Келісілді Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары ________Калмурзаева Б.С. «____» _________20__ж.
Авиценна атындағы жоғарғы медициналық колледжі
Тексерілді Кафедра меңгерушісі
__________Кенжебаева Ж.М. «____» _________20__ж.
Жалпы мәліметтер
Тобы:
Күні :
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Модуль /пән атауы:
Физика
Дайындаған педагог:
Әжі Аяулым Ибраимқызы
Сабақтың тақырыбы:
Кіріспе.Механика
Сабақтың түрі:
Теориялық
Сабақтың мақсаты, міндеттері
Келесі терминдердің физикалық мағынасын түсіндіру – материялық нүкте, санақ жүйесі, қозғалыстың салыстырмалылығы, траектория, жол, орын ауыстыру
Күтілетін нәтижелері
Механикалық қозғалысты тұжырымдайды . Материялық нүкте, санақ жүйесі, қозғалыстың салыстырмалылығы, траектория, жол, орын ауыстыру туралы түсініктердің мағыналарын ажыратады.
Механикалық қозғалыстың түрлеріне өмірден мысалдар келтіреді
Жүрілген жол мен орын ауыстырудың айырмашылығын дәлелдейді. Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Қажетті ресурстар
Кронграт Б. А Қазақбаева Д «Мектеп» баспасы 2019
Ноутбук,үлестірме,Видео-слайд,лекциялық материал.
Сабақтың барысы
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығу түрлері
Сабақтың басы
Білім алушылар назарын сабаққа аудару. Білім алушыларды түгендеу. Талап, еңбек, терең ой Қанағат, рахым ойлап қой Бес асыл көнсеңіз – демекші әрқашан білім алуға, сабаққа уақытылы келуге, мұғалімнің айтқанын тыңдауға талпынайық.
Сабақтың ортасы
Жаңа тақырып:Кіріспе.Механика. Механикалық қозғалыстарды зерттеумен физиканың механика деп аталатын бөлімі айналысады. «Механика» сөзі гректің «mechanz» сөзінен шыққан, машина, құрылғы дегенді білдіреді. Белгілі болғандай, қазірдің өзінде ежелгі мысырлықтар, содан кейін гректер, римдіктер және басқа халықтар көлікте, құрылыста және әскери істерде қолданылатын әртүрлі машиналарды құрастырған бұл машиналар жұмыс істеген кезде оларда әртүрлі бөлшектер қозғалатын (қозғалатын): рычагтар, дөңгелектер, жүктер және т.б. Бұл машиналар бөліктерінің қозғалысын зерттеу денелердің қозғалысы туралы ғылымды - механиканы құруға әкелді.
Механикада қозғалыстың негізгі кинематикалық өлшемдері: нүкте үшін – жылдамдық пен үдеу, ал қатты дене үшін – ілгерілемелі қозғалыстың жылдамдығы мен үдеуі және айналмалы қозғалыстың бұрыштық жылдамдығы мен бұрыштық үдеуі алынады. Деформацияланатын қатты дененің кинематикалық күйі деформация тензорларымен, ал сұйықтықтар мен газдардың кинематикалық күйі деформация жылдамдықтарының тензорларымен сипатталады; қозғалыстағы сұйықтық жылдамдығының өрісін зерттегенде бөлшектердің айналысын сипаттайтын құйын ұғымы пайдаланылады.
Механикада материалдық денелердің механикалық өзара әсерлесуінің негізі – күш. Тұтас орта механикасында денеге әсер ететін күштер беттік немесе көлемдік таралуымен, яғни күш шамасының дене бетінің ауданына (беттік күштер үшін) немесе көлеміне (массалық күштер үшін) қатынасымен, ал сол ортаның әрбір нүктесінде пайда болатын ішкі кернеулер жанама және нормаль кернеулер жиынымен (кернеулер тензорларымен) анықталады. Теріс таңбамен алынған бір нүктедегі үш нормаль кернеудің орташа арифметикалық мәні осы нүктедегі қысымды анықтайды.
Пәле-жала жолын ұят кеседі, Ұятсыздық-ердің емсіз кеселі. Ашық мінез, пәктік, ұят серік боп, Жарасады қуанышқа көрік боп. Адал ар мен ақ көңіл де еленер- Екі жалған бақытына бөленер - деп Ж. Баласағұни айтпақшы ар-ұяттан аттамай, бір-бірімізбен сыйласып, дөрекі сөйлемей бір-бірімізді ренжітіп жүрейік.
Сабақтың соңы
«Insert» әдісі. Оқушылар стикерлерге төмендегі сұрақтарға жауап береді.(5 мин) Мен жақсы түсіндім.......... Менің сұрағым бар........... Мен түсінген жоқпын, өйткені............
Кішіге ізет, үлкенге құрмет- демекші студенттер бүгінгі алғашқы оқу күндерің құтты болсын. Әрқашан бір-бірімізбен сыйластығымыз бен сәлеміміз бұзылмасын. Әрқашан өзімізден кішілерге көмектесіп, үйретіп, үлкендерге құрмет көрсетейік.
Студенттерді бағалау
Үйге тапсырма беру: Кронграт Б.А.,Қазақбаева Д «Мектеп» баспанасы 2019 1 бөлім 5-6 бет