялар үшін жүйе энтропиясы

қалай өзгереді?

5.Заттар айрылғанда , синтез реакцияларында жүйе энтропиясы температураға байланысты қалай өзгереді? Буланғанда, конденсацияланғанда, қысым жоғарылағанда, фазалық өзгерістерде жүйе энтропиясы қалай өзгереді?

6.Гиббс энергиясы деп нені айтады? Процестердің өздігінен термодинамикалық жүру – жүрмеу жағдайын Гиббс энергиясы қалай көрсетеді? Өте төмен температурада (өте жоғары температурада) химиялық реакциялардың бағытын энтальпиялық не энтропиялық фактор анықтай ма?

7.Стандартты энтальпия өзгерісінің мәні жүйеде катализатор қатысына байланысты ма? Жауапты дәлелдеу керек. Заттардың суда еруі экзотермиялық және эндотермиялық эффектпен болса да өздігінен жүре алады, неге?

8.Аммоний хлориді термиялық айрылғанда жылу бөліне ме, сіңіріле ме? Есептеп көрсету керек.

9.20С температурада 100 г су буланғанда ( су буы идеал газдар заңына бағынады деп есептесе) ішкі энергия өзгерісі нешеге тең болады? Судың буға айналуының меншікті жылуы q = 2445 Дж/г. ( Q = qm , pV = m/M RT).

Жауабы 230,97кДж.

10.Стандартты жағдайда мына процесс Fe2O3 + 3H2 = 2Fe + 3H2 O (с) жүруі мүмкін бе?

11.Графитті жаққанда 8,86 г көміртегі (ІV) оксиді түзілген. Элементтерден түзілген оксидтің түзілу жылуын есептеу керек. Реакцияның жылу эффектісі 79,2 кДж.

Жауабы  1096 кДж/моль.

12.12,7 г мыс ( ІІ) оксидін көмірмен тотықсыздандырғанда ( СО түзіледі) 8,24 кДж жұтылады. Мыс оксидінің (298К) түзілу жылуын анықтау керек.

Жауабы 162,1 кДж/моль.

13.Этилен толық жанғанда ( сұйық су түзіледі) 6226 кДж бөлінеді. Қ.ж. реакцияға түскен оттегінің көлемін есептеу керек. Жауабы 296,5 л.

14.2,1 г темір күкіртпен әрекеттескенде 3,77 кДж бөлінеді. Темір сульфидінің түзілу жылуын анықтау керек. Жауабы 100,3 кДж/моль.

15.Мына теңдеу бойынша 2РН3 + 4О2 = Р2 О5 + 3 Н2 О(с) фосфин газының түзілу жылуын анықтау керек. Реакция кезінде 2360 кДж бөлінеді.

Жауабы 5,3кДж/моль.

16.Этилен жанғанда СО2 және сұйық су бөлінсе, реакция нәтижесінде бөлінген жылу эффектісін есептеу керек. Жауабы 1410,9 кДж/моль.

17.Егер аммиактің тотығуы мына термохимиялық теңдеу бойынша жүрсе

4NH3 + 3O2 = 2 N2 + 6 H2 O (с) Н = 1530 кДж (298К) , аммиактің стандартты түзілу жылуын табу керек. Жауабы 46,2 кДж/моль.

18.1 моль хром (Ш) оксидін алюминиймен тотықсыздандырғанда 534 кДж бөлінеді. Егер 7,6 г хром (Ш) оксиді тотықсызданса, қанша жылу бөлінеді?

Жауабы 26,7 кДж.

19.Кальций карбонатының айрылу реакциясының 25, 500, 1500С температуралардағы Гиббс энергиясын есептеу керек. G = f (T) графигін сызып, қай температурадан бастап процесс өздігінен жүретінің анықтау керек.

Жауабы 129,1 ; 50,7 ;  114,0 кДж;  1080 К.

20.Глюкозаның ағзадағы өзгеру реакциялары былай жүрсе:

а.С6Н12О6 = 2 С2Н5ОН (с) + 2 СО2 б. С6Н12О6 + О2 = 6 СО2 + 6 Н2О(с) қай процесс ағзаға энергияны көбірек береді? Жауабы а. – 69,2 кДж; б. – 2803кДж.

21.Бірдей жағдайда сутегі мен ацетиленнің бірдей көлемін жаққанда , қай процесте және неше есе көп энергия бөлінеді? Жауабы 6,2 есе.

22.Ізбестің сөндіру процесінде 67,0 кДж энергия бөлінеді, егер 1 тонна 20% қоспасы бар ізбесті сөндірсе ( қоспаның жылу эффектісіне әсері жоқ), қанша жылу бөлінеді? Жауабы 9,6105 кДж.

23.298 К температурада мына оксидтердің қайсысы алюминиймен ( сутегімен) тотықсызданады: СаО, ҒеО, ZnO, PbO , SnO, CuO, NiO?

24.263 К температурада мұздың еру процесі үшін Гиббс энергиясының белгісі қандай болады ( нольден үлкен, кіші, тең)?

25.Кальций оксиді мен фосфор(У) оксиді әрекеттескенде 739 кДж жылу бөлінеді, сонда кальций ортофосфатының түзілу жылуы қанша болады?

Жауабы - 4137,5 кДж/моль.

26.Мына теңдеу бойынша жүретін реакция үшін стандартты түзілу жылуы және абсолютті стандартты энтропия мәндеріне сүйеніп ,Гиббс энергиясын есептеу керек, реакция өздігінен жүре ме? СО + Н2О(с) = СО2 + Н2 . Жауабы – 19,91 кДж.

27.4 НСІ (г) + О2  2 Н2О(г) +2 СІ2 , қай температурада жүйеде тепе- теңдік орнайды? Процесс кезінде – 114,42 кДж энергия бөлінеді . Қай температураларда бұл жүйеде хлор әлде оттегі күштірек тотықтырғыш болады? Жауабы 891 К.

28.Аммоний хлоридінің кристаллы газ тәріздес аммиак пен хлорлы сутек әрекеттескенде түзіледі, процестің жылу эффектісін есептеу керек. Егер реакцияға қ.ж.

10 л аммиак түссе, қанша жылу бөлінеді? Жауабы 78,97 кДж.

29.Жай заттардан газ тәріздес күкіртті сутек түзілгенде 20,15 кДж жылу бөлінеді. Сол заттардың стандартты этропиясына сүйеніп осы реакцияның S298 , G298 есептеу керек. Стандартты жағдайда күкіртті сутек жай заттардан түзіле ме?

Жауабы 43,15Дж/моль К; - 33,01 кДж.

30.Темір (Ш) оксидінің сутегімен тотықсызданғанында 96,61 кДж жылу сіңіріледі. Егер энтропия өзгерісі 0,1387 кДж/моль К болса , стандартты жағдайда бұл реакция жүре ме? Қай температурадан бастап тотықсыздану реакциясы жүреді? Жауабы 696 К.

Практикалық сабақта және білім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын (БӨЖО) есептер мен жаттығулар

6. Реакциялар жылдамдығы және механизмі

1.Химиялық кинетика нені оқиды және оның практикалық мақсаты. Гомогенді және гетерогенді реакцияларға анықтама беріп, мысалдар келтіріңдер. Олардың жылдамдықтарын қалай табады?

2. = c/t мен  = dc/dt белгіленген жылдамдықтар арасында қандай айырмашылық бар? Әрекеттесуші массалар заңына анықтама беріңдер. Осы заңға сәйкес теңдікте реакция жылдамдығының реакцияға түсетін заттардың табиғатына байланыстылығы көрсетілген бе? Химиялық реакциялар жылдамдығы қандай факторларға тәуелді?

3.Жылдамдық константасы деген не? Оның физикалық мәні неде және қандай факторларға тәуелді? Мына факторлардың қайсысы реакция жылдамдығының константасына әсер етеді: а) қысым өзгерісі; б) температура өзгерісі; в) реакция жүретін ыдыстың көлемі; г) жүйеде катализатордың болуы; д) реакцияласатын заттардың концентрациясының өзгерісі.

4.Берілген химиялық реакцияның жылдамдығын арттыратын және азайтатын әдістерді көрсетіңдер. Катализаторлар, ингибиторлар және каталитикалық реакциялар деген не? Гомогенді , гетерогенді катализдің мәні неде? Жүйеде катализатор болғанда неге реакция жылдамдығы артады?

5.Реакцияласатын заттардың молекулаларының соқтығысуы әр уақытта химиялық өзгеріске әкеле ме? Активті молекулалар деген не, басқаларынан олардың айырмашылығы қандай? Химиялық реакциялардың активтену энергиясы деген не? Жүйедегі активті молекулалар үлесі активтену энергиясы мәніне тәуелді ме? Активтену энергиясының мәні химиялық реакция жылдамдығына қалай әсер етеді?

6.Химиялық реакциялар жылдамдығы температураға қалай байланысты? Химиялық реакция жылдамдығының температуралық коэффициенті деген не? Вант-Гофф ережесінің формуласы. Неге температураны жоғарылатса, жылдамдық артады? Қандай реакциялар жылдамдығы (эндотермиялық, экзотермиялық, кез келген) температураны көтергенде өседі?

7.4 НСІ + О2 = 2СІ2 + 2Н2 О газ фазасында өтетін осы реакция үшін,егер 3 есе: а. оттегі концентрациясын; б. хлорлы сутек концентрациясын; в. қысымды өсірсе, жылдамдық қалай өзгереді?

8.Мына химиялық реакциялар үшін жылдамдықтарының формуласын көрсетіңдер: 2NO + O2 = 2NO2 ; CaO + CO2 =CaCO3 ; 4NH3 + 3O2 = 2N2 +6H2 O.

9.Мына теңдеу бойынша жүретін реакцияда 2А + 3 В  С , белгілі уақыт аралығында А затының концентрациясы 0,3 моль/л азайса, В затының концентрациясы қалай өзгереді? Жауабы 0,45 моль/л азаяды.

10.Процесс басталмай тұрып реакцияға түсетін заттардың біреуінің концентрациясы 1,2моль/л болса, ал 50минуттан соң 0,3 моль/л болса, химиялық реакция жылдамдығы нешеге тең болады? Жауабы 0,018моль/лмин.

11.Күкірт диоксиді оттегімен әрекеттескенде оттегі концентрациясы 1 сағат ішінде 0,25 моль/л –ге азайды. Сонда күкірт диоксидінің концентрациясы қалай өзгереді және орташа жылдамдық қаншаға тең?

Жауабы 0,5 моль/л – ге азайады ; 0,25моль/лсағ.

12.Сабындалу реакциясында сіркеэтил эфирінің алғашқы концентрациясы 0,02моль/л болған.25 минуттан соң ол 0,0054 моль/л болды, реакцияның орташа жылдамдығын есептеу керек. Жауабы 5,84 10-4 моль/лмин.

13.Күкірт диоксиді мен оттегі әрекеттесу реакциясында олардың алғашқы концентрациялары сәйкесінше 1,6 моль/л және 1,2 моль/л болған.

0,6 моль/л SO3 түзілген кезде бұл заттардың концентрациясы қанша болады?

Жауабы 1,0 және 0,9 моль/л.

14.СО + Н2 О(г)  СО2 + Н2 және MnO2 + 4HCI (г)  MnCI2 + CI2 реакциялары үшін реакция жылдамдықтарын сәйкесінше 36 және 16 есе өсіру үшін қысымды қалай өзгертеді? Жауабы 6 және 2 есе.

15.А + В  АВ реакциясы үшін реакция жылдамдығының константасын табу керек, егер А және В заттарының концентрациясы сәйкесінше 0,05 және 0,01 моль/л болса,ал реакция жылдамдығы 510-5 моль/лмин. Жауабы 0,1моль/л мин.

16.3 А + В  2С + D реакциясы үшін біраз уақыт өткен соң А, В, С заттарының концентрациялары сәйкесінше 0,03, 0,01, 0,008 моль/л болды. А және В заттарының алғашқы концентрациялары қанша? Жауабы 0,042 және 0,014 моль/л.

17.СО + СІ2  СОСІ2 жүйесінде СО концентрациясын 0,03 – тен 0,12 моль/л – ге, ал СІ2 концентрациясын 0,02 –ден 0,06 моль/л – ге көтерсе, тура реакция жылдамдығы қаншаға көбейеді? Жауабы 12 есе.

18.2 NO + O 2NO2 реакциясының жылдамдығы қалай өзгереді, егер а. жүйенің қысымын 3 есе көтерсе; б. жүйенің көлемін 3 есе азайтса; в. NO концентрациясын 3 есе көбейтсе ? Жауабы а.27 есе өседі; б.27 есе өседі; в.9 есе өседі.

19.Температураны 30 градусқа көтергенде реакция жылдамдығы 64 есе өссе, температуралық коэффициент нешеге тең болады? Жауабы 4.

20.Реакцияның температуралық коэффициенті 2,3 болса, температураны 25 градусқа көтергенде , реакция жылдамдығы неше есе артады? Жауабы 8 есе.

21.Егер реакция 150С температурада 16 минутта аяқталатын болса, онда а.200С; б.80С температураларда қанша уақытта аяқталады,  = 2,5.

Жауабы 9,8с; 162сағ.46минут.

22.Егер  = 2,5 болса, а. температураны 60 – тан 100С көтергенде ; б. 50 – ден 30С төмендеткенде , жылдамдық қалай өзгереді?

Жауабы 39 есе артады; б. 6,25 есе кемиді.

23,25С температурада өтетін реакция үшін активтену энергиясын

4кДж /моль санға азайтса, реакция жылдамдығы неше есе артады?

Жауабы 5 есе.

24.Егер температураны 290 К – дан 300К температураға көтергенде, реакция жылдамдығы 2 есе артса, реакцияның активтену энергиясы нешеге тең болады?

Жауабы 49,9 кДж /моль.

25.280К температурадағы реакция жылдамдығынан 300К температурадағы жылдамдығы 10 есе көп болса, реакцияның активтену энергиясының мәні қанша?

Жауабы 80,3кДж/моль.

26.О3 + NO  O2 + NO2 теңдеуі бойынша жүретін реакция үшін активтену энергиясы 10 кДж /моль , егер температураны 27 – ден 37С көтерсе, реакция жылдамдығы неше есе өзгереді? Жауабы 1,14 есе.

27.Реакцияның жылу эффектісі оның активтену энергиясына тәуелді ме? Реакция жылдамдығының температуралық коэффициенті оның активтену энергиясының мәніне тәуелді ме? Жауаптарыңды дәлелдеңдер.

28.Реакция жылдамдығы константасының мәні а. катализаторды өзгертсе;

б. реакцияға түсетін заттардың концентрациясын өзгертсе, өзгере ме?

29.20С температурада реакция жылдамдығының константасы 104 мин1 ,

ал 50С - 8104 мин1 болса, оның  мәні қанша болады? Жауабы 2.

30.25С температурада екі реакция бірдей жылдамдықпен жүрсе, 1 = 2,0,

ал 2 = 2,5 болса (І және ІІ реакциялар үшін), 95С болғандағы осы реакциялардың жылдамдықтарының қатынасы қанша болады?

Жауабы 2 / 1 = 4,77.


Практикалық сабақта және студенттердің оқытушы басшылығымен орындайтын (СӨЖО) есептер мен жаттығулар

7. Химиялық тепе-теңдік

1.Химиялық тепе-теңдік деген не және ол қандай факторларға тәуелді?

Ле Шателье принципінің мәні. Неге химиялық тепе-теңдік динамикалық болады?

2.Тепе-теңдік константасы деген не ол қандай шамаларға тәуелді? Неге оның мәні реакция тереңдігін көрсетеді?

3.Неге реакция жылдамдығын , тепе-теңдік константасын есептейтін формулаларға қатты заттың концентрациясы кірмейді?

4.Әр химиялық тепе-теңдік қандай параметрлермен сипатталады? Бір параметрдің өзгерісі қандай өзгерістерге әкеледі?

5.Химиялық реакцияның тепе-теңдік константасының мәнін мына фактор өзгертеді:

а. қысым өзгерісі; б. температура өзгерісі; в. катализаторды ауыстыру; г. Реакцияласатын заттардың концентрацияларының өзгерісі.

6.Мына реакция үшін С (графит) + Н2 О ( бу)  СО + Н2 тепе-теңдік константасы бірге тең болғандағы температура мәнін анықтау керек. Н және S температураға тәуелділігін есептемей, мәндерін анықтамадан алу керек . Жауабы 983К.

7.N2 + 3 H2  2 NH3 ; Н = - 92.4 кДж тепе-теңдіктегі жүйеде қатысатын заттардың концентрациялары CN2 = 3моль/л; СН2 = 9 моль/л; СNH3 = 4 моль/л болса, анықтау керек а. сутегі мен азоттың алғашқы концентрацияларын; б. температураны көтергенде және в. реакция жүретін ыдыстың көлемін азайтқанда, тепе-теңдік қай жаққа ығысатынын. Жауабы а.5моль/л және 15моль/л; б.солға; в. оңға.

8.Мына теңдеулер үшін тепе-теңдік константаларын жазу керек:

СО + СІ2  СОСІ2 (г) ; SO3 + C  SO2 + 2H2 O (г) ; CaCO3  CaO + CO2

9.Тепе-теңдік константалар мәніне қарап қай жағдайда реакция тереңірек, қай жағдайда азырақ жүретінін анықтау керек: a.СО + СІ2  СОСІ2 (г), К = 50; b. H+ + HS  H2S,

K = 107 ; Cd2+ + S2  CdS , K = 71028 .

10.Мына жүйеде СО + СІ2  СОСІ2 (г) мына заттардың алғашқы концентрациялары СО және СІ2 0,28 және 0,09 моль/л болған, мына заттың СО тепе-теңдік концентрациясы 0,20 моль/л болғанда тепе-теңдік константасы қанша болады? Жауабы 40.

11.РСІ5  РСІ3 + СІ2 жүйесінде 500 К температурада тепе-теңдік орнады, реакция барысында РСІ5 концентрациясы 1 моль/л – ден 0,46 моль/л азайды. Осы температурадағы реакцияның Кс және Кр есептеңдер. Жауабы 0,634 моль/л; 2,63 МПа.

12.2НІ  Н2 + І2 реакциясында 448С тепе-теңдік орнады. Осы температурада газдардың тепе-теңдік парциалды қысымдары р(НІ)=4,05104Па, р(Н2 )=7,52104 Па; р( І2) = 4,36102 Па . Реакцияның Кр және Кс есептеу керек. Жауабы Кр = Кс = 0,02.

13.А + В  С + D реакциясының тепе-теңдік константасы бірге тең. А затының алғашқы концентрациясы 0,02 моль/л болса, В затының алғашқы концентрациялары 0,02, 0,1 және 0,2 моль/л болғанда А затының қанша пайызы өзгеріске ұшырайды?

Жауабы 50%, 83,3% , 90,9%.

14.2СО + О2  2СО2 Н = - 566 кДж ; 2Н2 + О2  2 Н2 О , Н = - 483,6 кДж; СаСО3  СаО + СО2 , Н = 179 кДж а) температураны төмендетсе , б) қысымды көтерсе; в) температураны көтерсе; г) қысымды азайтса, тепе-теңдік қай жаққа ығысады?

15.Белгілі бір температурада мына гетерогенді реакцияның ҒеО + СО  Ғе + СО2 тепе-теңдік константасы 0,5 , көміртегі(ІІ) және көміртегі(ІУ) оксидтерінің алғашқы концентрациялары сәйкесінше 0,05 моль/л және 0,01 моль/л болса, олардың тепе-теңдік концентрациялары нешеге тең болады? Жауабы 0,04 моль/л; 0,02 моль/л.

16.Мына гомогенді жүйеде 2 SO2 + O2  2 SO3 көлемді 2 есе азайтса, тура және кері реакциялардың жылдамдықтары қалай өзгереді (санау керек)? Тепе-теңдік ығыса ма?

17. РСІ5  РСІ3 + СІ2 , Н = 92,59 кДж тура реакцияны жүргізу үшін а) температураны; б) қысымды; в) концентрацияны қалай өзгерту керек?

18.Қандай жағдайларда мына реакция 4Ғе + 3 О2  2 Ғе2 О3 үшін тепе-теңдік оксидтің айрылуы жағына ығысады?

19.Н2 + І2  2НІ реакциясының белгілі бір температурада тепе-теңдік константасы

50-ге тең. 1 моль І2 затының 90% -ін НІ затына айналдыру үшін сутегінің қандай мөлшерін алу керек? Жауабы 1,548 моль.

20.Метанол мына реакция нәтижесінде алынады СО + 2 Н2  СН3ОН (с) ,

Н = - 127,8 кДж. Егер а) температураны б) қысымды көтерсе, тепе-теңдік қай жаққа ығысады?

21.Гомогенді жүйенің N2 + O2  2NO тепе-теңдік константасы К = 4,110-4 болса, тепе-теңдік концентрациялары N2 және NO сәйкесінше 0,10 және 0,05моль/л болса, оттегінің тепе-теңдік концентрациясы қанша болады? Жауабы 61моль/л.

22.Гомагенді жүйенің N2 + 3 H2  2 NH3 тепе-теңдік константасы К = 0,1 болса, тепе-теңдік концентрациялары Н2 және NН3 сәйкесінше 0,20 және 0,08моль/л болса, азоттың тепе-теңдік және алғашқы концентрацияларын анықтау керек.

Жауабы 8 моль/л және 8,04моль/л.

23.С + СО2  2СО Н = + 119,8 кДж, осы гетерогенді жүйедегі тепе-теңдік қалай өзгереді: а) СО2 қосса; б) С қосса; в) температураны көтерсе; г) қысымды көтерсе;

д) катализатор қатыстырса; е) СО-ны жүйеден шығарса?

24.4940С температурада 2NО + O2  2NO2 жүйесінің тепе-теңдік константасы 2,2 болса, NО және O2 заттарының тепе-теңдік концентрациялары сәйкесінше 0,020 және 0,030 моль/л болса, олардың алғашқы концентрацияларын анықтау керек.

Жауабы 0,0251 және 0,0326моль/л.

25.Қайтымды реакция үшін G298 а) 5,714кДж/моль; б) – 5,714кДж/моль болса, 250С температурада тепе-теңдік константасы қанша болады?

Жауабы а)0,1; б)10.

26.СО2 + Н2  СО + Н2О,бу егер а) жүйе көлемін арттырса; б) су буы конденсациялана тепе-теңдік қай жаққа ығысады?

27. 2NO2 + О3  N2O5 + О2 , егер а) NO2 концентрациясын көбейтсе; б) О3 концентрациясын көбейтсе; в) N2O5 концентрациясын азайтса; г) О2 контрациясын арттырса, тепе-теңдік қай жаққа ығысады?

28. 2NO2  2NО + O2 , Н > 0 азот диоксидінің айрыруын қалай азайтуға болады?

29.Химиялық тепе-теңдік Н2 + Br2  2HBr, газ, осы реакция үшін мына концентрацияларда орнаған: [Br2] = 0,2 моль/л; [НBr] = 0,4 моль/л; [Н2] = 0,2 моль/л; Егер жүйеге 0,2моль/л бром қосылса, осы заттардың жаңа тепе-теңдік концентрациялары қанша болады?

Жауабы [Н2] = 0,16 моль/л; [Br2] = 0,36 моль/л; [НBr] = 0,48 моль/л;

30.Тепе-теңдік константасына катализатор қатысы әсер ете ме?
Практикалық сабақта және білім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын (СӨЖО) есептер мен жаттығулар

8. Ерітінділер. Ерітінділер концентрациясы. Заттар ерігіштігі

1.5 л 8 % -ті (масса бойынша) ( = 1,075 г/мл) ерітінді дайындау үшін қанша натрий сульфитін алады? Жауабы 430г.

2.1 мл 25 %-ті ерітіндіде 0,458 г зат еріген болса, оның тығыздығы нешеге тең болады? Жауабы 1,83 г/мл.

3.50% -ті 400 г күкірт қышқылының ерітіндісінен 100 г суды ұшырған соң, қалған ерітіндідегі күкірт қышқылының массалық үлесі нешеге тең болады? Жауабы 66,7%.

4.9 % -ті тұз қышқылының ертіндісін алу үшін оның қ.ж. 67,2 л көлемін судың қандай массасында еріту керек? Жауабы 1107г.

5.25% -ті КОН ерітіндісін алу үшін оның 1кг 50% -ті ерітіндісіне 20% - ті ерітіндісінен қанша қосу керек? Жауабы 5кг.

6.100 мл 20% -ті күкірт қышқылы ерітіндісіне ( = 1,075 г/мл ) оның 5% -ті ерітіндісін алу үшін судың қандай көлемін қосады? Жауабы 342мл.

7.26% -ті КОН ерітіндісінің тығыздығы 1,24г/мл, оның 5л ерітіндісінде неше моль КОН болады? Жауабы 28,7моль.

8.5% -ті MgSO4 ерітіндісін дайындау үшін 400г MgSO4 7Н2 О алынған. Пайда болған ерітіндінің массасын анықтау керек. Жауабы 3,90кг.

9.50 г мыс(ІІ) купоросынын 450 г суда еріткенде алынған ерітіндідігі сусыз мыс сульфатының массалық үлесін анықтау керек. Жауабы 6,4%.

10.8% -ті (масса бойынша) CuSO4 ерітіндісін алу үшін 25г CuSO4 5H2O қанша суда еріту керек? Жауабы 175г.

11.14,35 г AgCl тұнбасын алу үшін қанша 2% - ті AgNO3 ерітіндісі натрий хлоридінің артық мөлшерімен әрекеттеседі? Жауабы 850 г.

12. 15% -ті Н2SO4 ерітіндісін алу үшін 400 г суда қанша грамм күкірт (УІ) оксидін еріту керек? Жауабы 57,1г.

13.28 % -ті ортофосфор қышқылын алу үшін 426 г фосфор (У) оксидін судың қандай көлемінде ерітеді? Жауабы 1664мл.

14.Аммиакті катализатор қатысында оттегінің артық мөлшерінде тотықтырғанда азот қышқылы мен су түзіледі. Суда еріген азот қышқылының массалық үлесін анықтау керек. Жауабы 77,78%.

15.Егер  (Н2SO4) = 72% болса, одан а) 1 кг ; б) 1 л алса, сонда ерітіндіде қанша масса күкірт қышқылы болады? Жауабы а) 720 г ; б) 1180,8 г.

16.300 мл молярлы концентрациясы 0,2моль/л болатын ортофосфор қышқылын алу үшін қанша фосфор (V) оксидін суда еріту керек? Жауабы 4,26г.

17.Егер 250мл ерітіндіде 7,5г алюминий сульфаты бар болса, оның молярлы концентрациясы және эквивалентінің молярлы концентрациясы қанша болады?

Жауабы 0,088 және 0,528 моль/л.

18.Егер 1,2 л ерітіндінің а) молярлы концентрациясы 0,2 моль/л б) эквивалентінің молярлы концентрациясв 0,2моль/л болса, қанша грамм кристалдық соды Na2 CO3 10H2 O алу керек? Жауабы а) 68,64 г б) 34,32 г.

19.8 % -ті 100 мл ( = 1,06 г/мл) барий хлориді ерітіндісіне барий сульфаты тұнбасын алу үшін 139 мл күкірт қышқылын қосқан , сонда анықтау керек а) қышқылдың молярлы концентрациясын және б) эквивалентінің молярлы концентрациясын.

Жауабы а) 0,294 б) 0,588 моль/л.

20.0,9600 г (NH4 )2SO4  FeSO4 6H2O кристаллогидраты сынамасындағы темірді анықтау үшін концентрациясы С (1/5 КМnО4) болатын ерітіндіден қанша алу керек? Жауабы 245 мл.

21.36,2 % -ті ( = 1,18 г/мл) НСІ ерітіндісінің молярлығы қанша? Жауабы 11,7М.

22.20С температурада кадмий хлоридінің 100 г суда ерігіштігі 114,4 г. Оның массалық үлесі мен қанық ерітіндідегі моляльдығын есептеу керек .

Жауабы 53,3% және 6,22моль/кг.

23.3 л 0,4 н. күкірт қышқылының ерітіндісін дайындау үшін 96 % -ті

( = 1,84 г/мл) ерітіндісінен қанша алу керек? Жауабы 33,31мл.

24.Кальций карбонаты сынамасын еріту үшін 35 мл 1,025 н. тұз қышқылы жұмсалған, сонда қанша тұз алынған? Есепті теңдеу құрмай шығару керек.

Жауабы 1,79г.

25.18М күкірт қышқылының тығыздығы 1,84 г/мл болса, оның молярлық үлесі және концентрациясы ( %) қанша болған? Жауабы 0,80; 96 %.

26.9 % -ті ( = 1,035 г/мл) сахароза (С12 Н22 О11) ерітіндісі үшін

а) морярлылығын б) моляльдылығын анықтау керек. Жауабы 0,27моль/л 0,29моль/кг.

27.24,3г магнийді және 27,0 г алюминийді еріту үшін 15% -ті ( = 1,10 г/мл) күкірт қышқылынан қанша алу керек? Жауабы 594 мл, 891мл.

28.Калий хлоратының 100г суда 70С –та ерігіштігі 30,2г, ал 30С –тағы ерігіштігі 10,1г болса, 70г 70С –тағы қанық ерітіндісін 30С – қа дейін салқындатқанда қанша грамм калий хлораты бөлінеді? Жауабы 10,8г.

29.Мыс сульфатының 100г судағы 30С температурада ерігіштік коэффициенті 25 г тең болса, осы температурада 18% -ті ерітіндісі қанық ерітінді бола ма? Жауабы жоқ.

30.20С температурада аммиактың 1 мл суда ерігіштігі 702 мл болса, қанық ерітіндідегі массалық үлесін табу керек. Аммиактық парциалды қысымын қалыпты атмосфералық қысымға тең деп алу керек. Жауабы 33,2%.

31.0С температурада көмір қышқыл газының абсорбция коэффициенті 1,71. Қандай қысымда оның ерігіштігі сол газдың сол температурада суда ерігіштігіне (16г/л) тең болады? Жауабы 483 кПа.

32.25С температурада 8,75г калий хлоридін 25 г суда еріткенде қанық ерітінді пайда болады. Осы температурадағы оның ерігіштік коэффициентін анықтау керек.

Жауабы 35г тұз 100 г суда.

33.Калий нитратын қайта кристалдау үшін 80С температурада қанық ерітінді түзілгенше 200 г суда еріп 0С температураға дейін суытқан. Таза тұздың шығымы мен міндетті түрде жоғалатын бөлігінің массалық үлесін анықтау керек. 80С температурада К (KNO3) = 170г , ал 0С температурада – 17г. Жауабы 90% және 10%.

34.Белгілі бір температурада күкіртті сутектің спирттегі ( = 0,8г/мл) ерігіштігі 10:1 көлемдік қатынасында болса, осындай ерітіндідегі оның массалық үлесін табу керек. Жауабы 1,86%

35.Оттегі мен азоттың суда ерігіштігі сәйкесінше мынандай қатынаста 1:0,048 және 1:0,024. Суда еріген ауадағы оттегі мен азоттың көлемдік үлесін есептеу керек.

Жауабы 66,7 және 33,3%.


Практикалық сабақта және білім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын (БӨЖО) есептер мен жаттығулар

9. Сұйытылған бейэлектролиттер ерітінділерінің кейбір физика-химиялық қасиеттері

1.0,0125 моль затты 125г бензолда еріткенде оның кристалдану температурасы 0,512 төмендеген, бензолдың криоскопиялық константасын есептеу керек. Жауабы 5,12.

2.15г хлороформды 400г эфирде еріткен, оның эбуллиоскопиялық константасы 2,12, сонда қайнау температурасы 0,665 - қа көтерілген. Хлороформның молекулалық массасын анықтау керек. Жауабы 119,5.

3.155,18г ерітіндеде 5,18г зат ерігенде оның кристалдануы – 1,39С-та. Судың криоскопиялық константасы 1,86. Еріген заттың молекулалық массасын есептеу керек. Жауабы 46.

4.Сірке қышқылының кристалдану температурасы 16,65С , ал криоскопиялық константасы 3,9. 0,1 моль зат 125г сірке қышқылында еріген болса, ерітіндінің кристалдану температурасын есептеу керек. Жауабы 13,53С.

5.Егер 0,6г затты 40г эфирде ерітсе, ол 36,13С градуста қайнайды. Эфирдің қайнау температурасы 35,6С , ал эбуллиоскопиялық константасы 2,12. Еріген заттың молекулалық массасын анықтау керек. Жауабы 60.

6.Еріткіштің эбуллиоскопиялық және криоскопиялық константасы деген не?

7.100С - де су буының қысымы 1,01325105 Па. 4% - ті мочевина ерітіндісі бетіндегі буының осы температурадағы қысымын есептеу керек.

Жауабы 1,00085105 Па.

8.100С температурада 10% - ті қант ерітіндісінің буының қысымын есептеу керек. Жауабы 100,7кПа.

9.25С температурада су буының қысымы 3167 Па. Осы температурадағы 90г глюкозасы бар 450г ерітінді буының қысымын анықтаукерек.

Жауабы 3090Па.

10.20С температурада су буының қысымы 2338 Па. Буының қысымы су буы қысымынан 18,7 Па кем болатын ерітінді дайындау үшін 720г суда неше грамм қант еріту керек және ерітіндідегі қанттың пайыздық мөлшері қанша екенін есептеу керек.

Жауабы 109г; 13,15%.

11.10С температурада су буының қысымы 1228 Па. Осы температурада буының қысымы 1200Па болатын ерітінді дайындау үшін 23г глициринді судың қандай мөлшерінде еріту керек. Ерітіндідегі глицириннің пайыздық мөлшерін есептеу керек. Жауабы 193г және 10,65%.

12.Екі ерітіндіден тұратын жүйеде қандай жағдайларда осмос пайда болады және оның интенсивтігі мен бағыты немен анықталады? Жүйе осмостық тепе-теңдікке қалай келеді?

13.Осмостық қысым деген не және оны қандай құралдарда анықтайды?

14.Осмостық қысым қандай факторларға тәуелді және бұл тәуелділік қандай теңдеумен көрсетіледі?

15.Қай жағдайда бірдей температурада бейэлектролиттер ерітінділері бірдей осмостық қысым көрсетеді және ондай ерітінділер қалай аталады? Қай ерітінді екіншісіне қатысты а) гипертонды; б) гипотонды деп аталады? Қай ерітінді жағына қарай осмос бағытталады?

16.Өсімдіктер осмос арқылы суды жұтқанда ішкі клеткаларда (жасушаларда) осмос қысымы пайда болады, сондықтан өсімдік ұлпалары (ткани) тығыз болады (тургор). Қай жағдайларда осы тығыздық азая бастайды және өсімдіктер семеді ? Тургор ненің арқасында қайта орнына келеді?

17.Молярлы концентрациялары 0,1; 0,8; 0,025 моль/л болатын бейэлектролит ерітінділерінің 0С температурадағы осмостық қысымдары нешеге тең? Жауабы 2,269105 ; 1,815105 ; 5,672104 Па.

18.Бейэлектролит ерітінділерінің 27С температурадағы осмостық қысымдары, егер V және n а) 0,5л және 0,16 моль ; б)125 мл және 0,05 моль тең болса, қанша болады? Жауабы 7,98105 және 9,97 105 Па.

19.Көлемдері 1 л 23г этил спирті не 36г глюкозасы бар бейэлектролит ерітінділерінің 27С температурадағы осмостық қысымдары қанша болады?

Жауабы 1,246 105 және 4,986 106 Па.

20.0С температурада мочевина ерітіндісінің осмостық қысымы 6,8 105 Па болса, 1л ерітіндідегі оның массасы қанша? Жауабы 18,0г.
Практикалық сабақта және білім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын (БӨЖО) есептер мен жаттығулар

10. Электролиттер. Электролиттік диссоциация. Диссоциация дәрежесі және константасы 11. Күшті электролиттер теориясы туралы түсінік. Активтілік 12. Судың диссоциациялануы. Судың иондық көбейтіндісі. Сутектік, гидроксидтік көрсеткіштер: рН, рОН. Ерігіштік көбейтіндісі. Электролиттер ерітіндісіндегі алмасу реакциясы.


1. Май қышқылының диссоциация константасы 1,5105 болса, оның 0,005М ерітіндісінде диссоциация дәрежесі қанша? Жауабы 0,055.

2. Құмырсқа қышқылындағы сутегі ионы концентрациясын есептеу керек,

егер  = 0,03. Жауабы 6 103.

3. Көмір қышқылының бірінші саты бойынша 0,1н. ерітіндідегі диссоциация дәрежесі 2,11103. Диссоциация константасы мен рК мәнін анықтау керек.

Жауабы 4,5107.



  1. 0,1н. сірке қышқылының диссоциация дәрежесі 1,32102 . Азотты қышқылдың қай концентрациясында оның диссоциация дәрежесі де сондай мәнге тең болады?

  2. Жауабы 2,3 моль/л.

5. 2,1г КОН 250г суда ерітілсе, онда ол ерітінді 0,519С қатады. Осы ерітіндінің изотонды коэффициентін анықтау керек. Жауабы 1,86.

6. 200г суда 0,53г натрий карбонаты бар ерітінді 0,13С кристалданса, тұздың диссоциация дәрежесі қанша болады? Жауабы 0,9.

7.450г суда 0,05моль натрий сульфаты ерітілген, осы ерітіндінің 100С температурадағы бу қысымы 100,8 кПа ( 756,2 мм сын.бағ.). Натрий сульфатының диссоциация дәрежесі қанша болады? Жауабы 0,75.

8. 1л 0,01М сірке қышқылында 6,261021 оның молекуласы мен иондары бар. Сірке қышқылының диссоциация дәрежесі қанша болады? Жауабы 0,04.

9. 0,1н. калий хлориді ерітіндісінде диссоциация дәрежесі 0,80. 17С температурада оның осмостық қысымы қанша? Жауабы 434 кПа.

10. 0С температурада 0,04 моль/л ерітіндінің осмостық қысымы 2,178105 Па. Эксперимент бойынша табылған диссоциация дәрежесі 0,7. Электролит неше иондарға ыдырайды? Жауабы 3.

11. Мыс сульфатының диссоциация дәрежесін анықтау керек, егер оның изотонды коэффициенті 1,7болса. Жауабы 70%.

12. 200 мл ерітіндіде 11,2г кальций хлориді бар, оның изотонды коэффициенті 2,5. 17С температурада оның осмостық қысымы қанша?

Жауабы 3,04МПа.

13. 12г натрий гидроксидін 100г суда еріткенде оның қайнау температурасы 2,65С көтерілді. Осы мәндерге натрий гидроксидінің қандай диссоциация дәрежесі сәйкес болады? Жауабы 70%.

14. Эквивалентінің молярлы концентрациясы 1,0моль/л болатын қымыз қышқылының І саты бойынша диссоциациясының диссоциация дәрежесі 23,3%. Қышқылдың қандай концентрациясында  = 0,9 болады?

Жауабы 0,06моль/л.

15. 1л ( =1,0013г/мл) ерітіндіде 1,78г кальций хлориді бар. Молярлы және моляльды концентрацияларын тауып, салыстырып, қорытынды жасау керек. Егер f( Ca2+) =0,57 және f(Cl) = 0,87 болса, осы ерітіндінің иондық күші мен иондардың активтілігін есептеу керек. Жауабы 0,016моль/кг және 0,016моль/л; 0,048;

а( Ca2+) = 0,00584моль/л, а (Cl) = 0,0125моль/л.

16. Егер f( Cu2+) =0,675, f(SO42) = 0,660 болса, мыс сульфаты ерітіндісінің концентрациясы 0,02 моль/л болса, сонда ерітіндінің иондық күші және иондардың активтігі қанша болады ? Жауабы 0,08; 0,0135; 0,0132.

17. Активті концентрация деп не активтілік деп қандай шамаларды айтады? Олар аналитикалық канцентрациялармен қандай қатынаста?

18. Бір зарядты иондары бар бинар электролиттер үшін Дебай және Гюккель формулалары қалай жазылады?

19. Ерітіндінің иондық күші деген не және ол қалай анықталады? Ерітіндіде болатын басқа иондар санына, әр ионның концентрациясы мен зарядына байланысты иондық күштің мәні қалай өзгереді?

20. Ерітіндіде кальций нитраты және хлориді болса, олардың концентрациялары сәйкесінше 0,01 және 0,05 моль/л болса, осы ерітіндінің иондық күші қанша болады? Жауабы 0,16.

21. Гидроксид-иондарының концентрациялары (моль/л): а)104 ; б)3,2104; в) 3,210-11 болатын сулы ерітінділерде сутегі ионының концентрациясы және ерітінді рН – ы нешеге тең?

22.Н+ иондарының концентрациялары (моль/л): а)104 ; б)3,2104 ;

в) 3,210-11 болатын сулы ерітінділерде ерітінді рН – ы нешеге тең?

23. Сутегі иондарының концентрациясы ( моль/л): а)104 ; б)3,2104 ;

в) 3,210-11 болса, гидроксид иондарының концентрациясы және рОН мәні қанша болады?

24.0,01н. сірке қышқылының диссоциация дәрежесі 0,042 болса, рН мәні қанша болады?

25. Егер рН мәні 6,2 болса, ерітіндінің H+ және ОН- мәндері қанша болады?

26. Қандай жағдайларда әлсіз электролиттер де күшті электролиттер сияқты әрекеттесуші массалар заңына бағынбайды? Бұл жағдайларда да ол заң қолданылытындай болу үшін диссоциация константасын КD қалай түрлендіруге болады?

27. Егер с (Н+) 0,1; 0,001; 107 және 1010 моль/л; с(ОН ) 0,01; 1011 моль/л болса, ерітінділердің рН қанша болады?

28. Ерігіштік көбейтіндісі деген не? Оның мәні заттардың қандай қасиеттерін сипаттайды? Қандай жағдайларда тұнба түзіледі, ериді және ерітіндімен тепе-теңдікте тұрады?

29. Қиын еритін бинарлы, үш ионды, төрт ионды , бес ионды электролиттерде ерігіштік көбейтіндісі (ЕК) мен ерігіштік (S) өзара қалай байланысты? Егер заттың қанық ерітіндісіне біртекті ион енгізсе, ол оның ерігіштігіне қалай әсер етеді? Қандай жағдайларда тұнба комплекс қосылыс түзіп, ериді?

30. Мына заттардың қанық ерітіндісін бір-біріне қосса, тұнба түзіле ме: SrCl2 және CaSO4 ; CaCl2 және SrSO4 ; Мына тұздардың қайсысы көбірек ерігіш және неше есе ерігіштігі бір-бірінен көп: CaSO4 не BaSO4; CaCO3 не BaCO3 ; PbI2 не PbCl2 . PbCl2 тұнбасына КІ ерітіндісін қосса, PbI2 тұнбасы түзіле ме?

31. Егер PbI2 қанық ерітіндісінде иодид ионының концентрациясы 1,3103 моль/л болса, осы ерітіндідегі қорғасын ионының концентрациясы қанша болады? Жауабы 0,65103 моль/л.

32. 250 мл PbCl2 қанық ерітіндісінде қорғасын ионының мөлшері 4103 моль болса, сонда хлор ионының осы ерітіндідегі концентрациясы және PbCl2 ерігіштігі қанша? Жауабы 3,2102 моль/л; 1,6102 моль/л.

35. Егер ЕКAg2CO3 = 6,151012 болса, қанық ерітіндіде әр ионның концентрациясы қанша болады? Жауабы 2,30104 моль/л; 1,15104 моль/л.

36. 10л Mg3(PO4)2 қанық ерітіндісінде 3г тұз болса, оның ерігіштігі және ерітіндідегі әр ионның молярлы концентрациясы қанша болады?

Жауабы 1,14103; 3,42103 моль/л және 2,28103 моль/л.

37. СаСО3 (г/л) тұзының таза судағы және концентрациясы 0,1моль/л болатын соды ерітіндісіндегі ерігіштігін есептеп, салыстырыңдар.

Жауабы 7103 және 4,8106 г/л.

38. Көлемдері бірдей және эквиваленттерінің молярлы концентрациялары 0,001моль/л болатын SrCl2 және K2SO4 ерітінділерін араластырғанда SrSO4 тұнбасы түзіле ме?


Практикалық сабақта және студенттердің оқытушы басшылығымен орындайтын (СӨЖО) есептер мен жаттығулар

13. Тұздар гидролизі

1.Қай тұздар гидролизге ұшырайды? Олардың гидролиз теңдеулерін жазу керек: K2SO4, Na2Se, BaS, LiCl, NH4NO3, ZnCl2, K2SO3, Na3PO4, HCOOK, NH4ClO4, KBrO, CuSO4, Bi(NO3)3 .

2.Мына тұздар ерітінділерін бір- бірінен индикатор арқылы ажыратуға бола ма: NaClO4 және NaClO; KClO3 және NaAsO3; BeCl2 және BaCl2; KJ және NH4J;

Na2CO3 және Zn(NO3)2 ?

3.Орта тұздарға қарағанда гидро- не гидроксотұздар гидролизге көбірек ұшырауы мүмкін бе? Мысал келтіріп,түсіндіріңдер.

4.Қандай тұздар гидролизге сатылап түседі? Саты саны неге байланысты және гидролиз интенсивтігі бірінші сатыдан соңғы сатыға қарай қалай өзгереді?

5.Гидролиз дәрежесі деген не, оған қандай факторлар әсер етеді? Оның мәнін қалай көтеруге не азайтуға болады?

6,Концентрациялары бірдей және бірдей температурада жүрген мына тұздар гидролизін гидролиз дәрежесі өсу ретімен орналастыру қажет:

CH3COONa, HCOOK, NaCN, KNO2

6.Висмут және сурьма тұздарының ерітіндісін дайындағанда қышқыл қосады. Неге?

7.Гидролиз константасы (Кг) деген не? Оның мәні тұздар табиғатына, ерітінді концентрациясына, температураға тәуелді ме? Әр түрлі тұздар үшін Кг мәнінің көп не аз болуы неге байланысты?

8.Екі тұздың ерітіндісін араластырғанда неге өзара бір-бірінің гидролизін күшейтеді? Кез келген тұздар жұбы осындай эффект бере ме?

9.Молярлы концентрациялары 0,1 моль/л NaNO2 және HCOOK ерітінділерінің гидролиз дәрежелерін есептеу керек.

Жауабы 1,610-5 және 2,410-5 .

10.0,1 моль/л NH4Cl тұзы ерітіндісінің гидролиз дәрежесі және гидролизденген тұз концентрациясын есептеу керек.

Жауабы 7,4510-5 және 7,4510-6 моль/л.

11.Бір негізді қышқыл мен сілтілік металл тұзының 0,1 моль/л ерітіндісінің гидролиз дәрежесі 0,04% тең. Осы тұздың гидролиз константасы мен тұз түзген қышқылдың диссоциация дәрежесін есептеу керек.

Жауабы 1,9610-11; 510-4.

12.0,5 моль/л ZnCl2 тұзының I саты бойынша жүрген гидролиз процесі үшін гидролиз дәрежесін h (ZnCl2) есептеу керек, егер КD(ZnOH+) = 1,510-9.

Жауабы 3,710-3.

13.0,1 моль/л NH4Br тұзының гидролиз дәрежесін және рН мәнін есептеу керек. Жауабы 7,4510-5 және 5,13.

14.0,1М натрий ацетаты ерітіндісінің дисоциация дәрежесі және осы ерітіндінің рН қанша? Жауабы 5,510-10 және 8,9.

15.0,02н Na2CO3 тұзының I саты бойынша жүрген гидролизі үшін ерітінді рН-ын есептеу керек. Жауабы 11,66.

16.0,01М КF ерітіндісі үшін гидролиз константасын, гидролиз дәрежесін және рН анықтау керек. Жауабы Кг = 1,510-11; h = 3,910-5; рН = 7,59.

17.0,1М және 0,001М KCN ерітінділерінің гидролиз дәрежесін және рН есептеу керек. Жауабы h = 1,1210-2; рН = 11,05; және h = 0,107; рН = 10,03.

18.0,1М бір негізді органикалық қышқылдың натрий тұзының гидролизінің рН = 10 болса, осы қышқылдың диссоциация константасы. Жауабы Кd = 10-7.

19.Мына тұздардың NaCN, NaNO2, Cr(NO3)3 гидролизінің ионды-молекулалық теңдеулерің жазып, ортасын көрсетіңдер.

20.0,1М натрий карбонаты ерітіндісінің гидролиз константасын мен дәрежесін және ерітіндісінің рН-ын еспетеу керек.

Жауабы Кг = 2,110-4; h = 4,710-4; рН =11,7.
14 Практикалық сабақта және студенттердің оқытушы басшылығымен орындайтын (СӨЖО) есептер мен жаттығулар

14. Тотығу-тотықсыздану реакциялары

1. Тотықтырғыштар – жай заттар болса:

Мына реакциялар үшін электрондық кестені құрып, теңдеулерді аяқтау керек:

1. SO2 + Br2 + H2O → H2SO4 + …

2. Mn(OH)2 + Cl2 + KOH → MnO2 + …

3. FeSO4 + Br2 + H2SO4 → Fe2(SO4)3 + …

4. S + Cl2 + H2O → H2SO4 + …

5. H2S + Cl2 + H2O → H2SO4 + …

6. NH3 + O2 → NO + …

7. MnO2 + O2 + KOH → K2MnO4 + …

8. K2MnO4 + Cl2 → KMnO4 + …

2. Тотықтырғыштар - оттекті қышқылдар және олардың тұздары болса:

Тотықтырғыш ретінде көбінесе жоғарғы тотығу дәрежесіне сәйкес не жоғарырақ тотығу дәрежесіне сәйкес элементтер атомдары кіретін қышқылдары мен тұздары болады. Мысалы, KМnO4, K2Сr2O7, K2СrO4, HСlO4, H2SO4, НNO3, сонымен бірге HClО3, HBrО3, HJО3. Азот қышқылы азот оксидтеріне дейін тотықсызданады.



Электрондық кестесін құрып, мына теңдеулерді аяқтау керек:

1. S + HNO3 → H2SO4 + …

2. Р + HNO3 → Н3РO4 + …

3. С + HNO3 → СO2 + …

4. Н2S + HNO3 → H2SO4 + …

5. Ag + HNO3 → AgNO3+ …

6. Au + HNO3 + HCl → H[AuCl4] + …

7. Sn + HNO3 → H2SnO3 + …

8. As2S3 + HNO3 → H2SO4 + H3AsO4 + …

9. KМnO4 + K2SO3 + H2O → K2SO4 + …

10. KМnO4 + HJ + H2SO4 → J2 + …

11. KМnO4 + HCl → Cl2 + …

12. H2S + K2Cr2O7 + H2SO4 → S + …

13. Na2CrO4 + NaJ + H2SO4 → J2 + …

14. HJО3 + HJ → J2 + …

15. KClO3 + MnO2 + KOH → K2MnO4 + …



1.Тотықсыздандырғыштар – жай заттар болса:

Бұл топқа металдар және сутегі, көміртегі жатады. Электрондық кестелерді құрып, теңдеулерді аяқтау керек:

1. AgCl + H2SO4 + Zn → Ag + HCl + …

2. Zn + HNO3 → N2О + …

3. Zn + HNO3 → NH4NO3 + …

4. Al + КNO3 + КОН→ NH3 + …

5. Zn + H2SO4 → H2S + …

6. C + Na2SO4 → Na2S + CO + …



2.Тотықсыздандырғыштар - оттекті қышқылдар және олардың тұздары.

Бұл тотықсыздандырғыштарға төменгі және ортадағы тотығу

дәрежелеріне сәйкес келетін элементтер атомдары кіретін қышқылдар, тұздар

жатады. Электрондық кестелерін құрып, теңдеулері аяқтау керек:

1. SО2 + NаJO3 + Н2О → J2 + …

2. SО2 + H3AsO4 + Н2О → H3AsO3 + …

3. К2SO3 + K2Cr2O7 + H2SO4 → …

4. КNO2 + KClO3 → …

5. Н23 + NO2 → …

3.Тотықсыздандырғыштар – оң зарядты металл иондары және теріс

зарядты элементар иондар.

Электрондық кестелерді құрып, теңдеулерді аяқтау керек:

1. CuCl + K2CrO7 + HCl (сұйық) → CuCl2 + …

2. FeCl2 + KMnO4 + HCl (сұйық) → FeCl3 + …

3. SnCl2 + HCl + HNO3 → NO + H2[SnCl6] + …

4. FeSO4 + O2 + H2SO4 → …

5. HJ + SbCl5 → SbCl3 + …

6. H2SO4 + KJ → H2S + J2 + …

7. KJO3 + KJ + H2SO4 → J2 + …

8. NaH + Н2О → …



Диспропорциалану реакциялары

Мына тотығу-тотықсыздану реакцияларын аяқтау керек:



  1. NO2 + H2O → HNO2 + HNO3

  2. KClO3 → KClO4 + KCl

  3. S + KOH → K2SO3 + …

  4. P + Н2О → H3PO3 + PH3

  5. K2SO3 → K2SO4 + K2S

  6. HNO2 → HNO3 + NO + Н2О

  7. N2H4 → N2 + NH3


Ішкі молекулалық тотығу-тотықсыздану реакциялары

Мына теңдеулерді аяқтап, тотықтырғыштарды, тотықсыздандырғыштарды көрсету керек:



  1. NH4NO3 → N2 + …

  2. (NH4)2 CrO7 → N2 + …

  3. NaNO3 → NaNO2 + …

  4. KClO4 → KCl + …

  5. KMnO4 → K2MnO4 + MnO2 + …

Тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштардың эквиваленттері,

эквивалент массалары және ерітінділерінің нормальдылығы (нормальды концентрациялары)
1.0,971г тотықтырғыш K2CrO4 эквивалентінің қандай үлесі?

Жауабы: 0,015 экв.

2.H2SO4 қатысында 100 мл 0,25н K2CrO4 ерітіндісі неше грамм FeSO4-ті тотықтырады? Жауабы 3,8г FeSO4.

3.Молекулалық массасына сүйеніп, мына тотықтырғыштардың эквивалент массаларын анықтау керек, моль/л:

а) KClO3 – 20,42; б) K2Cr2O7 -49,0; в) NaClO – 37,22.

4.1М KNO2 ерітіндісінің нормальдылығы: а) егер тотықсыздандырғыш болса,

KNO2 → KNO3 (2н.); б) егер тотықтырғыш болса, KNO2 → NO (1н.).

5.10% KJO3 ерітіндісінің (=1,09) тотықтырғыш ретінде (KJO3→J2) нормальдылығын есептеу керек. Жауабы 2,55н.

6.KJ ерітіндісінен 0,01 моль иод атомын бөліп шығару үшін 0,25н K2Cr2O7-нің күкірт қышқылымен қышқылданған ерітіндісінен қанша миллилитр қосу керек? Жауабы 40мл.

7.KJ-тың қышқыл ерітіндісіне 80мл 0,15н KMnO4 ерітіндісін қосқан, бөлінген иодтың массасын есептеу керек. Жауабы 1,52г.

8.H2SO4 қатысында 30мл 0,09н KMnO4 ерітіндісі неше грамм KNO2-ні тотықтырады? Жауабы 0,115г.
Практикалық сабақта және білім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын (БӨЖО) есептер мен жаттығулар

15. Химиялық тоқ көздері. Электродтық потенциалдар. Тотығу-

тотықсыздану реакцияларының бағыты. Гальвани элементі туралы

түсінік

1.Екі гальваникалық элементтің кестесінде біреуінде мыс катод болса, біреуінде мыс анод болуы керек. Осы элементтердің жұмыс кезіндегі реакциялар теңдеулерін жазып, стандартты э.қ.к мәнін есептеңдер.

2.Мына гальваникалық элементтерде: а) Mg|Mg2+||Pb2+|Pb; б)Pb|Pb2+|Сu2+|Сu; в) Сu|Сu2+||Аg+|Аg сыртқы тізбек бойынша электрондар қай бағытта жылжиды? Электролиттер ерітінділері бір молярлы, әр жағдайда қай металл ериді?

3.Марганец электродын оның тұзының ерітіндісіне батырғанда, потенциалы - 1,1 в болса, марганец ионының (Мn2+) концентрациясы (моль/л) қанша болғаны? Жауабы 2, 0410-2 моль/л.

4.Күміс электродының потенциалы оның стандартты электрод потенциалының 95%-не тең болғанда күміс ионының (Аg+) концентрациясы нешеге тең болған?

Жауабы 0,21 моль/л.

5.Сутекті электрод потенциалы -236 мВ болса, сутегі ионының концентрациясы қанша? Жауабы 110-4 моль/л.

6.Егер сутекті электрод потенциалы (мВ) мына сандарға а)-201; б)-431 тең болса, ерітінді рН- ы қанша? Жауабы а) 3,4; б)7,3.

7.AgI қанық ерітіндісіне батырылған күміс электродының потенциалын есептеу керек, егер ЕКAgI = 8,310-17 . Электрод потенциалы нольге тең болғанда Аg+ концентрациясы қанша болады? Жауабы: 0,326 В; 2,8.10-14 моль/л.

8.Концентрационды гальваникалық элементтің (мВ) э.қ.к. есептеу керек. Мырыш электродтары концентрациялары 210-2 және 3,210-3 моль/л ZnSO4 ерітінділеріне батырылған. Жауабы 24 мВ.

9.Күміс мырыш гальваникалық элементінің э.қ.к.-ін есептеу керек. Бұл электродтар катиондарының концентрациясы 0,01 моль/л болатын тұздарының ерітіндісіне батырылған. Жауабы 1,50 в.

10.PbBr2 қанық ерітіндісіне батырылған қорғасын электродының потенциалын есептеу керек. [Br-]=1 моль/л, ал ЕК PbBr2 =9,110-6 . Жауабы - 0,28В.

11.Егер мыс және қорғасын электродтарын осы металдардың 1 М ерітінділеріне батырылғанда түзілген гальваникалық элементтің э.қ.к.= 0,47В болса, электродтарды 0,001 М ерітінділеріне батырғанда, э.қ.к. өзгере ме? Түсініктеме беру керек.

15.Егер магний ионының концентрациясы а) 0,1;б)0,01;в) 0,001 моль/л болса, оның электродтық потенциалдары мына сандарға тең болады:

Жауабы -2,39В; -2,42В; 2,45В.

16.Мына жүйе үшін Zn+CdSO4=Cd+ZnSO4 тепе-теңдік константасын есептеу керек. Егер мырыш ионының концентрациясы 1 моль/л болса, кадмий ионының концентрациясы қанша болады? Жауабы 12,2; 10-12.

17.Мына реакцияның KMnO4+FeSO4+H2SO4 → тепе-теңдік константасын есептеу керек. Жауабы 31063 .

18.Өздігінен қай бағытта мына реакциялар жүреді: а)H2O2+HOCl=HCl+O2+H2O; б)2HJO3+5H2O2=J2+5O2+6H2O; в)J2+5H2O2=2HJO3+4H2O . Жауабы тура.

19.Сулы ортада темір (Ш) тұзын темір (ІІ) тұзына дейін а)KBr б) KJ ерітінділерімен тотықсыздандыруға бола ма? Жауабы а)жоқ; б) иа.

20.а)Кадмий-мырыш гальваникалық элементінде б)мыс-қорғасын гальваникалық элементінде жүретін реакциялардың тепе-теңдік константасын есептеу керек.

Жауабы а)1,61012; б)8,61015.
Практикалық сабақта және білім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын (БӨЖО) есептер мен жаттығулар

16. Электролиз. Электролиз заңдары

1. Электролизерлер қатарында мына электролиттердің ерітінділері: a) CuSO4; б) NiSO4; в) Fe2(SO4)3; г) FeCl2 құйылған, олар арқылы тоқ өткізілген. Сонда соңғы электролизердің анодында 1,4л хлор (00 С және 101,3кПа) бөлінсе, катодтарда қанша металл массалары бөлінген? Жауабы a) 3,97г; б) 3,67г; в) 2,33г; г) 3,49г.

2.NaCl ерітіндісін 30 мин электролизге ұшыратқанда, анодта 2,8л хлор қ.ж. бөлінген. Тоқ күшін өзгертпей электролизге 45 мин 0,75н CuSO4 ерітіндісінің қандай көлемін түсіруге болады? Жауабы 0,5л.

3.AgNO3 ерітіндісін 50 мин 3А тоқ күшімен электролизге ұшыратқанда катодта 9,6г күміс бөлінсе, күмістің шығымын есептеу керек. Жауабы 95,4%.

4.200мл FeSO4 ерітіндісін электролизге түсіргенде анодта -30С және 103,4кПа жағдайында 2712мл оттегі бөлінген, сонда FeSO4 ерітіндісінің молярлығын анықтау керек. Жауабы 1,25М.

5.250мл 6% (=1,05) HgCl2 ерітіндісін 5,8А тоқ күшімен қанша уақыт электролизге ұшыратуға болады? Жауабы 32,3мин.

6.6л оттегіні (170 С және 98 кПа) 3 сағ электролизге NaOH ерітіндісін түсіріп алу үшін тоқ күші қанша болу керек? Жауабы 8,7А.

7. AgNO3 ерітіндісінен 0,27г күміс бөліп алу үшін 0,5А тоқ күшін неше минут өткізу керек? Жауабы 8мин.

8.40мл 0,25н. CuSO4 ерітіндісінен мысты толық бөліп алу үшін 1,93А тоқ күшін неше минут өткізу керек. Жауабы 8,33 мин.

9. NaOH және NiCl2 балқымаларының инертті электродтарда жүретін электролиз процестерінің теңдеулерін құру керек.

10.Көмір электродтарында жүретін BaCl2 және Pb(NO3)2 ерітінділерінің электролиз процесінің теңдеулерін жазу керек.

11.Мырыш хлоридінің a) мырыш аноды; б) көмір аноды болған жағдайлардағы электролиз кезінде электродтарда жүретін теңдеулерді жазу керек.

12.Концентрациялары бірдей никель, мыс, күміс, темір (ІІ) сульфатары ерітінділерінің электролизінде металдардың бөлінуі қандай кезекпен жүреді?

13.Мыс электродтарында жүретін KNO3 ерітіндісінің электролиз процестерінің кестесін жазу керек.

14.2А тоқ өткенде 2 моль судың толық айрылуы үшін қанша уақыт қажет болады? Жауабы 53,6сағ.

15.Платина тұзы ерітіндісі арқылы 10 минут 5А тоқ өткізілгенде 1,517г Рt бөлінсе, бұл металдың эквивалент массасы қанша болады?

Жауабы 48,8г/моль.

16.1г кадмий бөлінуі үшін оның тұзы ерітіндісінен 1717Кл электр тоғы (It) өткізілген. Кадмийдің эквивалент массасы нешеге тең? Жауабы 56,2г/моль.

17.Үш валентті металл тұзы ерітіндісі арқылы 1,5А тоқ 30 мин өткізілгенде катодта 1,071г металл бөлінген болса, сол металдың атомдық массасы нешеге тең? Жауабы 114,8г/моль.

18.Белгілі бір уақыт аралығында NaCI және Na3PO4 сулы ерітінділерін электролизге ұшыратса, тұздардың мөлшері өзгере ме? Анодта және катодта жүретін электрондық теңдеулерді құрып, жауаптарыңды дәлелдеу керек.

19. Көмір электродтарында мына тұздардың NaF, KCI, AgNO3 сулы ерітінділерінің электролиз процесінің кестесін құру керек , CuSO4 ерітіндісінің – мыс анодындағы.

20.Егер электролит арқылы 30 минут 2,5 А тоқ өткенде ерітіндіден 2,77г металл бөлінсе, металдың эквивалент массасы қанша болғаны?

Жауабы 59,4г/моль.

Практикалық сабақта және білім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын (БӨЖО) есептер мен жаттығулар

17. Комплекс қосылыстар

1.Көрсетілген электролиттер ерітінділері арасында жүретін реакцияларды молекулалық және ионды-молекулалық түрде жазу керек :

a) К2 [HgJ4] + KBr → д) K [Ag(CN)2] + NH3

б) К2 [HgJ4] + KCN → e) K [Ag(NO2)2] + NH3

в) [Ag(NH3)2] Cl + K2S2O3 → ж) [Ag(NH3)2] Cl + NiCl2

г) K [Ag(CN)2] + K2S2O3 → з) K3 [Cu(CN)4] + Hg (NO3)2

2.Мына комплекс ионының [Cd(CN)4]2- тұрақсыздық константасы 7,810-18. 0,1М K2[Cd(CN)4] ерітіндісіндегі кадмий ионының концентрациясын есептеу керек.

1л ерітіндіде 0,1 моль KCN артық мөлшерде бар. Жауабы 7,810-15 моль/л.

3.[Ag(CN)2]- комплекс ионының Ктз = 1,410-20. 1л ерітіндіде 0,01 моль KCN бар 0,05М K[Ag(CN)2] ерітіндісіндегі күміс ионының концентрациясын есептеу керек.

Жауабы 710-18 моль/л.

4.0,1М K2[Cd(CN)4] ерітіндісінде 6,5 г/л KCN бар, осы ерітіндідегі кадмий ионының концентрациясын санау керек. Жауабы 1,4110-16 моль/л.

5.Kтз[Ag(S2O3)2]3- = 3,510-14. 1л 0,1М Na3[Ag(S2O3)2] ерітіндісінде сонымен бірге 25г Na2S2O35H2O болса, ион түріндегі күміс неше грамм екенін есептеу керек.

Жауабы 3,810-11г.

6.1л 0,1М [Ag(NH3)2]NO3 ерітіндісінде сонымен бірге 1моль аммиак бар болса, а) 110-5 моль бром-ионын б) 110-5 моль иод-ионын қосқанда күміс галогенидтері тұнбаға түсе ме? ЕКАgВг=5,310-13; EKAgJ =8,310-17. Жауабы: а) түспейді; б) түседі. Неге?

7.1л 0,1 моль KCN бар 0,05М K2[Cd(CN)4] ерітіндісіне S2- ионы бар ерітінді қосқанда CdS тұнбасы сульфид-ионының қандай концентрациясынан бастап пайда бола бастайды? ЕКCdS = 7,910-27. Kтз=7,810-18.

Жауабы <2,010-12 моль/л.

8.Егер PtCl4 · 6NH3 комплекс тұзынан күміс нитраты барлық хлорды тұнбаға AgCl ретінде түсірсе, ал мына тұз PtCl4 · 3NH3 ерітіндісінен хлордың тек төрттен бірі (1/4) ғана тұнбаға түссе, сонда тұздардың координациондық формулалары қандай болады?

9.0,2335г СоCl3 · 4NH3 тұзы бар ерітіндіге күміс нитраты ерітіндісінің артық мөлшерін қосса, 0,1435г тұнба (AgCl) түзілген, сонда тұздың координационды формуласы қандай болады?

10.Мына заттар: а) K4[Fe(CN)6] және CuSО4; б)FeSО4 және Na3[Со(CN)6]; в) K3[Fe(CN)6] және AgNO3 арасындағы алмасу реакцияларын молекулалық және ионды – молекулалық түрде жазу керек. Комплекс иондардың диссоциация теңдеулерін жазып, тұрақсыздық константаларын (Ктз) «анықтамадан» табу керек.

