Жоспары БҮйрек үсті безі оның сыртқы көрінісі мен ішкі қҰрылсы



Дата17.03.2023
өлшемі1,83 Mb.
#172762
Байланысты:
ПРЕЗ

Бүйрек үсті безі


GLANDULA SUPRARENALIS SEU ADRENALIS
Орындаған: Сансызбаева Мақпал
Тобы: 202Б ЖМ
Тексерген: Какатаева И.З.

жоспары

  • БҮЙРЕК ҮСТІ БЕЗІ
  • ОНЫҢ СЫРТҚЫ КӨРІНІСІ МЕН
  • ІШКІ ҚҰРЫЛСЫ

  • СКЕЛЕТОПИЯСЫ МЕН СИНТОПИЯСЫ
  • ҚАНДАНУЫ
  • НЕРВТЕНУІ
  • ГОРМОНДАРЫ
  • ҚОРЫТЫНДЫ
  • ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

БҮЙРЕК ҮСТІ БЕЗІ

Атауы: GLANDULA SUPRARENALIS SEU ADRENALIS – жұп ішкі секрециялық без

Топографиясы: ішастардың астында, бүйректің жоғарғы ұшында орналасқан

Дамуы: бездің қыртысты заты мезодрманың бастапқы ішектің дорсалді шажырақайының түбірі мен несеп-жыныстық қатпардың аралығынан дамиды. Ал милы бөлігі нерв жүйесімен бірге эктодермадан дамыған.

Сыртқы көрінісі

  • Бұл бездің екі жақтық бөлігінің сыртқы пішіні конус тәрізді келіп, ұшы жоғары қарап, негізі бүйректің проксималді ұшымен беттесіп орналасқан. Сонымен қатар, бұл бездің үш беті, үш қыры ажыратылады. Орташа салмағы 4 г, биіктігі 30-60 мм, көлденең ені 30 мм. Түсі сарғыштау немесе қоңыр түсті болып келген. Паренхиматозды мүше.
  • Бүйрекүсті безінің беті кедір-бұдыр, әсіресе сол бүйрекүсті безінің алдыңгы бетінде терең жүлге — кақпа, hilus, айқын көрінеді, олардан мүшенің орталык венасы шыгады.

құрылысы

  • Бүйрекүсті безінің сыртқы беті фиброзды дәнекер тінді қабықшамен көмкеріліп қана қоймай бездің паренхимасына қарай өтіп, трабекулаларын құрайды. Бездің паренхимасы орналасуына қарай, сыртында орналасқан қыртысты заты, substantia corticalis, мен терең қабатында орналасқан милы затынан, substantia medullaris, тұрады.
  • 1. Бүйрекүсті безінің қыртысты заты құрылысы мен атқаратын қызметіне қарай 3 зонаға:
  • Сыртқы фиброзды қабықша мен беттесіп орналасқан шумақты зонаға, zona glomerulosa;
  • Шумақты зонанның астында орналасып көлемді келген, будалы зонаға, zona fasiculili lata;
  • Бездің милы бөлігіне жақын орналасқан, торлы зонаға, zona reticulosa, бөлінеді.

Скелетопиясы мен синтопиясы

  • Скелетопиясы:
  • Екі жақтық бүйрекүсті безі ХІ-ХІІ қабырғаның тұсында бүйректің проксималді ұшымен беттесіп орналасқан.
  • Синтопиясы:
  • Оң жақ:
  • Алдыңғы беті бауырдың ағзалық бетімен және 12 елі ішекпен беттесіп орналасқан.
  • Төменгі беті ойыстау келіп бүйректің жоғарғы ұшымен беттесіп орналасқан.
  • Артқы беті көкетпен беттескен.
  • Сол жақ:
  • Алдыңғы беті асқазанның кардиальді бөлігінің артқы бетімен және ұйқы безінің құйрығымен беттескен.
  • Артқы беті көкетпен;
  • төменгі беті сол жақ бүйректің проксимальді ұшымен беттесіп орналасқан

Қандануы:

  • Әрбір бүйрек үсті безіне 25-30 артерия келеді. Олардың ішіндегі ең ірілері: жоғарғы бүйрекүсті артериясы (төменгі көкет артериясы), ортаңғы бүйрекүсті (қолқаның құрсақ бөлігінен) және төменгі бүйрекүсті артериясы (бүйректік артеоиядан). Осы артериялар тармақтарының кейбіреулері тек қыртыс затты, қалғандары қартысты заты мен милы затын қанмен қамтамасыз етеді. Синусоидты кантамырлар капиллярларынан орталық веналық ағыстары түзіледі, ол оң бүйрекүсті безінен төменгі қуыс венаға, сол бүйрекүсті безінде сол бүйрек венасына құяды. Әсіресе, сол бүйрекүсті безінен какпа венасына құятын көптеген ұсақ веналар шығады

Нервтенуі

  • Жүйкеленеді n. Splanchnicus major (plexus coeliacus ii plexus renalis арқылы).

Гормондары

  • Үш топ гормондар бөліп шығарады:
  • Шумақты зона: альдестерон мен минералокортикостерон
  • Будалы зона: глюкопротеидтер – глюкокартизон, кортикостерон, ІІ-дегидро- және ІІ деоесикортикостерон
  • Торлы зона: жынысты гормондар - андроген

Қыртысты бөлігі
Милы бөлігі
  • Адреналин мен норадреналин

Жасқа байланысты ерекшелігі

  • Адамның 20-25 жасында бездің қыртысты бөлігі даму сатысының ең биік шыңына жетіп, аймақтарының қатынасы 1:9:3 болады. Ал 59-60 жастан кейін инволюцияға ұшырап кішірейеді. Бездің ортаңғы бөлігі немесе милы

Қорытынды

  • Бүйрекүсті безі, glandula suprarenalis seu adrenalis – ішкі секреция мүшесі.
  • Бүйрек үсті бездері – екі бүйректің жоғарғы жағында орналасқан кішкентай, үшбұрыш тәрізді эндокриндік органдар.. Бұл бездер метаболизмді, иммундық жүйені, артериялық қысымды, стресстің реакциясын және басқа да маңызды функцияларды реттеуге көмектесетін гормондардың түзілуіне жауап береді.

Пайданылған әдебиеттер

  • У. Джумабаев, А. Джумабаева «Адам анатомиясы»
  • • Ә.Б. ӘУБӘКІРОВ, Ү.Ж. ЖҰМАБАЕВ, Т.М. ДОСАЕВ,

    Ф.М. СҮЛЕЙМЕНОВА, Қ. Е. СИСАБЕКОВ, М .З. ШАЙДАРОВ

    АДАМ АНАТОМИЯСЫ (Ішкі мүшелер жүйесі және эндокринді бездер) АТЛАС 2- том

  • Дереккөз: https://meduniver.com/Medical/Anatom/246.html MedUniver


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет