«Кеңестік Қазақстанның мәдениеті (1946-1985 жылдар)» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырыптар
|
XX ғасырдың екінші жартысындағы білім беру жүйесінің дамуы.
XX ғасырдың 40-80 жылдарындағы әдебиет пен өнердің дамуы.
|
Оқу мақсаты
|
9.2.3.2 білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға беру
9.2.2.2 Мұхтар Әуезов шығармаларының әлем әдебиетіндегі орнын бағалау
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға береді
Мұхтар Әуезов шығармаларының әлем әдебиетіндегі орнын бағалайды
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Жоғары деңгей дағдылары
|
Орындау уақыты
|
20 минут
|
1- тапсырма. Ақиқат/ жалған
№
|
Ақпарат
|
Ақиқат
|
Жалған
|
1
|
1954 жылы ашылған техникалық училищелер, негізінен орта білімі бар жастарды қабылдап, токарь, машинист, кран жұмысшысы және экскаваторшыларды дайындады.
|
|
|
2
|
ХХ ғасырдың 70 жылдары орыс тілінде оқытатын мектептер саны азайып, қазақ тілінде оқытатын мектептер саны көбейді.
|
|
|
3
|
1970 жылдан бастап елімізде білім беру жүйесіне бірыңғай сегізжылдық мектеп енгізілді.
|
|
|
4
|
Тың жерлерді игеру аудандарында 300- ден аса жаңа мектеп ашылды.
|
|
|
4
2- тапсырма. SWOT талдау
Ғылым саласы бойынша талдау
S –күшті жағы
|
|
W – әлсіз жағы
|
|
O –мүмкіндіктер
|
|
T- қауіп қатер
|
|
4
Тапсырма. Кім туралы айтылған
1
|
Соғыс және патриотизм туралы көп еңбектер жазды.
|
|
2
|
Арал балықшыларының өмірі туралы жазған. Еңбегі 1974 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болды.
|
|
3
|
Заманауи тақырыптармен қатар тарихи шығармалар жазумен көп айналысты.
|
|
4
|
Оның шығармашылығына модернизм үдерісі, поэтикалық ассоциациялардың күрделілігі, қазақ, орыс және әлемдік шығармашылық дәстүрлерінің астасуы тән.
|
|
5
|
Шығармалары көптеген тілдерге аударылған.
|
|
5
Дұрыс жауаптары:
1-а, 2-ж, 3-ж, 4-а
1) Ғылым саласында айтарлықтай жетістіктерге жетті. Мысалы, Алтын адам табылды. Бидайдың жаңа түрі ойлап табылды. Ежелгі қалаларға қазба жұмыстары жүргізілді. 2) Халықтың жалпы санына шаққандағы ғылыми қызметкерлердің үлесі КСРО көрсеткіштеріне қарағанда екі есе төмен көрсеткішті құрады. 3) Қазақстан ғылымына ғалымдар жетіспеді. 4) Барлық ғылыми еңбектер орыс тілінде жазылды. Идеологиялық жағынан қоғамдық ғылымдар қысым мен бұрмалаушылықтарға ұшырап отырды.
Бауыржан Момышұлы, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Ілияс Есенберлин, Олжас Сүлейменов, Мұхтар Шаханов
Достарыңызбен бөлісу: |