Кеңестік мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы


Соғыс тұтқындарының тағдыры



бет13/15
Дата07.02.2022
өлшемі3,97 Mb.
#87508
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
тарих

Соғыс тұтқындарының тағдыры.

  • Жеңіс парады өткеннен кейін әскери тұтқында жүрген 60 мың неміс сапқа тұрып, Мәскеу көшелерімен жүріп өтті. «Тұтқындар парадын» өткізу идеясына бұған дейін фашистік Германияның жүргізген насихаты тиек болды. Трофейлік кинохроникалардың бірінде ІІІ рейх әскерлерінің маршын дыбыстаған диктордың: «...біздің жеңімпаз жауынгерлеріміз көптеген астаналардың көшелерімен жүріп өтті, таяу күндері коммунистер астанасы Мәскеу көшелерінде осылай жүретін болады!» деген сөзі Жоғарғы ставка басшыларының шамына қатты тиді. Сөйтіп, КСРО саяси басшылары тізе бүккен вермахтың тұтқындағы азып-тозған мыңдаған жауынгерлерін көшеге шығарып, халыққа көрсету керек деп шешті. Тұтқындар парады 17 шілдеде өткізілетін болып белгіленді. Ішкі істер халық комиссариаты (НКВД) ондаған мың әскери тұтқынды Мәскеуге жеткізді. Соғыс тұтқындары тиелген алғашқы 11 эшелон Мәскеуге шілденің 1-і күні келсе, соңғылары ертең парад болады деген күні жетті. Тұтқындарды Батыс теміржолындағы «Москва-Товарная» стансасына жинады, көпшілігі Мәскеу ипподромында арнайы жасалған концентрациялық лагерьде жатты. Бастары салбырап, ұнжырғасы түскен вермахт әскерлерін Мәскеу көшелерімен жүргізу – дұшпанын табалап, КСРО халқының рухын көтеру үшін жасалған компартияның ұтымды идеологиясы болды.
  • 1945 жылы 17 шілде күні сағат 11.00-де, ішінде мыңнан астам офицерлер және 18 генералы бар 57 600 әскери тұтқын сапқа тұрды. Колонна ипподромнан шығып, Ленинград шоссесімен және Горь­кий көшесімен қозғалды. Маяковский алаңына келгенде колонна екіге бөлінді: жартысы Садово-Каретная, Садово-Само­течная, Садово-Сухаревская, Са­дово-Черногрязская көшелерімен Курск вокзалының алаңына дейін барды, ал екінші бөлігі Үлкен Са­довая, Садово-Кудринская, Қы­рым және Калуга алаңдары арқы­лы әрі қарай Үлкен Калуга кө­­ше­сіне бет алды. Парадты ұйым­­дастырушылар бұл шеру әс­ке­ри жорықта қол жеткізген Қы­зыл Армияның табысы емес, жай ғана, тұтқындарды бір лагерьден екінші лагерьге этаппен айдап апара жатқандай етіп көрсетті. Сон­дықтан бұл шараны бұқара­лық ақпарат құралдары алдын ала жарнамалап, ешқандай хабарлан­дыру жасаған жоқ. Тек «Правда» басылымы және «Маяк» радиосы ертеңгілік хабарында: «Мәскеу қаласының милиция басқармасы 17 шілде күні Мәскеу арқылы әс­кери тұтқындар лагерлеріне жі­берілетін, соңғы кездерде Қызыл Армияның І, ІІ және ІІІ Беларусь майдандарында қолға түскен неміс әскери тұтқындарының 57 600 адамнан тұратын бір бөлігін айдап өтеді. Соған байланысты 17 шілде күні сағат 11-ден бастап әс­кери тұтқындар өтетін маршрут­тар бойынша көлік және жаяу жүргінші қозғалысына шектеу қойылады» деген қысқа ғана ақ­парат берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет