Кең мағынада жоспарлау процесі мыналар туралы шешімдер қабылдаудан тұрады



бет1/3
Дата11.10.2023
өлшемі50,11 Kb.
#184809
түріБағдарламасы
  1   2   3
Байланысты:
Булақпаева Еркежан химия 2 курс 4 апта


Нарықтық экономика жағдайындағы оқу орындарының даму стратегиясы.Білім мекемесінің миссиясы, тұжырымдамасы, даму бағдарламасы, мақсаттық-бағдарлы жобалар.

  1. Білім беру ұйымындағы стратегия және жоспарлау Ұйымның стейкхолдерлері. Жоспарлау деңгейлері Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлау.

Өзінің жұмыс істеуі үшін кез келген экономика тұрақты экономикалық өсуді ұстап тұратындай экономикалық жүйені нығайтуға және тұрақтандыруға ұмтылу үшін қолдануға болатын басқарудың ең қолайлы тетіктерін пайдалануды көздейді. Мұндай тетіктер көп. Олардың ішінде өзін-өзі тарихи ақтаған тетіктердің бірі - жоспарлау болып табылады. Жоспарлау кез келген шаруашылық қызмет жетістігінің маңызды бөлігі. Оны елемеу кәсіпкерге қымбатқа түседі. Жоспар қызметкерлерге жеке өзіне қойылатын талаптар туралы, фирманың мақсаттары мен міндеттері туралы айқын түсінігі болуы үшін де керек.


Жоспарлау саласындағы әйгілі американ маманы Р. Акофф оны болашақты және оған жетудің ықыласты жолдарын жобалау, адамның ойлау қызметінің ең күрделі түрлерінің бірі деп атады. Жоспарлау тұтастай ұйым мен оның жекелеген бөлімдерінің жұмыс істеуі мен дамуына қатысты нақтылы шешімдер қабылдауды, әлеуетті барынша толық пайдалану және түпкі нәтижені оңтайландыру мақсатында оларды байланыстыруды ұйғарады.
Кең мағынада жоспарлау процесі мыналар туралы шешімдер қабылдаудан тұрады:

  • алдыңғы кезеңге мақсаттар мен міндеттерді белгілеу, стратегияны, әрекет ету стандарттарын әзірлеу;

  • қалыптасып отырған сыртқы және ішкі жағдайға сәйкес ресурстарды бөлу мен қайыра бөлу;

  • ұйымды жаңа ықыласты күйге көшіру жөніндегі бірізділікті іс-әрекеттерді анықтау;

  • үйлестіруші тетіктерді құру.

Тар мағынада жоспарлау дегеніміз - ұйымның барлық деңгейінде нақты іс-әрекет үшін негіз болатын арнайы құжат - жоспарды құру.
Жоспарлау қызметі ұйымның мақсаттары кандай болуы тиіс және осы мақсаттарға жету үшін ұйым мүшелері не істеуі керектігі жайлы шешім қабылдауды ұйғарады. Бұл қызмет келесі үш негізгі сұраққа жауап береді:

  1. Біз қазір қайда тұрмыз? Басшылар қаржы, маркетинг, өндіріс, ғылыми зерттеулер мен жасақтаулар, еңбек ресурстары сияқты маңызды салалардағы күшті әрі әлсіз жақтарын бағалауы тиіс.

  2. Біз қайда барғымыз келеді? Бәсеке, клиенттер, заңдар, саяси факторлар, экономикалық жағдайлар, технология, жабдықтау, әлеуметтік және мәдени өзгерістер сияқты ұйымды қоршаған ортаның мүмкіндіктері мен қатерлерін бағалай отырып, басшылық ұйымның мақсаты қандай болуы тиіс әрі ұйымның оған қол жетуіне не кедергі жасайтынын анықтайды.

  3. Біз мұны қалайша жасамақшымыз? Басшылар ұйымның мақсаты орындалуы үшін ұйым мүшелері не істеу керектігін жалпы әрі нақты түрде шешуі тиіс.

Ұйымдағы жоспарлау екі себепке байланысты бір реттік сипатта болмайды:

  1. Кейбір ұйымдар бастапқыда олар құрылған мақсатына жеткен соң өмір сүруін тоқтатқанмен көбі өздерінің өмір сүруін мейлінше ұзартуға тырысады. Сондықтан да бастапқы мақсаттарына толық жететін болса, олар өз мақсаттарын жаңғыртады немесе өзгертеді.

  2. Болашақтың әрдайым белгісіздігі. Қоршаған ортаның өзгеруіне немесе пайымдаулардың қателігіне байланысты басшылық жоспарды жасаған кезде көздегенге қарағанда оқиға мүлде өзгеше өрбуі мүмкін. Сол себепті жоспар шындықпен үйлесуі үшін оларды қайта қарастыру қажет.

Жоспарлау бірқатар қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады:

  • жоспарлау жұмысына оны құрудың ең бастапқы кезеңдерінің өзінде ұйым қызметкерлерінiң барынша көп саны қатысуы;

  • үздіксіздік, оған сәйкес жоспарлау бірлі-жарым акт емес, ұдайы қайталатын әрекеттер жүйесi болып табылады;

  • жаңа жоспарлар өткендердің орындалуын және олардың өздері болашақта жоспарлар құруда негізі болатындығын ескере отырып әзірленетіндігін ұйғаратын мирасқорлық;

  • жағдай өзгергенде бұрындары қабылданған жоспарларды белгілікті шектерде қайта қарау мүмкіндігін ұйғаратын икемділік;

  • ұйым шегінде қабылданатын жоспарларды келісу (оның жекелеген бөлімшелерінің өзара байланысымен және олардың мүдделерін ескеру қажеттілігімен себептелген). Бұл бір деңгейдегі бөлімшелердің жоспарларын үйлестіру және бағынышты бөлімшелердің жоспарларын шоғырландыру арқылы іске асады;

  • жоспарды құру шығындары оны орындау әкелетін нәтижеден аз болуын талап ететін үнемділік;

  • жоспарды орындау үшін қажетті жағдай жасау.

Жоспарлардың негізгі үш тұрпаты бар:



  1. Басқару объектісі мен оның жекелеген элементтерінің ықыласты күйінің сандық және сапалық сипаттамаларының жинағын білдіретін жоспар-мақсаттар. Бұл сипаттамалар келісіледі және сараланады, бірақ не оған жетудің нақты тәсілімен, не ол үшін қажетті ресурстармен байланыстырылмайды. Мұндай жоспарлар үлкен мерзімдерде немесе нақты оқиғалардың болжалмайтындығы жағдайында пайдаланылады.

  2. Оларды жүзеге асыру мерзімдері мен тәртібін белгілейтін қайталанатын іс-әрекеттерге арналған жоспарлар. Әдетте олар ойда болмаған жайлар туындаған жағдайда әрекет ету еркіндігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін «саңылау» қалдырады. Мұндай жоспарға темір жол немесе оқу кестесі мысал бола алады.

  3. Айрықша мәселелерді шешу үшін жасалатын қайталанбайтын іс-әрекеттерге арналған жоспарлар. Мұндай жоспарлар ресурстардың түсуі мен бөлінуінің бюджеттері, бағдарламалар түрінде болуы мүмкін.

Жоспарлаудың деңгейі мен сапасы келесі маңызды жағдайлармен анықталады: басқарудың барлық деңгейлеріндегі фирма басшылығының құзырлылығы; функционалдық бөлімшелерде жұмыс істейтін мамандардың біліктілігі; ақпараттық базаның болуы және компьютерлік техникамен қамтамасыз етілуі.
Мақсаттарға байланысты түрлі елдердегі жоспарлаудың кейбір ерекшеліктері бар:

  • америка компанияларында бастысы - барлық бөлімшелердің стратегияларын біріктіру және ресурстарды бөлу;

  • ағылшын компанияларында - ресурстарды бөлуге бағдарлау;

  • жапон компанияларында - жаңалықтарды ендіру мен шешімдердің сапасын арттыруға бағдарлау.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет