«Келісілді» “Талдықорған қаласы білім бөлімі» мм «№7 ясли-бақшасы» мкқК меңгерушісі Ұ. Мамекова



Дата25.01.2017
өлшемі275,83 Kb.
#7678





«Келісілді»

“Талдықорған қаласы білім бөлімі» ММ «№7 ясли-бақшасы» МКҚК меңгерушісі «____»__________________ __________Ұ.Мамекова





«Бекітемін» «Талдықорған қаласы білім бөлімі» ММ әдістемелік кабинетінің аға әдіскері

«____»__________________ _______А.Шоқпарова







Авторлық бағдарлама
Тақырыбы: « Ұлттық тәрбие бала санасында ».

Қамтылуы: Мектепке дейінгі мекемнің мектеп алды даярлық тобының(5-7 жас) тәрбиеленушілеріне арналған .

Құрылымы: 5 бөлімнен тұрады. Мазмұндылығына қарай сағат саны бөлінген.

Бағдарлама түрі: Ақпараттық, толықтыру(қолданыстағы бағдарламаларды толықтыру).

Оқу жүктемесі: ҚР мектепке дейінгі білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы ҚР білім және ғылым министрінің 20.12.2012 жылғы №557 бұйрығы негізінде мектеп алдыдаярлық тобының вариативтік оқу сағатының 1 сағаты қамтылады. Апталық жүктеме 1 сағат. Жылдық жүктеме 36 сағат. Күннің екінші жартысында іске асырылады.



Түсінік хат.

Тәуелсіз мемлекет жағдайында халықтың туған ел тарихын, тілін, мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын білуге, тануға,сақтауға деген қызығушылығы арта түсті.
Тәрбие беру – сан-сапалы тексіз рухани күш.Осы тұста ғасырлар бойы ата-баба тәлімімен, тәжірибесімен жинақталып, уақытында дәстүрге енген халықтық педагогиканың қайта өркендеуі мен оны оқып үйренудің танымдық және практикалық мәнділігі зор.Болашақ ұрпаққа заманауй өзгерістерге қарамастан дәстүрді қастерлеп, жас ұрпақты ұлтына, еліне, мәдениетіне деген шынайы сүйіспеншілікке, ұлттық мінез бен жеке дара қасиеттерімізді сақтап қалуға тәрбиелеу бүгінгі күнде заман талабы.Бағдарламаның негізгі идеясы халықтық педагогиканы бетке ұстай отырып бала тәрбиесін тіл үйретуден бастау, тіл мәдениетін бейімдеу, санамақ, тақпақ, өлең, мақал-мәтелдер үйрету.Жаңылтпаштар арқылы тіл ширатуды, жұмбақтар арқылы ой дамытуды, мазақтамалар арқылы намыс оятуды, мақал-мәтелдер арқылы адамгершілікке баулуды, батырлар жырлары арқылы бірлікке, достыққа тәрбиелеу, әңгімелер, өлеңдер арқылы дене тәрбиесін беріп, әсемдікке қызықтырып, өтірік өлең арқылы баланың қиялын дамыту, ертегілер арқылы алуан түрлі тәрбие беру, аңыз әңгімелер арқылы болашаққа сену, өткеннен үлгі-өнеге алу.Екіншіден ұлттық салт-сананы танытып үйрету:әдет,әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер туралы алғашқы түсініктер қалыптастыру.Үшіншіден:қазақ топтарындағы өзге ұлт балалары үшін қазақ тілін үйрену, этнопедагогика, елтану, тілімізді құрметтеу.


Мақсаты:

Мектепке дейінгі баланы  Қазақстан этнопедагогикасы негізінде тәрбиелей отырып ел тарихын білуге ынталандыру, жалпы мәдени құндылықтарды таныстыра отырып, мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын білуге, тануға, сақтауға деген қызығушылықтарын ояту. Ұлттық мәдениетті бала бойына сіңіре отырып дүниетанымын кеңейту.



Міндеттері: 

1) этнопедагогиканың негізгінде қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерімен таныстыру; 

2) болашақ ұрпақты ұлттық тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға ұлттық мінез бен жеке дара қасиеттерімізді сақтап қалуға тәрбиелеу;


3) Ұлттық өнер және мәдениет туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру.

Ішкі рецензия
Бағдарлама авторы Гүлзат Манджекова жоғарғы санатты балабақша әдіскері.Еңбек өтілі және кәсіби тәжірибелік жұмыстары өз бетінше бағдарлама жазуға мүмкіншілік береді. Әдістемелік отырыс кеңесінің қатысушылары және төрайымы яслибақша меңгерушісі Ұ.Мамекова «Ұлттық тәрбие бала санасында » атты авторлық бағдарламасын оқып, танысу барысында бірауыздан төмендегідей шешім қабылдады:

-бағдарлама құрылымы тәрбиеленушілердің жас ерекшелігіне сәйкес; -балаларды көру, есте сақтау қабілеті мен қатар интелектуалды дамуына жағдай жасайды; -отансүйгіштік ,патриоттық сезмдерін оятады;

-ұсақ қол бұлшық еттерін дамытады

-физологиялық ,танымдық тұрғыда дамуға мүмкіншілік алады

-мәтіндердің мазмұнынмен таныса отырып, әр түрлі грамматикалық жұмыстарды орындау арқылы сөздік қорларын молайтады;

-өз ойларын еркін және толық жеткізе білуге, ауызекі сөйлесе білуге дағдыландырады;

-өз бетінше ізденуге, зерттеуге ықпал жасайды;

-тәрбиеленушілерге халық педагогикасынан толық мағлұмат бере алады;

-балаларды мейірімділікке, ізеттілікке, қайырымдылыққа тәрбиелейді.

Жоғарыда аталған жағдайларды қорытындылай келе №7 яслибақшасының әдістемелік кеңес мүшелері нормативтік құжатты басшылыққа ала отырып бағдарламаның оқу-әдістемелік мазмұны жағынан құнды,өзекті екенін ескере отырып ясли бақшаның мектепалды даярлық топтарында ҚР мектепке дейінгі білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы ҚР білім және ғылым министрінің 20.12.2012 жылғы №557 бұйрығы негізінде мектеп алдыдаярлық тобының вариативтік оқу сағатының 1 сағатын қамтуға және оқу іс-әрекетін күннің екінші жартысында іске асыруға болады.

«№7 ясли-бақшасы» МКҚК меңгерушісі Ұ.Мамекова _______________

Әдістемелік кеңес мүшелері :

жоғарғы санатты тәрбиеші Д.Нуржанова_______________

жоғарғы санатты музыка жетекшісі М.Валитова_______________

жоғарғы санатты тәрбиеші Ж. Елеусизова_______________

Бағдарламаның күнтізбелік жоспары.



Тақырыбы

Негізгі мәселелер және ұғымдар

Сағат

Уақыты

1

«Туған жерім - алтын бесігім»

Туған елі,жері туралы әңгіме


1







I. « Ертегілер еліне саяхат»










2

«Қиял ғажайып ертегілері»


Халық ертегілерімен таныстыру. Сахналау

2




3

«Ер төстік»

Халық ертегілерімен таныстыру.Сахналау

2




4

«Кедейдің үш ұлы»




Тәрбиелік мәніні тоқталу. Ұлттық мінезді суреттейтін бөлімдерге тоқталу

1




5

«Хайуанаттар туралы ертегілер»

Ақыл мен айлакерлік туралы түсінік беру

1




6

« Тұрмыс салт ертегілері»

Халықтың тұрмыс- салты туралы түсінік беру

1




7

« Аңыз ертегілер»

Баланың қиялын,есте сақтау қабілетін дамыту

1







II. Сөз өнері.










8

Мақал –мәтелдер

Мақал мәтелдердің түрлері тәрбиелік мәні

1




9

Жұмбақ , жаңылтпаштар,санамақтар

Ойлау қабілетін , тілін дамыту,

1




10

Шешешендік сөздер

Айтыс.Бата тілектер



Сөз өнерімен таныстыру

Жатқа айту



2




11

Қара сөз.Тиым сөздер

Тәрбиелік мәні

1







III. Өнер.










12

Ұлттық аспаптар

Шығу тарихы және жалпы мағлұмат беру

1




13

Үрмелі аспаптар

Ерекшелігі және жалпы мағлұмат беру

1




14

Шертпелі аспаптар

Ерекшелігі және жалпы мағлұмат беру

1




15

Ұлттық сазгер, композиторлар

Таныстыру ,жалпы мағлұмат беру

1




16

Сурет өнері

Шығу тарихы және жалпы мағлұмат беру

1







IV. «Шебер қолдар».










17

Қазақтың ұлттық ою-өрнектері

Тарихы

Түрлері.Қолданылуы



2




18

Папемашедан жасалған ұлттық ыдыс аяқтарды әшекейлеу

Ептілігін және қызығушылығын ояту

2




19

Киіз басу.Жүн түту.(қыз балалар)

Белдікті әшекейлеу(Ұл балалар)



Таныстыру,(түрлері) қызығушылығын ояту

Ата-аналармен жұмыс



2




20

Көрпе тігу. Көрпеге ою салу(қыз балалар)

Қамшы өру (ұл балалар)



Таныстыру, ептілігін ояту

Ата-аналармен жұмыс



2




21

Зергерлік бұйымдар

Таныстыру, ептілігін ояту

1




22

Киіз үй. Киіз үйдің жасауы

Қолайлылығы.Шеберлердің еңбегімен таныстыру

1




23

Ұлттық киімдер.(киімге салынатын оюлар)

Таныстыру, қызығушылығын ояту

1







V. Дәстүр.










24

Салт-дәстүр(қолдану аясы)

Түсінік беру.Құрметтеуге тәрбиелеу.Ерекшелігін түсіндіру

1




25

Әдет-ғұрып(қолдану аясы)

Түсінік беру.Құрметтеуге тәрбиелеу

1




26

Ата кәсіп(саятшылық,құс бегі т.б.)

Түсінік беру.Құрметтеуге тәрбиелеу Қызығушылығын ояту

1




27

Ұлттық ойындар(аз қимылды ойындар)

Таныстыру, қызығушылығын ояту

1




28

Ұлттық ойындар

( қимылды ойындар)



Таныстыру, қызығушылығын ояту

1




29

Үстел үсті ойындар

Таныстыру, қызығушылығын ояту

1




30







36 сағат




Қолданылған әдебиеттер тізімі:




  1. Н.Төреқұлов «Даланың дара ділмарлары», Алматы қаласы,

2001 жыл

  1. «Ай, заман – ай, заман - ай», II том, Алматы қаласы, 1998 жыл

  2. «Үш пайғамбар» кітабы

  3. М.Қожаев «Жеті жарғы», Шымкент қаласы, «Жібек жолы»

баспасы, 1993 жыл

  1. «Сырымның шешендік сөздері» кітабы

  2. Интернет материалдары

  3. Ғылыми – танымдық журналдар

  4. «Аңыз адам» журналы

  5. Баспасөз деректері


 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет