Кейс технологиясы



бет2/2
Дата22.12.2023
өлшемі29,01 Kb.
#198530
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Мәселелік тақырыпты таңдап кейс құрастыру.

1.Сарапшы – әрбір топтың өзінің сарапшысы болады. Сарапшының міндет микротоптарға қатысып отырған оқушылардың жауаптарын қорытындылау. Керек болса, микросабақтар өту. Оқушылар жауаптарының дұрыстығы не бұрыстығы сарапшыға тексертеді.
2.Жол сілтеуші – бұл-тапсырманы басқалардан ерте шығаратын, әдетте жақсы оқитын оқушы. Ол оқушылар жауап таба алмай жатқанда, дұрыс жолды айтады.
3.Баяндаушы – бұл тапсырмада берілген мәтін не басқа жағдаяттарға еніп, басқа оқушыларға түсіндіреді. Өзі ойнап тұрған образдың жүрісін, қимылын, ым-ишрасын айнытпай салу арқылы дұрыс жолды сілтейді. Мысалы, доп жайлы жұмбақ жасырылғанда, доптың келбетін салу керек.
4.Қарсы сұрақ қоюшы – бір оқушы басқа оқушылардың айтқан пікірлеріне келіспей әдейі сұрақ қояды. Бұл сұрақтарға басқа оқушылар жауап берулері қажет.Бұл оларды өз пікірлерін басқа біреуге дәлелдеуге үйретеді. Кейс сабақтарында берілетін тапсырмалар оқушыларды қызықтыруға, олардың диалогттік және монологтік сөйлеу дағдыларын жетілдіруге, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталды. Оқушыларға тәрбиелік мағынасы жоғары ұлттық педагогика элементтері бар шешендік сөздер, мақал-мәтелдер үйретілді. Кейс технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы мұнда оқушы – өздігінен ізденетін, алдарында тұрған проблеманы шешетін субъект. Мұғалім сабақта тек бағыт-бағдар беруші қызметін атқарады. Кейс технологиясында оқушылар санына қарай бірнеше микротоптарға бөлінеді. Әрбір топ проблеманы шешуде өзінің пікірін дәлелдейді
1 – үлгі-сабақ.
1)презентация – мұғалім оқушылардың барлығына бірдей сабақтың мақсатына қарай белгілі бір проблема қояды. Осы проблеманы түсіндіреді.
2) Ұстанымы – оқушылар мұғалім түсіндірген проблема бойынша өз пікрлерін дәптерлеріне жазады. Әрбір оқушы өз идеяларын жеке жазып, басқа оқушылардан көшірмейді. Оқушылардың жазған ұстанымдары кейінірек проблеманы топ болып талқылағанда қажет болады.
3) Проблеманы талқылау – оқушылар проблеманы топ ішінде талқылап, дұрыс шешім шығарады. Топ ішінде оқушылар бір-біріне үйретеді, үйренеді.
4) шешім шығару – топ ішінде қабылданған шешімді басқа топтарға айтып, өзінің пікірін дәлелдеу. Басқа топтарда айтылған пікірге өз көзқарастарын білдіреді. Мысалы, мұғалім оқушыларға мынадай мазмұнда мәтінді тақтаға жазады:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет