|
в)Физика-техникалық модельдерді физиканы оқытуда қолдану
Применение физико-технических моделей в обучении физики
Application of physical and technical models in teaching physics
|
FTМFOK 2301
PFTMOF 2301
APTMTP 2301
|
|
|
|
|
|
|
|
1. Пререквизиті: талап етілмейді.
2. Постреквизиті: электротехника, оптика, атом және атом ядросының физикасы.
3. Пәннің мақсаты: физика ғылымының барлық жетістіктері адам өмірінің игілігіне пайдаланылуда. Бүгінгі күкүні тұрмыста, техникада, өндірісте, құрылыста және т.б. қолданылып жүрген әр түрлі құрал-жабдықтар мен құрылғылар, қондырғылардың жұмыс жасау принципі физиканың заңдарына, құбылыстарына негізделген. Ал физика сабағында осы құралдар мен қондырғылардың модельдерін өтілген тақырыптарға сәйкес қолдану оқушылардың физика пәнінің адам өміріндегі маңызын түсінуіне және осы құралдар мен қондырғылардың жұмыс жасау кезіндегі физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың практикалық қолданысын білуіне мүмкіндік туғызады. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып саналатын табиғи энергия көздерінен электр энергиясын өндіру және оны тұтыну мәселелері аясында күн батареяларының, жел қозғалтқыштарының және т.б. жұмыс жасау принциптерін модельдеудің маңызы зор. Осы пәннің мақсаты: тұрмыста, техникада, өндірісте, құрылыста және т.б. қолданылып жүрген әр түрлі құрал-жабдықтар мен құрылғылар, қондырғылардың жұмыс жасау принциптерінің физикалық негіздерін арқылы оның адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Болашақ мамандарды осындай модельдерді құрастыруға және оны физиканы оқытуда ұтымды қолдана білуге үйрету.
|