12.Мына комплекс тұздарды атаңдар: [Pt(NH3)3Cl] Cl; [Co(NH3)5 Br]SO4;

Ba[Cr(NH3)2 (SCN)4]2; (NH4)2[Pt(OH)2Cl4]; [Pd(H2O) (NH3)2 Cl]Cl;

[Cu(NH3)4] (NO3)2; K4[Fe(CN)6]; Na2[PdJ4]; [Cr(H2O)4PO4]; [Pt(NH3)2Cl4];



Білім алушылардың өздік жұмыстарының тапсырмасы - БӨЖ

1-ші, 2-шы апталарда оқу-әдістемелік материалда (7.1.7) көрсетілген жазбаша тапсырмаларды әр студент өзіне тиісті номер бойынша алады, 4-шы, 6-шы апталарда берілген тапсырмаларды сағат 18.00 дейін өткізеді(1МБ) және 8-ші, 9-шы апталарда оқу-әдістемелік материалда (7.1.7) көрсетілген жазбаша тапсырмаларды әр студент өзіне тиісті номер бойынша алады, 11-шы, 14-шы апталарда берілген тапсырмаларды сағат 18.00 дейін өткізеді(2МБ).

1-апта

№ 1
1. 5,00г металл жанғанда 9,44г металл оксиді түзілген. Металдың эквивалент массасын анықтау керек. Жауабы 9,0г/моль.

2. 6,3г мыс оттегімен әрекеттескенде қанша мыс(II) оксиді түзіледі ?

Жауабы 7,9г.

3. 2,8дм3 газда қ.ж. қанша моль және қанша молекула бар?

Жауабы : 0,125 моль; 7,52.1022 молекула.

4. Мына қосылыстардағы PH3, H2O, HBr фосфордың, оттегінің, бромның эквиваленттерін және эквивалент массаларын анықтаңдар.

5. Реттік номері 9 және 28 болатын элементтердің электрондық формулаларын жазып, олардың электрондарын квант ұяшықтарына орналастырыңдар.

6. Иондану энергиясы деген не? Оның өлшем бірлігі қандай ? Периодтық жүйедегі s- және р- элементтерінің топ бойынша реттік номері өскен сайын тотықсыздандырғыш қасиеттері қалай өзгереді?

7. Мына орбитальдардың қайсысына электрондар бұрын орналасады: 4s-ке ме, әлде 3d-ға ма; 5s-ке ме, әлде 4р-ға ма? Неге?

8. Атом дегеніміз не ? Молекула дегеніміз не ?
№ 2
1. Заттың молі дегеніміз не ? Авогадро саны нені көрсетеді?

2. Атом орбиталының формасын (пішінін) қай квант саны көрсетеді ?

s-, p-, d- орбиталдарының формаларын (пішінін) көрсетіңдер.

3. Мына реакциялардағы күкірт қышқылының эквивалентін және эквивалент массасын анықтандар:

H2SO4 + NaОН = NaHSO4 + H2O

H2SO4(сұй.) + Zn = ZnSO4 + H2

4.Бір заттың молекуласының массасы 1,210-25кг. Ол заттың салыстырмалы молекулалық массасын табыңдар Жауабы: 72,24.

5. Электрон тартқыштық деген не ? Мына қатардағы элементтердің азот, оттегі , фтор тотықтырғыштық қасиеттері қалай өзгереді ?

6. Оттегінің 1 эквивалентіне сәйкес массасы қандай көлем алады (қ.ж.)?

7. Марганец тотығу дәрежелері +2, +3, +4, +5, +7 болатын қосылыстар түзеді , оның оксидтері мен гидроксидтерінің формулаларын жазып , марганец(IV) гидроксидінің амфотерлі қасиетін көрсететін реакциялар тендеулерін жазыңдар.

8. Реттік номері 25 және 34 элемент атомдарының электрондық формулаларын жазындар .
№ 3
1. Металдың белгілі бір мөлшері 0,2 г оттегімен және 3,17 г галогеннің бірімен қосылыс бере алады . Галогеннің эквивалент массасын анықтаңдар. Жауабы : 127 г/моль .

2. Химиялық элементтің эквиваленті тұрақты шама ма , әлде элементтің валенттілігіне байланысты ма ?

3. Күкірт диоксидінің бір молекуласының массасы қанша ?Жауабы: 1,06.1022г.

4. 200 мл ацетиленнің массасы (қ.ж.) 0,232г болса, оның молекулалық массасы қанша?Жауабы 26 г.

5. Мына қышқылдарға сәйкес келетін ангидридтердің формуласын жазыңдар : H2SO4,H3BO3, HOCl, HMnO4

6. Бас квант саны n = 4 болатын атомдағы максимал электрон саны қанша ? Жауабы 32 .

7. Электртерістік дегеніміз не? р - элементтердің реттік номері өскен сайын периодта , топтарда олардың электртерістігі қалай өзгереді? Неге ?

8. Реттік номері 16 және 26 элемент атомдарының электрондық формуласын жазыңдар. Бұл атомдардың электрондарын квант ұяшықтарына орналастырыңдар .


№ 4
1.Егер 3,24 г металл 3,48 г оксид және 3,72 г сульфид түзетін болса , металл мен күкірттің эквивалент массалары нешеге тең болады.

Жауабы :108г/моль, 18 г/моль.

2.Мына формуланың қайсысы эквивалент заңына сәйкес келеді ?

а. m1 / m2= э21 б.m1э2=m2э1

3.1 г аммиакта және 1 г азотта қанша молекула болады ? Қайсысында молекула саны көп және неше есе ?

4.Егер бір газдың 600 мл-нің массасы(қ.ж.) I ,714 г болса , оның молекулалық массасы нешеге тең. Жауабы: 64 г/моль.

5.Мына гидроксидтерге сәйкес келетін оксидтердің формулаларын жазыңдар: H2SiO3, Cu(OH)2, H3ASO4, H2ClO4 , Fe(OH) 3

6. Мына орьбиталдардың 4d- не 5s-; 6s- не 5р- қайсысы электрондармен бұрын толтырылады. Неге ? Реттік номері 43 элементтінің электрондық формуласын жазындар .

7. Изотоп дегеніміз не ? Периодтық жүйедегі көптеген элементтердің атомдық массалары бөлшек санға тең. Неге ?

8. Авогадро заңы мен оның салдарлары.


№ 5
1. Хлордың эквивалент массасы 35,5 г/моль , мыс атомының молярлық массасы 63,5 г /моль. Мыс хлоридінің эквивалент массасы 99,5 г/моль. Сонда мыс хлоридінің формуласы қандай ?

2. Фосфор құрамы әртүрлі екі хлорид қосылысын береді, бұл қосылыстарда хлордың ба , әлде фосфордың ба эквиваленті тұрақты болады ?

3. а. 0,001 кг H2 және 0,001кг О2 – де ; б.1мольH2 және 1мольО2-де ; в.1моль H2 және 1моль O2-де бірдей жағдайда молекулалар сандары бірдей бола ма ?

4. Мына өзгерістерді іске асыратын реакциялар тендеулерін жазыңдар:

Ba→BaO→BaCl2→Ba(NO3)2→BaSO4

Mg→MgSO4→Mg(OH)2→MgO→MgCl2

5. Реттік номерлері 25 және 34 элементтердің атомдарының электрондық формулаларын жазындар.

6. IV- периодтағы – марганец пен бром элементтерінің қайсысының металдық қасиеті көбірек, неге?

7. Реттік номері 33 элемент қай топта орналасқан? Осы элементтің электрондық формуласына, периодтық жүйедегі орнына байланысты қасиеттерін сипаттандар.

8. Масса және энергия сақтау заңына анықтама беріп , мысалдар арқылы

түсіндіріндер.
№ 6
1. Қышқылдардың, негіздердің, тұздардың, оксидтердің эквивалент массаларын қалай анықтайды? Мысалдар келтіріңдер.

2. Менделеев – Клапейрон тендеуін қолданып, заттардың молекулалық массаларын қалай анықтайды? Бұл әдісті барлық заттар үшін қолдануға бола ма?

3. а.0,486г магнийде ; б.34,2г алюминий сульфатында қанша моль магний және қанша моль алюминий сульфаты бар?

Жауабы: а.0,02моль, б.0,1моль.

4.Бір валентті хлормен байланысқан мына элементтердің валентілігін анықтаңдар: CaCl2, NCl3, HCl, PCl, AlCl3.Азоттың максимал валенттілігі қанша

5. Кальций фосфатының Са3(PO4)2 салыстырмалы молекулалық массасын, молярлық массасын есептеңдер. Оның 0,5моліне сәйкес келетін массасын табыңдар.

6. Реттік номері 14 элементтің электрондық формуласын жазыңдар. Электрондарды квант ұяшықтарына орналастырыңдар. Соңғы энергетикалық деңгейде қанша жалқы электрон бар ?

7. 0,001м3 газдың қ.ж. массасы 0,002г. Газдың молярлық массасын және оның ауа бойынша тығыздығын анықтандар.

8. Екінші периодтағы элементтердің литийден азотқа дейінгі бірінші ионизациялық потенциялы неге бірқалыпты өспейді ?

№ 7
1. Электртерістік деген не? Период және топ бойынша электртерістіктің мәні қалай өзгереді? Мысал келтіріңдер.

2. Қорғасын, никель, радон, вольфрам атомдарының электрондық формулаларын жазыңдар. Электрондық формулаларына байланысты олардың периодтық жүйедегі орындарын көрсетіңдер.

3. Азоттың, күкірттің және хлордың эквивалентін және эквивалент массаларын анықтандар.

4. Кальций карбонатының а.2моль ; б.0,25моль ; в.1,5молінің массасын есептеңдер.

5. Газдың ауа бойынша тығыздығы 1,17. Газдың молекулалық массасын анықтандар. Жауабы: 33,9г

6. 2,24л газдың массасы 2,8г . Газдың молекулалық массасы нешеге тең? Жауабы: 28 г.

7. Квант сандары деген не? Олар қандай мәндерге ие болады?

8. Мышьяк, күкірт және бромның жоғарғы және төменгі тотығу дәрежелеріне сәйкес келетін қосылыстардың формулаларын жазыңдар.
№ 8
1. СО2 6,02х1021 молекулалардың; б. оттегінің 1,21024 атомдарының молдік (молярлық ) массалары қаншаға тең?

2. Эквивалент массасы 12,16г/моль болатын металдың неше грамы 310мл оттегімен (қ.ж.) әрекеттеседі. Жауабы: 0,673г.

3. Мына тендеулерге қатысатын күкірт қышқылы мен алюминий гидроксидінің эквиваленттерін және эквивалент массаларын есептеңдер:

H2SO4 + KOH = KHSO4 + H2O

H2SO4 + Mg = MgSO4 +H2

Al(OH)3 + HCl =Al(OH)2Cl + H2O

Al(OH)3 + 3HNO3 = Al(NO3) 3+ 3H2O

4. Егер 0,824 г газдың көлемі 0,260 л болса , оның молекулалық массасы (қ.ж.) қанша?Жауабы: 71.

5. 1м3 ауаның 170С және 83,2кПа қысымдағы массасы қанша? Ауаның молярлық массасы 29г/моль. Жауабы: 1кг.

6. Орбиталь квант саны нені сипаттайды? Егер бас квант саны 3-ке тең болса, орбиталь квант саны қандай мәндерге тең болады?

7. Реттік номері 19 элементінің электрондық формуласын жазыңдар. Химиялық реакцияға қанша электрон қатысады?

8. Атом құрылысына сүйеніп, көміртегі мен күкірт қандай валенттік көрсететінін табыңдар. Мысал келтіріңдер.

№ 9
1. Германий изотобының 4332Ge ядросында неше протон және нейтрон бар? Нeон (атомдық массасы 20,2) мына изотоптардан 20Ne және 22Ne тұрады. Бұл изотоптардың проценттік үлесін есептеңдер.

2. Электрон бұлтының формасын (пішінін) қай квант саны сипаттайды? s – деңгейшесіндегі орбиталь квант санының мәні нешеге тең? Реттік номері 26–ға тең элементтің электрондық формуласын құрыңдар. Соңғы электрондық деңгейшеде қанша электрон бар?

3. Д.И.Менделеевтің периодтық заңына анықтама беріңдер. Неге элементтердің және олардың қосылыстарының қасиеттері атом ядросы зарядына байланысты?

4. Периодтарда және топтарда элементтердің реттік номері өскен сайын оксидтері мен гидроксидтерінің қасиеттері қалай өзгереді? Элементтің жоғарғы тотығу дәрежелері нешеге тең?

5. Газдардың молекулалық массаларын есептеңдер: а. егер 0,29 л газдың 270С температурада және 1,064.105 Па қысымдағы массасы 0,32г болса; б.егер 1,56 л газдың 270 С температурада және 1,037105 Па қысымдағы массасы 2,86 г болса. Жауабы: а.25,6; б.44.

6. Кез келген газдың 1мл-де (қ.ж.) қанша молекула бар?

7. Қышқылдар мен негіздердің мына реакциялардағы эквивалент массаларын анықтаңдар:

а. HNO3 + Bi(OH)3 = Bi(OH)2NO3 + H2O

б.H2S + NaOH = NaHS + H2O

в. 3H2SO4 + 2Al(OH)3= Al2(SO4)3 + 6H20

8. Атом құрылысына сүйеніп бордың, хлордың валенттіліктерін көрсетіңдер.
№ 10
1. Қай квант сандары электрон орбитальдарын толық сипаттайды. Бұл квант сандары нені көрсетеді? Реттік номері 29 болатын элементтің электрондық формуласын жазыңдар. Ең соңынан қай энергетикалық деңгейше толтырылады?

2. Атом құрылысына сәйкес фосфордың, фтордың, оттегінің валенттіліктерін көрсетіңдер. Мысал келтіріндер.

3. а. Ацетиленнің С2Н2 6,021021 молекулалары; б. фосгеннің COCl2 2,01023 молекулалары қанша моль болады және неше грамм?

Жауабы: а.0,01моль; 0,26г; б.0,3моль ; 33г.

4. Газдардың ауа бойынша тығыздықтары а. 0,9; б.2,45 болса, олардың 1л массалары қанша болады? Жауабы: а. 1,16г; б.3,17г.

5. Эквивалент массасы 9г металдың 3 грамы тотыққанда неше грамм оксид түзіледі? Жауабы: 5,7г.

6. Изотоптар, изобаралар деген не? Мысал келтіріңдер.

7. Клечковский ережелерінің мәні неде? d –элементтері атомдарының атомдық орбитальдарының толтырылуы, s – және р – элементтерінің АО толтыруларынан қандай айырмашылығы бар? Мысалдар келтіріңдер.

8. 3,24г үш валентті металл қышқылмен әрекеттескенде 4,03л сутегі (қ.ж.) бөлінетін болса, оның атомдық, мольдік және эквивалент массалары қанша?
№ 11
1.Көміртегі мен судың мольдік массалары арқылы көміртегі атомы мен судың молекуласының абсолюттік массасын есептендер. Жауабы: 2,010-28 г; 3,01023г.

2. 0,943г фосфорлы Н3РО3 қышқылын нейтралдауға 1,291г калий гидроксиді жұмсалған. Қышқылдың эквивалентін, эквивалент массасын және негіздігін анықтандар. Реакция тендеуін жазыңдар.Жауабы: 0,5моль; 41г/моль; 2.

3. Паули принципінің мәні неде? Атомының кез келген деңгейшесінде р7 – не d 12- электрондары болуы мүмкін бе? Неге? Реттік номері 22 – ші элементтің электрондық формуласын жазып, оның валенттілік электрондарын көрсетіңдер.

4. Оксидтер мен гидроксидтердің қышқылдық, негіздік қасиеттері оларды түзетін элементтің тотығу дәрежесіне қалай байланысты? Қандай гидроксидтерді амфотерлі деп атайды? Мысал келтіріңдер.

5. а. 1г сутегі мен 1г оттегіде; б. 1моль сутегі мен 1моль оттегіндегі молекулалар саны бірдей ме?

6. Газдың гелий бойынша тығыздығы 19,5 болса, оның молекулалық массасы қаншаға тең?

7. 200г кальций карбонатын СаСО3 қыздырғанда 112г кальций оксиді СаО түзілген. Реакция тендеуін жазып , бөлінген көміртегі диоксидінің массасын, көлемін анықтаңдар.

8. Мына элементтердің (азоттың, фосфордың, күкірттің) оттекті және сутекті қосылыстарындағы валенттіліктерін тауып, молекулалық формулаларын жазыңдар.


№ 12
1. Массалар сақталу заңына анықтама беріңдер, бұл заңға сүйеніп оксидтің формуласын табыңдар, егер ол заттың молярлық массасы 232 г/моль болса және оның 1 моліне темірдің 3 молі кірген болса.

2. Фосфор қышқылы реакция нәтижесінде а.гидрофосфатқа; б. дигидрофосфатқа; в. ортофосфатқа айналса, оның эквиваленті және эквивалент массасы қаншаға тең?

3. Энергетикалық деңгейлердегі s-, p-, d-, f- орбитальдарына орналасатын максимал электрондар саны қанша? Неге? Реттік номері 31 – ші элементтің электрондық формуласын жазыңдар.

4. Периодтық жүйенің үшінші периодының элементтерінің жоғарғы тотығу дәрежесіне сәйкес келетін оксидтері мен гидроксидтерінің формулаларын жазыңдар. Алюминий гидроксидінің амфотерлігін дәлелдейтін реакциялар тендеулерін жазыңдар.

5.190,8г алюминий гидросульфаты қанша моль болады?

6. Бір газдың массасы (қ.ж.) 0,00125кг болса, ал азоттың 0,001м3 – ның массасы 0,00125кг (қ.ж.) болса, ол газдың молекулалық массасын а. азот бойынша тығыздығы арқылы; б. молярлық көлемі бойынша есептеңдер.

Жауабы 34,0.

7. Мына екі гидроксидтердің қайсысы күштірек негіз болады: Ba(OH)2 әлде Mg(OH)2; Ca(OH)2 әлде Fe(OH)2 ? Жауапты периодтық жүйедегі бұл элементтердің орнына байланысты түсіндіріңдер.

8. Мына газдардың HCl, H2S, NO2, N2, Cl2, CH4 ,SO2, NH3 қайсысы натрий гидроксидімен реакцияға түседі? Бұл реакциялардың тендеулерін жазыңдар.

№ 13
1. 5,6г темір күкіртпен әрекеттескенде 8,8г темір сульфиді түзілген. Егер күкірттің эквивалент массасы 16г/моль болса, темірдің эквиваленті және эквивалент массасы қанша болады? Жауабы:1/2молі, 28г/моль.

2. Магнийдің бе, кальцийдің бе металдық қасиеті көбірек, неге? IV периодтағы көбірек металдық қасиет көрсететін элементті атаңдар.

3. Мына реакциялардағы күкірт қышқылының эквивалентін және эквивалент массасын табыңдар.

H2SO4 + NaOH = NaHSO4 + H2O

H2SO4(с) + Zn =ZnSO4 + H2

4. Мына изотоптардың ядроларында неше протон және неше нейтрон бар? Осы элемент атомының электрондық формуласын жазып, валенттілік электрондарын көрсетіңдер. Электрондарды квант ұяшықтарға орналастырындар: 3216S және 3316S; 2311Na және 2411Na;

5. Д.И. Менделеевтің периодтың заңының қазіргі анықтамасын келтіріндер. Неге литий, натрий, калий, рубидий, цезий, франций І топтың негізгі топшасына, германий, қалайы, қорғасын – IV топтың негізгі топшасында орналасқан? Жауаптарынды сыртқы энергетикалық деңгейлерінің құрылыстарына байланысты айтыңдар.

6. Атомдардың сыртқы электрондық қабаттары: 4s24p2; 5s25p4; 6s25p3 болса, олар қай периодтарда, қай топшаларда орналасқан?

7. Органикалық заттың буынын азот бойынша тығыздығы 1,65. Ол заттың молярлық және салыcтырмалы молекулалық массаларын есептеңдер. Жауабы:46,2г/моль; 46,2.

8. 5л (қ.ж.) газдың массасы 9,80г болса, оның молярлық массасы қанша? Жауабы: 44г/моль.

№ 14
1. Бір газдың 170С температура және 0,997105 Па қысымда 5,6грамы 4,84л көлем алады. Бұл газдың салыстырмалы молекулалық массасы қанша? Жауабы:28.

2. Эквиваленттік масса деген не? Толық бейтараптау реакциясы үшін қышқылдар мен негіздердің эквивалент массалары нешеге тең? Алюминий гидроксидінің эквивалентін және эквивалент массасын табыңдар.

Al(OH)3 + 3HCl = AlCl3 + 3H2O

Al(OH)3 + 2HCl = Al(OH)Cl3 + 2H2O

Al(OH)3 + HCl = Al(OH)2Cl + H2O

3. Мына заттардың көрсетілген массаларында неше молярлық массалар бар : КОН – 168г; H2SO4 – 245г; H3PO4 – 1,225кг.

4. Бір-бір килограмнан алынған заттарда Li2O; RbOH; BaSO4 олардың қанша мөлшерлері (моль) бар: Жауабы: 33,33; 9,76; 4,29; 5,92моль.

5. Периодтық жүйедегі көптеген элементтердің атомдық массалары неге бөлшек санға тең?

6. Гидротұздар дегеніміз не? Оларды қалай алады? Қышқылдармен ұқсастықтары неде?

7. Периодтық жүйедегі элементтер атомының электрон қабаттарының максимал саны нешеге тең?

8. Периодтық заңның қазіргі анықтамасы мен Д.И.Менделеев берген анықтаманың айырмашылығы неде?

Периодтық жүйеде қай периодтарды кіші, қай периодтарды үлкен деп атайды? Олардағы элементтер саны қалай анықталады? Қай периодтардың элементтер саны бірдей, неге? Егер 7-ші период аяқталса, онда қанша элемент болады?
№ 15
1. Мына иондардың О2-, S2-, Сr3+, Мn2+ - электрондық формулаларын жазыңдар.

2. Периодтық заң санның сапаға көшу заңын қалай көрсетеді? Мысал келтіріңдер.

3. Егер элемент атомында 5 электрондық қабат болса, сыртқы электрондар саны 7 болса, олар қандай квант сандарымен сипатталады?

4. Элемент атомының массасын қандай әдістер арқылы анықтауға болады? Егер 1,3 г заттың буының көлемі 870 С температурада және 0,83105Па қысымда 0,6л болса , оның молекулалық массасы қанша болатынын есептендер. Жауабы 78,2г/моль.

5. Мына түсініктерге анықтама беріңдер :а. элемент, атом, молекула; б. жай және күрделі заттар; в. салыстырмалы атомдық және молекулалық массалар; атомның және молекуланың абсолют массалары.

6. Егер калий, магний, алюминий үшін n = 1моль болса, онда осы металдардың эквиваленттері үшін n неге тең?

7. Оттегінің 32, сутегінің 5,08 грамдарында бұл заттардың неше эквивалент массалары бар? Жауабы 4 және 5.

8. 1 кг кальций карбонатын қыздырғанда 0,56 кг кальций оксиді және 224л(қ.ж.) көміртегі (IV) оксиді түзілген . Бұл сандар массалар сақтау заңына сәйкес келе ме?



2- апта
№ 1
1. Мына жүйеде N2+ 3H2 ↔ 2NH3 газ қоспасының көлемін екі есе азайтса, реакциялар жылдамдықтары қалай өзгереді? Жүйедегі тепе – теңдік қай жаққа ығысады?

2. Мына гетерогенді жүйе үшін С,графит +О2 = СО2 жылдамдықты өрнектеңдер. Егер оттегінің концентрациясын 4 есе арттырса, реакция жылдамдығы неше есе өседі?

3. Реакциялық ыдыстың көлемін үш есе азайтса, мына реакцияның 2NO + O2= 2NO2 жылдамдығы қалай өзгереді?

4. Фосфор (V) хлоридінің кристалдары судың буымен әрекеттескенде сұйық POCl3 және хлорлы сутек түзіледі. Реакция нәтижесінде 111,4кДж жылу бөлінеді. Бұл реакцияның термохимиялық тендеуін жазыңдар.

5. Этанның жануының термохимиялық теңдеуі. C2H6 + 3,5O2 = 2CO2 + 3H2O(c) ∆Hх.р = - 1559.87 кДж этанның түзілу жылуын есептеңдер.
№ 2
1. Fe2O3 -ті алюминиймен тотықсыздандырғанда 335,1г темір бөлінген. Қанша жылу бөлінетінін есептеңдер. Жауабы: 2543,1кДж.

2. Этилен (газ) және су буы өзара әрекеттессе, газ тәріздес этил спирті түзіледі. Бұл реакцияның термохимиялық тендеуін жазып, жылу эффектісін есептеңдер. Жауабы: - 45,76кДж.

3. Егер қысымды екі есе арттырса, мына реакциялар үшін тура реакциялар жылдамдығы қалай өзгереді?

1) H2 + Cl2 = 2HCl; 2 ) N2O4 = 2NO2

4. Егер температураны 200-тан 400С-қа көтерсе, химиялық реакция жылдамдығы неше есе өседі? Температуралық коэффициент 3-ке тең.

5. Егер жүйедегі қысымды азайтса, тепе – тендік қай жаққа ығысады?

1) 4HBr (г) + O2 ↔ 2H2O(r) + 2Br2(r)

2) H2(r) + S(k) ↔ H2S(r)

Бұл реакциялар үшін тепе – теңдік константаларын жазыңдар.
№ 3
1. Егер: 1. күкірт (IV) оксидінің концентрациясын екі есе арттырса; 2. оттегі концентрациясын екі есе арттырса; 3. осы екі заттың да концентрацияларын 2 есе арттырса, мына реакцияда 2SO2(r) + O2 ↔ 2SO3 тура реакция жылдамдығы қалай өзгереді?

2. Мына жүйеде PCl5 ↔ PCl3 + Cl2 ∆H298= +92,45 кДж/моль температураны 40С-қа көтерсе, тепе – теңдік қай жаққа ығысады? Егер тура реакция үшін  = 3, ал кері реакция үшін  = 2 болса, реакция жылдамдығы қалай өзгеретінін көрсетіңдер.

3. Газ тәріздес күкіртті сутек пен көміртегі (IV) оксиді әрекеттессе су буы мен күкіртті көміртегі СS2(r) түзіледі. Осы реакция үшін термохимиялық теңдеуін жазыңдар, оның жылу эффектін есептеңдер. Жауабы: +65,43 кДж.

4. Мына реакциялар үшін ∆G298 есептеңдер:

а. 2NaF(к) + Cl2 = 2NaCl(к) + F2(r)

б. PbO2(к) + 2Zn(к) = Pb(к) + 2ZnO(к)

Бұл реакциялар жүре ме? Жауабы: +313,94кДж; -417,4кДж .

5. Мына реакциялар үшін энтропияның өзгеруін есептеңдер:

2CH4(r) = C2H2(r) + 3H2(r)

N2(r) + 3H2(r) = 2NH3(r)

Жауабы: 220,21 Дж /моль; -198,26Дж/мольК.
№ 4
1. Мына реакциялар үшін әрекеттесуші массалар заңын өрнектеңдер:

а. 2NO(r) + Cl2(r) → 2NOCl(r)

б. CaCO3 (к) → CaO(к) + CO2(r)

2. Реакцияның температуралық коэффициенті 3-ке тең болса, температураны 200-тан 750С-қа көтерсе, реакция жылдамдығы қанша өседі?

3. Мына жүйеде 2СО + О2 ↔ 2СО2 тепе –теңдік концентрациялары СО = 0,04 моль/дм3; О2 = 0,06 моль/дм3; СО2 = 0,02 моль/дм3 болса, тепе – теңдік константасы қанша болады?

4. Мына теңдеумен жүретін реакцияға қатысатын заттардың стандартты түзілу жылуы мен стандартты энтропияларына сүйеніп, реакцияның ∆G0298 есептеңдер:C2H4(r) + 3O2(r) = 2CO2(r) + 2H2O(r) . Бұл реакция стандартты жағдайда жүре ме? Жауабы: - 1331,2 кДж.

5. 2,1г темір күкіртпен әрекеттессе 3,77кДж жылу бөлінеді. Темір сульфидінің түзілу жылуын есептеңдер. Жауабы: -100,3кДж/моль.
№ 5
1. F3O4-ті көміртегі (ІІ) оксидімен тотықсыздандыру реакциясының тендеуі: Fe3O4(r) + CO(r) = 3FeO(r) + CO2(r)

Бұл реакция үшін ∆G0298 және ∆S0248 есептеңдер. Реакция өздігінен жүре ме? Жауабы: +24,69 кДж; +31,3 Дж/мольК.

2. Қалыпты жағдайда алынған 8,4л сутегі жанғанда қанша жылу бөлінеді?

3. СО,г және сутегі арасында жүрген реакцияның термохимиялық теңдеуін жазыңдар. Реакция нәтижесінде СН4 және Н2О,г түзілген. Егер қ.ж. 67,2л метан түзілсе, бұл реакция нәтижесінде қанша жылу бөлінеді? Жауабы: 618,48 кДж.

4.Егер реакция былай жүрсе: 2NО + О2 = 2NО2. Алынған заттар концентрациясы [NO] = 0,02моль/дм3; [O2] = 0,03моль/дм3. Егер О2 концентрациясын 0,1 моль/л, NО концентрациясын 0,05 моль/л көтерсе, тура реакция жылдамдығы қалай өзгереді?

5. 2NО+Сl2 ↔ 2NOCl жүйесі үшін (∆H = -73,6 кДж) тепе–теңдік температураны 300С көтерсе қай жаққа ығысады ? =2 тура реакция үшін, кері реакция үшін ? =3 жағдайдағы реакциялар жылдамдықтарының өзгеруін есептеңдер.


№ 6
1. Ле Шателье принципін қолданып, тепе – теңдік қай жаққа ығысатынын көрсетіңдер: СО + Н2О ↔ СО2 + Н2

∆Н =12,85кДж, егер а. сутегінің концентрациясын көтерсе; б. температураны азайтса; в. көміртегі (IV) оксидінің концентрациясын азайтса.

2. Температураны 300С-қа көтергенде, реакция жылдамдығы 64 есе артқан. Реакцияның температуралық коэффициентін есептеңдер.

3. 11,5г сұйық этил спирті жанғанда 308,71 кДж жылу бөлінген. Реакция нәтижесінде су буы, көміртегі (IV) оксиді түзілген. Осы реакцияның термохимиялық теңдеуін жазып, С2Н5ОН(с) түзілу жылуын есептеңдер. Жауабы : -277,67 кДж.

4. Мына реакция үшін СО(r) + Н2О(r) = СО2(r) + Н2(r) Гиббс энергиясын ( ∆G0298) заттардың стандартты түзілу жылуының мәндері және абсолютті стандартты энтропия мәндері арқылы есептеңдер.

5. Мына жүйе үшін СО(r) + 2Н2(r) ↔ СН3ОН(c) ∆Н=128,05кДж тепе – теңдік қай температурада орнайды?


№ 7
1. Мына жүйеде СН4(r) + СО2(r) = 2СО(r) + 2Н2(r) ∆Н =+247,37 кДж тепе – теңдік қай температурада орнайды?

2. Заттардың стандартты түзілу жылуының мәндерін және абсолют стандарт энтропия мәндерін пайдаланып, мына реакция үшін ∆G0290 есептеңдер: NН3(r) + НСl(r) = NН4Сl(к). Бұл реакция стандарт жағдайында өздігінен жүре ме? Жауабы: -92,08кДж.

3. Газ тәріздес аммиак жанғанда су буы және азот (ІІ) оксиді түзіледі. Егер реакция нәтижесінде 44,8л NО (қ.ж.) түзілген болса, қанша жылу бөлінген? Жауабы:452,37кДж.

4. Мына жүйеде 2SО2(r) + О2(r) ↔ 2SО3(r) газ көлемін үш есе азайтса, тепе – теңдік қай жаққа ығысады? Тура және кері реакциялар жылдамдықтары қалай өзгереді?

5. Егер температураны 300-дан 700С-қа көтерсе, реакция жылдамдығы қалай өзгереді? =2

№ 8
1. Фосфордың пентахлоридінің айырылу реакциясы былай жүреді: PCl5(r) ↔ РCl3(r) + Cl2(r) ∆Hx.p. = 92,59кДж

Осы тепе – теңдік тура реакция бағытында жүру үшін, яғни РCl5 айырылу реакциясы: а. температураны; б. қысымды; в. концентрацияны қалай өзгерту керек?

2. Газ фазасында өтетін реакция үшін температураны 1200С-тан 800С-қа түсірсе, реакция жылдамдығы неше есе азаяды. =3.

3. Мына гомогенді жүйе үшін тепе – теңдік константасын есептеңдер. CО(r) + H2O(r) ↔ CO2(r) + H2(r) егер реакцияға қатысатын заттардың тепе – теңдік концентрациялары: [CO] = 0,004 моль/л; [CO2] = 0,016 моль/л; [H2O] = 0064 моль/л; [H2] = 0,016 моль/л болса.

4. Фосфордың пентахлоридінің диссоциациясы қай температурада басталады: PCl5(r) = PCl3(r) + Cl2(г). Жауабы: 509К.

5. 165 (қ.ж.) ацетилен жанғанда көміртегі (IV) оксиді және су буы түзілсе, қанша жылу бөлінеді? Жауабы: 924,88 кДж.
№ 9
1. Газ тәріздес аммиак пен сутегі хлориді әрекеттескенде кристалл күйінде аммоний хлориді түзілген. Бұл реакция үшін термохимиялық теңдеу жазып, түзілу жылуын табыңдар. Егер реакцияға 10л (қ.ж.) аммиак қатысса, қанша жылу бөлінеді?

2. 6,3г темір күкіртпен әрекеттескенде 11,31кДж жылу бөлінген. Темір сульфидінің (FeS) түзілу жылуын есептеңдер. Жауабы: -100,26кДж/моль.

3. Мына жүйеде СН4(r) + СО2(r) ↔ 2СО(r) + 2Н2(r) стандартты жағдайда тура реакция жүре ме әлде кері реакция жүре ме?

4. Күкірттің және оның диоксидінің тотығуын мына теңдеумен көрсетуге болады:

а/ S(к) + O2 = SO2(r);

б/ 2SO2 (r) + O2 = 2SO3(r)

Егер олардың көлемдерін 4 есе азайтса, осы реакциалардың жылдамдықтары қалай өзгереді?

5. Егер температураны 600 С көтерсе, газ фазада жүретін реакция жылдамдығы қалай өзгереді? =2

№ 10
1. Мына гомогенді жүйе үшін N2 + 3H2 ↔ 2NH3 тепе –теңдік константасын жазыңдар. Егер сутегінің концентрациясын үш есе көбейтсе, тура реакция жылдамдығы қалай өзгереді?

2. 13г ацетиленді жаққанда 652,5 кДж жылу бөлінеді. Реакцияның жылу эффектісін есептеңдер. Жауабы: 2610 кДж.

3. 1моль метан жанғанда су буы мен көміртегі (IV) оксиді түзілген, реакцияның термохимиялық теңдеуін жазып, жылу эффектін есептеңдер.

4. 10л (қ.ж.) метан жанғанда қанша жылу бөлінеді?

СН4(r) + 2О2(r) = СО2(r) + 2Н2О(r) ∆Нх.р= - 46 кДж


  1. Мына реакция үшін 2СО + О2 = 2СО2 жылдамдықтың математикалық өрнегін жазып, көміртегі (ІІ) оксидінің концентрациясын 4 есе арттырса, реакция жылдамдығы қанша есе артатынын есептеңдер.

№ 11
1. Реакция жылдамдығының концентрацияға байланыстылығын қай заңмен көрсетеді? Мына реакция үшін SO2 + O2 ↔ 2SO3 қысымды 2 есе арттырса, тура реакция жылдамдығы қалай өзгереді?

2. Егер температураны 800 – тан 500С-қа азайтса, реакция жылдамдығы неше есе азаяды? Реакцияның температуралық коэффиценті 3-ке тең.

3. Мына реакция үшін 2СО(r) + О2(r) = 2СО2(r); ∆G0298 –ті стандартты түзілу жылуы және абсолютті стандартты энтропияға сүйеніп есептеңдер.

4. Этилен мен су буы әрекеттескенде газ тәріздес этил спирті түзілген. Осы реакцияның термохимиялық теңдеуін жазыңдар, реакцияның жылу эффектін есептеңдер. 10л (қ.ж.) этилен реакцияға түссе, қанша жылу бөлінеді? Жауабы: -45,76 кДж; 20,43кДж жылу бөлінеді.

5. Мына реакция үшін TiO2(к) + 2C(к) = 2Ti(к) + 2CO2(r) энтропияны есептеңдер. Жауабы: 364,84Дж/мольК.


№ 12
1. Мына реакция үшін CO(r) + 3H2(r) = CH4(r) + H2O(r) стандартты түзілу жылуы мен абсолютті стандарт энтропияға сүйеніп, Гиббс энергиясын есептеңдер. Жауабы: -142,16 кДж.

2. Мына теңдеу бойынша жүретін реакция үшін Fe2O3(к) + 3C = 2Fe + CO; ∆H0, ∆S0 және ∆G0 есептеңдер. 500 және 1000К градустарда бұл реакция жүре ме? Жауабы: ∆Н0 = +490,54кДж; ∆S0 = 541,1Дж/К; ∆G0298 = +219,99 кДж;

3. Мына гетерогенді реакция үшін 2С,графит + 3Н2 = С2Н6 жылдамдықтың математикалық өрнегін жазып, сутегінің концентрациясын 3 есе арттырса, реакция жылдамдығы неше есе өсетінін есептеңдер.

4. Әрекеттесуші массалар заңының анықтамасын келтіріңдер. Мына гетерогенді реакция үшін С2Н5ОН(с) + 3О2(r) = 2СО2(r) + 3Н2О қысымды 3 есе арттырса , реакция жылдамдығы қалай өзгереді?

5. Мына жүйеде СО + Сl2 ↔ СОСl2 заттардың тепе – теңдіктегі концентрациялары [Cl2]= 0,3моль/дм3, [CO]=0,2моль/дм3 және [COCl2]=1,2 моль/дм3. Жүйенің тепе –теңдік константасын есептеңдер.

№ 13
1. Мына жүйе үшін 2NO + O2 ↔ 2NO2 тура және кері реакциялар жылдамдығы қалай өзгереді, егер газдар көлемін 3 есе кемітсе? Жүйедегі тепе – теңдік бұл жағдайда өзгере ме?

2. Мына реакция үшін 2СО + О2 = 2СО2 жылдамдықтың математикалық өрнегін жазыңдар. Егер оттегінің концентрациясын 2 есе арттырса, реакция жылдамдығы қанша өседі?

3. Стандартты жағдайда мына экзотермиялық реакция H2(r)+ CO2(r)H2O(r)+CO(r);

∆H = -2.85 кДж жүрмейді. Неге? Осы реакция үшін Гиббс энергиясын есептеңдер. Жауабы: +18,19 кДж

4. Стандартты жағдайда мына реакция 2NO(r) + O2(r) ↔ 2NO2(r) тура жүре ме, әлде кері жүре ме? Жауабын Гиббс энергиясына сүйеніп, беріңдер.Жауабы: - 69,70кДж.


№ 14
1. 1 моль этан жанғанда су буы және көміртегі (IV) оксиді түзіледі, бөлінетін жылу эффектін есептеп, реакцияның термохимиялық теңдеуін жазыңдар. 1 м3 (қ.ж.) этан жанса, қанша жылу бөлінеді? Жауабы: 63742,86 кДж.

2. Аммиактың жануының термохимиялық теңдеуі :

4NH3(r) + 3O2(r) = 2N2(r) + 6H2O(c) , ∆H = -1530,28 кДж

Аммиактың түзілу жылуын есептеңдер. Жауабы: -46,19 кДж

3.Егер температураны 600С көтерсе, газ фазадағы реакция жылдамдығы қалай өзгереді? Жылдамдықтың температуралық коэффициенті екіге тең.

4.Мына гомогенді жүйеде СО + Сl2 ↔ СОСl2 заттардың тепе – теңдік концетрациялары [СО] = 0,2 моль/л; [Cl2] = 0,3 моль/л; [СОСl2] = 1,2 моль/л болса, жүйенің тепе – теңдік константасын есептеңдер. Жауабы: К=20.

5. Мына гетерогенді жүйе үшін СО2 + С ↔ 2СО тепе – теңдік константасын жазыңдар. Егер СО2 –нің концетрациясын төрт есе азайтса, тура реакция жылдамдығы қалай өзгереді? Көміртегі (ІІ) оксидінің шығымын арттыру үшін қысымды қалай өзгерту керек?
№ 15
1. Мына гомогенді жүйеде А + 2В ↔ С заттардың тепе – теңдік концетрациялары [А] = 0,06 моль/л; [В] = 0,12 моль/л; [С] = 0,216 моль/л болса, тепе – теңдік константасы қанша болады? А және В заттарының алғашқы концентрацияларын табыңдар.Жауабы: К=2,5; [А]алғашқы = 0,276 моль/л; [В]алғашқы = 0,552 моль/л;

2. Температураны 500С-қа көтергенде реакция жылдамдығы 32 есе өскен. Реакцияның температуралық коэффициентін есептеңдер.

3. Мына гетерогенді реакция үшін С (графит) + 2N2O(r) = CO2(r) + 2N2(r) азот(І) оксидінің концентрациясын 4 есе өсірсе, реакция жылдамдығы неше есе өседі?

4. Темір (ІІІ) оксидін алюминий металымен тотықсыздандырғанда 335,1г темір алынған. Бұл реакцияда қанша жылу бөлінетінін есептеңдер. Жауабы: 2543,1 кДж.

5. Этилен мен су буы әрекеттесе газ тәріздес этил спирті түзіледі. Бұл реакцияның термохимиялық теңдеуін жазып, жылу эффектісін есептеңдер. Жауабы: -45,76 кДж.
8-апта
№ 1
1. Егер 18 г фосфор қышқылын 282 см3 суда ерітсе, ол ерітіндінің тығыздығы 1,031 г/см3 болады. Ерітіндінің а. проценттік; б. молярлық; в. нормальдық (эквиваленттің молярлық концентрациясы) концентарцияларын есептеңдер. Жауабы: 6% 0,63М; 1,89н.

2. 1л 10 %-ті калий гидроксидінің ерітіндісіне (тығыздығы 1,092 г/см3) 5% - ті 0,5 л калий гидроксидінің ерітіндісін (тығыздығы 1,045 г/см3 ) құйып, ерітіндінің көлемін 2 л-ге жеткізген. Алынған ерітіндінің молярлы концентрациясын есептеңдер. Жауабы: 1,2 М.

3. 3л 0,4н. ерітінді дайындау үшін 96%-ті тығыздығы 1,84 г/см3 күкірт қышқылының қанша көлемін алу керек. Жауабы: 33,32 см3.

4. Мына заттар арасында жүретін реакциялар үшін ионды-молекулалық теңдеулер жазыңдар: а. HCl және NaOH; б. Pb(NO3)2 және Na2S;

5. Мына ионды-молекулалық теңдеулерге сәйкес келетін реакциялардың молекулалық теңдеулерін жазыңдар: а. SO32+ + 2H+ = SO2 + H2O; б. H+ + OH- = H2O

6. Мына тұздардың гидролизінің ионды-молекулалық және молекулалық теңдеулерін жазыңдар: а.KCN; б.Na2CO3.

7. Егер азотты қышқылдың (HNO2) молярлы концентрациясы 0,01 моль/л болса, сутегі ионының концетрациясы қанша? Жауабы: 2,210-3 моль/л
№ 2
1. Егер азотты қышқылдың (HNO2) молярлы концентрациясы 0,25 моль/л болса, сутегі ионының концентрациясы қанша болады? Жауабы: 1,1210-2 моль/л.

2. Мына тұздардың гидролизінің ионды-молекулалық және молекулалық теңдеулерін жазыңдар: а. ZnSO4; б. NH4Cl;

3. Мына ионды-молекулалық теңдеулерге сәйкес келетін реакциялардың молекулалық теңдеулерін жазыңдар: а. Pb2+ + S2- = PbS; б. CО32- + 2H+ = CО2 + Н2О.

4. Мына заттар арасында жүретін реакциялар үшін ионды-молекулалық тендеулер жаз: а. NaHCO3 және NaOH; б. K2SO3 және НСІ.

5. HClO қышқылының концентрациясы 0,001 моль/л болса, қышқыл ерітіндісі үшін  және [H+] табыңдар. Жауабы: 7,0710-4 және 7,07·10-5 моль/л .

6. 20%-ті тығыздығы 1,328 г/см3 кальций хлориді ерітіндісінің молярлы және эквивалент (нормальды) концентрацияларын есептеңдер. Жауабы: 2,1 М; 4,2 н.

7. 30%-ті тығыздығы 1,328 г/см3 натрий гидроксиді ерітіндісінің нормальды концетрациясын есептеңдер. Оның 1л ерітіндісіне 5л су қосқан. Алынған ерітіндінің процентті концентрациясын табыңдар. Жауабы: 9,96н; 6,3%.
I. Ионды-молекулалық (ионды) алмасу реакциялары
Мына ерітінділер арасында жүретін реакциялар үшін молекулалық ионды-молекулалық теңдеулер жазыңдар:

I. BaCl2 және Na2SO4; 2. K2SO4 және HCl; 3. FeSO4 және (NH4)2S; 4. Cr(OH)3 және KOH; 5. KHCO3 және H2SO4; 6. Zn(OH)2 және NaOH; 7. CaCl2 және AgNO3; 8.CuSO4 және H2S; 9. BaCO3 және HNO3; 10. HClО3 және KOН; 11. HCl және Sn(OH)2; 12. BeSO4 және KOH; 13. NH4Cl және Ba(OH)2; 14. AgNO3 және K2CrO4; 15. Pb(NO3) және KJ; 16. CdSO4 және Na2S; 17. Be(OH)2 және NaOH; 18. Ca(OH)2 және HNO3; 19. ZnOHNO3 және HNO3; 20. Na3PO4 және CuCl2; 21. K2CO3 және BaCl2; 22. Zn(OH)2 және KOH; 23. CdS және HCl; 24. Cr(OH)3 және NaOH; 25. Ba(OH)2 және CoCl2; 26. FeCl3 және NH4OH.


II. ТҰЗДАР ГИДРОЛИЗІ
Мына тұздардың гидролизінің ионды–молекулалық және молекулалық теңдеулерін жазыңдар. Ерітіндінің реакция ортасын анықтаңдар:

I. K2CO3 және Al(NO3)3; 2. K2S және CrCl3; 3. Al2(SO4)3 және Na2S; 4. Pb(NO3)2 және KCl; 5. FeCl3 және Na2CO3; 6. AlCl3 және (NH4)2SO4; 7. Al2S3 және Fe2(SO4)3; 8. CH3COOK және Zn(NO3)2; 9. Na3PO4 және CuSO4; 10. CuCl2 және Cs2CO3; 11. Cr(NO3)3 және FeCl2; 12. Cr2(SO4)3 және Ni(NO3)2; 13. Na2CO3 және NaCl;


III. Мына ионды–молекулалық теңдеулерге сәйкес келетін реакциялардың молекулалық теңдеулерін жазыңдар.
1. Be(ОH)2 + 2ОH= BeO22– + 2H2O; CH3COO+ H+ = CH3COOH

2. Ba2+ + SO42– = BaSO4; Ag+ + Cl= AgCl

3. HCO3+ H+ = H2O + CO2; Zn2+ + H2S = ZnS + 2H+

4. H+ + NO2= HNO2; Cd2+ + 2OH= Cd(OH)2

5. Fe(OH)3 + 3H+ = Fe3+ + 3H2O; Pb2+ + 2J = PbJ2

6. Al(OH)3 + OH= AlO2 + 2H2O; CaCO3 + 2H+ = Ca2+ + H2O + CO2

7. Cu2+ + S2– = CuS; SiO32– + 2H+ = H2SiO3

8. H+ + OH= H2O; Mg2+ + CO32– = MgCO3

9. ZnOH+ + OH= Zn2+ + H2O; HCO3+ OH= CO32– + H2O

10. Pb2+ + CrO42– = PbCrO4; SiO32– + 2H+ = H2SiO3

11. CH3COOH + OH= CH3COO+ H2O; Pb2+ + S2– = PbS

12. ClO+ H+ = HClO; CO32– + 2H+ = CO2 + H2O

13. NH4+ + OH= NH4OH; CH3COOH + OH= CH3COO+ H2O
IV. Диссоцияция дәрежесін (), сутегі ионының концентрациясын және pH есептеңдер (ерітіндінің концентрациясы (моль/л) жанында цифрамен көрсетілген).
1. CH3COOH – 0.1; 2. HCN – 0.05; 3. HNO2 – 0.02;

4. HClO – 0.01; 5. H2CO3 – 0.1(I саты бойынша); 6. H2S – 0.2(1 саты бойынша);

7. HF – 0.1;8. H2S – 0.1(1 саты бойынша); 9. H2CrO4 – 0.1(1саты бойынша);

10. HF – 0.1; 11. HBrO – 0.1; 12. H3PO4 – 0.01(1 саты бойыншаша);

13. H2CO3 – 0.02; 14. HNO3 – 0.001;
№3

1. 10%-ті тығыздығы 1,054 г/см3 3 л азот қышқылының ерітіндісіне 2%-ті тығыздығы 1,009г/см3 5л азот қышқылының ерітіндісін қосқанда пайда болған ерітіндінің молярлы және процентті концетрацияларын есептеңдер. Жауабы: 5,0%; 0,82М.

2. 4л 20,8%-ті тығыздығы 1,12г/см3 азот қышқылының нормальды, молярлы концетрацияларын есептеңдер. Бұл ерітіндіде неше грамм азот қышқылы бар? Жауабы: 3,70н; 4,17М; 931,8г.

3. 16%-ті тығыздығы 1,149г/см3 алюминий хлоридінің молярлы, эквивалентті концентрацияларын есептеңдер. Жауабы: 1,36М; 4,08н.

4. III тараудың №1 теңдеулерін жазыңдар.

5. IV тараудың №1 есептерін шығарыңдар.

6. II тарудағы №1 есепті шығарыңдар.

7. I тараудың №1 және №2 теңдеулерді жазыңдар.


№4
1. I тараудағы №3 және №4 теңдеулерді жазыңдар.

2. II тараудағы №2 есепті шығарыңдар.

3. III тараудағы №2 теңдеулерді жазыңдар.

4. IV тараудағы №2 есепті шығарыңдар.

5. Егер 75см3 0,3н күкірт қышқылының ерітіндісіне 125см3 0,2н калий гидроксиді ерітіндісін құйса, әрекеттеспей артық күйде қай зат және қанша мөлшерде қалады? Жауабы: 0,14г; КОН.

6. 100см3 күміс нитраты ерітіндісінен хлорлы күмісті тұнбаға түсіру үшін 0,2н. 50см3 хлорлы сутек ерітіндісі қажет болған. Күміс нитраты ерітіндісінің нормальды концентрациясын табыңдар. Тұнбаға неше грамм хлорлы күміс түсті? Жауабы: 0,1н; 1,433г.

7. Тығыздығы 1,050г/см3 1л 10,17%-ті ерітінді дайындау үшін тығыздығы 1,100 г/см3 20,01%-ті тұз қышқылы ерітіндісінің қандай көлемін алу керек? Жауабы: 485,38см3.

№5
1. I тараудағы №5 және №6 теңдеулерді жазыңдар.

2. II тараудағы №3 теңдеулерді жазыңдар.

3. III тараудағы №3 теңдеулерді жазыңдар.

4. IV тараудағы №3 есепті шығарыңдар.

5. Тығыздығы 1,056 г/см3 10%-ті азот қышқылының ерітіндісі мен 30%-ті 100 см3 тығыздығы 1,184 г/см3 азот қышқылы ерітіндісін араластырғанда алынған ерітіндінің концентрациясын есептеңдер. Жауабы: 28,38%.

6. Тығыздығы 1,048г/см3 6%-ті 3 л калий гидроксиді ерітіндісін алу үшін 50%-ті тығыздығы 1,538 г/см3 калий гидроксиді ерітіндісінің қандай көлемін алу керек? Жауабы: 245,5 см3.

7. Тығыздығы 1,02 г/см3 2%-ті 5л Na2CO3 ерітіндіcін алу үшін тығыздығы 1,105 г/см3 10%-ті натрий карбонаты ерітіндісінен қандай көлем алу керек? Жауабы: 923,1см3.


№6
1. I тараудағы №7 және №8 теңдеулерді жазыңдар.

2. II тараудағы №4 теңдеулерді жазыңдар.

3. III тараудағы №5 теңдеулерді жазыңдар.

4. IV тараудағы №4 есепті шығарыңдар.

5. 0,16н 31см3 сілті ерітіндісін бейтараптау үшін 217см3 күкірт қышқылы жұмсалды. Күкірт қышқылының нормальді концентрациясы мен титрін есептеңдер. Жауабы: 0,023н; 1,127·103 г/см3.

6. 20%-ті ерітінді алу үшін 400 г суға қанша масса NaNO3 қосу керек? Жауабы: 100г.

7. 20%-ті 300 г натрий хлориді ерітіндісімен 40%-ті 500 г натрий хлориді ерітіндісін араластырғанда алынған ерітіндінің проценттік концентрациясы қанша? Жауабы: 32,5%.
№7
1. I тараудағы №9 және №10 теңдеулерді жазыңдар.

2. II тараудағы №5 теңдеулерді жазыңдар.

3. III тараудағы №6 теңдеулерді жазыңдар.

4. IV тараудағы №5 есепті шығарыңдар.

5. 20%-ті 10 кг ерітіндіні суытқанда 400 г тұз бөлінді. Суыған ерітіндінің проценттік концентрациясы қанша? Жауабы: 16,7%.

6. 62%-ті 247г күкірт қышқылының ерітіндісін 18%-ті 145г күкірт қышқылының ерітіндісімен араластырғанда алынған ерітіндінің процентті концентрациясы қандай? Жауабы: 45,72%.

7. Құрамында 1,4 г калий гидроксиді бар 1л ерітіндіні бейтараптау үшін 50см3 қышқыл ерітіндісі жұмсалған. Қышқылдың нормальды концентрациясын есептеңдер. Жауабы: 0,53н.

№8
1. I тараудағы №11 және №12 теңдеулерді жазыңдар.

2. II тараудағы №6 теңдеулерді жазыңдар.

3. III тараудағы №7 теңдеулерді жазыңдар.

4. IV тараудағы №6 есепті шығарыңдар.

5. 60%-ті 700 г күкірт қышқылынан 200 г суды ұшырғанда пайда болған ерітіндінің проценттік концентрациясы қанша? Жауабы: 84%.

6. Егер күкірт қышқылы 107г/л болса, оның нормальды және молярлы концентрациялары қанша? Жауабы: 1,08М; 2,18н.

7. Концентрациясы 0,3н 50см3 сілті ерітіндісі 30см3 күкірт қышқылымен әрекеттесе алады, олай болса, бұл ерітіндіде қанша грамм күкірт қышқылы бар? Жауабы: 0,735г.


№9
1. I тараудағы №13 және №14 теңдеулерді жазыңдар.

2. II тараудағы №7 теңдеулерді жазыңдар.

3. III тараудағы №8 теңдеулерді жазыңдар.

4. IV тараудағы №7 есепті шығарыңдар.

5. 1дм3 ерітіндіде 192,6г калий нитраты бар, тығыздығы 1,14г/см3. Ерітіндінің массалық үлесін, молярлы концентрациясын және титрін есептеңдер.

6. Массалық үлесі 0,96 (тығыздығы 1,84 г/см3 ) 25 см3 күкірт қышқылына 100 см3 су қосқанда пайда болған ерітіндінің массалық үлесін және молярлы концентрациясын есептеңдер ( = 1,23г/см3) .

7. Массалық үлесі 0,40 және тығыздығы 1,25 г/см3 фосфор қышқылының ерітіндісінің молярлы және эквивалентті (нормальды) концентрацияларын табыңдар.
№10
1. I тараудағы №15 және №16 теңдеулерді жазыңдар.

2. II тараудағы №8 теңдеулерді жазыңдар.

3. III тараудағы №9 теңдеулерді жазыңдар.

4. IV тараудағы №8 есепті шығарыңдар.

5. 5 М ( = 1,29 г/см3) күкірт қышқылының массалық үлесі қанша?

6. Массалық концентрациясы 58,5мг/дм3 натрий хлориді ерітіндісінің молярлы концентрациясы қанша?

7. 500 см3 құрамында 8г NaOH бар ерітіндіні бейтараптау үшін 250см3 қышқыл қажет болған. Қышқылдың нормальды концентрациясын есептеңдер.
№11
1. I тараудағы №17 және №18 теңдеулерді жазыңдар.

2. II тараудағы №9 теңдеулерді жазыңдар.

3. III тараудағы №10 теңдеулерді жазыңдар.

4. IV тараудағы №9 есепті шығарыңдар.

5. Мырыш гидроксидінің массалық концентрациясы 80мг/дм3. Оның нормальды концентрациясын есептеңдер.

6. 300г суда 75г K2CO3 ерітілсе, бұл ерітіндінің массалық үлесі және молярлық концентрациясы қанша?

7. Егер үш валентті темір ионының (Fe3+) массалық концентрациясы 13,0 мг/л болса, оның молярлық концентрациясы қанша?
№12
1. I тараудағы №19 және №20 теңдеулерді жазыңдар.

2. II тараудағы №10 теңдеулерді жазыңдар.

3. III тараудағы №11 теңдеулерді жазыңдар.

4. IV тараудағы №10 есепті шығарыңдар.

5. Құрамында 1,56 г КОН бар 1дм3 ерітіндіні бейтараптау үшін 100 см3 қышқыл ерітіндісі жұмсалған. Қышқылдың нормальды концентрациясын есептеңдер.

6. Құрамында 49г Н3РО4 бар 100г ерітіндінің ( = 1,33г/см3) молярлы, нормальды концентрацияларын және титрін есептеңдер.

7. Егер 0,2М 50см3 күкірт қышқылының ерітіндісіне барий хлоридінің артық мөлшерін құйса, қанша грамм барий сульфаты тұнбаға түседі?
№13
1. I тараудағы №21 және №22 теңдеулерді жазыңдар.

2. II тараудағы №11 теңдеулерді жазыңдар.

3. III тараудағы №12 теңдеулерді жазыңдар.

4. IV тараудағы №11 есепті шығарыңдар.

5. Массалық үлесі 0,1% 0,5л барий хлоридінің ерітіндісін дайындау үшін қанша кристаллогидрат BаCl2 · 2H2O алу керек? Жауабы: 64,0г.


  1. Массалық үлесі 2% 1л барий хлоридінің ерітіндісін (тығыздығы 1,012г/мл) дайындау үшін қанша көлем су және 10%-ті барий хлориді ерітіндісінен (тығыздығы 1,09 г/мл) қандай көлем алу керек? Жауабы: 810мл су және 185мл ерітінді.

7. 250мл 0,5н ерітінді дайындау үшін массалық үлесі 80% және тығыздығы 1,73г/мл күкірт қышқылынан қандай көлем алу керек?
№14
1. I тараудағы №23 және №24 теңдеулерді жазыңдар.

2. II тараудағы №12 теңдеулерді жазыңдар.

3. III тараудағы №13 теңдеулерді жазыңдар.

4. IV тараудағы №12 есепті шығарыңдар.

5. 20%-ті 1,8 кг ерітіндіде неше грамм еріген зат бар және 250г ерітіндіде 75г еріген болса, оның массалық үлесі қанша? Жауабы: 0,36 кг; 30%.

6. 20г натрий гидроксидін ерітіп 5%-ті ерітінді алу үшін қандай көлем су алу керек? Жауабы: 380мл.

7. Массалық үлесі 96% 100 мл күкірт қышқылының ерітіндісіне 400 мл су қосқанда тығыздығы 1,225г/мл ерітінді пайда болады. Алынған ерітіндінің массалық үлесін және молярлы концентрациясын есептеңдер. Жауабы: 30,25%; 3,78 моль/л.
№15
1. I тараудағы №25 және №26 теңдеулерді жазыңдар.

2. II тараудағы №13 теңдеулерді жазыңдар.

3. III тараудағы №2 теңдеулерді жазыңдар.

4. IV тараудағы №13 есепті шығарыңдар.

5. 100 мл массалық үлесі 8%-ке тең барий хлориді ерітіндісінен ( = 1,06 г/мл) барий сульфатын алу үшін күкірт қышқылы қажет болса, күкірт қышқылының молярлы және нормальды концентрациялары қанша? Жауабы: 0,588 моль/л және 0,294 моль/л.

6. Массалық үлесі 28% ( = 0.9 г/мл) аммиактың 1л ерітіндісіне 0,5л су қосқанда пайда болған ерітіндідегі аммиактың массалық үлесі қандай? Жауабы: 18,0.

7. Массалық үлесі 5% 0,5 кг темір (II) сульфатының ерітіндісін дайындау үшін неше грамм кристаллогидрат FeSO4·7H2O және қандай көлем су алу керек? Жауабы: 45,72г; 454,3мл.
9-апта
I. Берілген өзгерістер үшін ионды–электронды теңдеулер құрыңдар. Реакция теңдеулеріндегі коэффициенттерін қойыңдар. Әр реакция үшін қай зат тотықтырғыш, қай зат тотықсыздандырғыш екенін көрсетіңдер. Қай зат тотықсызданады?
1. KBr + KBrO3 + H2SO4→ Br2 + K2SO4 + H2O

2. P + HJO3 + H2O → H3PO4 + HJ

3. H2S + Cl2 + H2O → H2SO4 + HCl

4. Zn + H2SO4 → ZnSO4 + H2S + H2O

5. KMnO4 + H3PO3 + H2SO4 → MnSO4 + K3PO4 + H2O

6. Na2SO3 + KMnO4 + H2O → Na2SO4 + MnO2 + KOH

7. PbS + HNO3 → S + Pb(NO3)2 + NO + H2O

8. P + HNO3 + H2O → H3PO4 + NO

9. KMnO4 + Na2SO3 + KOH → K2MnO4 + Na2SO4 + H2O

10. HNO3 + Ca → NH4NO3 + Ca(NO3)2 + H2O

11. NaCrO2 + PbO2 + NaOH → Na2CrO4 + Na2PbO2 + H2O

12. H2S + Cl2 + H2O → H2SO4 + HCl

13. K2Cr2O7 + H2S + H2SO4 → S + Cr2(SO4)3 + K2SO4 + H2O

14. KClO3 + Na2SO3 → KCl + Na2SO4

15. HNO3 + Zn → Zn(NO3)2 + N2O + H2O
II. Мына өзгерістерде қай процесс тотығу, қайсысы тотықсыздану процесі екенін электрондық теңдеу құрып көрсетіңдер:
1. As3– → As5+; 2. N5+ → N3– ; 3. S2– → S0

4. Mn6+ → Mn2+ ; 5. Cl5+ → Cl ; 6. N3– → N5+

7. N3– → N0 ; 8. Bi0 → Bi3+ ; 9. Mn4+ → Mn 2+

10. J2 → 2J ; 11. Cr3+ → Cr6+ ; 12. S6+ → S2-

13. Se0 → Se6+ ; 14. Cl0 → Cl 5+ ; 15. N5+ → N3–
III. Мына заттардың арасында тотығу–тотықсыздану реакциялары жүре ме? Неге?

1. NH3 және KMnO4 ; 2. HNO2 және HJ ; 3HCl және H2Se

4. J2 және Cl2 ; 5. PH3 және HBr ; 6. K2Cr2O7 және H3PO4 ;

7. HNO3 және H2S ; 8. AsH3 және HNO3 ; 9. HCl және CrO3 ;

10. K2Cr2O7 және HCl; 11. H2S және Cl2 ; 12. H2SO4 және HCl;

13. Ca және HNO3 ; 14. Zn және H2SO4 (сұйыт); 15. Zn және H2SO4 (конц);


IV. Сулы ерітіндіде жүретін өзгерістер үшін электронды–иондық теңдеулерін аяқтаңдар:

1. MnO4→ MnO2 ; 2. SO42– → SO32– ; 3. NO2→ NO3 ;

4. PbO2 → Pb2+ ; 5. PO33– → PO43– ; 6. CrO42– + 4H2O → [Cr(OH)6]3–

7. NO3+ H+ → NH3 ; 8. SO42– → SO20 ; 9. Cr3+ → CrO42– ;

10. Cr2O72– → Cr3+ ; 11. ClO→ Cl ; 12. ClO3→ Cl ;

13. SO32– → SO42– ; 14. NO3→ NO20 ; 15. J20 → JO3 ;


V. Мына кестелермен көрсетілген реакциялар тотығу–тотықсыздану реакцияларының қай тобына жатады:

1. C + 4H+ → CH4 ; 2. SO2 + O3 → SO3 + O2 ; 3. SO32– + O2 → SO42– ;

4. SO32– + MnO4 + H+ → SO42– + Mn2+ + H2O ; 5. N2O5 → NO2 + O2 ;

6. KClO2 → KClO3 + KCl ; 7. NO + NO2 → N2O3 ;

8. HNO3 → NO2 + O2 + H2O ; 9. CrO3 → Cr2O3 + O2 ;

10. KClO3 → KCl + KClO4 ; 11. NH4NO3 → N2O + 2H2O ;

12. AsO33– + H2O2 → AsO43– + H2O ; 13. KClO3 → KCl + O2 ;

14. HClO → HClO3 + HCl ; 15. NH4NO2 → N2 + 2H2O ;


VI. Мына кестелердегі реакциялардың бағытын анықтаңдар және толық теңдеуін жазыңдар:

1. KJ + H3AsO4 ↔ KJO3 + HAsO2 + …

2. H2S + HClO ↔ H2SO4 + …

3. KCl + J2 + K2SO4 + … ↔ KClO3 + KJ + H2SO4

4. JO3 + Al + H+ ↔ J0 + Al3+ + …

5. ClO + Cl + H+ ↔ Cl2 + …

6. Zn + OH + …↔ [Zn(OH)4]2– + H2

7. S + J + … ↔ S2– + JO3 + H+

8. [Mn(H2O)6]2+ + Br2 ↔ MnO4 + Br + …

9. [Cr(H2O)6]3+ + [Fe(H2O)6]3+ ↔ Cr2O72– + [Fe(H2O)6]2+

10. [Cr(H2O)6]3+ + ClO↔ CrO42– + Cl +

11. Fe3+ + Hgo ↔ Fe2+ + Hg2+

12. HCl + H2SO4 ↔ Cl2 + H2SO3

13. H2S + H2SO3 ↔ S + H2O

14. Pb2+ + NO3 + H2O ↔ PbO2 + H+ + NO2

15. H2S + H2O2 ↔ SO42– + H+ + H2O


1-№15 ЖАЗБАША ҮЙГЕ ТАПСЫРМАЛАР
1. I – VI тараудағы № 1 теңдеулер.

2. I – VI тараудағы № 2 теңдеулер.

3. I – VI тараудағы № 3 теңдеулер.

4. I – VI тараудағы № 4 теңдеулер.

5. I – VI тараудағы № 5 теңдеулер.

6. I – VI тараудағы № 6 теңдеулер.

7. I – VI тараудағы № 7 теңдеулер.

8. I – VI тараудағы № 8 теңдеулер.

9. I – VI тараудағы № 9 теңдеулер.

10. I – VI тараудағы № 10 теңдеулер.

11. I – VI тараудағы № 11 теңдеулер.

12. I – VI тараудағы № 12 теңдеулер.

13. I – VI тараудағы № 13 теңдеулер.

14. I – VI тараудағы № 14 теңдеулер.



15. I – VI тараудағы№

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет