Қажет материалдар: релаксацияға арналған баяу әуен, күй «Көңіл толқыны», тәрелке және су толы құмыра, бланкілер және қатысушы санына қарай қаламсап.
Педагог-психолог: Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Бүгінгі тренингте тынығуға, ойнауға, өзімізді, бір-бірімізді жете тануға мүмкіндік болады.
Сіздерді топтық жұмыс ережесімен таныстырып өтейін:
— «қазір және мұнда»;
— шынайы болу;
— жауапкершілік;
— «тыңдап ал, содан кейін айт»;
— белсенді болу.
Олай болса, тренингімізді бастаймыз.
Қыздыру жаттығуы «Өзін-өзі бағалау».
Мақсаты: шаршағандықты басу, психологиялық және коммуникативтік жайлылықты жасау, әріптестеріне деген қызығушылығын ояту.
Қатысушылар шеңберге тұрады.
Тапсырма.
Сіздің басым эмоциялық күйіңіз айналадағылармен жағымды қатынасқа түсуге көмектеседі деп ойласаңыз – шапалақтаңыз,
Егер сіз айналадан қандай дыбыстар шықса да, тек жақсы сөздерді еститін болсаңыз – көршіңізге күлімсіреңіз;
Егер сіз әр адамның жеке өзіндік эмоциясын білдіру стилі болатынына сенімді болсаңыз – мұрныңыздың ұшына қол тигізіңіз;
Егер сіз дүкенде сатушы күлімсіремеді деп, ұсынылған киімді киіп көруден бас тартсаңыз – басыңызды шайқаңыз;
Адамдармен келіспеушілік болған жағдайда, сіз дауласудан бас тарта алмасаңыз – аяқпен тарсылдатыңыз;
Егер сіз ашуыңызды жұдырықпен ұрып білдіретін болсаңыз өзіңізді айналыңыз;
Егер сіз таныстарыңызды өзгеше әрекетпен таңғалдыратын болсаңыз — қолыңызды бұлғаңыз;
Егер сіз кейде өзіңізге тиесілі жақсының барлығын кейде алмайтын болсаңыз – аузыңызды қолыңызбен басыңыз;
Егер сіздің басыңыздан өткеріп жатқан теріс эмоциялар тек жағымсыз әсер көрсететін болса – басыңызды изеңіз;
Оқушыларыңыздың эмоциясы сіздің эмоцияңызға байланысына сенімді болсаңыз «иә» деп айтыңыз.
«Қошемет» жаттығуы
Мақсаты: топта жағымды эмоционалдық күй тудыру.
Тапсырма: әңгімелесушінің жеке қасиеттеріне сай қошемет айту.
Жүргізуші: — Біз бүгін бір-бірімізге қошемет сөздер айтамыз. Қошемет диалог түрінде айтылады. Қошеметті алып қана қоймай қайтара білу керек. Қошемет арнайы формада қабылданады: «Иә, солай. Тағы мен … (адамгершілік қасиет қосылады)»
Жаттығуды талқылау сұрақтары:
1. Жаттығуды орындау барысында сіз қандай қиындықтармен кездестіңіз?
2. Жаттығуды орындауда жағымды сәттер болды ма? Қандай?
«Сенімді құлау» жаттығуы
Мақсаты: топ мүшелерін жақындастыру, өзара сенімді қарым-қатынас орнату.
Тапсырма: қатысушылар шеңберге тұрады. Ортаға бір қатысушы шығып көзін жұмады да арқасымен құлайды. Топтың әрбір мүшесі кезекпен орындайды.
Жаттығуды талқылау сұрақтары:
Нені жасау оңай болды, құлаған адамды тосу ма, әлде өзіңіз құлау ма?
Қандай сезімде болдыңыз?
Шынайы өмірде осындай жағдайларды қай кезде басыңыздан өткердіңіз?
Қатысушылар тапсырманы орындауда ненің көмектескенін немесе не кедергі болғаны туралы ой бөліседі.
Өзін-өзі тану жаттығуы «Сіз қандай адамсыз?»
Психолог: — Өзіңізге беймағұлым өз ішкі жан әлеміңіздегі құпияларды психологиялық сынақ арқылы анықтаңыз. Әр сұрақтың жауабын есіңізге сақтап отырыңыз немесе жазып алыңыз. Жазба соңында жауаптарымен салыстырасыз. Өзіңізді ыңғайлы, қалыпты ұстап, көзіңізді жұмыңыз. Мен сіздерден естігеніңізді ойша елестетіп, естіп, сезінулеріңізді сұраймын.
Орманды аралап келе жатқаныңызда, алдыңыздан бір күркеше кезікті дейік:
1. Сізше күркешенің есігі қалай тұр? (Жабық не ашық)
2. Үйдің ішіне кіргенде бір үстел көзіңізге шалынды, сізше үстелдің формасы қандай? (Дөңгелек, сопақша, квадрат формалы, тік төртбұріш формалы, үшбұрыш формалы)
3. Үстелдің үстіне бір гүл құмырасы қойылған, бұл құмырада су бар, сізше бұл құмыраға қаншалықты су құйылған? (Толтырылған, орта, су жоқ)
4. Сізше бұл құмыра қандай материалдан жасалған? (Әйнектен, фарфордан, балшықтан, метәл, пластик)
5. Сәлден кейін бір сарқырамаға келесіз, сол арада жарқ-жұрқ еткен бір затты көрдіңіз, ол затты иіліп алсаңыз бір топ кілт тағылған кілтілгіш екен. Сізше онда қанша кілт бар? (Бірден онға дейін).
6. Бұл жерден өтіп, тағы да жолға шықтыңыз, жолдың сорабын іздеп жүргеніңізде алдыңыздан қала қорғаны көзіңізге шалынды, сізше бұл қандай қорған? (Ескі қорған, жаңа қорған)
7. Қала қорғанынң ішіне кіріп жүріп келе жатқаныңызда алдыңыздан бір ластанған көлшік кезігеді, кенет былғанған көлшік бетінен жалт-жұлт етіпеткен асыл тастарды байқайсыз, сіз бұл асыл тасты қайтесіз? (Аламын, алмаймын)
8. Ластанған көлшіктің қасында тағы бір көлшік бар, бұл көлшіктің суы мөп-мөлдір, бетінде ақша қалқып жүр, оны сіз теріп аласызба? (Аламын, алмаймын)
9. Қала қорғанының енді бір басында шығатын есік бар, сіз осы есік арқылы қала қорғанынан шығып кеттіңіз. Одан шыққаныңызда үлкен гүл бақшасын көрдіңіз, бақшадан бір сандық көзіңізге түсті. Сізше сандықтың үлкендігі қандай? (Кішкене, орташа, үлкен)
10. Сандық қандай материалдан жасалған? (Қатты қағаздан, ағаштан, металдан)
11. Сандыққа жақын жердегі гүл бақшаның ішінен көпір көрінеді. Сіздің ойыңызша оны неден салған? (Металдан, ағаштан, өсімдік сабағынан)
Жауап:
1. Есік.
Ашық есік: сіздің қандай іс болса да басқалар мен ортақ игіліктенуді қалайтын адам екеніңізді бейнелейді.
Жабық есік: қандай іске тап болсаңыз да жалғыз өзіңіз шешуді жөн санайтын адам екеніңізді бейнелейді.
2. Үстел.
Дөңгелек, сопақша формадағылар: сізге серік болатын бірнеше достарыңыз бар, сіз оларға өте сенім артасыз.
Квадрат, тік төртбұріш формалылар: сіз дос талғайсыз, тек жақсы танитын адамдарыңызбен ғана дос бола аласыз.
Үшбұріш формалылар: сіз өте қазымыр адамсыз, сондықтан досыңыз көп емес.
3. Құмырадағы су.
Құрғақ: сіз көз алдағы тұрмысыңызға риза емессіз.
Орташа су: сіздің тұрмысыңыз сіз армандаған тұрмысқа жартылай болса да жақын.
Толы су: сіз қазіргі тұрмысыңызға өте ризасыз.
4. Құмыраның материалы.
Әйнек, фарфор, балшық: сіздің тұрмыста дәрменсіз, басқалардың көмегіне мұқтаж екеніңді бейнелейді.
Метал, пластик: сіздің тұрмыста мықты адам екеніңізді бейнелейді.
5. Кілт.
Тек бір ғана: сіздің тек жалғыз досыңыз ғана бар.
Бірден беске дейін: сіздің бірнеше досыңыз бар.
Алтыдан онға дейін: көптеген достарыңыз бар.
6. Қала қорғаны.
Ескі қорған: сіздің өткен өміріңізде араласқан достарыңыз жайлі көңілсіз, еске алуға татымайтын істер болған.
Жаңа қорған: сіздің өткендегі достарыңызбен болған тамаша қарым-қатынас сезіміңіз жүрегіңіздің түпкірінде сақталған.
7. Лас көлшіктегі асыл тас.
Алған болсаңыз: сіздің өмірлік жарыңыз қасыңызда болса да, сіз басқаларға қырындайсыз.
Алмаған болсаңыз: сіздің өмірлік қосағыңыз қасыңызда болса, сіз тек осы адаммен бірге боласыз.
8. Мөлдір көлшіктегі ақшалар.
Алған болсаңыз: сіздің өмірлік қосағыңыз сіздің қасыңызда болмаса, сіз маңайдағыларыңызбен жақсы боласыз.
Алмаған болсаңыз: сіздің өмірлік қосағыңыз сіздің қасыңызда болмаса да, сіз оған мәңгі адалсыз.
9. Сандықтың үлкен-кішілігі.
Кішкене: жауапкершілігіңіз аз.
Орташа: мәлім мөлшерде жауапкершілік бар.
Үлкен: жауапкершілігі күшті.
10. Сандықтың материалы.
Қатты қағаздан, ағаштан (сырты жарқырамайды): сіз кішпейіл жансыз.
Метал: мақтаншақ әрі тоңмойын жансыз.
11. Көпірдің материалы.
Метал: достарыңызбен өте жақын, қою байланыстасыз.
Ағаш: достарыңызбен белгілі дәрежеде байланыстасыз.
Өрім: сіздің айналаңызда ешқандай досыңыз жоқ.
Талқылау:
Қандай сезімде болдыңыз?
Достарыңызбен бөлісу: |