8- блок
Ата-аналар және оқушылармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру
8.1.Ата-аналармен жұмыс жоспары
№
|
Жұмыс мазмұны
|
Мерзімі
|
Жауапты
|
Күтілетін нәтиже
|
1
|
Жалпы мектепішілік
ата-аналар жиналысы
|
Оқу жылының басында
|
Директор, ТЖДО,
Психолог
|
2015-2016 оқу жылына мектепішілік ата-аналар комитеті сайланады
|
2
|
Ата-аналар лекториі
|
қыркүйек
|
Психолог
|
Ата-аналар лекториінің жылдық жұмысын жоспарлау
|
3
|
Оқушының күн тәртібі
|
қыркүйек
|
Сынып жетекшілер
|
Сыныптағы ата-аналар жиналысында баланың күн тәртібі туралы айту
|
4
|
«5-сынып оқушыларының бейімделуі»
|
қазан
|
Психолог
|
Ата-аналарға кеңес, психологиялық тест, тренинг
|
5
|
«Ашық есік күндері»
|
Қазан, ақпан, мамыр
|
Сынып жетекшілер
|
Ата-аналардың мектеппен байланысын, баланың білімін қадағалауын ұйымдастыру
|
6
|
«Толағай» спорттық ойыны
«Папа, мама, я – спортивная семья»
|
Қараша, сәуір
|
Дене шыныықт. мұғалімі
|
2,3,4-сынып ата-аналарымен спорттық «Толағай» көңілді старт ойыны өткізіледі
|
7
|
«Жас өспірімдерді АҚТҚ/ЖҚТБ-дан қалай сақтау керек»
|
желтоқсан
|
Медбике
|
Мектеп медбикесі ата-аналарға СӨС байланысты тақырыпқа баяндама жасайды.
|
8
|
«Баланың күнделігі»
|
Жыл бойы
|
Сынып жетекшілер
|
Баланың күнделігін қадағалау туралы кеңес беріледі
|
9
|
«Баланың бос уақыты», «Зиянды әдеттер»
|
Қаңтар
|
ТЖДО,
9,11 сынып жетекшісі
|
Баланың бос уақытын қадағалау туралы баяндама оқу, кеңес беру.
|
10
|
«Дені сау отбасы»
|
ақпан
|
Дәрігер, психолог
|
Ата-аналарға психолог пен дәрігір кеңес береді
|
11
|
«Оқушылар шығармаларының көрмесі»
|
Наурыз
|
Сынып жетекшілер
|
Шығармашыл, дарынды балаларды анықтау, қошеметтеу
|
12
|
«Туберкулездің алдын-алу»
|
наурыз
|
Медбике
|
Медбике ата-аналарға баяндама оқиды, кеңес береді
|
13
|
Қыз балалардың ата-аналарымен тақырыптық кездесулер
|
Қыркүйек
сәуір
|
Медбике
|
Қыз тәрбиесіне байланысты кеңестер беріледі
|
14
|
Сыныптағы ата-аналар жиналысы
|
Әр тоқсан соңында
|
Сынып жетекшілер
|
Әр тоқсан соңында ата-аналар жиналысы өткізіледі.
|
15
|
Ата-аналардың мектептегі мерекелік іс-шараларға қатысуы
|
Жыл бойы
|
СЖ, ТЖДО
|
Ата-аналар мерекелік іс-шараларға қатысып, мектеппен тығыз байланыста болады
|
16
|
«Көп балалы жанұя»
|
Қыркүйек қаңтар
|
Директор, ТЖДО, СЖ
|
Көп бабалы отбасылары анықталып, көмек көрсетіледі
|
17
|
«Аз қамтамасызданған жанұя»
|
Қыркүйек қаңтар
|
Директор, ТЖДО, СЖ
|
Аз қамтамасызданған жанұялар анықталып, көмек көрсетіледі
|
18
|
Жетім бала жанұясымен жұмыс
|
Квартал сайын
|
құқық қорғау кеңесі
|
Жетім бала жанұясына зерттеу актісі жүргізіледі
|
19
|
Мүгедек балалар отбасы
|
Қыркүйек қаңтар
|
Мектеп әкімшілігі
|
Көмек көретіледі
|
20
|
Жалпы мектепішілік
ата-аналар жиналысы
|
Оқу ж. аяғында
|
Директор, ТЖДО,
|
Оқу жылының қорытындысы шығарылады
|
8.2.Тәрбие жұмысының жылдық жоспары
2015-2016 оқу жылы
2015-2016 оқу жылы Малыбай жалпы орта білім беретін мектеп тәрбие жұмысын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы «22» сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген құжаттары негізінде ұйымдастырады.
Тәрбие жұмысының тақырыбы: «Отбасы, мектеп және қоғамның өзара ынтымақтастығы».
Мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан- жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.
2. Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.
3. Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.
4. Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.
5. Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.
Тәрбие жұмысының басым бағыттары
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді.
1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
2. Рухани-адамгершілік тәрбие
3. Ұлттық тәрбие
4. Отбасы тәрбиесі
5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Достарыңызбен бөлісу: |