Кең мағынада жоспарлау процесі мыналар туралы шешімдер қабылдаудан тұрады



бет2/3
Дата11.10.2023
өлшемі50,11 Kb.
#184809
түріБағдарламасы
1   2   3
Байланысты:
Булақпаева Еркежан химия 2 курс 4 апта
Булақпаева Еркежан химия 2 курс 3 апта
Стратегия - бұл ұйым миссиясын жүзеге асыру мен оның мақсатына жетуін қамтамасыз етуге арналған кешенді жоспар. Стратегияның негізгі тезистері мынадай:

  • стратегия көбіне жоғары басшылықпен тұжырымдалады әрі әзірленеді, алайда оны жүзеге асыру басқарудың барлық деңгейінің қатысуын ұйғарады;

  • стратегиялық жоспар нақты тұлғаның емес, бүкіл ұйымның болашағы тұрғысынан әзірленуі керек;

  • стратегиялық жоспар кең көлемді зерттеулер мен іс жүзіндегі мәліметтерге негізделуі тиіс;

  • стратегиялық жоспар ұзақ уақыт бойы тұрақты болып қалатындай ғана емес, қажет болған жағдайда оларды түрлендіруге болатындай, біршама икемді болуы тиіс.

Стратегиялық жоспарлау - ұйымның мақсатқа жетуіне көмектесуге арналған арнайы стратегияларды әзірлеуге әкелетін басшылық кіріскен іс-әрекеттер мен шешімдерінің жинағы.
Стратегиялық жоспарлау процесі басқарушылық шешімдерді қабылдауға көмектесетін құрал болып табылады. Оның мақсаты - жеткілікті деңгейде ұйымдағы жаңашылдық пен өзгерістерді қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлау процесі шеңберінде басқарушылық қызметтің 4 негізгі түрі бар:

  1. Ресурстарды бөлу - қорлар, тапшы басқарушы дарындар мен технологиялық тәжирибені басқару сияқты шектеулі ұйымдық ресурстарды бөлу.

  2. Сыртқы ортаға беіймделу - компанияның қоршаған ортамен қатынасын жақсартатын стратегиялық сипаттағы барлық іс-әрекеттер.

  3. Ішкі үйлесім - ішкі операциялардың тиімді шоғырлануына қол жеткізу мақсатымен фирманың күшті және әлсіз жақтарын бейнелеу үшін стратегиялық қызметтің үйлесімі.

  4. Ұйымдық стратегияны сезіну - бұрынғы стратегиялық шешімдерден үйрене алатын ұйымды қалыптастыру арқылы менеджер ойының жүйелі дамуын жүзеге асыру.


Ұйымның iшкi күштi және әлсiз жақтарын басқарушылық тексеру

Сыртқы ортаны бағалау мен талдау

Ұйым мақсаты

Ұйым миссиясы





Стратегиялық баламаларды талдау



Стратегияны таңдау

Стратегияны бағалау

Стратегияны жүзеге асыру


Сурет 21.1. Стратегиялық жоспарлау процесі


Жоспарлау кезіндегі бірінші және ең маңызды шешім ұйым мақсатын таңдау. Ұйымның негізгі жалпы мақсаты, яғни оның өмір сүруінің айқын көрсетілген себебі, оның миссиясы деп аталады. Мақсаттар осы миссияны жүзеге асыру үшін жасалады. Ұйым қызметшілеріне дұрыс баяндалып, тиімді түрде жеткізілген сәйкес миссияның маңызы өте зор. Оның негізінде әзірленген мақсаттар басқарушылық шешім қабылдаудың барлық бұдан кейінгі процесі үшін белгі ретінде қызмет атқарады. Миссия фирманың мәртебесін нақтыландырады және түрлі ұйымдық деңгейлердегі мақсаттар мен стратегияларды анықтау үшін бағыт-бағдарды қамтамасыз етеді. Ұйым миссиясының тұжырымдамасында мыналар болуы тиіс:



  1. Фирманың негізгі қызметтері мен бұйымдары, оның негізгі нарығы мен негізгі технологиялары тұрғысынан қарағандағы міндеттері, яғни фирма шұғылданатын кәсіпкерлік қызмет түрі.

  2. Фирманың жұмыс істеу қағидаларын анықтайтын фирмаға қатысты сыртқы орта.

  3. Ұйым мәдениеті.

Жалпы фирмалық мақсаттар ұйымның жалпы миссиясы мен жоғары басшылық бағдарланатын белгілі құндылықтар мен мақсаттардың негізінде қалыптастырылады және белгіленеді.
Өзінің миссиясы мен мақсаттарын белгілеген соң басшылық стратегиялық жоспарлау процесінің кезеңдерін зерттей бастауы қажет. Мұндағы бірінші қадам – сыртқы ортаны зерттеу. Басшылар сыртқы ортаны үш параметр бойынша бағалайды:

  1. ағымдық стратегияның түрлі жақтарына әсер ететін өзгерістерді бағалау;

  2. фирманың ағымдық стратегиясына қауіп тудыратын факторларды анықтау;

жоспарға түзету енгізу арқылы жалпы фирмалық мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін факторларды анықтау.
Жоспарды сәтті жүзеге асыру ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді бағдарламаларды, саясатты, рәсімдерді және ережелерді қажет етеді. Сондай-ақ ол стратегиялық жоспарды бюджет пен оның мақсаттарын басқару арқылы ұйымның құрылымына шоғырландыруды ұйғарады. Оның дұрыстығын анықтау үшін жоспардың жүзеге асуын тұрақты бағалаудың елеулі маңызы бар.
Қазіргі кезде жоспарлау мен бақылау процесін үйлестірудің екі әдісі бар:

  1. бюджет;

  2. мақсаттар бойынша басқару (МББ немесе МВО).

Жоспарлаудың негізгі міндеттерінің бірі ресурстарды барынша тиімді бөлу болып табылады. Жоспар мақсатқа жетуге жағдай жасайтын бағыттар бойынша ресурстарды пайдалануға қатысты іс-әрекеттерді бөлуге көмектеседі. Алайда жоспарда көбіне қандай ресурстар бар әрі мақсатқа жету үшін оларды қалай пайдалану керек дегендей іргелі сұрақтар шешілмей қалады. Қандай ресурс бар деген сұрақты шешу үшін басшылық бюджетті пайдаланады.
Бюджет - бұл сандық мақсаттарға жету үшін сандық нысанда сипатталған ресурстарды бөлу әдісі. Бюджетті құрудағы алғашқы қадам - ресурстар мен мақсаттарды сандық нысанда бейнелеу. Барлық ресурстар мен мақсаттарға сандық мән беру әдетте ұйымдағы жоспарлаудың өте елеулі жайы болып табылады. Сандық көрсеткіштер басшыға ұйым жұмысында пайдаланып отырған түрлі элементтерді көруіне, салыстыруына және біріктіруіне мүмкіндік береді.
Бюджетті құру процесі төрт кезеңнен тұрады:

  1. жоғары басшылық фирманың жалпы мақсаттарын хабарландырады;

  2. бөлімдер мен бөлімшелер жекелеген сметаларды дайындайды;

  3. басшылық бюджет жөніндегі ұсыныстарды талдайды және тексереді;

  4. ресурстардың баптар бойынша есебі жүргізілетін қорытынды бюджет дайындалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет