Кеңестік мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы


Екінші дүниежүзілік соғыстың ащы қорытындылары мен тағылымды сабақтары



бет15/15
Дата07.02.2022
өлшемі3,97 Mb.
#87508
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
тарих

Екінші дүниежүзілік соғыстың ащы қорытындылары мен тағылымды сабақтары

  • КСРО және АҚШ, Ұлыбритания, Франция мемлекеттерiнiң антигитлерлiк қарсылық бiрлiгiнiң барысында фашизм талқандалды. Фашистiк мемлекеттер Германия, Италия, Жапония жеңiлдi. Фашизмнiң қол астындағы халықтар күрес жүргiзiп, өз елдерiнiң тәуелсiздiгiн орнатты. Фашистiк Германия мен милитаристiк Жапонияны жеңуде КСРО халықтарының Ұлы жеңiсi маңызды роль атқарды, соғыстың негiзгi ауыртпалығын КСРО мемлекетi көтердi. Фашистiк Германияның КСРО-ға қарсы жасаған соғысы қарама-қарсы екi қоғамдық жүйенiң күресi болды. Кеңес халықтарының Ұлы Отан соғысындағы өшпес ерлiгi бүкiл дүниежүзiлiк тарихта маңызды орын алды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес коммунистiк партиясы И.В.Сталиннiң басшылығымен өз Отанының бостандығы мен тәуелсiздiгiн сақтап, дүниежүзi халықтарын фашистiк құлдықтан қорғап қалды. Көп ұлтты Кеңес халықтарының Отан сүйгiштiгi мен социализмнiң болашағына деген сенімі бүкiлхалықтық сипат алды. Кеңес халықтарының туысқандық семьядағы ұлдары мен қыздарының ерлiктерiн елiмiз жоғары бағалады. 11618 кеңес жауынгерлерiне Совет Одағының Батыры атағы берiлдi. Олар: 8160 орыс, 2068 украин, 309 белорус, 161 татар, 108 еврей, 104 қазақ, 90 грузин, 90 армян, 69 өзбек, 61 мордван, 47 дағыстан, 18 түркмен, 15 литван, 14 тәжiк, 12 қырғыз т.б.
  • Кеңес әскерлерiнiң азаттық миссиясы Еуропа және Азияның бiрқатар мемлекеттерiн фашизмнен азат еттi. Бұл елдер де халықтық-демократиялық революциясының барысында капитализмнен социализмге өттi. Соның нәтижесiнде дүниежүзiлiк социалистiк жүйе пайда болды, капитализм жүйесiнде дағдарыс жалғасты. Дүниежүзiлiк социалистiк жүйенiң пайда болуы соғыстың аса көрнектi қорытындысы болып табылады. Орталық және Оңтүстiк Шығыс Еуропада мына елдер социалистiк қоғамға өттi: Албания, Югославия, Болгария, Румыния, Венг-рия, Чехословакия, Польша, Герман Демократиялық Республикалары. Милитаристiк Жапонияны талқандаудың барысында Азияда Корей Халық Демократиялық Республикасы (Солтүстiк Корея), Въетнам Демократиялық Республикасы (Солтүстiк Въетнам), 1949 жылы Қытай Халық Республикасында социа-листiк қоғам орнады. 1959 жылы Кубада Социалистiк қоғам орнады.
  • Герман фашизм мен Жапон милитаризмiнiң талқандалуы ұлт-азаттық қозғалысының кең етек алуына ықпал етіп, империализмнiң отаршылдық жүйесiнiң күйреуiн тездеттi. Соғыстан кейiн Азия және Африканың көптеген елдерi отаршылдықтан азат болып, тәуелсiз мемлекеттер құрылды. Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың аяқталуы дүниежүзiлiк капиталистiк қоғамның дамуына айтарлықтай өзгерiстер әкелдi. Соғыстан Франция, Ұлыбритания әлсiреп шықты. Германия, Италия және Жапония жеңiлдi. Соғыстан Америка Құрама Штаты байып шықты. 1945 жылы атом бомбасын жасап шығуының нәтижесінде дүниежүзiндегі бiрден-бiр күштi елге айналды. КСРО соғыстан қираған және бүлiнген экономикасын қалпына келтiру үшiн күресiп жатты. АҚШ дүниежүзiлiк үстемдiк үшiн күрестi.
  • Капитализмнiң экономикалық-әлеуметтiк дамуында моно-
  • полиялық капитализмнен мемлекеттiк-монополиялық капитализмге өттi. Жалпы капитализм әлеуметтiк қоғамға айналып, қайырымды мемлекет саясатына көштi. Мемлекеттiк реттеудiң негiзгi үлгiсi либерал-реформалық жүйеге сүйендi. Көптеген капиталистiк елдерде экономика национализацияланып, мемле- кеттiк меншiкке айналды. ХХ ғасырдың екiншi жартысындағы капитализмнiң дамуы қазiргi кезеңдегi капитализмнiң сипатын анықтады.
  • Қазiргi капитализм нарықтық, рынок пен өндiрiстi корпоративтiк реттеуге көштi. Қазiргi кезеңдегi капитализм мемлекеттiк-корпоративтiк және әлеуметтiк қоғамға өттi. Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың қорытындысы адамзат баласының тарихи дамуында соғыстың сабақтарын әр уақытта естен шығармай, бейбiтшiлiк үшiн және ХХI ғасырда үшiншi дүниежүзiлiк соғысты болдырмау үшiн күресу керек екендiгiн жоққа шығармайды. Соғыстың қорытындысы мен сабақтары осыған үйретедi.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • Актуальные проблемы новейшей истории. М., 1991.
  • Сучков М.Е. Хрестоматия по новейшей истории. Ч. 2. М., 1976.
  • Хрестоматия по новейшей истории. Т. 3. М., 1960.
  • Городецкая И.Е. Великобритания. М., 1974.
  • Огден К. Маргарет Тэтчер. Женщина у власти. М., 1992.
  • Конституция 16 стран мира. Алматы, 1995.
  • Смирнов В.П. Франция. М., 1988.
  • Федерова В.П. ФРГ 80-е годы. М., 1988.
  • Брант В. Воспоминания // Вопросы истории. 1991. Г 1.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет