Мотивация түрлері
Ішкі
Жекелеген
Топтық
Оң
Тұрақты
Тұрақсыз
Сыртқы
Теріс
Ішкі және Сыртқы мотивация
Ішкі мотивация - сыртқы орта қалай болуына қарамастан мотивациялық талпыныс ішкі ниеттен оянады және мақсат атаулы субъективті болады. Онда міндеттің өзі құштарлық және шаттық туғызады. Сыртқы себеп емес, ішкі ұнату негізгі қозғалыс түрткісі болады.
Сыртқы мотивация - мотивация тұрақты талпындырушы ретінде көбінесе сыртқы орта талаптарынан қоздатылады. Мұнда кіріс, мәртебе, мансап секілді сыртқы нәрселердің талабымен мақсатқа белсену туады және оның белсенуі ішкі мотивация ниетімен қайшыласып та жатады. Яғни, өз талпынысын соншылық сүйе қоймайды, бірақ қажеттілік үшін соған барынша талпынуға мәжбүр болады
Оң және теріс мотивация
Адам еркін шабыттандырып, жігерлендіріп, белсенді етіп, үміткер етіп, қайтпас қайсар етіп сомдаған мотивация оң мотивация деп аталады.
Ал, адам еркін салғырттандырып, енжар етіп, үмітсіз етіп, босбелбеу етіп, шегіншектетіп сомдаған мотивация теріс мотивация делінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |