7.6 Әдістемелік нұсқау беру отырыстарының жоспары
І. Пәндер бойынша әдістемелік бірлестіктердің отырыстары
№
|
Жұмыстың мазмұны
|
Өткізілу формасы
|
уақыты
|
жауапты
|
Күтілетін нәтиже
|
1
|
Бастауыш сыныптардағы пәндер бірлестігі
|
Отырыс
|
Тоқсанда бір рет
|
Кушмитова А.Б.
|
Пән бірлестіктерінің жұмысын мектеп проблемасына сәйкес үйлестіріп құру жұмысын жоспарлауды ұйымдастыру.
|
2
|
Гуманитарлық пәндер бірлестігі
|
Отырыс
|
Тоқсанда бір рет
|
Темиргалиева Ж.А.
|
3
|
Жаратылыстану пәндер бірлестігі
|
Отырыс
|
Тоқсанда бір рет
|
Темиргалиева А.Е.
|
4
|
Сынып жетекшілер бірлестігі
|
Отырыс
|
Тоқсанда бір рет
|
Кожабекова Ж.М.
|
7.7. Мектепішілік басқаруды ұйымдастыру
Малыбай жалпы орта білім беретін мектеп
Мектепішілік бақылау туралы хабарлама
2015-2016 оқу жылы
Мақсат қоюшылық және талдау қызметтерімен терең байланысты мектепішілік бақылау басқарушылық қызметтің негізгісі болып есептеледі. Мектептегі бар жұмыстың түбегейлі нәтижеге жетуінің күретамыры мектепішілік бақылауда тұрғанын байқаймыз.
Мектепішілік бақылау оқушылардың білімі мен тәрбиелілігінің деңгей жөнінде жүйелі мәлімет береді. Егер мектептің жұмыс жоспары нақты, жүйелі, мазмұнды жасалса, мектепішілік бақылау орынды қойылса, тиімді нәтижеге жетер едік. Мектепішілік бақылаудың жетекші ұстанымдары төмендегідей болу қажет:
- мұғалімдердің кәсіби және шығармашылық өсуін қолдау
- адамға деген онды көзқарас
- өзара сыйлаушылық және өзара толықтыру
- ақпараттық және мотивациялық негіздері
- салыстырмалы-талдаушылық көзқарас
- әдістемелік бағыт
- жүйелілік
- циклділік
- демократиялық, жариялылық және ізгілендіру
- нәтижелердің жетімділігі және ашықтығы
- адамдарды өз қасиеттеріне сай сипатқа бөлу
- өз-өзін бағалаудың қалыптантан тыс жолдарының болуы
- өзін тұлға ретінде сақтай білуі.
1. Жалпы ережесі:
1.1. Мектепішілік бақылау – жоғарғы нәтижеге жету мақсатында, педагогикалық қызметтің басты ұстанымдарын басшылыққа ала отырып, ұжымның өзара жүйеленген қарым-қатынасын қадағалайтын, оқу-тәрбие процесінің жүргізілуінен ақпарат беретін қызмет түрі.
1.2. Мектепішілік бақылау туралы ережені педагогикалық ұжым бекітіп, толықтырулар
мен өзгерістер енгізе алады.
1.3. Ереже бақылаудың мазмұны мен тәртібін қарастырады.
2. Міндеттері:
2.1. Білім беру саласындағы заңдылықтарды, мектептегі нормативтік құжаттардың жүргізілуін, педагогикалық кеңестің шешімінің орындалуын қадағалау;
2.2. Тәртіп бұзушылықтың себептерін анықтап, ескертулер бойынша шара қолдану;
2.3. Педагогикалық ұжым қызметінің сапалығын бағалау мен сараптау;
2.4. Педагогикалық қызметтің қорытындысын оқып-білу, мектептегі нәтижелер мен кемшіліктерді анықтап, оларды болдырмау үшін озық тәжірибелерді тарату;
2.5. Мектепішілік бұйрық пен нұсқаулардың орындалуын талдау;
2.6. Бақылау кезінде педагогикалық қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |