Темноцефалида отряды - Themnocephalida. Су тасбақаларының, шаянтәрізділердің, моллюскалардың эктопаразиттері. Ұсақ, ұзындығы бірнеше миллиметр. Алдыңғы жағында қармалауыштар шоғыры, артқы жағында жабысқақ бездеріне бай бекінгіш сорғышы болады. Жамылғыларында кірпікшелері жок. Бұлардың систематикалық орны анықталмаған. Алғашқыда сорғыштар қатарына орналастырса, кейін бөлек класс ретінде бөлген. Қазір көптеген зерттеушілер бұларды паразиттік тіршілік формасына айналған турбеллярилер қатарына жатқызады.