Пікір математикадағы негізгі ұғымдарының бірі ақиқат немесе жалған екндігі туралы айтуға болатын хабарлы сөйлемді пірір деп қабылдаймыз. Мысалы: «2 үлкен 1 ден » бұл ақиқат пікір, ал «2 кіші -8ден» жалған пікір. Пікірлерді әртүрлі әріптермен белгілейді. Пікірлерге қоладанылатын амалдар: конъюнкция, дизъюнкция, терістеу, импликация және эквиваленция.
А және В пікірлерінің коньюкциясы деп, бір пікірлердің екеуі де ақиқат болғанда, тек сонда ғана ақиқат болатын пікірді айтады. Оны А ^ В таңбасы арқылы белгілеп, «А және В» деп оқиды. Мысалы А - «7-жай сан», В -«7- тақ сан» пікірлері үшін А ^ В - «7-жай сан және тақ сан»
А және В пікірлерінің дезъюнкциясы деп, осы пікірлердің ең болмағанда біреуі ақиқат болғанда сонда тек сонда ғана ақиқат болатын пікірді айтады, оны А ˅ В арқылы белгілеп «А немесе В» деп оқиды. Мысалы «2 кіші 8ден» немесе « 8 үлкен 5тен» ақиқат пікір.
Кейбір А пікірлерінің терістеуі деп, А пікірін теріске шығаратын пікірді айтады. Оны таңбасымен белгілейді.
А және В пікірлерінің импликациясы деп, А ақиқат және В жалған болғанда, тек сонда ғана жалған болатын пікірді айтады. Оны А → В таңбасымен белгілеп, «Егер А болса, онда В болады» деп оқиды.
А және В пікірлерінің эквиваленциясы деп, екі пікір бір мезгілде ақиқат немесе жалған болғанда, тек сонда ғана ақиқат болатын пікірді айтады. Оны А↔ В таңбасы арқылы белгілейді. Мысалы төртбұрыштардың қарама-қарсы қабырғалары параллель болуы мен қарама-қарсы бұрыштары тең болуы пара-пар (эквивалент).
Достарыңызбен бөлісу: |