Казақстан республикасының білім және ғылым министрлігі к. Ә. ДӘуітбаева


Гипермастигиналар отряды - Hypermastigina



бет16/155
Дата24.04.2022
өлшемі2,44 Mb.
#140657
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   155
Байланысты:
zoo

Гипермастигиналар отряды - Hypermastigina
Көп талшықты, көп ядролы қарапайымдылар. Күрделіленген базаль түйіршіктері, аксостильдері, парабазаль денешіктері және тірек жіпшелері болады. Trichonympha, Lophomonas туыстарының өкілдері термиттердің және тарақандардың ішегінде тіршілік етеді. Көп жағдайда гипермастигиналар мен термитгер селбесіп тіршілік етеді. Термиттер клетчатканы қорек етеді, бірақ өздері оны қорытып бойына сіңіре алмайды, ал ішегінде тіршілік ететін гипермастиги­налар сол клетчатканы тез ыдыратып көмірсуларға айналдырады.
Опалинина отряды - Opalinina
Өкілдерінің негізгі ерекшелігі - көп ядролы, денесі түгел кірпікшелермен қапталынған, осыған байланысты біраз уақыт бойы опалининаларды кірпікшелілер класына, яғни Protociliata класс тармағына жатқызған. Олардың кірпікшелі инфузориялардан басты айырмашылығы - ядролары бірдей болып келеді, жынысты жолымен көбею кезінде ұсақ бір ядролы гаметалар пайда болып, копуляция процесі жүреді (инфузорияларда - конъюгация). Қосмекенділердің артқы ішегінде паразиттік тіршілік етеді, сапрофитті жолымен қоректенеді. Басты өкілі - Ораііпа ranarum.
СПОРАЛЫЛАР ТИПІ - SPOROZOA
Споралылар буылтық құрттардың, моллюскалардың, буынаяқтылардың, омыртқалы жануарлардың және адамдардың ішегінде, дене қуысында, қан клеткаларында паразиттік тіршілік ететін бір клеткалы қарапайым жәндіктер. Паразиттік тіршіліктің әсерінен ас қорыту, жиырылғыш вакуольдері жойылған, қоректік заттарды бүкіл денесі арқылы сіңіріп алады, ешқандай қозғалыс органоидтары болмайды, тек жынысты клеткаларында - микрогаметаларында - талшығы болады.
Споралылар жыныссыз, жынысты және спорогония жолымен көбейеді. Жыныссыз көбеюі ядроның көпке бөлінуі арқылы жүзеге асады, бұны шизогония процесі деп атайды, нәтижесінде мерозоиттар деп аталатын жас особьтар шығады. Жынысты жолы - гаметогония деп аталатын, гаметалардың пайда болуы. Копуляция нәтижесінде түзілген зигота қалың қабықшамен қапталынып ооцистаға айналады. Осыдан спорогония кезеңі басталады. Ооцистаның ішіңце, спорогонияның нәтижесінде, ең алдымен споробластар - бұлардан майда спорозоиттар пайда болады және олар споралардың ішінде орналасады.
Споралылар типі екі класқа бөлінеді: Грегариналар - Gregarinina және кокцидиятәрізділер - Coccidiomorpha.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет