Келісілді бекітемін директордың тәрбие ісі жөніндегі Ыбырай Алтынсарин атындағы жоббм орынбасары: директоры: Д. Е. Уразалиева Э. М. Дакишева



бет1/9
Дата24.01.2022
өлшемі165,5 Kb.
#129724
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
6 А жылдық тәрбие жоспары


КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН

Директордың тәрбие ісі жөніндегі Ыбырай Алтынсарин атындағы ЖОББМ

орынбасары: директоры:

___________________Д.Е.Уразалиева ______________________Э.М.Дакишева

«____»_________________2020 жылы «____»___________________ 2020 жылы

Қазақстан Республикасының Білім беру мекемесіндегі

тәрбие тұжырымдамасының бағыттарын

басшылыққа ала отырып жасалған

2020-2021 оқу жылының

6 «А» сыныбының жылдық тәрбие жоспары

Сынып жетекшісі: Габбасова Бақытханым Зарифовна

Түсінік хат
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие жүйесі білім берудің барлық деңгейлерінде бірыңғай идеологиялық және құндылықтар тәсілдеріне құрылады. Тәрбие жұмыстары барлық ынталы тараптар: отбасы, білім беру ұйымдары, қоғамның кең ауқымда қатысуымен кешенді түрде жүргізілуі тиіс.

Тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың нормативті-құқықтық базасы келесідей құжаттарға сәйкес жүргізіледі:

1) «Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы;

2) Қазақстан Республикасының Конституциясы;

3) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі. 26 желтоқсан 2011жыл;

4) «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңы;

5) «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-IV Заңы;

6) «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 02 шілдедегі №169-VI Заңы;

7) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы;

8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

9) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері.

2020-2021 оқу жылында еліміздің жалпы білім беретін мектептерінде «Құндылықтарға негізделген білім беру» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы оқытудың құндылықты-бағдарлық тәсілі енгізіледі. Бұл бағдарлама білім алушылардың бойында жалпыадамзаттық, ұлттық және отбасылық құндылықтарды дамытуға, олардың рухани-адамгершілік дамуын қамтамасыз етуге, экологиялық мәдениетін, салауатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.

«Құндылықтарға негізделген білім беру» бағдарламасы білім алушылардың өзін-өзі тануын, өзін-өзі дамытуын, әлеуметтік жауапкершілігі мен әлеуметтенуін қалыптастыруға ықпал етеді. Тәрбие жұмыстары жүйесін білім беру ұйымының жалпы ұжымы бірігіп жүзеге асырады. Жоспарды жүзеге асыруға мектептің күзет қызметі мен техникалық қызметкерлерінен бастап, мұғалімдер мен директордан аяқтап, барлық қызметкерлер өз үлесін қосады. Жақсы қасиеттер «Мен айтқандай істе» тұрғысынан емес, «Мен сияқты істе» тұрғысынан берілуі тиіс. Әкімшілік мүшелері, мұғалімдер, сынып жетекшілері, тәрбиешілер, ата-аналар және басқалар өздері оқушыларға еліктеудің үлгісі бола отырып – зиянды әдеттерсіз, балаларға және бір-біріне мейірімді; қарым-қатынаста ашық және сынамайтын құндылықтар дарытады.

Бұл бағдарламаны білім беру ұйымы білім алушылардың ата-аналарымен, әлеуметтенудің басқа нысандарымен – тәрбие жұмысының негізгі бағыттары аясында білім беру ұйымының әлеуметтік серіктестерімен тығыз байланыста және ынтымақтастықта жүзеге асырады.

Білім алушылардың рухани-адамгершілігін дамытуға бағытталған тәрбие жұмыстарына оқу, сабақтан тыс және қоғамдық маңызды жұмыстарын ұйымдастыру жатады.

Білім алушыларды тәрбиелеу бағдарламасы шеңберіндегі әр түрлі іс-әрекеттерінің мазмұнын кіріктіру тәрбие беру мұраттары мен құндылықтары негізінде жүзеге асырылады.

Тәрбие жұмысының негізін жалпыадамзаттық құндылықтар (сенім, ақиқат, әсемдік, бостандық, қайырымдылық, жақсылық, махаббат, және т. б.) және ұлттық құндылықтар – (тәуелсіздік, патриотизм, толеранттылық, ана тілі, заңға бағынушылық, этникалық мәдениет, салт-дәстүр) құрайды.

Орта білім беру ұйымындағы сабақ және сабақтан тыс жұмыстар тәрбие жұмысының барлық бағыттары бойынша жүзеге асырылады, олар келесі құндылықтар жүйесін құрайды.

ТӘРБИЕНІҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ:

Тәрбиенің қойған мақсатына және одан туындайтын міндеттерге сүйене отырып, тәрбие жұмысының мынадай б а ғ ы т т а р ы айқындалады.



  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет