Келісілді бекітемін директордың тәрбие ісі жөніндегі Ыбырай Алтынсарин атындағы жоббм орынбасары: директоры: Д. Е. Уразалиева Э. М. Дакишева


Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салты тәрбиесі



бет5/9
Дата24.01.2022
өлшемі165,5 Kb.
#129724
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
6 А жылдық тәрбие жоспары

Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салты тәрбиесі.

Мақсаты: салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру.

Ыбырай Алтынсарин атындағы ЖОББМ

5 «А» сынып жетекшісінің жылдық тәрбие жұмыс есебі

2019-2020 оқу жылы
2019-2020 оқу жылының басында 5 «А» сыныбының тәрбие жұмысының жоспары мен ата – анамен жұмыс жоспары құрылып, мектеп директорымен бекітілді. Тәрбие сағаттары,іс – шаралар, ата – аналармен жүргізілетін жұмыстар жоспар бойынша өткізілді.

Сыныптың тақырыбы: «Рухани – адамгершілік құндылықтарды меңгерген тұлғаны тәрбиелеу»

Сыныптың мақсаты:


  • Жас ұрпақты тәрбиелеу проблемаларына көңіл бөлуді күшейту,

  • Қазақстандық патриятизмді қалыптастыру,

  • Мемелекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрін дәріптеуге,

  • Әлемдік және Отандық мәдениет жетістіктерін оқып үйренуге,

  • Салауатты өмір сүру дағдыларына рухани – адамгершілік құндылықтар арқылы іс– әрекетін қалыптастыруға тәрбиелеу.Осы орайда, рухани адамгершілік, экологиялық,салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру бағытындағы тәрбие сағаттары көбірек өткізілді.

Былтырғы 2019-2020 оқу жылының басында сыныпта 25 оқушы болды. Оның ішінде 14 ұл бала және 11 қыз бала. Және де балалардың ата – аналарымен әр баланың жеке бас жағдайы, оқу жетістіктері жөнінде үнемі ақпарат беріліп отырады.

Сыныптағы тәрбие жұмысы «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбындағы тәрбие сағатынан басталды. 1 қыркүйек күні өткізілген бұл шара оқушылардың бойына Отанға деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімді күшейту, өз елі мен халқының салт – дәстүрлерін, саяси тарихын білуге ұмтылдыру мақсатымен ұйымдастырылды. «Өмір, қымбатсың маған!» атты сынып сағатында күн тәртібінің ұйымдастыруы, отбасының ересек мүшелері сияқты оқушылардың да міндеттері бөліп алуы, жауапкершілікті қалыптастыру туралы әңгімеленді. «Мемлекеттік тілмен болашаққа» тақырыбы аясында оқушылар топтарға бөлініп, аталмыш тақырыптағы мақал – мәтелдер, нақыл сөздерді жатқа айтып сайысқа түсті. «Салауаттылық- өмір талабы», «Дұрыс тамақтану» атты тәрбие сағаттарында жеке гигиенаны сақтау, жағымсыз қылықтарға бой үйретпей, салауатты өмір салтын ұстану тақырыбында баяндамалармен танысса, «Табиғат – тал бесігім» атты дөңгелек үстел барысында табиғатты қорғау,экологиялық мәселелердің шиеленісуі, жасыл әлемді жандандыруда адам баласының алатын орны туралы пікір алмасты.

Демалыс күндері қыс кезінде оқушылармен коньки теуіп, шанамен сырғанап денсаулықты шынықтыру жұмыстары жа жүргізілді.

Бүгінгі таңдағы қоғамдағы ең басты мәселелердің бірі ұялы телефондар мен гаджеттерді шектен тыс қолдану болып табылады . «Ұялы телефонның пайдасы мен зияны» тәрбие сағатында атылмыш тақырыпта сынып оқушылары өз пікірлерін айтып,талдау барысында өздеріне қажетті мәліметтері ала алды.

Ата – аналардң қатысуымен өткен «XXI ғасыр ата – анасы қандай болуы керек?», «Мен және менің жасөспірім балам» дөңгелек үстелдер мен жиындар барысында ата – ана мен жасөспірімнің қарым – қатынасы, қандай да бір жағдаяттардан шығу жолдары мен психологиялық кеңестер берілді.

Оқу жылы барысында қоғамдық жұмыстар мен мектепшілік шараларға оқушылар түгел қамтылды. Сынып оқушылары өздерінің жеке дара белсенділігімен көзге түсті. Алайда сынып ішінде келіспеушіліктер мен бәсекелестік ара – тұра орын алып тұрды.Сондықтанда 2020-2021 оқу жылына осы бағытта сыныпты ұжымға біріктіру,өзара түсіністік пен қамқорлыққа тәрбиелеу мақсатында тәрбие жұмыстарын, оны жүзеге асыру үшін төмендегі міндеттер қойдым.



  • Оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, кешенді тәрбие жұмысын жүргізу;

  • Қарым – қатынас мәдениетін, сыртқы келбет дағдыларын, адамгершілік мінез – құлық әдеттерін, адамиіс әрекеттер жасау тәжірибесін қалыптастыру;

  • Тұлғаның рухани дамуының көрсеткіші ретінде өскелең ұрпақтың бойында экологияға лайықты мінез –құлық тәрбиелеу;

  • Психологиялық қызметтің ролін арттыру;

  • Оқушыларды қоғамдық жұмыстарға тарту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет