Байланысты: Кейінгі жылдарда жасанды интеллектінің дамуы еңбек нарығында айтар
Кейінгі жылдарда жасанды интеллектінің дамуы еңбек нарығында айтар- лықтай күңгірттік тудырды. Жасанды интеллектінің (ЖИ) (IBM, 2023)2ма- мандық бойынша жұмыс істеуге тигізетін әсері туралы IBM-нің сарапшылық есебінде екі негізгі мәселе аталып өтеді, олар:
Біріншіден, жасанды интеллект саласындағы революция жаңа бетбұрыс кезеңіне жетті, осыдан кейінгі өзгеріс жылдамдығы бірнеше есе артады.
Екіншіден, жасанды интеллект адамдарды алмастырмайды, ЖИ-ді қол- данатын адамдар оны қолдана алмайтын немесе қолданғысы келмейтіндерді алмастырады.
Технологиялардың дамуы жақын арада бір сарынды қызмет түрлерін ғана емес, жоғары біліктілікті қажет ететін күрделі міндеттердің де автоматтан- дырылуына әкелетіні белгілі болды. Жасанды интеллект барған сайын көп нәрсеге дағдыланып, болашақта экономиканың барлық салаларында маман- дарды алмастырып, кадр қажеттілігін айтарлықтай азайтады. Технологиялық инновациялардың ықпалына ілікпейтін мамандық түрі жоқ.