Бұлардың арғы жағындагы тұтастықты көру үшін педагогикалық
абстракциялау қажет. Абстракциялаудың жеткілікті дәрежесі – тәрбиелеу
теориясының аса маңызды әдіснамалық проблемасы. Өйткені, төмен
дәрежедегі абстракциялауда тәрбие процесі тексеріле алмайды, ал өте жоғары
болса, шындықтан алшақтау қаупі туады. Тәрбиенің мақсатқа бағытталған
ықпалын қиындататын жағдайлар мыналар: түрлі әсердің бала табиғатына
үйлеспеуі, әр баланың өзіне тән белгілі бір жинақталған көзқарасы мен ынта-
ықыласы, әдеті мен талғамдарының болуы. Сондықтан оқушының ішкі рухани
жан дүниесін ашудың қиындығы бір педагогикалық ықпал нәтижесінің әр
түрлілігінен, баланың қоғамдық мәнінен, өзіне тән әрекеті сипатынан келіп
туады.
Тәрбие диалектикасы дегеніміздің өзі сыртқының ішкі жағдайдың игілігіне
айналатын адам санасының шеңберіне өткізілуі. Келешекте іс-әрекет
нәтижесінде көрінетін құбылыс. Адамның қоғамдық мәні дамудың қай
жағдайда жүруіне байланысты қалыптасады. Дегенмен, адамның қоғамдық
мәнінің қалыптасуында, оның осы жағдайлардағы нақты орны, қатынасы және
сол жағдайлардағы іс-әрекетінің сипаты маңызды роль ойнайды. Бұл дамудың
әлеуметтік жағдайы деп аталып кеткен. Тәрбие процесінде адамның қоғамдық
мәнін қалыптастырудың қозғаушы күші деп саналатын бірқатар қарама-
кайшылықтар тән. Олар сыртқы және ішкі қарама-қайшылықтар болуы
мүмкін.
2)
Физиология ғылымының бір саласы ретінде
Достарыңызбен бөлісу: