2 - mapay НАҒЫЗ КӨП КЛЕТКАЛЫЛАР- EUMETAZOA СӘУЛЕЛІЛЕР - RADIATA, ҚОС ҚАБАТТЫЛАР - DIPLOBLASTICA Нағыз көп клеткалы жануарлардың басты ерекшелігі - дене құрылысындағы клеткалары толық дифференцияланған, бір-бірімен өзара байланысты тканьдері, мүшелері, нерв жүйесі жақсы дамыған.
Eumetazoa тобындағы жануарлар, мүшелерінің белгілі тәртіпте орналасуына немесе дене симметриясына қарай екі үлкен бөлімге бөлінеді: сәулелі (радиальды) - Radiata және екі жақты (билатеральды) симметриялы жануарлар - BUaterata.
Жануарлардың бекініп тіршілік етуіне немесе суда шарықтап жүзуіне және қоршап тұрған ортаның оған жан-жағынан бір қалыпта әсер етуіне орай мүшелері бір осьтің төңірегінде шашыраған сәулелер сияқтанып орналасады да, дененің сәулелі (радиальды) симметриясын құрайды.
Сәулелі симметриялы жануарлардың денесі екі қабаттан тұрады: сыртқы - эктодермадан, ішкі - энтодермадан. Осы белгісіне сай олар екі қабатты -Diploblastica тобына жатады.
Сәулелілерге екі тип жатады: ішекқуыстылар - Coelenterata және ескектілер -Ctenophora.