Кейс-стади әдісін «Биологияны оқыту әдістемесі» пәнінің зертханалық сабақтарында пайдалану



Дата19.02.2017
өлшемі62,63 Kb.
#10706
Кейс-стади әдісін «Биологияны оқыту әдістемесі» пәнінің зертханалық сабақтарында пайдалану
Унгарбаева Гульшат Рамазановна, педагогика магистрі, аға оқытушы;

Избасарова Жанар Жаксыбаевна биология магистрі, аға оқытушы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан)
Кейс пайдалану әдісі студенттің алған білімін нақты жағдайда пайдалана алу мүмкіндігін туғызады. Кейс жағдайын оқытуда пайдалану өткен ғасырдың бірінші жартысында Гарвардтағы бизнес мектебінде алғаш рет басталған. Қазір бұл дүние жүзінде оқытудың өте бір тиімді әдісі ретінде кеңінен пайдаланылады. Кейс әдісі  нақты жағдайлар тұрғысынан академиялық теорияларды көрсетуге мүмкіндік береді. Ол студенттерді пәнді оқуға, білімді терең меңгеруге, ақпаратты өңдеуге және талдауға, әр түрлі жағдайларды саралауға мүмкіндік береді. Оқу процесіндегі кейстермен жұмыс жасау технологиясы келесі сатылардан тұрады:

1) кейс материалдарын зерттеушілердің жеке өзіндік жұмысы (мәселені сәйкестендіру, негізгі баламаларды тұжырымдау, ұсынылған әрекетті немесе шешімді ұсыну);



2) негізгі мәселені енгізуге және оны шешуге байланысты шағын топтармен жұмыс.

3) жалпы дискуссиядағы (оқу тобы шегінде) шағын топтардың тұсаукесерлері және тәжірибе нәтижелері [1].

Кейс әдісінің ерекшелігі:



  • Оқыту өмірдегі нақты жағдаймен байланыстырылады;

  • Оқытуда кейс әдісін пайдалану студентке проблеманы шешудің жолдарын іздеуге еркіндік береді;

  • Кейс жағдайын талдау үдерісінде студенттер өмірдегі нақты, бір- бірімен байланысқан процестерді көрсетеді;

  • Нақты жағдайды талдай отырып, студент негізгі білімді жинақтайды, қорытынды жасайды.

Сабақты кейс әдісімен өткізілу барысында келесі жетістіктерге оңай қол жетуге болады:

  • студенттердің сабаққа деген ынтасы анағұрлым артады;

  • дискуссия барысында бейтарап отырып қалатын студенттердің қатары азаяды, я болмаса мүлдем болмайды;

  • пікірталас барысында студенттің пәнге деген қызығушылығы айтарлықтай артады;

  • сабақтың жоспарланған материалдарын студенттер толық меңгеруге мүмкіндік алады.

Кейспен жұмыс істеудің жоспары:

  • Студенттің кейс жағдайын зерттеуі;

  • Оқытушының көмегімен кейстің негізгі мақсаттарын анықтау;

  • Шешім қабылдау үшін шағын топта талдау;

  • Топта презентация жасау;

  • Жалпы топтағы пікірталас, олардың ойларын тыңдау;

  • Мұғалімнің қорытынды сөзі, жағдайды талдауы;

  • Проблеманы талдау бойынша баға беру, кемшіліктерді көрсету.

Соңында оқытушы бұл жағдайдың нақты жағдайда қалай болатындығы туралы хабарлайды. [2].

Биологияны оқыту әдістемесі пән ретінде мектеп, гимназия, колледждердің биология пәні мұғалімдерін дайындауда аса маңызды болып есептеледі. Биологияны оқыту әдістемесі – пән ерекшеліктеріне негізделген, оқыту мен тәрбиелеу үрдісі элементтерінің жиынтығын беретін ғылым. Биологияны оқыту әдістемесі пәнінің дәрістік курсында білім алушылар жалпы және жеке әдістемелердің теориялық негізін меңгерсе, зертханалық сабақтарының барысында аралас, дәстүрлі емес сабақтар және оқытудың қазіргі технологияларын пайдалана отырып, сабақтар өткізуге машықтанады [3]. Мақалада БОӘ пәнінен зертханалық сабақ өткізудің әдістемесін ұсынамыз.



Зертханалық сабақтың тақырыбы: Биология пәні сабақтарында деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану жолдарын анықтау.

Мақсаты: Оқытудың жаңа технологиясының бір түрі- деңгейлеп отқыту технологиясымен танысу, оны қолданып сабақ өткізу методикасын меңгеру



  1. тапсырма: Деңгейлеп оқыту технологиясының ерекшеліктерін анықтау

  2. тапсырма: Деңгейлеп оқыту арналған сабақ жоспарын жасау, презентациялау

Зертханалық сабақты  ұйымдастыру барысы: 

І. Бірлескен іс-әрекетке жұмылу сатысы. Бұл сатының негізгі міндеті:  бірлескен іс-әрекетке дәлелдеме құру, талқылауға қатысушылардың бастамаларының айқындалуы.  Білім алушылар оқытушының қатысуымен тақырыптың мазмұнын талқылайды.

1. Деңгейлеп оқыту технологиясының негізгі ерекшеліктері неде?

2. Басқа оқыту технологиясынан айырмашылығы қандай?

3. Деңгейлік тапсырмалардың түрлері қандай?

4. Деңгейлік тапсырмаларды құрастыруға қойылатын талаптар қандай болуы керек? (Бұл мәліметтер лекция барысында берілгендіктен, еске түсіріп, жинақтайды). Нәтижесінде білім алушылардың кейс-стади материалдарын білуі және  талқылауға қызығушылығы анықталады. (Уақыт қоры -10 минут)

ІІ. Біріккен іс-әрекетті ұйымдастыру сатысы. Бұл сатының негізгі міндеті:  мәселелені шешуге арналған  іс-әрекетті ұйымдастыру. Ол үшін білім алушылар жұптастырылып, әрбір жұпта ізденіс, тапсырмалар құрастыру, олардың өңдеу, қажет ақпарат көздерімен жұмыс істеу, кейстегі алғашқы материалдарды дайындау, сараптама жасау, oны  қолдану бойынша әдістемелік материалдар дайындайды.


  1. Тақырып таңдау.

  2. Тақырып бойынша материалдар жинақтау (әдебиеттер, мектеп оқулықтары, қосымша материалдар, дидактикалық материалдар).

  3. Сабақ жоспарын құрастыру (уақыт қоры-40 минут)

ІІІ.Талдау және біріккен іс-әрекеттің рефлексиясы сатысы. Бұл сатының негізгі міндеті  кейспен жұмыстың нәтижелері мен оқытудың нәтижелерін айқындау.

  1. Құрастырылған жоспар негізінде сабақ барысын презентациялау (уақыт қоры-40 минут).

  2. Талқылау (уақыт қоры-7 минут).

  3. Қорытындылау (уақыт қоры-3 минут).

Әдебиеттер тізімі:



  1. Барнс Л.Б., Кристенсен К.Р., Хансен Э.Дж. Преподавание и метод конкретных ситуаций: Пер. с англ. / Под ред. А.И. Наумова. – М., 2000. – 501 с.

  2. Л.Ә.Әбдірәсілов. Оқыту үрдісінде оқу кейсін пайдалану тиімділігі //Білім саласындағы жаңа ақпараттық технологиялар. Х ғылыми-әдіст. конф.мат. -Астана 2009 ж,-198-200 б

  3. Т.Кемелқызы, Г.Р.Оңғарбаева. Биологияны оқыту әдістемесі. Оқу әдістемелік кешен – А.:Інжу-Маржан, 2010.

Сведение об авторах:



Унгарбаева Гульшат Рамазановна, Избасарова Жанар Жаксыбаевна. Кейс-стади әдісін «Биологияны оқыту әдістемесі» пәнінің зертханалық сабақтарында пайдалану

Название статьи: Кейс-стади әдісін «Биологияны оқыту әдістемесі» пәнінің зертханалық сабақтарында пайдалану

  1. Фамилия, имя и отчество автора (полностью): Унгарбаева Гульшат Рамазановна, Избасарова Жанар Жаксыбаевна.

  2. Ученая степень, звание: Унгарбаева Г.Р. – магистр педагогики, старший преподаватель; Избасарова Ж.Ж. – магистр биологии, старший преподаватель;

  3. Должность: Унгарбаева Г.Р.- старший преподаватель кафедры «Биология и география»; Избасарова Ж.Ж. старший преподаватель кафедры «Биология и география»;

  4. Место работы или учебы: Кызылординский Государственный Университет имени Коркыт Ата;

  5. В каком разделе должна быть размещена ваша статья: Педагогика.

  6. Сотовый телефон и электронная почта: Унгарбаева Г.Р. +7 777 928 88 84., e-mail: gulshat_ungarbaeva@mail.ru; Избасарова Ж.Ж. +7 777 452 96 22., e-mail: janar_7370@mail.ru.

  7. Количество печатных экземпляров:1

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет