Келісілді: Бекітілді


ІІ. Өткен оқу жылына оқу-тәрбие үрдісіне талдау



бет8/41
Дата23.01.2023
өлшемі1,71 Mb.
#166134
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41
ІІ. Өткен оқу жылына оқу-тәрбие үрдісіне талдау


Малыбай орта мектебінің
2014-2015 о.ж.
оқу-тәрбие процесінің талдауы
Мақсаты:

  1. Білім беру сапасының және тәрбие жүйесінің басқару жұмысы мен нәтижесін анықтау;

  2. Әдістемелік жұмыс жүйесінің жұмысы мен нәтижесін анықтау

2014-2015 о.ж. мектептің жұмысы мектеп жұмысының жоспарының негізгі бағыттары бойынша ұйымдастырылды:


- нормативтік оқу құжаттардың орындалуы;
- педагог кадрлармен жұмыс;
- оқу-тәрбие үрдісін басқару;
- тәрбиелік жұмыс;
- ата-аналармен жұмыс;
- материалдық-техника базасын жетілдіру
Кадрлармен қамту

2014-2015 о.ж. басында мектебіміз педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілген.


Жыл басында 19 мұғалім істеуде. Жоғары білімді 16 (84%) мұғалім, орта арнаулы - 3 (15%) мұғалім. Оның ішінде 4 (19%) бастауыш сынып мұғалімі, 2 (9%) қазақ тілі мен әдебиет, 1 (4%) мұғалім орыс тілі мен әдебиет пәнінен, 1 (4%) ағылшын тілі, 1 (4%) мұғалім математика, 1 (4%) информатика, 1(4%) биология, 1 (4%) тарих, 1 (4%) технология пәні мұғалімі, 1(4%) АӘД мұғалімі, 1 (4%) дене шынықтыру мұғалімі. Химия пәнін биология мұғалімі жүргізеді. Одан басқа мектепте психолог, медбике, тәрбиеші жұмыс атқарады.
Квалификациялық деңгейі бойынша сапалық құрамы келесіні көрсетті: жоғары санатты –5 (25%), бірінші санатты – 6 (31%), екінші санатты -5 (26%), санатсыз 3 (15%) мұғалім еңбек етеді.
Жас мамандар 5 жылға дейін – 4 мұғалім (21%), 5 жылдан 20 жылға дейін – 11 мұғалім (57%), 20 жылдан жоғары – 4 мұғалім (21%).


Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру

Бүгінгі мектеп қабырғасында жүрген оқушылар – еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы.Малыбай жалпы орта білім беретін мектептің ұжымы барлық іс-әрекетін, күш-жігерін осы мақсатпен мектептің даму бағдарламасын, жылдық жоспарын жасап, жұмыстар ұйымдастырды. 2014-2015 оқу жылын 61 оқушы аяқтады және 7 оқушы мектепалды даярлық тобында тәрбие алды.


- Бастауыш буында – 22 оқушы (4/3 сынып-комплект);
- Негізгі буында – 32 оқушы (5/4 сынып-комплект);
- Жоғары буында – 7 оқушы (2/2 класс-комплект).
2014-2015 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде
оқыту үдерісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі ҚР МЖМБС 1.4.002-2012) негізінде, ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 және 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары және ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген орта мектептің оқу бағдарламалары мен мектепалды даярлық сыныптарына арналған оқу бағдарламалары («Біз мектепке барамыз»,
2010 ж.) арқылы жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет