Кеңес кезіндегі (1917-1991 жж) қазақстандағы білім беру жүйесі



бет1/5
Дата11.05.2020
өлшемі50,83 Kb.
#67085
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Кеңес кез білім беру жүйесі


Кеңес кезіндегі (1917-1991 жж) қазақстандағы білім беру жүйесі

А.С.Макаренко (1888-1939) ең алғашында педагогика ғылымына тәжірибелі педагог ретінде келді. Ол 1917-1918 ж. ж. мектеп ісін меңгеруші, 1920 жылы Полтава түбіндегі балалар колониясын (кейіннен М.Горький атындағы колония) басқарды. 1925-1935 ж. ж. Харьковтегі Дзержинский атындағы колонияда қызмет атқарды. Осы кезеңдерде оның ұстаздық тәжірибесінен туындаған «Ұстаздық дастан”, «Мұнара үстіндегі тулар”, «Ата-аналарға арналған кітап” атты еңбектері жарық көрді.

А.С.Макаренко тәрбие үдерісі ең алғашында педагогикалық жобалаудан басталуы керектігін айтты. Ол жеке тұлғаның сапалық қасиеттерін қалыптастыруды екіге бөліп қарастырды. Бірінші, барлық тұлғаларға ортақ сапалар және екінші, оқушының жеке даралық сапасын қалыптастыру үшін оның қабілеттері мен бейімділіктерін ескеру керектігін көрсетті.

А.С.Макаренко тәрбиенің басты мақсаты – белсенді, өмірлік ұстанымдарды жүзеге асыру деп санады. Оқушыдан өзге адамдар мен қоғам алдындағы жауапкершілігін, өз абыройын сақтай білуін, жолдастарының пікірімен санасуды, өз пікірін дәлелдей білуін, өмірдің қойған талаптарына сай сыпайы, қатал, қарапайым болуын талап етті. Сонымен бірге, оқушы белсенді ұйымдастырушылық қасиетке ие болып, қойған мақсатына жетуі, өзін ортада ұстай білуі және өзгелерге ықпал ете білу қасиеттерін меңгеруі тиіс. Оқушының көңіл-күйі көтеріңкі, сергек, күреске әзір тұратын, сүйе білетін және бақытты болуға ұмтылуы керек деп түйіндеді.

А.С.Макаренко теориясының өзегі коллектив (ұжым) туралы ілім болды. Ол педагогикаға ”коллектив” деген терминді ендірді, коллективтік тәрбиені ұйымдастыру теориясының негізін қалады. Мектеп коллективінің маңызын барынша жоғары бағалап, коллективтің даму кезеңдерін үшке бөліп, оған сипаттама берді:

бірінші кезең, педагог ұжым мүшелеріне талап қойып, оның орындалуын қадағалайды;

екінші кезең, балалар арасынан белсенділер тобы бөлініп, өз еріктерімен түрлі жұмыстарға қатысады, педагогтың қойған талаптарына қолдау көрсетеді;

үшінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқару деңгейіне жетіп, түрлі оқу-тәрбие, шаруашылық, мәдени мәселелерді шешуге қатысады, ұжым атынан әр оқушыға міндет жүктеледі.

Тәрбиеші ұжымның даму кезеңін ескеруіне байланысты тәрбиеленушілерге тиімді ықпал жасау әдістерін таңдай алады.

А.С.Макаренко ұжымды сипаттайтын негізгі ерекшеліктерді анықтады, олар: айқын түрде мақсатқа талпынушылық, барлық ұжым мүшелерінің іс-әрекет жасауы, бірлігі, ұжым мүшелерінің өз арасында міндеттерін анықтауы, бұл міндеттерді әр қайсысының ұқыпты орындауы; қатаң түрде орнатылған тәртіптің болуы, оны ұжым мүшелерінің сөзсіз орындауы; өз мүшелері үшін ұжымның жеке адамдарының бүкіл ұжым алдындағы жауапкершілігі, өзара көмек, өзара бақылау, жолдастық сезім, өзара бағына білу.

Белгілі педагог еңбектің зор пайдасы адамның психикалық, рухани дамуына әсер етуінде деп түсінді. Еңбек тәрбиесінің міндеттері: балаларды еңбекті өзімнің азаматтық борышым деп сүйе білуге үйрету, қоғамдық өнімді еңбекке қатынасуға даярлау. Бұл тәрбиені іске асырудың негізгі жолы балалардың өзін тікелей еңбекке араластыру деп санады.

А.С.Макаренконың отбасы тәрбиесіне қосқан үлесі зор болды. Ол «Ата-аналар кітабы”, «Балаларды тәрбиелеу лекциялары” атты еңбектерінде ата-аналар арасында жүргізілетін педагогикалық жұмыстарға ерекше тоқталады, отбасында балалар өмірін дұрыс ұйымдастыру қажеттігіне назар аударады

Кеңес үкім В.А.Сухомлинскийдің (1918-1970) өмір жолы мен гуманистік педагогикалық идеялары. В.А.Сухомлинский 1918 жылы 28 қыркүйекте Украинадағы Павлыш селосының жанындағы Кременчуг деген жердегі шаруа отбасында дүниеге келді. Рабфакты бітіргеннен кейін Полтавадағы педагогика институтына түсіп, оның күндізгі бөлімінде біраз уақыт оқығаннан кейін, сырттай оқу бөліміне ауысып, өзінің туған жеріне жақын маңдағы мектепте қызмет етті. Он жеті жасында бастауыш сыныптың мұғалімі болып қызмет атқарды. 1939 жылы украин тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша институт бітірді.

1947 жылы соғыстан оралып, Павлыш орта селолық мектебінің директоры қызметін атқарды.

Василий Александрович Сухомлинский 33 жыл бойы өмірінің соңына дейін Павлыш мектебінде директорлық қызмет атқарған жылдарын “ең үлкен, ешнәрсемен салыстыруға келмейтін бақыт” деп жазды.

1958 жылы В.А.Сухомлинский кандидаттық диссертация қорғап,директорлық қызметін сол Павлыш мектебінде жалғастыра берді. 1968 жылы КСРО Педагогикалық академиясы оны өзіне ғылым корреспондент мүшесі етіп сайлады. Ол педагогикаға саласына арналған 38 кітап жазып шығарып, бірнеше басылмаған еңбектердің қолжазбасын даярлады.

В.А.Сухомлинскийдің еңбектері әлемдегі халықтардың 40 тіліне аударылды. Ол – тәрбиенің теориясы мен тәжірибесіне, дидактика мен мектептануға зор үлес қосқан белгілі ұстаз.

Ол тәжірибе мен теорияны ұштастырған талантты педагог болды, өмір бойы селолық мектепте ұстаздық қызмет етті. Оның қызметіндегі ең маңызды нәрсе – педагогтың өз кәсібіне шығармашылықпен қарауы әлеуметтік мәні зор мәселе болды. “Жас мектеп директорымен әңгіме” атты еңбегінде В.А.Сухомлинский былай деп жазады: “Егер сіз мұғалімнің еңбегі оған қуаныш әкелсін десеңіз, онда оны күнделікті бірқалыпты қызықсыз іс-әрекеттен бас тартқызып, әр мұғалімді ізденіс жолына түсіріңіз”. Тәрбиеші жұмысының нәтижелі болуы үшін ол әр баланың жан дүниесі мен ерекшелігін ескере отырып, педагогикалық шеберлігі мен шығармашылығын ұйымдастыру арқылы іске асыра алуы керектігін көрсетті.

В.А.Сухомлинскийдің басты назары жас ұрпаққа азаматтық тәрбие беру болды. Ол тәрбие үрдісінде ұжымды қалыптастыру теориясын жетілдіріп, ұжымдағы жеке оқушымен жұмыс жасау әдістемесін жасады.

Ол “Оқушылардың ұжымдық тәрбиесі” (1956) атты еңбегінде: “Балалар ұжымы – ортақ мұратты көздеген, зияттық-эмоциональдық жағынан ұйымдасқан қауым. Ұжымның бай рухани өмірін қалыптастыру өте күрделі. Ол әр оқушының рухани өмірін қалыптастырып, ұжымдық рухани байлыққа айналып, одан жеке оқушыға әсер етіп, үнемі бір-бірінің дамуына өзара ықпал жасайтын терең байланыстар орнатады,” – деп көрсетеді.

В.А.Сухомлинский педагогикаға “ұжымның рухани өмірі”, “сыныптың зияттық (интеллектуалдық) қалпы” тәрізді жаңа түсініктерді енгізді. Оқушылардың түрлі қызығушылықтары мен жұмыла атқарған істері, рухани игіліктері, білімі, біліктері біріне-бірі ықпал етіп, ұжым мүшелерінің зияттық деңгейін дамытады, білуге деген құштарлығын оятып, шығармашылық ізденіске түсіріп, ұжымдық іс-әрекетке үйретеді. Ол – халық дәстүрі мен фольклорының, табиғаттың тәрбиелік ықпалын терең зерттеп, педагогикада өзіндік қолтаңбасын қалдырған педагог.

В.А. Сухомлинский “Балаларға жүрек жылуы” (1969) атты еңбегінде тәрбиеші қызметінің нәтижелі болуы – балаларды жан-жақты дамытуға, олардың рухани өмірі мен әр баланың даму ерекшелігін терең білуге байланысты екенін көрсетті. Оның жоғары азаматтық парыз бен мораль туралы ойлары «Балаларға жүрек жылуы (1969), “Азаматтың қалыптасуы” (1971), “Ұлыма хат” атты еңбектерінде жалғасын тауып, жастарды тәрбиелеуге арналды.

В.А.Сухомлинский өмірінің соңғы жылдары оның педагогикалық идеяларында «тапсыздық тәрбие” насихатталды деген желеумен орталық баспасөз бетінде коммунистік партияның қатаң сынына ұшырады.

В.А.Сухомлинскийдің өзін үнемі аяусыз жұмысқа жегуі, негізсіз сынға ұшырауы, бұрынғы жарақатының асқынуы, 1970 жылы оның өмірінің ерте үзілуіне әкеліп соқты.

еті құрылған соң Оқу-ағарту саласы бойынша мемлекеттік комиссия (1917) ұйымдастырылды. Ол бұрын қалыптасқан мектеп жүйесін таратып, Кеңес үкіметінің мүддесіне қызмет ететін жаңа мектеп жүйесін құруды көздеді.

1917-1918 жылдары Кеңес үкіметі қабылдаған 30-ға тарта мемлекеттік декреттер негізінде кеңес мектебін құру ұстанымдары қайта қаралды:



  • Қазан төңкерісіне дейінгі барлық оқу-тәрбие мекемелерінің типтері таратылып, мектеп жүйесі өзгертілді;

  • мектеп шіркеуден бөлініп, діни мектептер таратылып, мектепте дінді оқытуға тыйым салынды;

  • барлық азаматтардың шыққан әлеуметтік ортасына, дініне, ұлтына және т.б. қарамастан, білім алу құқы жарияланды;

  • Ресей құрамындағы барлық халықтарға өз ана тілінде оқуға мүмкіндік берілді;

  • ұл балалар мен қыздарды бірге оқыту қолға алынды;

  • тұңғыш рет мектепке дейінгі балалар мекемесі ашылатын болды;

  • мектеп ісін басқару мемлекет қарамағына алынды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет