Мектептің оқу жоспарын талдай отырып, келесі қорытынды жасауға болады:
2014-2015 о.ж. мектептің оқу жоспары толық орындалды, оқу бағдарламалар өтілді.
9 сынып оқушылары қорытынды аттестация бойынша негізгі мектепті бітіру туралы куәліктерін,11 сынып оқушылары жалпы орта білім бітіру аттестаттарын алды. Барлық сатылар бойынша үлгерім бір қалыпта. Білім сапасы соңғы уш жылдары тұрақты, 63 %- жеткілікті деңгейде, үлгерімі 100 %, оптималды деңгейде.Оқытудың сапалық деңгейі жоғары деңгейде география пәнінен. Жеткілікті жоғары деңгейде қазақ әдебиеті пәнінен. Ұтымды деңгейде:орыс тілі,қазақ тілі,математика, информатика, д/ж тарихы, қаз. тарихы,биология пәндерінің көрсеткіштері. Ағылшын тілінен, химия пәндерінен білім сапасы жеткілікті деңгейде. Мүмкіндік деңгейде геометрия., физика пәндері. Мұғалімдер сабақтарда жаңа технологияларды ұтымды және тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,оқушылардың білімдерін көтеріп келеді,бірақ келесі кемшіліктер анықталды.
Мектептің даму бағдарламасы
2014-2015 оқу жылында мектеп Малыбай жалпы орта білім беретін мектебінің 2014-2019 оқу жылдарға арналған Даму бағдарламасының 1-ші теориялық кезеннін жұмысын аяқтайды. Осы жылдың тақырыбы «Жаңа оқыту технологиясында дамыта оқытуды енгізу».
Даму бағдарламасы бойынша мектептің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
Мақсаты: Мәселенің тақырыбын, өзектілігін, мазмұнын айқындау
Міндеттері: Мектеп жағдайына ақпараттық анықтама беру, соңғы іс-әрекетіне проблемалық талдау
Осы жылдың тақырыбы бойынша сатылар бойынша білім мазмұны өзгерді.
Бастауыш сыныпта пәнге деген танымдық құзығушылық тудыру үшін «Қызықты математика», «Математикалық логика», «Өлкетану», «Қуыршақ теарты», «Мәтін және грамматика», «Сандар әлемі» үйірмелер еңгізілді;
Оқушылардың жеке қабілеттерін дамыту үшін би үйірмесі жұмысы өтіп жатыр.
Орта буында «Мәшһүртану» үш тілде арнайы курсы, ағылшын тілінде «Өлкетану», «Компьютерлік графика және дизайн», «Сөйлеу мәдениеті», «Мүсін өнері» курстар еңгізілген. Танымдық қызығушылық тудыру үшін «Шахмат», «Нұр шашу» курстары өтіп жатыр. Осы үйірмеде қыздар шашті күту, түрлі-түрлі шаш өруді үйренді. Одан басқа әр сенбі күні жоғары және бірінші санатты мұғалімдер пәндер бойынша үйірме жүргізеді.
Жоғары сатыда «Қазақ тілінің тарихы», «Сопоставительная грамматика», «Физика және экология», «Стандартты емес есептердің шешу әдістері», «Тіл тарихы» , бағдарлы оқыту мақсатында «Адам және табиғат», «Микробиология», «Физика және экология», «Радиотехника және электр негіздері» қолданбалы, таңдаулы курстар өтеді.
Одан басқа нақты мектеп даму тақырыбы бойынша сабақта мұғалімдер құзырлыққа бағытталған тапсырмалар құрастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |